Қазақстандағы мұнай - газ саласының дамуы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қарағанды техникалық университеті

Кафедра:ПКОҚӨ

Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП

Тақырыбы: ЖШС TaldyKuduk Gas

Қабылдаған:
Муллагалиев Ф.А.
(аты-жөні)
(қолы) (күні)

Орындаған:

Мәдіхан Ж.Б.
(аты-жөні)
НД-19-2
(группа)


______________________
(бағасы)

Комиссия мүшелері

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні.)

(қолы, аты-жөні.)

Қарағанды 2021

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО КАРАГАНДИНСКИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
Кафедра Разработки месторождений полезных ископаемых
СПРАВКА
На кафедре Разработки месторождений полезных ископаемых при НАО КарТУ, проведен сравнительный анализ курсовой работы, курсового проекта (нужное подчеркнуть) студента___________________________ ___________________________________ _группы_________________ по дисциплине: _______________________________
___________________________________ __________________________________
В результате анализа совпадений с фондом курсовых работ и курсовых проектов не обнаружено.
Оригинальность и самостоятельность выполненной работы составляет _____%.
Члены комиссии: _____________________
_____________________

Зав. кафедрой РМПИ _____________ А.Ж. Имашев

Кафедра Разработки месторождений полезных ископаемых, КарТУ

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Негізгі бөлім.ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Батыс Қазақстанның мұнай-газ кен орындарының зерттелу тарихы
4.Талдықұдық учаскесінде ЖБП барлау бойынша орындалған жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.Қызмет тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Қарағанды көмір бассейнінің Талдықұдық учаскесінің көмір қабаттарынан метанды барлау және өндіру
7. Еңбекті қорғаудың жалпы мәселелері және қауіпсіздік техникасы ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
4

7
9

12
14

18
20
23
24

Кіріспе
Мен Мәдіхан Жұлдыз Бақытжанқызы Қарағанды техникалық университетінің 2 курс студентімін. Өндірістік тәжірибемді "TaldyKuduk-Gas" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.
Тәжірибеден өту мақсаты, тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңда технологиялармен, ақпараттық жүйелерімен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғалымдану процессі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Негізгі бөлім
1.Қысқаша сипаттамасы
Мұнай және газ кез келген елдің экономикасы үшін өте маңызды шикізат. Қазақ жерінде де мұнай мен газдың мол қоры бар, және елімдіздің экономикасының жетекші саласының бірі.
Газ және мұнай саласы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде және басқа да салалардың дамуында еліміздің экономикасында елеулі орын алады. Бұл салалардың дамуында елеулі орынды мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру алады. Әр кен орны арнайы ғылыми зерттеу орындарында құралған жобалы құжатқа сәйкес игеруге енгізіледі. Кен орнын игеру жүйесі дегеніміз қабаттан мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттерді шығаруды қамтамасыз ететін техникалық және технологиялық шаралар жинағы. Жағымды экономикалық көрсеткіште қабаттан мұнай, газ, конденсат және пайдалы ілеспе компоненттерді неғұрлым толық шығарып алу мүмкіндігі болатын игеру жүйесін тиімді деп атайды.
Талдықұдық Газ компаниясы 2009 жылдан бері жер қойнауын пайдаланушы болып келеді. Жер қойнауын пайдалануға арналған № 2369 келісімшарт бар. Жер қойнауын пайдалану туралы заңға сәйкес, Талдықұдық Газ ЖШС жақын маңдағы елді мекендерді экологиялық таза газбен қамтамасыз ету үшін метан газын іздеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді.
Тиімді игеру жүйесі жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, ауданның барлық табиғи, өндірістік және экономикалық ерекшеліктерін толық есепке алу, қажет болған жағдайда қабатқа жасанды әсер ету әдістерін қолдану. Көмірсутек кен орындарын игеру жүйесін таңдау негізіне технологиялық шешімдерді кәсіптік негіздеу жатады: - көп қабатты кен орындарында пайдалану объектілерін бөлу: - шоғырға жасанды әсер етуді қолдану қажеттігі және табиғи энергияны пайдалану арқылы объектіні игерудің тиімділігі: - ұңғыма торының тығыздығы: - пайдалану нысанындағы қысым градиенті: - игеру үрдісін бақылау және реттеу шараларының кешені. Пайдалану нысандарын бөлу және игеру жүйесінің тиімді вариантын негіздеу жобалы жұмыстардың басында құрылған әр - бір шоғырдың және жалпы кен орнының геологиялық моделіне негізделген. Шоғырдың геологиялық моделі кәсіптік геологиялық карталар мен схемалар, сандық мәліметтер, әр - түрлі параметрлер арасындағы тәуелділікті сипаттайтын қисықтар, сонымен қатар шоғыр ерекшелігінің мәтінді сипаттамасын көрсетеді. Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы Қазақ Совет энциклопедиясында былай делінген:табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор...
Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады. Taldykuduk Gas ЖШС үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:
:: техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі);
:: ұйымдық - экономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі, басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар сипаты);
:: сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі, климаттық және табиғи жағдайлар);
:: ұйымдық - құқықтық қатынастар (ЖШС).
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы - бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.
Өндірістік - аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді.
Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады. Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.
Басқарудың төменгідеңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.
Ортаңғыдеңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесе берілген параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі.
Қарағанды қаласы ежелден өзінің кара көімірімен бай қала екендігі барлығына белігілі. Уақыт өте келе, технолгиялар мен құралдардың дамуына байланысты барлық жерлерде әр түрлі зерттеу жұмыстары жүргілізді. Зерттеу нәтижесінде Қарағандының кейбір көмір бассейндерінен метан қоры бар екендігі анықталды. Соның бірі Бұқар Жырау ауданы, Талдықұдық кенті.
TaldyKuduk-Gas жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласы Күйші Дина көшесі, 14 үйде орналасқан. Аталған ЖШС-тің Қарағанды қаласындағы заңды мекен-жайы Қазыбек Би ауданы, Пригородная көшесі 32, 404 кеңсе. Бұл серіктестік негіздінде белгілі бір жобалар аясында жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жұмыс жасалынып жатқан жобаның тақырыбы Қарағанды көмір бассейнінің Талдықұдық учаскесінде метанды барлау және өндіру.
Жобаның мақсаты: Жаңа отын-энергетика саласын құру, энергияның баламалы көздерін дамыту және пайдалану
Метанның болжамды ресурстары: 28,2 млрд. текше м.
Жобаның бастамашысы: "Gas Production" ЖШС
Бірлескен кәсіпорын: "Taldykuduk-Gas" ЖШС
ӘКК үлесі: 20%
Іске асыру орны: Бұқар Жырау ауданы, Талдықұдық кенті
Іске асыру кезеңі: 6 жыл барлау және 21 жыл өндіру
Жобалық қуаты: геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады
Жұмыс орындарын құру: әзірлеу кезінде анықталады
Инвестициялар: 527,5 млн. теңге
Өткізу нарығы: Қазақстан
Ағымдағы жағдай: 2013 жылы тереңдігі 802 метр Т1 көлбеу-бағытталған ұңғымасы бұрғыланды, газ ағыны алынды.
2014 жылы Т2 тәжірибелік-пайдалану ұңғымалары (613 метр) және Т3 кернін (523 метр) іріктеумен бағаналық ұңғыма бұрғыланды.
2015 жылы Т5 және Т5-4 Керн іріктеу арқылы барлау ұңғымалары бұрғыланды.
2016 жылы Т7 (335 метр) және Т8 (600 метр) тәжірибелік-пайдалану ұңғымалары бұрғыланды. 2016 жылдың қазан айында Т7-де көмір қабаттарына плазмалық-импульстік әсер ету жүргізілді. Ұңғыманы игеру жүргізілуде. Метанның аздаған шығуы байқалады.
Метанның болжамды ресурстары: 28,2 млрд. текше м.

2. Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орындарын ашуды Каспий теңізінің су айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асыру мүмкін екені анық болды. Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне байланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстар орындалды. Теңіздің суы таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында Қазгеофизика бірлестігінде салынған 2П шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз компаниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжанды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген Қазақстанкаспийшельф ААҚ-қа да берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар КСРО-ның Мемлекеттік жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде іздеу жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Каспийдің су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы №97 қаулысымен Қазақстанкаспийшельф мемлекеттік компаниясы құрылды.
1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен операторы Қазақстанкаспийшельф МК, ал консорциумның директоры Ж.Н.Марабаев болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды.1994-1996 жылдары кемінде 100 тыс. км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қаазсқтанның Үкіметі ОКИОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 20 жылдың шілдесінде Консорциум Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. Сол кезде, ұңғымадан алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгін Қазақстан халықы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы - біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды деді.
Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты мен Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское кен орындары ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай қорын 35%-ке өсіруге мүмкіндік берді. Қашаған кен орнында алғашқы мұнай 2008 жылы шығуы керек. Қазір Қашағанда және Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында дайындық және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

3. Батыс Қазақстанның мұнай-газ кен орындарының зерттелу тарихы

Батыс Қазақстанның аумағында жердің беткі қабатында мұнай мен газдың өнімдері бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Орыс ғалымдары жариялаған әдеби деректерде Шығыс Каспий маңы аумағындағы мұнайлылық туралы алғашқы сілтемелер Арал-Каспий аймағының жер қойнауындағы байлықтары мен табиғи жағдайларын зерттеу жөнінде I Петр патшаның тапсырмасы бойынша бағытталған экспедицияның жетекшісі Бекович-Черкасскийдің жазбаларында кездеседі. 1713 жылы түрікменнің абдал тайпасының басшысы Қожа Непес біздің өлкені зерттеудің бастаушысы болды. Қожа Непес бір күні I Петр патшаға келіп, өзінің шөл далалы сусыз өлкесі, оның Ресей мемлекетінің игілігіне жарап қалуы мүмкін байлығы туралы әңгімелеп берді. Көптеген ғасырлар бұрын Тетис мұхиты және Әмудария, Сырдария өзендері, Арал, Каспий және Азау теңіздерінің біртұтас теңіз кеңістігіне құйылғаны айтылып жүр. Қазір Каспийден шығысқа дейін қуаңданған жерлер ылғалға көптен бері зәру. Әмударияны солай қарай бұрғанда, сонымен тек жағалаудағы жерлер ғана тіріліп қоймай, Еділден Каспий, Әмудария арқылы Үндістанға дейін теңіз жолы пайда болады. Ал бұл Бұқара, Хиуа, Ауған хандықтарымен тауар алмасуға мүмкіндік беретін, Ресейдің жаңа теңіз сауда жолы ашылады деген сөз. Жас мемлекет үшін сауда-экономикалық байланыстарын, тауар алмасуларды ұлғайтудан артық қандай болашақ болуы мүмкін? Бұған Қожа Непес Әмударияның жоғарғы жағы дәл мәнінде алтын екенін әңгімеледі. Халық алтынды Зеревшан өзенінің жағалауын да жуып алады. Өзен тектен-тек Зеревшан деп аталмаған. Аударған кезде бұл алтын су дегенді білдіреді.
Батыс Қазақстанды бұрын зерттеген табиғат зерттеушілері мен әскери топографтардың материалдарын зерттей келе, геологиялық комитет 1870 жылы мұнда тау-кен инженері Д.В. Кирпичниковты іссапарға жіберді, ол болашақ мұнай кен орындары Қара шұңғыл, Иманқара, Доссорды зерттеп: Доссорда мұнайдың ірі жинақтары бар екені күмәнсіз, бірақ бұл байлықты пайдаға асыру өте қиын, өйткені тұщы су жоқ, қоныстанған жерлер мен жол қатынасы жоқ, шөп шабуға қолайлы шабындықтар мен далалар жоқ, - деп қорытынды жасайды.
Мақсатты бағыт үшін аймақтың мұнай байлықтарын геологиялық зерттеулер мен ашуларда, өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу және Түркістан темір жолының көзделген трассаларын іздеу мақсатында геолог С.Никитиннің (1851-1909) басшылығымен 1892 жылы Батыс Қазақстанға бағытталған арнаулы экспедицияның зерттеулерінің мәні зор. Мұнайдың шығуын зерттеу кезінде экспедиция алғаш рет қолмен жүргізілетін бұрғылау станоктарын пайдаланды. Бір мезгілде тұщы су, біршама кейінірек фосфориттер мен көмір іздестіру қарқынды түрде жүргізілді.
С. Никитиннің экспедициясының анықтаған және оң бағасын алған Қара шұңғылда, Доссорда және Ескенеде мұнайдың білінуі сол кездегі мұнай қоғамдарының назарын аударды. Тіпті 1892 жылдың соңында-ақ Доссордың жекелеген телімдерін барлауға кәсіпкерлердің алғашқы тапсырыстары пайда болды. Көп ұзамай Орал-Ембі және Батыс Қазақстанның басқа аймақтарындағы мұнайды барлау және зерттеу үшін көптеген қоғамдар, серіктестіктер және фирмалар құрылды. Олардың арасындағы ең ірілері Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ), Ембі-Каспий, Ағайынды Нобельдер серіктестігі, Ембі, Орал мұнайы және басқалар. 1894 жылы Петербург кәсіпкерлерінің тобы мұнай кен орындарын барлау және зерттеуге концессия алды.
Леманның компаниясы Қарашұңғыл алаңында тереңдігі 38-ден 275 м-ге дейін 21 ұңғымаға бұрғылады. Олардың біреуі 40 м тереңдікте Орал-Ембі ауданында алғаш рет тәуліктік дебиті 20 тоннадан көп газ мұнайлы бұрқақ берді.
Өз заманындағы көңіл аударарлық адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин болды. Ресейде мемлекеттік шенеуліктер осы талантты адамға, түні бойы қолынан қарындашын тастамай, шұқшиып отыратын әскери бекіністер штабының жас пропорщигіне тістерін қайрап, карта сызатын еді. Бірақ бір күні топографиялық калиграфиядан жалыққан, Петербург кадет корпусының жаңадан ғана бітірген түлегі Карелин қылжақтап, қағаз бетіне Александр сарайының жауыздығымен белгілі А. Аракчеевтің суретін келемеждеп салады. Содан кейін оны ашықтан ашық шөл далаға, жұмыс істеуге айдап жібереді. Бірақ оған тағдыр оң көзімен қарайды. Онда ол Қазан университетінің профессоры Э. Эверсман басқарған ғылыми экспедицияның жұмысына кез болды. Сол кезде айдауда жүрген прапорщик осы өлкені зерттеу мәселесімен айналыса бастайды. Түрік тілін үйрене отырып Карелин қазақтармен ортақ тіл табысады.
Бөкей ханның ұлы Жәңгірмен танысқаннан кейін, жас жігіттердің арасында тығыз достық қарым-қатынас орнады және Карелиннің қабілеттілігін лайықты түрде бағалаған Жәңгір хан оған өзінің хандық ордасында білім беру және ағарту мәселелері бойынша кеңесші болуды ұсынады. Жәңгір Ресей үкіметіне өзінің құрмет көрсетуімен, өз халқына ерекше талаптылығымен белгілі болды. Бөкей хандығының ордасы Нарын құмында орналасқан. Карелин уақытын бос өткізбей, Бөкей ордасының орналасқан жерінің топографиялық картасын жасап, оның этнографиялық сипаттамасын қағазға түсірді.
Мұнай өнеркәсібінің дамуына ерекше мән бере келіп, академик И.М. Губкин былай деп жазды: Ембі аймағы өзінің өндірістік қуаттылығы жағынан, оның дамуының қолайлы жағдайларында Баку мұнайлы аудандарына жақындай алатын, бай мұнайлы аудандарының бірі болып табылады. Иван Михайлович Губкин (1871-1939) дүние жүзіне белгілі ғалымдардың бірі. Мұнай және газ геологиясының негізін салушы ретінде оның есімі кеңінен танымал. Көптеген бай мұнай-газ кен орындары мен аймақтардың ашылуы оның есімімен байланысты.
Осы көрнекті ғалымның көрегендігі соғыстан кейінгі жылдары ақталды. Қазақстан мұнай бірлестігінің ұжымы кеңестік және шетелдік кен орындары талдау, күмбезді құрылымдарды жаппай игеру туралы ұсыныстар енгізді.
Соғыстан кейін Батыс Қазақстандағы геологиялық зерттеулерімен бірнеше жыл Қазақстан мұнай бірлестігі, Ақтөбе мұнай барлау тресі, кейіннен Қазақстан мұнай геофизика болып қайта құрылған Қазақ геофизикалық кеңсесі, Аэрогеологиялық трест, Оралдық мұнай барлау тресі және басқа бірқатар ұйымдар айналысты.
Осының барлығы - Қошқар, Тентексор, Мұнайлы, Төлес, Қаратон, Тереңөзек, Тәжіғали, Қарсақ сияқты жаңа кен орындарын ашып, кен шығаруға мүмкіншілік берді. Солтүстік Ескенеде пермотриасты түзілімдерде мұнайдың жоғары өнімді шоғырлары ашылып, пайдалануға енгізілді. Жаңа кен орындары - Таңатар және Прорваны игеру жұмыстары басталды.
Қазақстанның көмірсутекті кен орындарын іздестіру және анықтауда геологиямен қатар геофизикалық әдістердің, әсіресе гравиметрияның, сейсмобарлау мен кәсіпшілік геофизикалық әр түрлі модификациялардың рөлі зор. Бұл жұмыстар 30-жылдардан бастап дала жұмыстарындағы геофизиктердің, түсініктеме берушілердің және басқа озат мамандардың, сондай-ақ Қазақстанның мұнай байлықтарын ашуда үлкен үлес қосқан ірі мұнай іздестіру және кәсіптік-геофизикалық экспедициялардың жетекшілерімен орындалды. Олардың арасында Т. Ақышев, К. Әлімбетов, М. Байларова, А. Будуров, Ю. Годин, С. Дәукеев, А. Живодеров, С. Қарымсақов, Я. Коганский, В. Козмодемьянский, С. Құрманов, П. Корсунь, П. Краев, А. Латифов, В. Матвеев, В. Николенко, Б. Нұралиев, Н. Неволин, М. Садыров, Р. Сапожников, В. Сарокин, С. Тарбаев, Х. Тутаев, Г. Хакимов, Н. Черепанов т.б. болды.
Атап өтілгендей, 70-тен 90-ға дейінгі жылдар Қазақстан үшін нәтижелі болып табылады. Каспий маңы ойпаңдарының әр түрлі аудандарында, Үстіртте, оңтүстік Торғай ойпаңдарының әр түрлі аудандарында, Бозащы және Арысқұм ойыстарында қарқынды іздестіру жұмыстары жалғастырылады. Каспий маңынан солтүстік ернеуінде ойпаңның қалыптасу таскөмір дәуірінде пайда болған қабаттармен байланысты, мұнай-газ конденсатты кен орындары: Тепловоское, Чинаревское, Каменское, Дарьинск т.б. ашылды.
Қазақстандық геологтардың, мұнайшылардың басты жетістіктері - республиканың 100 жылдық мұнай-газ өнеркәсібіне арналған Қазақстанның мұнай және газының энциклопедиясы атты екі томдық іргелі басылымда баяндалған.

4.Талдықұдық учаскесінде ЖБП барлау бойынша орындалған жұмыстар
2011-2012 жылдары жобалық құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Метан скважиналарын бұрғылау үшін арнайы жабдықтар (rd20-III бұрғылау станоктары), сондай-ақ көмір қабаттарын гидроаттыру үшін жабдықтар сатып алынды. Мамандардың тұруы үшін вахталық кент салынды. 2013-2014 жылдар кезеңінде "Парасат" ҰҒТХ "АҚ жүзеге асыратын "Қарағанды метаны" бағдарламасы аясында Қарағанды облысындағы Талдықұдық учаскесінде "Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен-геологиялық жағдайларына бейімделе отырып, бұрғылау параметрлерін негіздеу және жер бетінен метан өндіру технологиясын сынау" ғылыми-зерттеу жұмысы іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Шетелдік мұнай компаниялары
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
Пәндер