Науқастың ауруға деген қатынасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Емделушінің ауруға реакциясы
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Науқастың ауруға деген қатынасы.
- 2. Емделушінің ауруға реакциялары.
3. Анозогнозия, ипохондриялық синдром
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Науқастың ауруға деген қатынасы.
Әр адам өзінің даму сатысындағы физикалық немесе психологиялық әр түрлі кезеңдерінде өзін қоршаған ортадан тәжірибе алады (әлеуметтік және табиғи), яғни қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтайтын мінезін, міндеттерін, құндылықтарын қалыптастырады. Денсаулығын нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру үшін және қажеттіліктерін өтеу үшін науқасқа медициналық қызметкерлер көмектеседі. Әр аурудың мәселесі - қалыптасқан өмірінің жоспарларының өзгеруі, еңбек қабілетінің төмендеуі. Осылайша ағзаның ішкі балансының бұзылуына қатысты науқастың психикасы өзгерістерге ұшырайды: психикалық процесстері өзгереді (түйсігі, есі, қабылдауы, зейіні, ойлауы), психикалық күйі (эмоциялық реакциялары), психикалық қасиеттері (мінез) . Науқастың бар назары ауруда және оны емдеу жолдарында болады. Туған туысқандарының, достарының, медициналық қызметкерлердің көмегіне мәжбүр болады. Медициналық ақпараттарға қызығушылығы артады. Науқас ауру жағдайында көңілшек, өзіне деген сенімсіздік, сезімтал болуы мүмкін. Ауырып жатқан науқастардың көңіл-күйі, сөйлеуі, моторикасы, белсенділігі, қабылдауы, ұйқысы, тәбеті бұзылады.
Емделушінің ауруға реакциялары.
Науқастың ауруға деген қатынасын Р. А. Лурия Аурудың ішкі көрінісі түсінігін ұсынды. АІК-ні анықтау үшін анамнез жинауға болады, яғни науқастың ем алу кезіндегі қарым-қатынасы арқылы немесе жақын туыстарынан, бір палатада емделетін науқастардан алуға болады. АІК жайлы ақпаратты науқасқа сұрақтарды қою арқылы жинауға болады:
1) Науқастың ауруға деген ішкі сезімі?
2) Науқастың көңіл-күйін мимикадан, қозғалысынан, белсенділігінен анықтауға болады.
3) Психикасындағы бұзылыстарын анықтау (ұйқының бұзылуы, тәбеті болмаса күйзеліс жағдайында екені анық) .
4) Емге деген, медициналық қызметкерлерге олардың қатынасын анықтау.
5) Болашаққа деген көзқарасы, ойы қандай екенін анықтау.
Емделушінің ауруға реакциялары:
1) Адекватты реакция - аурудың бар екендігін және өзінің жағдайының ауырлығын бағалай отырып, оған қарсы ем-шараларын қолдануға дайын болуға науқастың қабілеттілігі. Мінездемесі: медициналық қызметкерлерге сенімді қатынасы, ұсынылымдарының барлығын орындауы, туыстарының көмегін қабылдауы, жаңа жағдайларға тез бейімделуі және т. б.
2) Аурудың ауырлығын асыру - акцентуатты тұлғаларда кездеседі. Интеллектің төмендеуіне байланысты қорқынышты ойлар, күмәндану болуы мүмкін.
2. 1. «Ауруға түңіліп кету» - өзінің жағдайының ауырлығын ойланбастан арттыру. Науқас өзін ауыр халде жатқанына сенімді. Қақтығысқа дайын болады, өкпешіл (медициналық қызметкер көп көңіл аудармайды), көп жылайды, ұйқысы, тәбеті жоқ, яғни науқастар өздеріне көп көңіл бөлгендерін қалайды.
2. 2. Ятрогения - психогендік күй, медициналық қызметкерлердің тәртіптерінің нашарлығы (мұндайда ауруы жеңіл науқас өзін ауыр халде сезінуі мүмкін) . Себебі - медициналық қызметкермен қарым-қатынасқа түскенде қорқынышты қабылдаулар, медициналық қызметкердің науқастың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескермеуі, медициналық этиканы сақтамауы. Медициналық қызметкерлердің мимикасы, эмоциялары, жесттері үлкен әсер етеді. Науқастардың медициналық терминдерді дұрыс түсінбеуі, науқасты бір маманнан екіншісіне жіберуі т. б. ятрогенияны туғызуы мүмкін.
2. 3. Госпитализм - ауруханаға деген кері әсерінің пайда болуына әкеледі, яғни науқас аурухананың өміріне үйреніп алады және одан кетуге асықпайды.
3) Аурудың ауырлығын төмен деңгейде сезінуі, тіпті аурудың бар екенін жоққа шығару - ауруға деген сезімінің жоқтығы, ауруға деген қызығушылығының төмендігі, тексерілуге, емделуге немқұрайлы қарау. Науқас тыныш және немқұрайлы. Өте қауіпті!
4) Ауруды біле тұра бұрмалау:
4. 1. Диссимиляция - аурудың белгілерін жасыру (тезірек стационардан шығып кету, жұмысқа орналасу, жүргізуші куәлігін алу және т. б. ) .
4. 2. Аггравация - физикалық немесе психикалық бұзылуларын жоқ екенін біле тұра қосып айту (мүгедек тобынаөзін-өзі жатқызу, әскерден қашу, экспертизадан өтпеу және т. б. ) .
4. 3. Симуляция - жоқ ауруларды жалған айту (өз мақсаттарына жету үшін) - әдейі медициналық әдебиеттер қарастырылады және жалған себептері көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz