Арпа аурулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
САКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОНОМИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИ КАФЕДРАСЫ

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША
ЕСЕП

ТАҚЫРЫБЫ.АРПА ДАҚЫЛЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ

ЖЕТЕКШІ.СЕРТЕК МАҚПАЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ
ОРЫНДАҒАН ӘМІРЕҚҰЛ АРУЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ

НҰР-СҰЛТАН 2021
1
Мазмұны:
I Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
II.1Арпа дақылының шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
II.2 Морфологиялық белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
II.3 Ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
II.4 Химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
II.5 Гүлінің биологиясы және ұрықтануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II.6 Өсіру технологиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II.7 Қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II.8 Халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .14
II.9 Арпа аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2
Кіріспе
Арпа - астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдік. Қазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір басым.
Арпаның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, оның дәнінен көптеген салада пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады. Арпа жармасы - бағала әрі нәрлі тағамдардың бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және кондитер өнеркәсібімен қатар медицинада да кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса құнды шикізат ретінде ерекше орын алады. Арпаның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, одан малға жұғымды құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде.Арпаны жем және азықтық тағам үшін өсіреді. Бір гектардан 15-30 центнер өнім береді. Нәрлілік тұрғысынан да бидайға қарағанда, арпада қаныққан майлар қышқылының мөлшері едәуір артық, өзектер 40%-ға, тиамин 68%-ға, рибофлавин 250%-ға және лизин 38%-ға көп. Бидай аллергия туғызса, арпа ешқашан аллергия тудырмайды.
Арпадан арпа ұнын, арпа жармасын, арпа квасын жасайды. Арпа ұнынан кондитерлік тағамдар өндіріледі.Арпа жармасының түктелген және түктелмеген екі түрі болады. Ақталған жармалық дәні ірі болады. Дәннің ірілігіне қарай ақталған арпа жармасы бес түрге бөлінеді. Ұнтақ жарма сіңімді келеді, әрі тез піседі. Жарманың бұл түрінен қоймалжың ботқа, котлет, запеканка т.б. әзірленеді. Ірі жарманы супқа салып, ботқа да пісіреді. Түктелмеген арпа жармасы ұнтақ, формасы әр түрлі болады. Бұл жарманы дайындағанда түктелмейді, сондықтан онда клетчатка көп болады. Арпаңың жармасы сортқа бөлінбейді. Ұнтақталған дәнінің ірілігіне қарай оның үш нөмірі болады. Бұдан ботқа пісіреді

3
Шыгу тегі
Арпа, бидай секілді ертеден өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл. Бидайға қарағанда, арпа ыстыққа да, суыққа да, құрғақшылыққа да төзімді. Ол тропикалық аймақтарда да, ыстық араб елдерінде де, суық солтүстік Норвегияда да, Тибетте 4700 м. биіктікте де өсе береді. Еуразия, Америка, Африкада арпаның 30-ға жуық түрі тараған. Шыққан жері - Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12 - 10 мың жыл) қолдан өсіре бастаған. Басқа зертеушілердің пікірінше, географиялық өсіру орнына байланыссыз қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда тұқым себу мөлшерін көбейту қажет. Зерттеу нәтижелерінің қайшылығы тәжірибелердің әр түрлі топырақ-климат жағдайларында жүргізілгендігінен болуы ықтимал. Демек, өсіру жағдайларына байланысты арпаның тұқым себу мөлшерін сәтті түзету айтарлықтай экономикалық әсер етуі мүмкін.
Д.В. Козинец мемлекеттік сорт сынау жүйесінің мәліметтеріне сүйене отырып, арпаның тұқым себу мөлшерін жыл сайын дифференцивтендіру арқылы ғана гектарына 2 центнерден артық қосымша өнім алуға болатынын дәлелдеген. Автордың тұжырымдауынша, бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы және өсірілетін сорттардың түптену қабілеті, сондай-ақ тұқымның егістік сапасы мен өнімділік қасиеттері есепке алыну тиіс.
Арпа морфологиясы
Арпа морфологиясы гүлінің құрылымынан бастап,масақты астық тұқымдастарға жатады.Арпаның бойы бидайдан төмен,бірақ сабағы берік емес.Сол себепті бұл арпаның кемшілігі болып табылады.Арпаның жалпы морфологиялық белгілері басқа да дәнді дақылдарға ұқсас,бірақ айырмашылығы да бар.Гүл шоғыры масақ.Гүлі сыртқы және ішкі қабықшалардан тұрады.Арпа масақтарның жеміс беруіне қарай үш топшаға бөлінеді.
1.Көпқатарлы арпа-үш жемісті масақша орналасқан
2.Қос қатарлы арпа-жемісті масақшасы біреу.
3.Аралық арпа-жемісті масақшасы 1 және 3 аралығында.
Көпқатарлы арпа дұрыс алты қатарлы немесе алты қырлы болып келеді
Қос қатарлы арпа жеміссіз бұйір масақшаларының даму дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:
4
Nutantia-жеміссіз бүйір масақшаларында масақ қабықшаларымен қатар гүл қабықшалары болады.
Deficientia-жеміссіз бүйір масақшаларында тек қана масақ қабықшалары бар арпа кіреді.
Қосқатарлы арпаның дәндері масақ білігінің кемерінде еркін дами отырып симметриялы құрылыс қалыптастырады,ол барлық масақ бойында бірдей болады.Ал көпқатарлы арпада дәндер біркелкі емес, масақ білігінің кемерінде орналасқан үш масақшаның ортасындағы дәні ірі,бүйір дәндері қисайған,майда болады.Сол себепті симметриялы тұқым қосқатарлы арпаға,симметриялы дәндер 40%-тен төмен болса көпқатарлы арпаға жатады.
Аталған түр тармақтарын қабықты дәндерінің ойығындағы қылы бойынша ажыратады.Қысқа талды қыл көпқатарлы арпаға,ұзынталды қыл қосқатарлы арпаға тән болып келеді.Арпаның түршелерін 5 т.рлі белгісі бойынша анықтайды.
1.дәннің қабықтылығы (қабықты немесе жалаңаш)
2.масақтың тығыздылығы (борпылдақ немесе тығыз)
3.қылтықтылығы (қылтықты немесе қылтықсыз)
4.қылтықтардың аратістілігі(тегіс немесе аратісті)
5.масақтың түсі(ара немесе сары)
Арпа масағының тығыздылығын 4 см масақ ұзындығына келетін білік мүшелерінің санымен анықтайды.Егер 4 см білік ұзындығында 14 см ге дейін мүшелер болса масақ борпылдақ болып келеді,ал 15 тен артық болса ол масақ тығыз масақ болып табылады.
Арпа жақсы бұтақтанады,бірақ шоғырланып,топтанып өспейді.Қылтықтары ірі болуы арпаның кемшілігі.Көптеген арпа сорттарын дәнінен айыру осы кемшіліктің әсерінен қиын болады.

5
Ботаникалық сипаттамасы.
Арпаның жаздық және күздік формасы болады.Әдетте күздік арпа көктемдік егісте масақтанады,бірақ өте кеш піседі.Ол 0-12°С температурада гүлдейді.Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік кара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін -І2°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.
Көктемгі жылы кездер басталысымен күздік арпа жедел өсе бастайды. Өсу-даму кезеңі жаздық арпадан 12-16 күнге, күздік бидайдан 6-9 күндей қыскарақ. Топыраққа қажетсінуі күздік бидайға ұқсас.
Күздік арпаның қазіргі өсірілетін сорттарының қыс пен суыққа төзімділігі күздік бидай мен қарабидайдан төмен болғандықтан, олар қысы жұмсақ аймақтарда ғана себіледі.
Топырақ құнарлығы мен алғы дақылдарға қоятын талаптары бойынша, күздік арпа күздік бидайға жақын. Ол топырақтағы күздік-қыстық ылғал қорын жақсы пайдалануының арқасында жаздық арпадан құрғақшылыққа төзімдірек. Арпаның тамыр жүйесі шашақты. Сабағы - қуыс, биіктігі 30 - 135 см, жапырағы таспа пішіндес. Жемісі - дәнек. Арпа морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес дақылдық Арпа, эфиоптық Арпа және аласа бойлы Арпа деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Күздік арпаның негізгі егістері ТМД бойынша - Солтүстік Кавказ, Украина және Орта Азия елдерінде. Біздің елімізде күздік арпа егістігі 2009 жылы 15,6 мың га, ал астық өнімі -21,3 цга болды. Азық-түліктік және жемдік астық мақсатында күздік арпа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында өсіріледі.Арпаның көктемгі және жазғы құрғақшылыққа төзімді түрлері де бар.Жздық құрғақшылыққа төзімді сорттары тез өнім береді.Арпаның ыстыққа төзімді сорттары белгілі және суғаруға да бейімді сорттары бар.Қышқыл топыраққа төзімді сорттары қара топырақты емес аймақтарды Скандинавия елдерінде өседі.
Арпаның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, одан малға жұғымды құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, арпа дәнінде жинақталған крахмал мен белок дақылдың масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез процесінде пайда болған органикалық заттар. Осыған сәйкес арпаның гүлдену фазасынан кейінгі фотосинтездеуші жүйені екі бөлікке бөлуге болады:
6
Синтездеуші (ассимиляттардың пайда болу көзі) және қорға жинаушы жүйелер.
Тритикале - ботаникалық тегі екі түрлі - бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы. Дақылдың атауы да, ата-анасының латынша атаулары бөлігінің қосындысы Triticum (бидай, пшеница) + Sekale (қара бидай, рожь) - Triticale (тритикале).
Тритикале - бидай қара бидай буданы - амфидиплоидтар қатарына жатады.
Жоғарыда аталған ғалымдар тритикалені қолдан будандастырып алған болатын болса, 1918 жылы Саратов ауылшаруашылық тәжірибе стансасында Мейстер Г.К., 1925 жылы Белоцерковь селекциялық тәжірибе стансасында В.Н.Лебедев бидай мен қара бидайдың табиғи будандарын тапқан.
56-хромосомдық октаплоидтық тритикалені В.Е. Писарев күздік жұмсақ бидайды қара бидаймен және жаздық жұмсақ бидайды қара бидаймен будандастырудың нәтижесінде алды.
Алғашқылардың бірі болып гексаплоидтық 42-хромосомдық тритикалені 1933 қатты бидайды қара бидаймен будандастыру арқылы алған А.И.Державин.
Шаруашылықта пайдалану үшін октаплоидтарға қарағанда гексаплоидтық тритикалелер тиімді, өйткені олардың масағының дәнділігі, өнімділігі, дәнінің құрамындағы ақуыз мөлшері жоғары.
Қазақстанда күздік тритикаленің бір ғана Таза сорты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген. Сорттың оригинаторы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

7
Арпа дәнінің химиялық құрамы
Арпа дәнінің химиялық құрамы өте күрделі. Шығарылатын сорттардың бағыты мен өсу ортасына байланысты оның құрамында 12-14 % белок, 2-3 % май, 54-55 % крахмал, 5,5-5,8 % клетчатка және 2-3 % күл кездеседі. Дәннің 85 пайызы құрғақ заттардан түзіліп, мынандай химиялық қосылыстардан тұрады: көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және кремний. Бұларға қосымша дәнде йод, бор, мырыш, темір, марганец, және сол сияқты сирек кездесетін элементтер бар. Олар кәдімгі жасушадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің бір қалыпты жүруіне айрықша ықпал етеді. Арпаның органикалық заттарды қорға жинаушы органы - бұл дән. Жоғары өнім құрауда әрбір дәннің қоректік заттарды сіңіргіш (аттракциялаушы) қасиетінің ролі үлкен. Аталған екі жүйенің және өнім мөлшерін анықтаушы басқа да физиологиялық процестер агроэкологиялық факторлармен өзара тығыз байланысы нәтижесінде мол әрі сапалы өнім қалыптасады
Гүлінің биологиясы және ұрықтануы.
Арпа өздігінен тозаңданатын дақыл.Оның гүлденуі масақтанумен бірдей болады.Ауа райы салқын болса 1-2 күн айырмашылық болуы мүмкін.Ыстық күндері масақ жапырақ қынабынан шығады.Арпа да бидай сияқты ашық және жабық гүлдену сатысынан өтеді.Бірақ гүлдеу жағдайында айырмашылық едәуір,көпқатарлы арпа ашық гүлдейді,ыстық құрғақ ауада керісінше жабық гүлдейді.Гүлдену уақыты таңғы сағат 6 дан басталады.Содан тәулік бойы гүлдеп,түстен кейін тоқтайды.Гүлденуі масақтың ортасынан басталып,ұшар басына дейін барады.Ең алдымен ортасы гүлдейді.Масақ 2-4 күн аралығында гүлдейді.Аналық ауызы 4-6 күнге дейін өзінің тіршілік әрекетін сақтайды.Бірақ ұрықтану 2-3 күндері байқалады.Арпаның аталығы өзінің ұрықтану қабілетін тез жоғалтады.10 минут ашық ауада болса жарамсыз болып қалады.

8

Өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Ауыспалы егісте әртүрлі алғы дакылдан кейін себіледі, бірақ ең жаксы алғы дақылдары - таза сүрі танабы, сондай-ақ жүгеріден, күнбағыстан, дәнді бұршақ дақылдарынан, күздік бидайдан кейін де себіледі.
Күздік арпа тыңайтқышқа өте жоғары талап қояды. Себу кезінде суперфосфатты (Р10) енгізу өсімдіктің шынығуына және жақсы кыстап шығуына ықпал жасайды. Аязға ең жоғары төзімділік тыңайтқыш (Р40-50, К40-50) енгізгенде байқалады. Аммиак селитрасымен (N50) ертерек үстеп қоректендіргенде өнімділік 10-15% артады.
Тыңайтқыш қолдану.1 ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0 кг калий қажет. Қоректік элементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді.
Тыңайтқыш қолдану мөлшері топырақтың құнарлығына, ылғалмен қамтамасыз етілу, жоспарланған өнім деңгейіне байланысты өзгереді.
Қазақстанда негізгі тыңайтқыш ретінде 10-15 т органикалық және N45-60, P60-65, K45-60 кг деңгейінде минералдық тыңайтқыштар беріледі. Жоғары өнім алу үшін себумен бірге (Р15-20 кгга) тыңайтқыш беру және азотпен (30-40 кгга) үстепе қоректендіру қажет.
Себу.Себуге тазалығы 97%-дан кем емес, сорттық тазалығы 1-ші және 2-ші категорияға жататын, астықтық сорттарының 1-ші класының өнгіштігі 95%, 2-ші классыныкі 92%, ал малазықтық сорттарынікі - тиісінше - 90 және 85% тұқым пайдаланылады. Мәжбүр болған жағдайда 3-ші классқа жататын тұқымдарды себуге болады. Қатты қара күйеге және қара күйеге төзімді болғандықтан тритикале тұқымдарын себу алдында дәрілеудің қажеті жоқ.
Себу мерзімі.. Тритикале күздік бидайға қарағанда себуді оңтайлымерзімде өткізгенді қалайды. Тритикаленің оңтайлы себу мерзімі күздік бидайдың себу мерзімінің ортасы және соңы.
Себу тәсілі.Тритикалені негізінде тарқатарлы немесе тоғыспалы тәсілмен себеді, жаппай қатардағы себу тәсілі де қолданылады.

9
Себу мөлшері.Тритикалені күздік бидайға қарағанда жиі себеді, себу мөлшері себетін аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына қарай гектарына 3,5-7,5 млн өнгіш тұқым аралығында. Малазықтық сорттарды біраз көбірек мөлшерде себеді.
Күтім жасауы. Жаңа жыртылған жерге сепкеннен кейін егістікті тығыздау қажет. Тритикале көктемде тез көктеп өсе бастайтындықтан үстеме қорек күздік бидайға қарағанда ертерек беріледі. Тыңайтқыш енгізу әдістері мен мөлшері күздік бидайға ұқсас.
Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш зиянкестері
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Арпа дақылының зиянкестері
Астық дақылдарының аурулары
Жазғы кезең
Пісетін түрі бойынша бидай сорттары
Күріш дақылы
Сұлы дақылының аурулары
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Текелі қаласындағы қорғасын -мырыш кен орны
Пәндер