Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі . Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналады. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім және сапалы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сол арқылы білім сапасын арттыру. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Сондықтан еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын жаңашаландыруға, болашақтың иесі болар жас ұрпаққа ағылшын тілін меңгертуге, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуге баса назар аударылуда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында деп мұғалімдердің алдына зор міндет қойды”. Осы тағылымға орай жеке тұлғаның білімділігіне, қабілетіне ден қоя отырып, оның шығармашылық дербестігін дамытуға және өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу қажет. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Ағылшын тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Ағылшын тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. [3, 56]

Білім мен тәрбиенің тұғыры тіл болғандықтан еліміздің жас ұрпағы алдында мемлекеттік тіл - қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілдерін білу міндеті қойылып отыр. Бұл жайында елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да ерекше аталып өтілген еді. Олай болса “Тілдердің үш тұғырлығы” жобасын басшылыққа ала отырып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу - ұстаздар алдында тұрған басты міндет. Сыныпта оқушылардың шығармашылық дербестігін дамытып, өз бетінше еркін ойлап, жұмыс істеу мүмкіндігі туған жағдайда дарынды, қабілетті оқушылар ерекшелене бастайды.

Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Диалогтық сөйлеуді дамыту сабақтары-ағылшын тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Кез келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі - оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Осы орайда атқарылатын жұмыстар аз емес. Сонымен қатар, қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де шет тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың тыңдау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, шет тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Шет елдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету. Шет тілін оқытудағы тыңдау мен сөйлеуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету. Тыңдап-түсіну мен сөйлеуді ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты, оқушыларда шет тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

- Зерттеуге қатысты теориялық материалдармен танысу;

- Тыңдап-түсінуді меңгерудің тиімді әдістерін табу;

- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу;

- Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру;

- Әдіс- тәсілдерді оқыту үдерісінде пайдаланып, іс- әрекеттің нәтижесін шығару.

Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: ағылшын тілі сабағын оқытуда диалог әдісін қолданатын болсақ, онда оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады», - деп тұжырым жасаған. Оқушылар пәнді өз бетімен меңгереді, сындарлы ойлайды, шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу дағдысы қалыптасқан, білімін тиімді пайдалана алады. Берілген әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, тыңдауға үйретуде септігін тиігізеді.

Зерттеу пәні: ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөйлеу және есту қабілеттерін дамыту

Зерттеу әдістері. Тыңдап-түсінуді тиімді ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу, интерпретациялау әдістерінің мүмкіндіктері артып отыр.

Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу және есту қабілеттерін дамыту жұмыстарын зерттеудің теориялық негіздері

1. 1 Мектеп оқушыларының шет тілін оқыту тұрғысынан психологиялық- педагогикалық сипаттамасы

Тіл - коммуникативтік қарым - қатынастың ең маңызды бөлігі болып табылатын, ел арасындағы қарым - қатынастың нығая түсуі мен қалыптасуының басты бағдары болып табылады. 21 ғасыр - коммуникативтік қарым - қатынас ғасыры деп нақты айтуымызға болады. Шет тілін үйрену - ұзақ уақыт пен шыдамдылықты талап ететін үдеріс. Шет тілі қарым - қатынастың, білу, алу және ақпаратты қабылдау процессі. Қазіргі заман талабына сай шет тілн үйренудегі ең басты мақсат тіл үйренушілердің ауызша, жазбаша және тыңдау қабілетін арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда, көптеген ата - аналардың балалары мектеп табалдырығын аттаған сәттен - ақ, өз балаларының шет тілін ерте жастан үйреніп жатқаны дұрыс па әлде бұрыс па деген сұрақтар мазалап жатады. Ересектердің көпшілігі шет тілін орта мектепте оқып бастаған. Алайда, шет тілін қай жастан бастап үйрену қажет деген сұрақтардың жауабы әлі де нақты зерттелмеген.

Шет елдің Л. С. Выготский, С. И. Рубенштейн, Б. Уайт, Дж. Брунер секілді әйгілі психологтардың зерттеулері бойынша шет тілін кіші жастан бастап үйрену ересектерге әлдеқайда оңай екенін атап көрсетті. Көптеген ғалымдар тілді қабылдау кезіңінің ұзақтығын әртүрлі сипаттайды. Мысалы, Пенфильд пен Робертс 4 және 8 жас ұзақтығын көрсетсе, керісінше Элиот өз кезегінде, 1, 5 жастан бастап мектепке дейінгі жас аралығын көрсеткен.

Алайда, көптеген зерттеушілердің ойлары балалардың 3 және 10 жас аралығында шет тілін тез қабылдайды деген пікірлері ұқсас келеді. 3 жасқа дейін шет тілін үйретудің еш маңызы болмайды, себебі бұл жастағы балалардың өз ана тілін қабылдауы жеткілікті дамымаған, ал 10 жастан кейін тілді үйрену еш пайдасы жоқ, себебі тек балалардың аз ғана бөлігі оң нәтижеге жете алады. Бәрінен де шет тілін 5 - 8 жас аралықтарында, өз ана тілдерін жетік қалыптасқан кезеңде үйренген дұрыс.

Кейбір физиологтардың пікірінше, бала миының сөйлеуге жауап беретін механизмін өте икемді болып келгенімен, бала жасы ұлғайған сайын көптеген кедергілерді жеңуге мәжбүр болып, шет тілін үйреніп, қабылдауына біршама әсер етеді.

Бастауыш мектеп оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан шет тіліне деген бейіні мен қызығушылықтарымен ерекшелінеді. Дәл, осы сәтте бастауыш мектеп оқушыларының шет тіліне деген құпяиларын біл қызығушылықтары арта түседі. Мектеп оқушылар тез әрі оңай көп мөлшерде шет тілі материалдарын еске сақтап, үйренгендерін оңай жеткізе алады.

Екінші тілді меңгеру бастауыш мектеп оқушылары үшін кенеттен пайда болады. Яғни, бұл процесс мектеп оқушыларының имитациялық қабілеттерінің жақсы дамуына байланысты. Алайда, имитация шет тілін меңгерудің басты механизмі болып саналмайтындығын ұмытпауымыз қажет.

Бастауыш мектеп оқушылары оқушы екніні белгілі болсада, олардың ілң де бала екенін ұмытпауымыз қажет. Бастауыш мектеп оқушылары ізденімпаз, көбіне ашық, эмоционалды түрлі - түске боялған заттарға назар аударғыш болып келеді. Бірақ, олардың зейіндері әлі де тұрақты емес, бұл дегеніміз олар өз зейіндерін белгілі қысқа уақыт аралығында ғана шоғырлана алады. Қандай тақырып болмасын мұғалімдер тек қана коммуникативтік қарым - қатынас арқылы түсіндіруі қажет.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларын оқу барысында ойын арқылы байланысту қажет, себебі 10 - 12 жас аралықтарына дейінгі мектеп оқушылары ойын әрекетін жалғастырушылар болып табылады. Сол себепті, ойын арқылы тілді үйрену мектеп оқушыларының тілге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Шет тілін меңгеру - бұл лингвистикалық қабілеттерді жетілдіруде, сөйлеу әрекеттерін күрделеуде, сондай-ақ жеке тұлғаның көптеген жақтарын байытуда күрделі процесс.

Қазіргі уақытта оқыту - білім алушылардың мақсаты, мотивациясы, өзіне және өз күшіне сенуі, ойлау тәсілдерінің дамуы, таным стратегиялары, танымдық артықшылық және жинақталған тәжірибе сияқты жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мамандарын даярлауда «Шетел тілін оқыту психологиясы» пәнінің енуі маңызды құбылыс.

Шетел және отандық психологияда шет тілдерін меңгеру процесінің психологиялық ерекшеліктеріне қатысты бірқатар психологиялық теориялар мен тұжырымдамалар бар. Шет тілдерін оқытудың ерекшелігі И. М. Берман, И. Л. Бим, М. А. Давыдова, И. А. Зимняя, Г. А. Китайгородская, А. А. Леонтьев, М. В. Ляховицкий, Б. В. Беляев, В. А. Артемов, Б. А Бенедиктов, а. А. Алхазишвили жэне т. б. педагогтар мен психологтардың іргелі жұмыстарының қатарында қарастырылған. Олардың еңбектеріндегі тұжырымдамалар мен ілімдер, тіл дамыту бағытына деген көзқарас психологтарға, психолингвистерге, әдіскерлерге тек сөйлеу ғана емес, сонымен қатар басқа да қызметтің құрылымын құрайтын машықтар мен іскерліктерді зерттеу және меңгеру нысандары ретінде бөліп көрсетуге, зерделеуге, зерттеуге негіз бола алады.

Шетел тілін оқыту процесінде психологиялық факторлардың өзектілігі жоғары: ұстаздың өзіне деген сенімділік сезімінің пайда болуы, аудиторияның реакциясына барабар жауап бере білуі, өзге тілді қарым- қатынас барысында оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін басты назарда ұстай білуі қажет. Міне, осы қағидаларды болашақ маман терең меңгеріп шығуы тиіс.

Шет тілін оқыту мазмұнын анықтау адамның санасында шындықтың психикалық көріну заңдылықтары туралы психология ғылымына жүгінбей өту мүмкін емес, олар көрінетін жағдайларға байланысты тұлғаның рухани қасиеттерін, ойлау қызметін және индивидтің жағдайын зерттейді. Психология адамның сөйлеу әрекетін құрумен және оны қалыптастырумен айналысады.

Қазіргі заманғы шет тілін оқыту оқушылардың шет тілі мәдениетіне дамытуға да ерекше мән беріп отыр. Әдіскерлердің көпшілігі жеке тұлғаның рухани құндылықтарының жан-жақты дамуына ықпал ететін коммун и кати вті к бағыттағы шет тілін оқытудың теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайдағы талаптарға назар аударған. Шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу оқушылардың лексикалық қорын, лингвотілдік білім шеңберін, шет тілін тасымалдаушылармен қарым-қатынас жасауға байланысты сөйлеу іс-қимылдарының аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шеттілін оқытудың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу жалпы алғанда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ететінін атап көрсету қажет.

Сөйлеу қызметінің құрылысын зерттеумен айналысатын ғылым - психолингвистика. Психолингвистер адамның сөйлеу мінез-құлқын зерттейді, тыңдау және сөйлеу кезінде болатын ақыл-ой процестерінің, операциялардың, әрекеттердің үлгілерін сипаттайды. Психолингвистер қандай тілдік бірліктерді және ұсыныстарды кодтауға (сөйлеуге) және декодтауға (тыңдауға) қандай ретпен қатысатынын анықтауға әрекет жасайды. Шет тілін оқыту кезінде оқу (танымдық) іс-әрекеті қалыптасады, оның барысында оқушы тілді меңгереді, оның сөйлеу механизмдері қалыптасады және қарым-қатынас бойынша іс-әрекет жасайды. Қызмет тыңдалым, сөйлеу, оқу және жазу үшін жауапты сөйлеу механизмдерінің жұмысын қамтамасыз ететін нақты іс-қимылдар мен операцияларда жүзеге асырылады. Диалогтар, әңгімелесулер, мәтіндер, кез келген ауызша және жазбаша сөйлеу шығармалары сөйлеу әрекетінің нәтижесімен көрінеді. «Психологияда сөйлеу әрекеті қарым-қатынастың нақты жағдайында пікір білдіруге бағытталған оның компоненттерінің (қарым-қатынас қатысушыларының, мақсаттың, пәндік мазмұнының: тақырыптың, экстралингвистикалық және паралингвистикалық құралдардың) өзара әрекет ету процесі ретінде анықталады»-деп көрсетеді ғалым А. А. Алхазишвили [1] .

Шет тілін меңгеру - осы тілде ойлауды үйрену дегенді білдіреді. Академик Берлиц М. Д. тұжырымдаған бұл әділ мәлімдеме шетел тілін меңгеру мен меңгерудің "психологиялық заңдылықтардың экстрапсихологиялық факторларының бұзылуларын" еңсеру тәсілдерін бірлесіп іздестіруді көздейді. Оқыту процесі өзінің психологиялық табиғаты бойынша мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесі болып табылады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға негізделеді. Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруге, ең алдымен, оқушылардың танымдық мүдделерін "адамның өмірлік маңызы мен оның эмоциялық тартымдылығының санасынан туындаған объектіге деген көзқарасы"-деп анықтауға болады [2] .

