Дербес компьютерлердің сәулеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙМЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Базалық факультет
Компьютерлік инжиниринг кафедрасы

6В06103 - Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету

Бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың
I курс күндізгі (іштей) оқыту ВТиПО-19-1 академиялық тобының оқу тәжірибесі бойынша Ержанова Динара Нұрланқызы

ЕСЕБІ

Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі: Басшықызы Д.

Ақтау 2021ж

Мазмұны
І)Кіріспе
ІІ)Негізгі бөлім:
2.1) Дербес компьютерлердің сәулеті
2.2) Алгоритмдердің тұжырымдамалары мен қасиеттері
2.3) Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
ІІІ)Қорытынды
IV)Пайданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі электронды есептеуіш машиналар ең алғашқы тегі - есепшот. Тарихи деректерде, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында пайда болды. ж Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар абак деп, қытайлықтар суан-пан, жапондықтар серобян деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын - арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын - арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1) Дербес компьютерлердің сәулеті
Дербес компьютер, қысқаша айтқанда ДК деп аталынылады. Компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі түрге бөлінеді: стационарлық және тасымалы компьютер. Стационарлық компьютер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлер қолкомпьютер, қалта ноутбуктар мен планшетерде ДК-ға жатады.
Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар (ДК-блокноттар) деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.

2.2) Алгоритмдердің тұжырымдамалары мен қасиеттері
Алгоритм, алгорифм (ағылш.: algorіthm, algorіsmus -- Әл-Хорезмидің атынан шыққан) -- бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм -- математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритмді орындау алгоритмдік үрдіс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісін айтады. Есептеу үрдісі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік үрдіспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген үрдістің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу үрдісі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм -- қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алгоритмді орындаушы -- адам, Компьютер немесе робот. Әрбір нұсқау -- бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
а-ны x-ке көбейту R1 деп,
оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,
с-ны х-ке көбейту R3 деп,
сх-тан d-ны алу R4 деп,
R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.
Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар. Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.
Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Алгоритмдерді талдаудың негізгі әдістері:
Сөздік-формулалық (табиғи тілдерде);
Құрылымды немесе блок-схемалар;
Арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану;
Граф-схемалар көмегімен (граф - әр сызық екі нүктені қосатын, нүктелер мен сызықтар жиынтығы). Нүктелер шыңдар деп аталады, сызықтар - қабырғалар;
Петри торының көмегімен.
Бағдарламаны жасау алдында көбінесе сөздік-формулалық және блок-схемалық әдістер қолданылады. Кейде ассемблер сияқты төменгі деңгейдегі тілдерде бағдарламаны жасау алдында, бағдарлама алгоритмін кейбір жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілінің конструкцияларын қолдана отырып жазады. Күрделі бағдарламалық жүйелер алгоритмдерінің бағдарламалық сипаттамаларын қолдану ыңғайлы. Мысалы, ОЖ жұмыс істеу принциптерін сипаттау үшін Алголға ұқсас жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілі қолданылды
Сөздік-формулалық әдісте алгоритм әрекеттер тізбегін анықтайтын, құрамында формулалары бар мәтіндік түрде жазылады. Мысалы, келесі өрнектің мәнін анықтау қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Есептеу жүйелері
Дербес компьютерлердің архитектурасымен танысу
Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері. ЭЕМ-ның даму тарихы
Функционалды - құрылымды ұйымы
ЭЕМ (дербес компьютер)
Компьютердің процессорі және жадысы
Компьютерлік вирустар, Антивирустар, Компьютер архитектурасы
Компьютер туралы
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы туралы ақпарат
Пәндер