Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Бизнес, басқару және құқық кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
Орындаған: Дуненбаева Н.А.
Тексерген: Исеев Б.Д.
Атырау-2021
Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім: 1. Қылмыстық құқықтың пәні мен түсінігі
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қылмыстық құқық -- қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.
Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық - қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.
Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) -- мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін.
ҚР Қылмыстық құқығында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады.
Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі -- 1997 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституциялық Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
1. Қылмыстық құқықтың пәні мен түсінігі
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъектімен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады7
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық -- бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай - ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды. Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынандай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс - әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән - жайлар туралы түсініктер, сондай - ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір - біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 - бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29- баптарына жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV,V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz