Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу үдерісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Оқу тәжірибесіне ұсынылған ғылыми жоба
Тақырыбы: Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу үдерісі


Орындаған: 1-курс студенті: Оракбай Ж.Д
Жетекші: Ф.ғ.к., аға оқытушы Егізбаева Н.Ж.

Алматы 2021
1
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу себептері, маңыздылығы
2. Латын әліпбиіне лайықталып ұсынылған соңғы жобалар
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2
Кіріспе
Латын қарпіне ауысу - төл тілімізді дамытудың жаңа бастамасы. ҚР Президенті Н.Наазарбаев өзінің Болашаққа бағдар рухани жаңғыру атты мақаласында латын әліпбиіне көшу маңыздылығын былай атап көрсетеді: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажет.[1] - деген еді. Латын әліпбиіне көшу мәселесін жан-жақты қарау үшін Алматы технологиялық университетінде Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі атты тақырыпта дөңгелек үстел жиынын өткізді. Бұл жиналысқа ҚР жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты - латын әліпбиіне көшудің маңызды екендігі туралы түсінік қалыптастыру. Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңістік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек. [2] Әлімхан Жүнісбектің айтуынша қазақстандық зерттеушілер латын графикасына өткен Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжанның тәжірибесімен танысқан. Өзбекстан мен Түрікменстан түркі халықтарына ортақ жасалған әліпбиге бірнеше әріп қосты. Біз ол жолды таңдамадық, өйткені жазу реформасы әлі күнге сәтті бола қойған жоқ. Әзербайжандардың тәжірибеі дұрыс екен - дейді ол.

1. Латын графигіне көшудің маңыздылығы. Латын әліпбиіне көшудің себебі қазақ тіліміздің келешегін ойлап, қолдану аясын кеңейтіп, оған қолдан келгенше мүмкіндік жасау. Қазіргі таңда қазақ тілі ассимиляцияға ұшырай бастады. Яғни орыс тілінің ықпалы мол. Біз кирил әріптерін қолдана бастаған кезімізде қазақ тілінің дамуы тоқтап қалды. Қазақ тілінің емлесіне орыс сөздерін бұзбай айтуымыз үшін кирил әріптерін енгізді.

3
Соның нәтижесінде тіліміз өзінің функциясын жоғалтып алды, көп нұқсан келді. 42 әріптің ішінде қазаққа жат әріптер көп.
Бұрын қазақтар кірме сөздерді өз заңымызға бағындырып,
тіліміздің ыңғайына көндіретін. Кирилл әріптері келгеннен бері ол үрдіс тоқтап қалды. Ал латын жазуы нені береді: ең алдымен, орыс тілінен тәуелсіз болу, орыс әлемінен алыстау, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын қалпына келтіру. Ең маңыздысы міне осында. Мемлекет басшысы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. (Ortalyk Kazakhstan http:ortalyq.kz).
Латын әліпбиі қазақ тілі үшін маңызды. Мәселе бір әріптерді басқа әріптермен жай ауыстыра салуда емес, түбегейлі тіл реформасында жатыр. Кирилл әліпбиімізде артық әріптер, дыбыстар көп және емлемізде қателер жеткілікті. Міне сол себепті латынға көшу керек қазақ тілінің тазалығы үшін. Бүгінде отанымызда латын графикасына көшу жан жақты тартыс пен талапты тудырып отыр. Үлкен дәрежеде ойлайтын ғалымдарымыз латынға көшуді қолдаса, екінші топ өкілдері бұл өзгеріске қарсылық танытып отыр. Латын әліпбиі қазақ тілін білмейтіндерге үйренуге жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Бұл процесс Қазақстанда ғана емес әлемнің басқа елдерінде де қолға алынып отыр. Екі әліпбиді (латын, кирилица) қатар қолданып жүрген мемлекеттер де бар. Латынға Түркия 1928 жылы көшті, ал Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттері Кеңес үкіметі тарағаннан кейін көшті. Сол елдерге көз салсақ, Өзбекстан 1928 жылға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Латын қарпі - біздің бүгінгі тарихи кезеңге сәйкес қазақ тілі үшін ең оңтайлы таңба
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Графика мен әліпби туралы мәлімет
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Қазақ жазуының бастаулары
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Пәндер