XIX ғасырда психология шет тілдерін оқыту әдістемесіне көп жаңалықтар енгізілгені белгілі. Шет тілдерін оқытудың психологиялық ерекшеліктерінің: әдістемелік, педагогикалық, физиологиялық, мәдениеттанушылық, лингвистикалық және т. б. өзара байланыстары көрсетілген. Мәселен, психологияда кең теориялық материал жинақталып, тіл фонетикасын меңгеру барысында сана мен іс-әрекет бірлігінің теориялық принциптері, шет тілін меңгеру заңдылықтары туралы ғалым, филолог Григорий Евгеньевич Ведель былай деп көрсетеді:

сана және қызмет бірлігі теориясы;

ақыл-ой үрдістерін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы;

оқытудың ашық және жасырын тәсілінің тұжырымдамасы;

оқу үрдісінде оқушылардың қозу жағдайының қарқындылық дәрежесінің теориясы;

ішкі сөйлеужәне латентті артикуляция концепциясы;

ақыл-ой процестерінің нейродинамикасы және т. б.

Г. В. Ведель өз еңбегінде тілдердегі ойлау механизмдері, олардың пайда болуы және жұмыс істеуі, рөлі; тілді меңгерудің білім алудан қабілет-дағдыға дейін өсу деңгейі; тілді меңгерудегі механикалық жады мен жас ерекшеліктерінің рөлі; әріпті және бейнелі сөздерді оқуға, оларды түсініп оқуға және кейін аудара отырып оқуға үйрету; грамматиканы ережелер мен ұсыныстар үлгілері бойынша оқыта отырып, грамматикалық құбылыстарды жүйелі түрде қарастырудың тиімді механизмдерін басты бағытта ұстаудың қажеттілігін атап көрсеткен. Жоғарыда айтылғандай, мұғалімнің кәсіби ойлау құрылымы жетекші орын алатын психологиялық ойлауға алып келеді, өйткені оқыту процесінің мазмұны "әрдайым жеке тұлғаға бағдарланған болып қалады, психологиялық заңдар мен оның даму және әлеуметтік болмыс механизмдері бейнелейді" [3] .

Бұл мәселелер психологиялық және физиологиялық заңдылықтарға сүйеніп қолданыста болса және оқытудың талаптары мен міндеттері ескерілсе шетел тілін меңгерту тиімділігі артады. Жалпы шет тілін оқытудың, атап айтқанда, зерделеудің ең даусыз факторы - мотивация. Шет тілін меңгеруде мотивация маңызды рөл атқарады. Бізге белгілі сыртқы және ішкі мотивациядан басқа, психологияда жаһандық, ситуациялық және аспаптық мотивациялар болып бөлінеді. Олардың барлығы шеттілін үйренуде қажет.

Сыртқы және ішкі мотивацияның ерекшеліктеріне тоқтай отырып, психология ғылымдарының докторы, профессор И. А. Зимняя оқытудың коммуникативтік-танымдық міндеттерін шешуге бағытталған "тең партнерлік оқу ынтымақтастығын" атап көрсетті, бірінші, мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасына; екінші, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогикалық қарым-қатынас субъектілері ретінде психологиялық си патта масы на; үшінші, оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне назар аударуды ұсынады [4] .

Жас ерекшелік және педагогикалық психология, қабілет психологиясы саласындағы ресейлік көрнекті мамандардың бірі, психология ғылымдарының докторы, профессор В. А. Крутецкий зейіннің қасиеттерін сипаттап: "зейіннің шоғырлануы - бұл бір объектіде немесе басқалардан көңіл бөлу кезінде бір қызметте зейіннің сақталуы. Зейіннің тұрақтылығы - бұл затқа немесе қандай да бір қызметке ұзақ уақыт назар аудару. Осылайша, шет тілін меңгеру процесінде оқушыны топтау, сөздерді дұрыс белу және грамматикалық құрылымдарды ажырату, өз назарын қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыстыру сияқты қасиеттері ерекше рөл атқарады деп болжауға болады. Ал, қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей эсер еткендегі объективті әлемнің заттары мен құбылыстарының тұтас көрінісі дей келіп, қабылдау қасиеттері мен түрлерін атап көрсетеді:

1. Тұтастық, заттың әрдайым тұтас бейнесі, біз қоршаған заттарды пішіні, түсі, өлшемі және т. б. бойынша салыстырмалы түрде тұрақты қабылдаймыз.

2. Қабылдауды түсіну - ойлаумен, заттардың мәнін түсінумен тығыз байланысты.

Ал қабылдау түрлерін: заттарды, уақытты қабылдау, қарым-қатынасты, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау деп анықтама берген [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытумен
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz