Ақпарат қарастырылған жүйе күйі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ләззат Хафизқызы Жүнүсова
ИНФОРМАТИКАДАН ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ
Алматы-2021
УДК 004. 2(075. 8)
ББК 32. 973 я 73
Ж78
Пікір жазғандар :
Л. Х. Жүнүсова .
Ж 78 Информатикадан қиындығы жоғары есептерді шығару әдістері : Оқу құралы . -Алматы. :ҚазҰПУ, 2021. -110б.
ISBN
Бұл еңбекте компьютерлік білімді қолдана отырып программалау және деректерді өңдеу жайлы ақпарат жазылған. «Информатика» білім беру бағдарламасындағы студенттеріне теориялық материалмен қатар СӨЖ тапсырмалары, сондай-ақ тест тапсырмалары ұсынылған.
УДК 004. 2(075. 8)
ББК 32. 973 я 73
Ж78
ISBN
© Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті, 2021 ж.
© Жунусова Л. Х., 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бұл оқу құралының мақсаты бакалаврдың құзыреттілігін информатика курсындағы «есеп » ұғымы, оның құрылымы мен түрлерін анықтау барырсында, сонымен бірге есеп шығарудің әдістері мен мазмұнымен танысу барысында жәнеде шешуге арналған әдістеріді меңгеру барысында қалыптастыру болып табылады. Есеп шығаруға үйрету мәселелері әртүрлі деңгейде жарыстарда, олимпиадаларда туындайды. Тапсырмалар әртүрлі деңгейде дайындауы тиіс.
Тапсырма кез келген сауатты орта буындағы оқушының қолынан келетін қарапайым болуы тиіс.
Қарапайым тапсырманы аймақтық олимпиадада қатысушылардың 80% -ы кем дегенде шешуі керек.
Ал жарысушылардың арасынан таңдауды көрсететін жоғары деңгейге қиын тапсырма.
Сол сияқты қатысушыларды қызықтыру қажеттілігі арттыратын бағдарламалау техникасын білуді қажет етпейтін жылдам тапсырма. Қатысушылар үшін өз білімдері мен дағдыларын көрсете алатын бағдарламалау әдістерін көрсетуге арналған тапсырмалар.
1. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ АРИФМЕТИКА
Кез келген компьютер алдымен есептеуіш жүйе ретінде пайда болғаны белгілі. Компьютердің арифметикалық негізін ондық емес позициялық екілік санау жүйесі құрайды. Келкелген сан екілік жүйеде «0» мен «1» цифрлары арұылы жазылады. Бұл жүйенің негізі Буль алгебрасы болып табылады. Екілік жүйеде ондық сандар тек қана «0» мен «1» цифрлары арқылы жазылатын болғандықтан ажырату үшін жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қолданыды, мысалы, 110101, 111 2 . Бит деп екілік санның әрбір разраздын айтады. Арифметикалық және логикалық операцияларды жүзеге асыруға арналған арифметикалы-логикалық құрылғы компьютердегі екііәк жүйенің маңызды құндылығын білдіреді.
Сандар теориясынан белігі цифрлардың салмағы, соны ажырату үшін екілік санды қосынды түрінде жазуға болады. Негізі 2 саны деп алып, мысалы 101, 101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:
1*2 2 +0*2 1 +1*2 0 +1*2 -1 +0*2 -2 +1*2 -3
Аталған қосынды ондық сан үшін жазылған позиция ережесі бойынша жазылады. Берілген мысалда екілік сан үшсанды бүтін және үшсанды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін бөліктің үлкен цифрі, яғни бірі 2 2 -ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөлге тең келесі саны, 2 1 -ке көбейтіледі және т. с. с., дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдің бөлшек бөлігі көбейтіледі. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 5, 625 санын аламыз. Осылайша, 101, 101 екілік саны 5, 625 ондық санына сәйкес келеді, немесе 101, 101 2 =5. 625 10 .
Келесі санау сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуіші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 462 сегіздік санда екі бірлік, алты сегіз және квадраты төрт сегіз бар, яғни 462 8 =4*8 2 +6*8 1 +2*8 0 , мұнда 462 санының индексі «8» санау жүйесін білдіреді. Көрсетілген қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық амалдарды орындай отырып, 462 8 =306 10 аламыз, яғни 462 сегіздік саны 306 ондық саны болып табылады.
Аталған жүйелерден бөлек компьютерде ықшамды жазу үшін 16 санау жүйесін пайдаланады. Бұл санау жүйесінің негізін 16 саны құрайды да оны он алтылық санау жүйесі деп атайды. Бұл жүйеде ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 мен ондық сандарының мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Айталық, 4Ғ5В1 осы санды негіздеуіші 16 қосындысы түрінде есептеп жазсақ, мынаны аламыз:
4Ғ5В1 16 =4*16 4 +Ғ*16 3 +5*16 2 +В*16 1 +1*16 0 .
Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай және В=11, Ғ=15 ескере отырып, 4Ғ5В1 16 =128432 10 аламыз.
Санау жүйесіндегі амалдар
Көшіру ережесі. Санды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру үшін мына ондық санау жүйесіндегі позиция:
а = a m 10 m + a m-1 10 m-1 + a m-2 10 m-2 + . . . + a m-n+1 10 m-n+1 + . . .
негізінде жасалады, демек, екілік санды коэффициент-сандармен екілік дәреже қосындысы түрінде ұсынып, осы қосындыны табу керек. Сонда,
а = a m 2 m + a m-1 2 m-1 + a m-2 2 m-2 + . . . + a m-n+1 2 m-n+1 + . . .
Екілік жүйеге өту амалдарын қарастыралық. Бүтін ондық санды екілікке ауыстырған кезде осы санды 2-ге бөлу қажет. Алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөліндіні қайтадан 2-ге бөле береді және т. с. с. Нәтижеде бір қатарға соңғы бөлінді және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды жазу керек. Мысалы, 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Шешімі:
891:2=445, қалдық 1
445:2=222, қалдық 1
222:2=111, қалдық 0
111:2=55, қалдық 1
55:2=27, қалдық 1
27:2=13, қалдық 1
13:2=6, қалдық 1
6:2=3, қалдық 0
3:2=1, қалдық 1
1:2=0, қалдық 1 (екілік санның үлкен цифры) .
Бір қатарға соңына бөліндіні және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды жазамыз: Жауап: 891 10 =110011 2 .
Келесі тоқталатынымыз, бүтін ондық бөлшектеді ауыстыру. Бүтін ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін оны 2-ге көбейту қажет. Көбейтіндінің бүтін бөлігі екілік бөлшектің ұтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алынады. Екілік бөлшектің келесі цифры ретінде осы көбейтіндіні алады, ал көбейтіндінің бөлшек бөлігін қайтадан 2-ге көбейтеді және т. с. с.
Мысал: 0, 625 ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырамыз.
Екілік бөлшектің үтірден кейінің бірінші цифрын табу үшін берілген санды 2-ге көбейтіп және көбейтіндінің бүтін бөлігін ерекшелеу керек.
Шешуі:
0, 625*2=1, 250, бүтін бөлігі 1-ге тең.
0, 250*2=0, 500 бүтін бөлігі 0-ге тең.
0, 500*2=1, 000, бүтін бөлігі 1-ге тең.
Соңғы көбейтіндінің бөлшек бөлігі нөлге тең. Ауыстыру аяқталды. Бір қатарға алынған бүтін бөліктің бірінші цифрынан бастап жазамыз. Жауап: 0, 625 10 =0, 101 2 .
Екіге көбейткенде әрқашан санның тек ғана бөлшек бөлігі қатысады.
Ақырғы ондық бөлшектің екілік санау жүйесіне ауыстырған кезде периодты бөлшек алынуы мүмкін. Мысалы, 0, 3 ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне келтіреміз.
Шешуі :
0, 3*2=0, 6 бүтін бөлігі 0-ге тең.
0, 6*2=1, 2 бүтін бөлігі 1-ге тең.
0, 2*2=0, 4 бүтін бөлігі 0-ге тең.
0, 4*2=0, 8 бүтін бөлігі 0-ге тең.
0, 8*2=1, 6 бүтін бөлігі 1-ге тең.
0, 6*2=1, 2 бүтін бөлігі 1-ге тең және т. б.
0, 6 бөлшек бөлік есептеудің екінші қатарында болған еді. Сондықтан есептеулер қайталана бастайды. Демек, екілік санау жүйесінде 0, 3 периодты бөлшек түрінде ұсынылады.
Жауап: 0, 3 10 =0, 0(1001) 2 .
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін дәл екілік жүйесіне ауыстырған кездегі тәсілді. Өңделетін сан ондық жүйенің ережесі бойынша, әрине, 7-ден аспайтын қалдықтарды сақтай отырып. 8-ге бөлінеді. Егер алынған бөлінді 7-ден көп болса, онда оны да, қалдықты сақтап, 8-ге бөлуге болады. 8-ге бөлу процесі бөлінді нөлге тең болғанша жалғаса береді. Содан кейін соңғысынан бастап барлық қалдықтар қатарына жазылып алынады. Бұл сегіздік қорытынды сан болып табылады.
Мысал: ондық жүйедегі 891 санын сегіздік санау жүйесіне келтірейік.
Шешуі:
981: 8=111, қалдық 3-ке тең.
111:8=13, қалдық 7-ге тең.
13:8=1, қалдық 5-ке тең.
1:8=0.
Жауап: 891 10 =1573 8 .
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін тек қана санды 2-дің орнына 16-ға бөлу қажет.
Мысалы: 891 санын ондық жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Шешуі:891:16=55, қалдық 11-ге тең, он алтылық жүйеде “11 саны” латынның В әрпімен белгіленеді;
55:16=3, қалдық 7-ге тең;
3:16=0, қалдық 3-ке тең (он алтылық санның үлкен цифры) ;
Жауап 891 10 =37В 16 .
Келесі жерде ішкі ауысту ережелеріне тоқталамыз. Ол дегеніміз санды сегіздік және он алтылық санау жүйесінен он алтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру болып табылады.
Сегіздік немесе он алтылық санды екілік санға түрлендіргенде, бастапқы санның әрбір цифры үштен (сегіздік сан үшін) немесе төрттен (он алтылық сан үшін) тұратын екілік цифр тобына қарапайым ауыстырумен іске асырылады.
Мысалы:
128 8 =001 010 011
A17 16 =1010 0001=1010011 2
Егер ауыстырғаннан кейін екілік санның бүтін бөлігі нөлден тұратын болса, онда олар алынып тасталады, Бөлшек бөліктің соңындағы нөлдермен де тура соны орындайды.
Мысалы:
253, A4 16 =001001010011, 10100100 2 =1001010011, 101001 2
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық операциялар
Екілік санау жүйесінде арифметикалық операциялар ондық санау жүйесіндегі ереде бойынша орындалады. тек айырмашылығы-санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр «0» мен «1» қолданылады.
Қосу. Екілік санды қосу тасымалдау есебімен сәйкес разрядтарды қосуға әкеледі. екілік санды қосу кезінде келесі төрт ереже пайдаланылады:
0+0=0
1+0=1
1+0=1
1+1=10 бірліктерді көрші разрядқа тасымалдау жүреді.
Мысалы, 101+11 екі екілік санды қосуды орындаймыз.
Жетпейтін нольдерді қосып, амалды бағанада орындаған жөн:
101
+11
Қосу кезеңі:
-кіші разрядқа қосу орындалады 1+1=10. кіші разрядта қосынды 0 жазылады және бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады.
-келесі сол жақ разрядтың цифрлары және тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Бұл разрядқа қосынды 0 жазылады және бірлік тағы да келесі үлкен разрядқа тасымалданады.
-нәтижеде
101
+11
1000 алынады. Сонымен 1000 2 =8 10 .
Азайту . Екілік санды азайту кезіндегі ереже:
0-0=0
1-0=1
0-1=1
1-1=0
Айталық, 1010-101 екілік санының айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанада орындаймыз:
1010
-101, азайту процесі былай болады :
-кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1= табамыз;
-келесі разрядта 0-0=0 болады;
-сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разрядтан 1-ді аламыз және 10-1=1 табамыз;
-келесі разрядта 0 қалады;
нәтижеде 101 алынады.
Көбейту ережесі:
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1
Айталық, 101*10 екілік санның көбейтіндісін табу.
101
*10 процесті қарастырайық
нәтиже 1010.
Бақылау сұрақтары
1 . Cанау жүйесі дегеніміз не?
2. Санау жүйесінің қандай түрлерін білесің?
3. Кез - келген екі екілік санды қосу.
4. Екілік сандарды алу ережесін түсіндір.
5. Екілік сандарды көбейту ережесін түсіндір.
6. Екілік сандарды бөлу ережесін түсіндір.
1. 1. Тапсырмалар
Тапсырмалар. №1
1) . Қосының мәнін ондық санау жүйесінде есептеу керек:
10 2 +10 8 +10 16 = ? 10
2) Егер x=1110101 2 , y=1011011 2 болса, онда x+y қосындысын есептеп, оны сегіздік жүйеде көрсет.
3) . Қандайда бір жүйеде 12 саны 110 түрінде жазылады. Осы жүйенің негізін табыныз.
4) . Класта 2 қыздар мен 1100 2 ұлдар бар. Бардық оқушы саны қанша?
5) . Бақта 100 х жемңс ағашы бар, оның 33 х алма, 22 х алмұрт, 16 х өрік и 5 х шие. Жеміс ағаштары қандай санау жүйесінде саналған?
6) . Мына 17 санының жазылуы 2 мен аяқталатын санау жүйелерін өсу ретімен көрсетіңіз.
7) . Қандайда бір жүйеде 17 саны 101 түрінде жазылады. Осы жүйенің негізін табыныз.
8) Мына сандардың қосындысын табыңыз : Х=110111, Y=13587нәтиженә екәләк жүйеде көрсетіңіз.
9) Мына сандардың 2368, 6С16, 11010 арифметикалық ортасын табыңыз, нәтижені екілі жүйеде жазыңыз.
10) Үтірлермен бөлініп, өсу ретімен барлық ондық сандарды 41-ден аспайтын етіп көрсетіңіз, оның 3 санау жүйесіне жазуы 12-мен аяқталады.
11) 7 + 170 + 1, 700 +… + 1 700 000 сегіздік сандардың қосындысы оналтылық санау жүйесіне айналдырылды. Осы қосындыға тең санды, сол жақтан үшінші цифрды табыңыз.
12) Әр түрлі санау жүйелерінде жазылған A, B, C және D сандарының ең кішісін табыңыз, егер A = 1024 4 , B = 47 16 , C = 73 10 , D = 1001010 2 .
13) A = 105 8 және b = C6 16 сандарының қосындысының екілік белгісінде қанша маңызды нөлдер бар?
14) A = 3A 16 және b = 73 8 сандарының қосындысының екілік белгісінде қанша бірлік бар?
15) Үтірлермен бөлініп, 15 саны 3-ке аяқталатын санау жүйелерінің барлық негіздерін өсу ретімен көрсетіңіз.
2. АҚПАРАТ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ақпарат ұғымына тоқталатын болсақ, нақты бір анықтама беру мүмкін емес. Себебі, ақпарат белілі бір нәрсе туралы мағұлмат, жалпв алғанда ол мағұлмат қандайда бүр келісілген таңбалар мен цифрлар арқылы беріледі. Қоршаған құбылыстар мен объектілердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер алу деген сөз ақпарат алу болып табылады.
Сонымен, ақпарат - белгілі бір құбылыс немесе зат туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Аталған еңбек, ақпарат ұғымының мағнасы кеңейтіп, оған техникалық мағана берумен қатар, оның өлшемі бар екендігін көрсетті. Соныменде бұл еңбек байланыс теориясының негізі болып қаланды.
Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда «жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері» -ге болады. Сол мақалада Шеннон ойын былай жалғастырды: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сайкес келеді. Егер негізі екі болса нәтижесінде ақпарат бірліктері бинарлық сандар, немесе J. W. Tukey енгізген биттер. Мысалы реле, бір бит ақпарат сақтай алады, ал ол екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым. Бқл дегеніміз N құрылым N бит ақпаратты сақтай алады. Алгоритмдік байланыс теориясы ақпараттты өлшеудің қосымша жолын береді. Бұл әдіс ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша аитқанда ақпарат мазмұны тізімді есептейтін бағдарлама биттерінің саны болып табылады. Тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, себебі ол оңай болжауға болатын құрылым, жәнеде құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпаратты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін бере еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді.
Жалпы алғанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы - нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған) .
Ақпарат теориясында сигналдар процестердің бөлігі болып табылады, субстанция емес, олардың мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай аударылса да ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Micheal Reddy аитуынша, математикалық теория сигналдары алмаса алатын құрылымдар болады. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар. Ақпарат теориясында, жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істемей алатындай жобалану керек, себебі жобалану кезінде ол хабар беймәлім болған.
Ақпарат қарастырылған жүйе күйі. Хабар затқа айналған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бір оқиға туралы. Осылай қарастырылған ақпараттың мағнасы тура болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған болуыда мүмкін. Тіпті байланыс арнасын үзілісті шудың толтыруы, түсінбеушілікке әкелу мүмкіндігі мағнасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дәл аитқанда, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болып табылады. Бұл процесс белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Ос процестің көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ белгілі жіберушу болуын талап ететін ақпарат-хат үлгісі ақпаратттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу арқылы, алынатын зат мүмкіндігіне көңіл аударылмайды. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына береді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезінумен тығыз байланысты. Қорыта келгенде, қабылданған және түсінікті хабар. Дерек хақында аитылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырпмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның тағы да басқа түсініктері болуы мүмкін. қалай болғандада ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалы, «мыңдаған биттерден тұратын ақпарат » деп аита аламыз. Байланыс теориясында жиі Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады. Ақпараттың келесі бір түрі Фишер енгізген ұғым- Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишерн ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығаруға болады. мысала бірқалыпты ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты варицияңа қарсы болып табылады. Ықтималдық заңы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сайкесінше өңделмейше, пайдасыз болып табылады. Өңдеу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жай деректер түрлі мақсаттарға пайданылуы мүмкін, яғни, деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша жарамсыз болады. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. с. с. Ақпараттты қандайда бір тіл арқылы аламыз. Көптеген тілдердің негізі алфавит олып табылады.
Алфавит белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдардың жиыны, аиталық, латын, қазақ, орыс алфавиттері.
Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Екілік сандар алфавиті: 0, 1
Мысалы ЭЕМ-делатын латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлары 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейленеді.
А 1 0 0011
В 0110 1 00110001
Мысалы: АНА деген сөзде 24 разрядты мынадай екілік сандармен бейленеді: 1 10001011 1
Компьютерде «0» мен «1» тұратын екілік сан таңбаларын бит деп атайды. Бит аудармасында екі таңба деген сөз.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері-сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары-бәрі де екілік сандар тізбегі жазылады. Сондықтан компьютерде 0 мен 1-ден тұратын екілік сандар таңбасы арнайы терминмен бит деп аталады. Бит ағылшын сөзі, екі таңба деген сөз. Компьютерде қолданылатын символдықтаңбаларды бейнелейтін сегіз разрядтты екілік санды баит деген атау келісілген.
1 байт =8 бит бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан, мысалы,
Е - 1101, е - 10100101, / -0010, 8 - 00111000 т. с. с.
Компьютерде қолданылатын символдық таңбаны бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды байт деп атау келісілген. 1 баит -8 биттен тұрады.
1байт-8 бит
1кб-1024б
1мб-1024кб
1гб-1024мб бар.
Бақылау сұрақтары
1 Ақпарат дегеніміз не?
2 Ақпараттық процестердің тірі табиғатта, техникада, біздің арамызда бар екендігін дәлелдейтін мысылдар келтір.
3 Адамның ақпараттық әрекеті жайлы не айтуға болады?
4 Адаманан адамға ақпартты қандай формада беруге болады және ол форманы таңдау неге байланысты?
5 Ақпаратты берудің қандай құралдары болуы мүмкін?
6 Формалды тілдерге мысал келтір.
7 Ақпартты кодтау процесі немен анықталады және оның керектігін айт?
2. 1. Тапсырмалар
Тапсырмалар №2
- Мына арифметикалық өрнекті қазақ тілінде сөйлем ретінде жазыңыз:
2) . мына тұжырымды арифметикалық өрнек түрінде жазыңыз:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz