Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды техникалық университеті
Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ
БОЙЫНША ЕСЕП
Қарқаралы ауланы Қырғыз ауылдық округі әкімі аппаратыММ.
(Практика орны)

Жетекші
___________________ ___________________________
(баға) (кәсіпорыннан қол т.а.ж.)

Комиссия мүшелері ___________________________
__________________________ (факультеттен қол т.а.ж.)
(қолы) (т.а.ж.)

__________________________ Студент Мағауия Б.О
(қолы) (т.а.ж.) (аты-жөні)
__________________________ _________Э-19-1____________
(қолы) (т.а.ж.) (тобы)
___________________________
(қолы) (күні)

Кіріспе
Мен, Мағауия Бекназар Орасханұлы Қарағанды техникалық университетінің Э-19-1 тобының студенті Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінен 24 мамыр 2021 жыл - 25 маусым 2021 жыл уақыт аралығында өндірістік практикадан өттім. Тәжірибе Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жумағулов Тәнірберген басшылығымен жүргізілді. Практиканың алғашқы күні әкімшіліктің құрылымын, оның мақсаттарын, міндеттері мен функцияларын зерттеп және кеңсенің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылының негізгі тәртібімен таныстым. Практика барысында маған компьютермен жұмыс орны берілді. Әр жүктелген тапсырманы дұрыс және тиянақты орындауға тырыстым. Құжаттарды қалыптастыру және сақтау тәртібін зерделеп, орындалатын қызмет түрлеріне, басқару тәртібіне назар аудара отырып, мекеме қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын құжаттармен зерттедім. Практика базасы қызметінің бағытын зерделеп, жергілікті құқықтық құжаттарды әзірлеу дағдыларын меңгеріп, олардың жобаларын әзірлеуге қатыстым, сонымен қатар, кадр қызметі маманының жұмыс дағдыларын меңгердім. Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін зерделеп, конкурстық комиссиямен өзара іс-қимыл тәртібін меңгердім.
Практика барысында келесі міндеттер қойылды:
1.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
2. Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру
3. Миссия, стратегия, қызметті жоспарлау
4. Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері
5. Өндірістік әлеуеті: негізгі және айналым капиталы
6. Маркетингтік қызмет құралдары
7. Персоналды басқару циклі
8. Кәсіпорынның сыртқы ортасы
Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі
әкімі аппаратымемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1.Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аудан әкімі аппараты) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдықтехникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ауыл әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ауыл әкімі аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Ауыл әкімі аппараты азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Ауыл әкімі аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Ауыл әкімі аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Ауыл әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қырғыз ауылы, Тың көшесі 23.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже ауыл әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Ауыл әкімі аппараты қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
12. Ауыл әкімі аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
Ауыл әкімі аппаратының миссиясы: аудан әкімі және әкімдігінің, ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдықтехникалық жағынан қамтамасыз ету, қала, кент, ауылдық округі әкімдерінің, олардың аппараттарының, сала бөлімдерінің қызметін үйлестіру және жетілдіру;
Міндеттері:
1) ауыл әкімінің және аппарат қызметкерлерінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) ауыл әкімінің және аппарат қызметкерлерінің құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
3) ауыл әкімінің аппаратын және аппарат қызметкерлерінің ұйымдастыру жағынын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) мемлекеттік қызмет көрсету санын көбейту.
Функциялары:
1) ауылдың аймақтық әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге және барысын бақылау, өзінің құзіреті шегінде ұсыныстарды қалыптастыру арқылы аудан аумағында Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытының іске асырылуына қатысу;
2) жоғарғы тұрған атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес облыстық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, облыстық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылы әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын, оны жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі және тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қалыптастыруға қатысады және осы мақсатта аудан аумағында атқарушы билік органдарының қызметтеріне сұрау салу және аудан талдау жасауы, аудан әкімі және әкімдігінің актілерін әзірлеу үшін уақытылы ақпарат алу, олардың атқарылуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму мәселелері жөнінде ұсыныстар мен болжамдар қалыптастыру арқылы үйлестіруді жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын, аудан әкімі және әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
5) облыс әкімі аппаратымен, қала, кент, ауылдық округі әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
6) заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізу;
7) ауыл әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтердің, жиналыстардың, халықаралық кездесулердің, сапарлардың және басқа да шаралардың ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешу;
8) ауыл әкімінің аппаратының регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
9) ауыл әкімі және оның орынбасарлары қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат ағымының талдауын, іс жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік тілінде іс жүргізуді іске асырылуын ұйымдастыру;
10) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының сақталуын қамтамасыз ету;
11) жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын аудан әкімінің номеклатурасында өтетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру;
12) ауыл әкімдігі, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекеттесуді, Республика Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастыру;
13) ауыл әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
14) мемлекеттік тіркеу саласында: нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу; туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
15) аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Құқықтары мен міндеттері:
1) ауыл әкімі аппараты мен әкімдігінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
2) атқарушы органдардың иелігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкімет актілерінің, ПремьерМинистрдің өкімдерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің, ауыл әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) ауыл әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін өзінің кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етеді деп күтеді. Ұйымдастырушылық құрылым - бұл еңбек процесі алдымен жеке жұмыс міндеттеріне бөлінетін, содан кейін мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттерді үйлестіруге қол жеткізетін тәсілдердің жиынтығы. Шын мәнінде ұйымдық құрылым ұйым ішіндегі міндеттер мен өкілеттіктердің бөлінуін анықтайды. Әдетте, ол органограммада бейнеленген - элементтері иерархиялық тәртіппен ұйымдастырылған құрылымдық бөлімшелер (бөлімдер, жұмыс орындары) болып табылатын графикалық диаграмма.Сондай-ақ, мекеменің ұйымдық құрылымы деп бөлімдер мен басқару органдарының құрамы, бағынуы, өзара әрекеттестігі және бөлуі түсініледі, олардың арасында билік, командалық ағындар мен ақпараттарды жүзеге асыруға қатысты белгілі бір қатынастар орнатылады.Әр түрлі ұйымдарда әр түрлі құрылым құрылымдары болады. Алайда, әдетте ұйымдық басқару құрылымдарының сызықтық, сызықтық-штаттық, функционалдық,сызықтық-функционалды қ, матрицалық сияқты бірнеше әмбебап түрлері бар.Бұл ұйымның сызықтық басқару құрылымы бар. Кәсіпорынды басқарудың бұл құрылымы әр бөлімшені бағынатын қызметкерлердің жалғыз басшылығын жүзеге асыратын және барлық басқару функцияларын шоғырландыратын менеджер басқаратынын білдіреді. Бұл менеджер өз кезегінде жоғары тұрған менеджерге бағынады.
Кәсіпорын қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік,яғни заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субьект;өндірістік-шаруашылық қызметі ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы материалды өндіріс саласында да,өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.Негізгі құралды иемдену кезіндегі іс жүзіндегі шығындарына жататындар:Сатып алу бағасы,оның ішінде импорттық және орны толтырылмайтын салықтар;Активті тасымалдау және жұмыс қалпына келтірумен байланысты барлық шығындар (тасымалдауға кететін бастапқы шығындар,монтаж шығындары және тағы басқалары)Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол,бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтер турасында,ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың,көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды,ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарды қолдануды қажет етеді.Қаржылық көрсеткіштерді,белгіленген қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге,көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелігі сияқты,қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетед.Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестірілед.Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы жәнре көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс.Ұйымды басқару құрлымы немесе басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан,ол басқару мақсаттарына,функциялары мен процестеріне, сонымен қоса,менеджерлерлердің жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттілікті бөлісуге тығыз байланысты.Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс кәсіби мамандығына сай менеджерлердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.Құрылымды басқару жүйесін уақытында және сапалы салынған ғимараттың құрылымдарын қалыптастырғанда,олардың принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында,үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете зерттеу жүргізуді талап етеді.Мекеменің басқару жүйесінің құрылымын сызбадан көруге болады.
Жоспарлaудеп кәсіпорынныңнақты перспективаға бағытталған маұһқсатын анықтау, оған жеті жолдарын талдау және ресурстармен қaмтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ұзақ мерзімге және оперативті ағымдағы деп екіге бөлінеді.
Жоспарлау шаруашылықты жүргізудің негізгі формаларының бірі. Олай болса, мынандай сұрақ туындауы заңды: нақты өмірде нарық механизмі мен жоспарлау қалайша қатар бола алады?
Әрбір кәсіпорын өз әрекетін баға механизміне, сұраныс және ұсыныс заңына икемдеуге соған бағынуға мәжбүр, өйткені бұл объективті заңдар әрекетін ешкімде өзгерте алмайды, не оны жоққа шығара алмайды.
Бірақ та әр кәсіпорынның ішкі құрылымындағы баға механизмі әкімшілік аппаратының, менеджерлердің және басқа да мамандардың саналы әрекетімен ығыстырылады. Сондықтан да кәсіпорын қызметі қабылданған жоспарлы шешіммен реттеледі. Мәселені осы тұрғыдан қарасақ жоспарлау - кәсіпорынның ішкі қызметінен бағаны және нарықты ауыстыратын механизм ретінде алуға болады.
Сонымен қатар жоспарлау менеджмент құрамының бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да жоспарлау кәсіпорынның мақсатын және оған жетудің негізгі құралы, ресурстарды және кәсіпорын қызметінің нәтижесін алдын-ала болжай білу қабілеттілігі
Неміс ғалымдары жоспарлауға әртүрлі сипаттама берді. Солардың кейбіреуін келтірейік.
1)Жоспарлау мақсаты, мақсатқа жету құралы және әртүрлі әрекеті, алдағы жағдайда әртүрлі альтернативті әрекеттері жөніндегі шешім қабылдаудың жүйелі дайындығы.
2)Жоспарлау әрекет ету мүмкіндігін іздеу жүйесі және осы әрекет етудің нәтижесін жобалау.
3)Жоспарлау - бұл мына схема бойынша рациональды әрекет етудің бір
бөлігі:
Жоспарлау-- шешім қабылдау-- жүзеге асыру-- бақылау.
Жоспарлауды оның бірнеше критериясына қарай былайша бөлуге болады: мәселені қамту деңгейіне қарай, кәсіпкерлік саясатты жоспарлау, мазмұнына қарай (жаңа мүмкіндіктер мен өнімдерді іздеуге байланысты - стратегиялық жоспарлау болады; тактикалық жоспарлау - бұл белгілі мүмкіндіктер мен өнімдер үшін алдын-ала жағдай жасау; оперативті жоспарлау - бар мүмкіндіктерді жүзеге асыру); жоспарлау пәніне қарай (мақсатты жоспарлау, құрал-жабдықтарды жоспарлау, бағдарлама, жоспарлау әрекеті).
Жоспарлау белгілі проблеманы шешу үшін өзара байланысты қадамдар жасау тәртібі түрінде болады және мыналарды қамтиды: іздеу, талдау, синтез, өлшеу, болжамдау, бағалау, талқылау, салыстыру және таңдау.
Жоспарлау принциптері
Әрбір кәсіпорын жоспарлаудың мынандай прициптерін орындауы қажет: жоспарлау толықтығы, нақтылығы, дәлдігі, үздіксіздігі, икемділігі және иілгіштігі. Жоспарлау тиімділігінің критериесі ретінде қабылданған шешімнің сапасы немесе жоспарлауға жұмсалған шығындар алынады (жұмыскерлер еңбекақысы).
Нарық пен жоспар бір проблеманы шешуге бағытталған: белгілі бір өнім қажеттілігіне өндірістің құрылымы мен пропорциясының сәйкес келуі. Мұнда нарық өндіріске өндірілген өнімге тұтынушылардың реакциясы арқылы әсер етеді. Бірақ та бұл реакция стихиялы түрде емес. Өндірушілер тұтынушы реакциясын ұғынуға тырысады. Сол үшін жоспарлау элементтері енгізіледі (болжау жасалынады, маркетингтік қызмет іске қосылады т.б.). Жоспар бұл жағдайда тұтынушы реакциясын алдын-ала білуге бағытталады және бұған орай өндіріс бағдарламасы жасалынады.
Нарық экономикасы дамыған Батыс елдерінде экономикалық дағдарыс зардабын мейлінше азайту үшін алдын-ала өндірістің дамуына корректировка жасап, оның құрылымын өзгертіп, өзгерген жағдайға икемдеп, болашақта қажеттіліктің өзгерісін еске алады.
Батыс фирмаларының тәжірибесіне қарай, жоспарлауды төрт фазаға бөлеміз: талдау, болжау, бір мақсатты белгілеп анықтау және бағдарлама жасау.
Жоспарлау кезінде өткен жағдайлар мен процестерді және көрсеткіштерді қазіргі кезеңмен салыстырады, сонсоң келешектегі даму бағытын анықтайды.
Кәсіпорын мына сұраққа жауап беруге тиіс: егер қазіргі бағыттағы курсты жалғастырсақ, біз қайда боламыз? Қандай деңгейге жете аламыз? Бұған жауапты компьютер арқылы болжау жасайды, нақты экономикалық жағдайлар ескеріледі. Көптеген болжамдар: сұранымды, сату көлемін, қолда бар шикізатты, барлық нарықты және конкуренттерді анықтайды.
Жоспарлау түрлері
Барлық кәсіпорындар, әсіресе, батыс елдеріндегі ірі фирмалар ағымдағы және перспективалы жоспарлауды жүзеге асырады және 15-20 жылға болжау жасалынады. Біздің елдегі және нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау тәжірибесі жоспарлау процесінің мынандай тиімділігін және пайдалылығын тұжырымдайды:
-басшылар мен менеджерлерді (мамандарды) әрдайым тұрақты перспективаны ойлауы қолдап отырады;
- жоспарды жасау кезінде және оны орындауда кәсіпорынның күш жұмсауы жөніндегі бағыттарына нақты координация жасауды жүзеге асырады;
- кәсіпорынның өзінің нақты міндеттерін орындауға мәжбүр етеді;
- менеджерлердің қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруға ынталандырады;
- ресурстарды рационалды бөлуге ықпал етеді;
- кәсіпорынды күтпеген өзгерістерге икемді болуға дайындайды.
Сонымен бaрлық шаруашылықты жүргізетін субъектілер жоспарды жүйе ретінде қарап, оны жасау кезінде мына әрекеттерді ескеруі керек:
- мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- ресурстарды табу;
- пропорцияны жасау - көрсеткіштердің қажеттілігі мен қолда бары баланста болу керек;
- жоспарды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- жоспардың орындалуына бақылау жасау;
- ұзақ мерзімді жоспар-жоба (10-15 жыл);
- орташа мерзімді жоспар-жоба (3-5 жыл);
- қысқа мерзімді жоспар - бір жылға қаржы жоспары; өнім өндіру, өткізу, зерттеу жұмыстары, маркетинг, ақша қорының қозғалысы, пайда, зиян, баланс т.б.;
- оперативті жоспар - он күнге, бір айға, тоқсанға;
- инвестициялық жобалар - кәсіпорынның жаңа өндіріс қуаттарына және құрылыс объектілеріне капитал жұмсауы; Бизнес жоспар - бұл кәсіпорынның бизнес операцияларына жүзеге асыру бағдарламасы: онда кәсіпорын туралы, тауар, оның өндірісі, өткізу нарығы, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігі жөнінде мәліметтер беріледі.
Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі кәсіпорынның дамуының жақынарадағы және болашақтағы күйін көре алудың сенімділігіне байланысты болады. Кәсіпорында жоспарлау процесі оның саясатын қалыптастырудан, қызметінің күтілетін нәтижелерін нақтылаудан, негізгі техникалық зкономикалық көрсеткіштерін есептеуден тұрады.
Жоспарлaу әдістемесі деп кәсіпорын жоспарын дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын айтады. Жоспарлау әдістемесін жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогресивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді.
Жоспарларды дәйектеу
прогресивті нормалармен нормативтер жүйесінің негізінде жүргізіледі.
Нормa - өнім немесе жұмыс бірлігіне шикізаттың, материалдардың, жанар маймен энергияның, еңбектің және т.б. абсолюттік шығындардың максималдық рұқсат етілетін шамасы.
Норматив - еңбек қаруларын, еңбек заттарын қолдану дәрежесін, оларды бөлме, көлем, салмақ бірлігіне шығындау дәрежесіне сипаттайтын салыстырмалы шама.
Нормалaр мен нормативтер келесі топтарға бөлінеді:
Тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыты, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;
Материалдық шығындардың нормалары мен нормативтері;
Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;
Өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры).
Жоспардың көрсеткіштерінің жүйесіне келесі көрсеткіштер кіреді: саңдық (абсолютті өлшегіш - тауар өнімі, жұмыскерлер саны, еңбек ақы қоры, пайда т.б.), сапалық (салыстырмалы шама өндіріс тиімділігін және оның факторлары еңбек өнімділігі, қор қайтару, материал сыйымдылық, рентабельділікті көрсетеді), көлемдік үлестік. Көрсеткіштерді санау үшін натуралдық және шартты натуралдық, еңбектік, құндық. өлшегіштер қолданылады.
Жоспарлаудың түрлері және олардың ерекшелігі
Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызмет жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық тұжырымдама) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды колданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналмайды. Егер индикативті жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл -жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро-, мезо- және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және баскарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің (процедураларының) жиынтығы ретінде шығады.
Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік-жоспарлық реттеу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік болжау микрожоспарлаудың дамуын мемлекеттік болжамдау макрожоспарлаудың құрамдастары болып табылады.
Жоспарлаудың осы деңгейіндегі субъект болып мaкроэкономикалық меншік иесі шығады, оның стратегиялық мақсаты -дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсуі.
Aумақтық жоспарлау индикативті жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзеге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы - аумақ пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.
Мезожоспарлау - салаларда, сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып өтетін процестерді қамтитын индикативті жоспарлаудың бір түрі.
Микрожоспарлау - менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асады. Бұл деңгейде жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің) тағдырын, оның бәсекеге кабілеттілігін, ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Индикативті жоспарлаудың әр қилы түрлерінің мәні жайлы айтқанда, олар экономиканың мемлекеттік бағдарлануының маңызды элементі екендігін түйіндеуге болады. Мемлекет - экономикалык өмірдің басты дирижері.
Индикативті жоспарлаудың түсінігін анықтауға арналған бірнеше амал-тәсілдердің бар екендігін еске сала кеткен жөн. Біріншіден, ол кәсіпорынның дербестігі кезіндегі макрожоспарлау ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі экономикалық дербестік жағдайында, бірақ жоспар белгілеген белгілі бір бағдармен атқарылады. Екіншіден, индикативті жоспарлау жеке кәсіпорындардың мемлекет қалыптастыратын міндеттерді орындауға бейімделуі болып табылады. Бұл - мемлекеттің жеке кәсіпорындарға жалпы мемлекеттік мүдделердегі осындай бағдарламаларды орындауға бейімделген мемлекеттік бағдарламаларға айналған өзіндік мемлекеттік тапсырысы. Индикативті жоспардың бұл негізгі міндеті - ақпараттың бағдарлаушылық және ол мәнісі жағынан себептемелік болып табылады. Үшіншіден, индикативті жоспарлауда мемлекет пен мем.сектар үшін міндетті тапсырмалар бар. Төртіншіден, ол мемлекет пен экономиканың басқа субъектілердің іс-әрекеті мен мүдделерін үйлестірудің тетігі болып саналады. Индикативті жоспарлаудың дәл сол үйлестіретін міндетті ісі негіз болып табылады.
Жоспарлы қызмет барысында даму стратегиясы, ұзақ мерзімді болжаулар, орташа мерзімдік және ағымдағы жоспарлар жасалады. Жоспарлаусыз дамудың үйлесімділігі қамтамасыз етілмейді. Ал үйлесімді салалардың, қызмет өрістерінің мынадай арақатынастарына жетуді білдіреді: олардың өндірісінде мыналар: ұзақ келешектегі макроэкономикалық дамудың ең тез қарқыны; елде, аймақтарда өнім мен көрсетілетін қызметті өндіру мен тұтынудың тепе-теңдігіне жету, еңбек нарығы, капитал, жердің дамуы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық жоспарлау
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. Стратегия гректің - генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады.Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2.Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес,бүкіл корпорацияның
болашағы үшін жасалады.
3.Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын,дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5.Стратегиялық жоспарды жасағада,ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен
қоса,қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Тактикалық жоспарлау
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады:
жалпы мақсатты ойластыру;
белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспaрлануы біршама ауқымды блады. Мәселен, жоспралаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
бар мүмкіндікті бағалау;
басты міндет немесе мақсат;
жоспарлы ұсыныстар;
бaламалар (альтернативтер);
баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
баламаларды таңдау;
қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;
жоспарды цифр түрінде көрсету.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиклық кейбір жағдайлары, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес.
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіпейтіндіктенжоспарлау сатысы көбіесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
Осыған орай,жоспар жасаған кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын факторлық талдау
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Пәндер