Сабақта жаңа білімді игеру
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Кәсіптік білім беру кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазіргі сабақ және оны ұйымдастыру
Орындаған: Мамарасилова А.Е
Тексерген: Байжанова.З.Т
Нұр-Сұлтан, 2021
Мазмұны
Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.Сабақ түрлерінің ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Қазіргі кездегі сабақ ерекшеліктері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Сабақтың түрлері және оны ұйымдастыру... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Сабақтың педагогика-психология негіздері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II. Сабақты оқытудың негізгі формалары
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Зерттеу жұмысы нәтижелері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 25
Қорытынды... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі сабақ және ұйымдастыру деп оқытушы мен оқушының арасындағы білім алу мен білім беру міндетіне қарасты жасалатын арнайы процессті атаймыз. Яғни бұл дегеніміз қазіргі сабақты ұйымдастыру барысында сабақтың міндеті менен мақсатын және әдістері қарастырамыз. Оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жоғарылату мақсатында ұйымдастырудың көптеген жолдарын айқындаймыз.
Қазіргі уақытта білім мазмұны мен білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағаланатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде ала отырып жеке адамды қалыптастыру және дамытуда оны кәсіби тұрғыдан шыңдауды басты назарға аудару керек.
Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап қылады. Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясатына, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіде сай келуі қажет. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп содан соң өз шешімін табуды қажет етеді.[1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні осы мақсаттарға жету жолында қызмет атқарады. ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты
3
даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей қарым-қатынаста болуы тиіс.
Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге деген көзқарасы), методологиялық (психологиялық-педагогикалық жағынан), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді. [2]
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі көптеген өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып және жаңа көзқарас сондай-ақ жаңаша қарым-қатынастар пайда болды. Бұл дегеніміз жақсы жақтарға өзгеріп жатыр.
Білім және ғылым министр - лігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңар - тылған білім беру мазмұнын қанат - қақты енгізу туралы шешім қабылданды. Республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті және білім беру стандартын қанатқақты енгізу, орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту. Бұл 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас - талды.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін неғұрлым көбірек қайта қарауды қажет етеді.
2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен 1-ші сыныптар толығымен оқытуға көшірілді. 2016-2017 жылы бірінші сынып үшін енгізілген жаңа оқу бағдарламасы Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту тәжірибесіне негізделген болатын. 2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға мектептердің 2,5,7-сыныптарын оқытуға көшті.[3]
Курстық жұмыстың мақсаты: білім мазмұнын жаңартудың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру.
4
Курстық жұмыстың міндеттері:
қазіргі сабақ және оны ұйымдастырудың құрылымын түсіндіру;
қазіргі сабақ және оны ұйымдастырудың мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру.
Зерттеу пәні: Қазіргі сабақ және оны ұйымдастыру
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, зерттеу, проблемалық, практикалық .
5
I САБАҚ ТҮЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі кездегі сабақ ерекшеліктері
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Сабақтың негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ :
- оқушылардың тұрақты құрамы;
-әр сабақ уақытымен белгіленіп, кестеге енгізілген;
-оқушылардың білім, білік және дағдыларын, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен қоғамдық қатынастарды жүйелі түрде игеруі мұғалімнің жетекші рөлімен қамтамасыз етіледі;
-оқушының фронтальды, топтық, жұптық және жеке формалары сабағында үйлесімділік;
-оқыту мен оқыту әдістерінің әртүрлілігі;
-жүйелік токтың және жеке басқарудың болуы.[4]
Қазіргі сабақ - мұғалім жаңа материалды түсінікті де қарапайым
түсіндіретін сабақ.
Қазіргі сабақ - бұл қызықты жаңа мағлұматтардан тұратын жеңіл сабақ
және бұл сабақта мұғалім мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлесіп, өзара қарымқатынас жасай алады.
Қазіргі сабақ - бұл бір істелген жұмыс қайталана бермейтін,
түрлендірілген сабақ.
Қазіргі сабақ - оқушының айтқан кез келген ойы, ұсынысы тыңдалатын
және адам адам болуға үйренетін сабақ.
Қазіргі сабақ - өзіңді еркін сезінетін сабақ - деп жауап берері сөзсіз.
Білімнің сапалы, жоғары деңгейде болуы сабаққа байланысты, сондықтан
сабаққа қойылатын талаптар да заман талабына сай өзгеруде.[5]
Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша қазіргі сабаққа мынадай талаптар қойылады:
6
1. Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалану.
2. Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімді пайдалану.
3. Оқушылардың қызығушылын, қабілетін біле отырып, дарынын дамыту.
4. Пән аралық байланыс құру.
5. Оқушылардың бұрынғы алған біліміне сүйене отырып, оқушыны жаңа деңгейге көтеру.
6. Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткі жасау.
7. Оқу-тәрбие жұмысының барлық кезеңдерінде қисындылықты және көңіл күйді ұйымдастыру.
8. Педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру.
9. Алынған білімді іс-жүзінде өмірмен байланыстыру.
10. Практикалық білім, білік дағдыны қалыптастыру, еңбекке үйрету.
11. Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігін ұйымдастыру.
12. Әрбір сабақты талдай, болжай, жоспарлай және құрастыра білу.
13. Оқушылардың өздігінен білім алуға, оқулықпен жұмыс жасауға үйрету. 14. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.
Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру оқытудың
тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді. Енді сабақтың
тиімділігін арттыру жолдарын қарастырайық:
1) оқушылардың оқу материалының негізін сабақ барысында меңгеруі және игерілуі. Сабаққа дайындалар кезде мұғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, қолданылатын әдістер мен тәсілдер арқылы материалды меңгерту жолдарын қарастырады. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек;
2) ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының дамуына мүмкіндік туғызу. Мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға назар аударады. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр
7
түрлі уақыт қажет, өйткені үлгерімі жақсы оқушылар жұмысты тез орындайды. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін амалдарды ойластыру қажет;
3) белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластыру қажет. Сабақтын құрылымы - бұл мұғалім мен оқушылардың қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз ететін сабақтың кезеңдер жүйесін ұйымдастыру.
4) оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесін арттыру;
5) пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау;
6) оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін қолдану.
7) оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктік деңгейін анықтау.[6]
1.2. Сабақтың түрлері және оны ұйымдастыру
Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан десекте болады.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескеретін болсақ, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді:
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық
8
процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
-- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
-- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
-- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
-- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ -- практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).[7]
Қазіргі сабақ түрлері.
Сабақ құрылымдарының әртүрлілігі әртүрлілікті және олардың түрлерін білдіреді. Қазіргі дидактикада сабақтардың жалпы қабылданған классификациясы жоқ. Бұл бірқатар жағдайларға байланысты, бірақ, ең
9
алдымен, сабақта болып жатқан мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесінің күрделілігі мен жан-жақтылығы. Оның негізі - жетекші дидактикалық мақсат және сабақтың сабақ жүйесіндегі орны және білім беруді ұйымдастырудың басқа формалары.[8]
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ - жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ - жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ - сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы - білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы - пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ - оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ - білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ - білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы - оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
10
Тақырыбы:
Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
Күнделікті жоспарды жасаудағы градация - күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
Дидактикалық принциптер:
Жай және күрделі
Жүйелілігі
Белсенділігі
Білімділігі
Көрнекілігі
Коммуникативті бағдары
Даралап оқыту
Жеке дара оқыту[9]
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен аударғанда fоrmа сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.
Яғни түрлері ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда,
11
оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті.
Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
:: жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
:: жеке-жұптық ( оқушы мен оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы);
:: жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
:: Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);
:: Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);
:: Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);
:: Американдык Винетка-жоспар, Трампа-жоспар және т.б.
:: Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс
және т.б.).[10]
1.3. Сабақтың педагогика-психология негіздері
Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту
12
жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.[11]
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Педагогикалық психология -- балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты болады. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі - бұл педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы,
13
педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.[12]
Болашақ мамандарды психологиялық-педагогикалық даярлау жүйесінде Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні ерекше орын алады. Бұл пән арқылы студенттер теория мен тәжірибенің бірлігін, оқытушы мен білімалушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін меңгереді. Сонымен қатар, педагогиканы оқытудағы технологияларды, колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың мазмұны, формалары мен әдістерін игеруге мүмкіндік алады. Педагогика және психология мамандығы бойынша біліктілік мінездемесіне 4 сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері меңгеріледі.[13]
Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімнің басты назарында ұстайтын сабаққа қойылатын арнайы талаптар өзара психологиялық және дидактикалық талаптар деп бөлінеді. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптарға жататындар:
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
- Психологиялық ерекшеліктерді (есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген ықыластарын, көңілін, ерік-жігерін, темпераментін, елестетуі мен меңгеруін) ескеру;
- Сабаққа гигиеналық талаптар;
-Меңгерген білімдеріне, тәрбиесіне, іскерліктеріне өзіндік сыни көзқарастары. [14]
II. Сабақты оқытудың негізгі формалары
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады - пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.[15]
Сонымен қатар мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына мыналар кіреді:
-оқушыларды өздігінен жұмыс істетуге үйрету;
-жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
-Оқушылардың жекеленген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
14
-Тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б.[16]
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату - тәтті ұжымдық қарым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz