Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы


С. СЕЙФУЛЛИН
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Отбасылық тәрбие және оның проблемалары
Орындаған: Әділ Елзат
Тексерген: Байжанова. З. Т
Нұр-Сұлтан, 2021
Мазмұны
Кіріспе
1 Отбасылық тәрбиеге қатысты теориялық мәселелер
1. 1 «Отбасы» және «отбасылық тәрбие» ұғымдарының мәні
1. 2 Отбасы құрылымы және оның түрлері
1. 3 Отбасылық тәрбиені жүргізу ерекшеліктері (ұлттық тәрбие)
2 Отбасылық тәрбиенің жүзеге асырудың практикалық жағдайлары
2. 1 Отбасылық тәрбиені жүргізудің бүгінгі күйі
2. 2 Отбасы тәрбиесін жүргізуге қатысты нұсқаулар
2. 3 Болашақ мамандардың отбасы тәрбиесіне дайындығы (зерттеу, интервью, анкета)
Кіріспе
Өзектілік
Қарама-қайшылықтар
Проблема:
Курстың жұмыстың мақсаты:
Курстың жұмыстың міндеттері:
- Отбасы тәрбиесіне қатысты теориялық әдебиеттерге шолу жасау;
- Отбасы тәрбиесі және оның проблемалары жайлы озат тәжірибемен танысу;
- Отбасы тәрбиесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу объектісі: Қазіргі қоғамдағы отбасылардың тәрбиесі мен проблемаларын зерттеу
Зерттеу пәні: Отбасы тәрбиесі және проблемаларының теориялық мәлселелері
Болжамдама: Егер отбасы тәрбиесіне басты назар аударар болсақ, онда еліміздің ертеңгі күнін басқаша елестету мүмкіндігіне қол жеткізуге болады, демек отбасы проблемаларын дер кезінде шешіп отыру тұлға тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруға жол ашады.
Зерттеу әдістері: теориялық әдебиеттерге шолу, педагогикалық бақылау, интервью алу, тест жүргізу, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған Стратегиясында «Бізге жергілікті деңгейде отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет» делінген. [1]
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі болып табылады. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Төл тәрбие жалпы адамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын азаматтарды, ұлт мүшелерін қалыптастыру; мәдениет, тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс.
Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесіне байланысты проблемалар кеңінен орын алып отыр. Олар: ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін және дінін ұмытып бара жатқан жастар; тастанды жетім балалар мен «жесір» әйелдер; қарттар үйлерінде жылап отырған әжелер мен аталар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; жезөкшелік; көргенсіз және тәртіпсіз қыз бен ұл, олардың түрлі қылмыс жолына түсуі; жұмыссыздық; темекі шегу, нашақорлық, маскүнемдікке салыну; ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т. б. [2]
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ибраимова Л. Н., Абдикеримова П. Ж., Алиева П. С. жазған «Қазақ отбасы тәрбиесі» атты оқу құралында жазылған қоғамдық проблемалар расында да баршамызды алаңдатып отыр. Қазіргі қоғамда көптеген ажырасулар болып жатыр ал оның нәтижесінде баласы әкесі немесе шешесінен айрылып толыққанды тәрбие алмаған жас буындардың саны аз емес. Осынадай жағдайлардың нәтижесі жоғарыда айтып өткендей, көргенсіздікке, ұрлыққа, маскүнемдікке апарып соғады. Сол үшінде бұл жағадайлардың алдын алу барысында жастарымызға төл тәрбиенің құндылықтары мен ерте замандағы отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен міндеттерін айтып, дәріптеп отыру керек деп ойлаймын.
Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған мінез-құлық кемшіліктері - бұл тәрбиені дұрыс бермеу нәтижесі деп есептелген. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындар ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Ғасырлық тәжірибеде балаға тәрбиенің әсер ету әдістері мынадай: түсіндіру, оқыту, мадақтау, қолдау, көндіру, жеке үлгі, жаттығуды көрсету, ымдау, тұспалдау, жазалау т. б. [3]
Қазақ халқы қашанда өзінің ұрпағына тура жол көрсетуге, ақылын айтып отыруға тырысқан. Ұлтымызда 5 жасқа дейін ханындай көріп, 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңмен сырлас деген сөз бар. Осылайша балаға жас ерекшелігіне сай міндеттер мен жауапкершіліктерді арттырып отырған. Оның болашағын сөйлеуіне, қоршаған ортасына, жүріс-тұрысына қарап жобалап тұжырымдап, сеніммен қарап отырған.
1 Отбасылық тәрбиеге қатысты теориялық мәселелер
1. 1 «Отбасы» және «отбасылық тәрбие» ұғымдарының мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті», - делінген. [4]
Отбасы деген ұғымды қысқаша негізгі ұя деп айтуымызға болады. Отбасы, жанұя, семья деген атаулар бір мағынаны береді. Мысалға, “Отбасы - семья, үй деген сөздің синонимі” бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар. “жанұя - өмірдегі туысқандық қарым - қатынастық ортақ белгісі” “Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” [5]
Бегалиев. Т. Б., Р. Е. Әжібаева бұл еңбектерінде, отбасына нақты белгілері көрсетілген анықтама беріп отыр. Бұл белгілер:
-қандастар;
-шағын топ;
- өмір сүруді ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Адам баласы отбасыдан алғашқы тәрбиені, мәдениетті ата-анасына қарап үйренеді екен. Ал бала болса отбасының айнасы деп айтамыз, “отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған”. Сол үшінде қазақ халқында отбасының абыройы әрбір отбасы иелеріне байланысты. Сондай ақ “отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады. ” [5]
Бұл жерде тағыда екінші анықтама беріліп отыр. Бұл анықтамада мына белгілер көрсетілген:
-әлеуметтік топ;
-белгілі қажеттіліктер өтелетін топ;
-ұрпақ өсіреді.
Ал философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы делінсе, әлеуметтану ғылымы отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді. [5]
Сонымен қатар бұл еңбекте отбасы ұғымын философиялық және әлеуметтану ғылмы тұрғысынан қарастырып, анықтама беріп кеткен:
-қоғамның ажырамас құрамы;
-өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым;
-некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ;
Отбасы тәрбиесі қай кезеңде болмасын, қай елде болмасын өз маңыздылығы мен актуалдылығын жоғалтпаған тақырып. Отбасының өзіндік даму тарихы бар. Яғни, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отыраған. Отбасының тарихи болмысын Платон, Аристотель зерттеулерінен көре аламыз. Ал, отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориялары американдық ғалым Льюис Морганның зерттеулерінен бастау алған. Осыдан кейін классикалық неміс философиясының өкілі И. Кант және Фихте, Гегель, француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, швейцарлық И. Г. Песталоцци, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко т. б өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған. [5]
Жер жүзіндегі әрбір ұлттың, халықтың өзіне тән отбасылық тарихи шежіресі бар. Және де олар бір-бірінен қалыптасу тарихы тұрғысынан ерекшеленеді. Жалпы отбасы педагогикасында осы айтлған отбасы ерекшеліктері кеңінен зерттеліп, отбасы тәрбиесінің рөлі мен өзектілігі айқындалған, ерекше мән берген.
Тағы басқаша отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бірі, мемлекет алдында ата-ананың міндеті. Біздің қоғамда жыл сайын жетім қалған балалар саны көбеюде, ал бұл жолда үкіметтің сол балалардың өсіп жетілгеніне дейін қамқорлық жасау міндеті болып табылады. Ал “қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек немесе спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру”. [5]
Сонымен отбасы ұғымы жайлы жоғарыда талданған зерттеулерге, ғалымдардың тұжырымдауларына сүйене келе, «Отбасы - ниеттік сезімдері бір, адамды жақсылық жасауға үйрететін, өзара әрекеттестік пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыратын, адамзат тегін жалғастыруда сүйіспеншіліктің қарым-қатынас алгебрасына негізделген топ» деп өз анықталады.
Бұл өмірде ата-ана үшін ең қымбат байлық ол өздерінің балалары, отбасысы. Баласы үмітін ақтап, биік белестерден көрінсе - мақтанады, ал егер жаман болып, ұятқа қалдырып жатса қанша жерден ренжісе де өз туған баласы болған соң оны кешіріп, бауырына басады, тастап кете алмайды. Себебі, бала «бауыр еті», «іштен шыққан шұбар жылан» демекші, оны өмірге әкелген соң, өз ұрпағын өсіру, ата-ананың ел алдындағы және отбасы алдындағы парызы тәрбиелеу, лайықты білім беру, қоғам қатарына қосу міндеті. Әрине айтуға оңай, дегенмен, бала ақ пен қараны ажыратып, әлеуметтану процессінен өту жолында біраз уақытқа кетеді, ал ең күрделі кезеңі отбасында екен. Міне осындай күрделі міндеттер ата-аналардың иығына түседі. Бала тәрбиесіне қатысты орыс педагогы В. А. Сухомлинский былай деген екен: «Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз». [6]
Сонымен, отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ананың міндеті. Отбасының тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру өте маңызды. Болашақтағы еңбек, қоғамдық отбасылық өмірге бейім, дені сау, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау - отбасы міндетті. Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоцианалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
1. 2 Отбасы құрылымы және оның түрлері
Отбасы құрылмы деп қарапайым отбасы мүшелері, сонымен қатар оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығын айтмыз. “Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (бірнекелілік) және полимамдық (көпнекелілік) түрлері болған. Ерлі - зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда - некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізінде құралады) сияқты категорияларда болды”. [7]
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметтері арқылы анықталып отырады. Сонымен қатар отбасының мазмұны мен өзара қарым - қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның негізгі ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның бастапқы элементтерінің бірі бола отырып, біршама әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Жанұя мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі - зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізіп отбасы мүшелерін асырап, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. “Отбасының басты міндеттерінің бірі - ұрпақ жалғастыру. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, адам үшін де маңызды қызметті болып табылады. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай. Отбасының тағы бір маңызды қызметі - материалдық - экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері болып табылады. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі болып отыр, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп бара жатқаны баршамызға белгілі. Сонымен қоса отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі арттып отыр, әсіресе көп балалы отбасыларында. Қазіргі жағдай мүлдем басқаша, әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істей алады. Бүгінгі қоғамда шаруашылық пен тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына және үйреншікті жағадайға айналып барады. ”. [7]
Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім - орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек. [8]
Сонымен отбасы құрылымын, қарапайым отбасы мүшелері және де отбасы құрылымы тікелей ерлі-зайыптылардың түрлеріне(тылыиптеріне) байланысты. Отбасық құрылымның бұзылуына негіз болатында осы ерлі-зайыптылар болып табылады. Отбасының жоғары құндылықтарды: махаббат, сенім болып табылады. Ал отбасы қазақ халқының менталитеттің басты құндылығы ретінде сабақтастықты үзбей, мәдени дәстүрді сақтап, тасымалдайды, ұрпақтардың әлеуметтену үрдісін жүзеге асырушы.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т. б. ), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі. Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық қызметі - оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді. Рухани қарым-қатынас қызметі Рухани қарым-қатынас қызметі - бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі - отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т. б. ) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді. [8]
Отбасының барлық мүшесі де жақын, өте ыстық келеді, ең жақын адам ол әрине бізді өмірге алып келген, осы күнге дейін жеткізген, «қанаттығақақтырмай, тұмысқтыға шоқтырмай» өсірген, тәрбиесін, ақылын, айтып өсірген асыл анамыз. Асқар тау әкенің де үйдегі алар орны ерекше, себебі әке деген отбасының тіреуі, қамқоршысы, қорғаушысы. Ата-анамыз бізге бар білген-көргенін, өмірден алған тәжерибесі мен бөлісетін, жол сілтейтін жанашырларымыз. Ана үшін де әке үшін де ең қымбат байлық ол балалары - бауыр еті, көзайымы, із жалғаушысы. Баласы дүниеге келген соң ата-ананың басты міндеттерінің бірі балаларын өсіру, тәрбиелеу, ақыл кеңесіңді айтып, ел қатарына қосу, білімге үйрету және т. б міне осындай күрделі міндеттер ата-ана үшін оңай емес. Баланы өсіріп аяғына тұрғызу ата-ана үшін үлкен шың секілді, баласы ер жетіп, қызы бойжетіп сол шыңдардан көрініп жатса, ата-ананың жүрегі орнына түсіп, үмітімді ақтады деп әрдайым аузынан тастамай айтып жүреді. Отбасыда әке мен ана баласына қалай көңіл бөліп, ақылын айтып, сырласып тәжерибесімен бөлісіп отырса баланың да мейірім-махаббаты арта түседі.
Отбасының қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата - аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамыта алады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет. [9]
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің бала үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырады. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz