Өзбек және қазақ сыныптарында ана тілі оқулықтарының салыстырмалы сипаты


ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ
ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА БӨЛІМІ
Қолжазба құқықында
УДК 372. 22
ҒАНИБАЕВА БАЙЯН ШАРИПБАЙ ҚЫЗЫНЫҢ
“БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ЛЕКСИКАҒА ТИІСТІ (ОМОНИМИЯ) ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ” тақырыбында
Магистрлік дәрежесін алу үшін жазылған
ДИССЕРТАЦИЯСЫ
Мамандығы: 5A111701 Тәрбие теориясы мен әдістемесі
(бастауыш білім беру)
“ Қорғауға рұқсат берілді”
Магистратура бөлім бастығы
Ч. М. Курбанов
2021-жыл «___»
“Бастауыш тәлім пәндері” кафедрасы меңгерушісі п. ф. д., профессор А. А. Халиков
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к.,
доцент Д. Т. Айтбаев
Ташкент - 2021
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ
ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
5A111701 Тәрбие теориясы мен әдістемесі
(бастауыш білім беру)
Ғанибаева Байян Шарипбай қызының
“Бастауыш сынып оқушыларында лексикаға тиісті (омонимия) құзыреттілікті қалыптастыру технологиясы” тақырыбында
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТAЦИЯСЫ АННОТAЦИЯСЫ
Магистрлік дессертациясының мақсаты ‒ өзбек және қазақ бастауыш сынып (Ана тілі) сабақтарында берілген теориялық мәліметтерді оқушыларға сөздік көмегімен оқыту арқылы олардың ана тілі ғылымына деген қызығу-шылығын арттыру.
Зерттеу нысаны : өзбек және қазақ сыныптар мысалында омоним сөздерді салыстыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бастауыш сынып оқушыларында лексикаға тиісті (омонимия) құзыреттілікті қалыптастыру технологиясын (өзбек және қазақ тілі мысалында) қарастырып шығу және оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдеріні дамыту, өзбек және қазақ тілі лексикасының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына өзбек тілінде оқу материалын қолдану, омоним тақырыбын өзбек тілі оқулығының бағдарламасына ендіру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу соңында жасалған тұжырымдар, әзірленген әдістемелік ұсыныстар, ұсынылған идеялар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу процесінде, жаңа буын оқулықтарын жасау кезінде қолдануы мүмкін.
MAGISTRLIK DISSERTATSIYASI ANNOTASIYASI
Tadqiqotning maqsadi: “Boshlang‘ich sinf o‘quvchilarida leksikaga oid (omonimiya) kompetensiyalarni shakllantirish texnologiyasi (o‘zbek va qozoq tillari misolida) ”
Tadqiqotning maqsadi: O'zbek va qozoq maktablari boshlang'ich sinf o'quvchilariga (Ona tili) darslarda berilgan nazariy ma'lumotlarni lug’at yordamida o'rgatish orqali o'quvchilarning ona tili faniga bo'lgan qiziqishini oshirish.
Tadqiqot obyekti: о‘zbek va qozoq sinflari misolida shakldosh sozlarning qiyosi tahlili.
Tadqiqot predmeti: Boshlang'ich sinf o'quvchilarining so'z boyligini (omonimiya), kompetensiyalarini shakllantirish texnologiyasini ko'rib chiqish (o'zbek va qozoq tillari misolida) .
Tadqiqotning ilmiy yangiligi: qozoq tilida dars beradigan boshlang'ich sinf o'quvchilari uchun o'zbek tilidagi o'quv materiallaridan foydalanish, omonim mavzusini o'zbek tili darsligining o'quv dasturiga kiritish.
Tadqiqot natijalarining ilmiy va amaliy ahamiyati: Tadqiqot yakunida chiqarilgan xulosalar, ishlab chiqilgan uslubiy tavsiyalar, taklif qilingan g'oyalardan kelajakdagi boshlang'ich sinf o'qituvchilari o'quv jarayonida foydalanishi mumkin, yangi avlod darsliklarini yaratishda ham foydalanish tavsiya etiladi.
ANNOTATION OF MASTER’S DISSERTATION
On the topic: Technology of formation of lexical (homonymous) competencies in primary school students (on the example of Uzbek and Kazakh languages) .
The aim of the research: To increase students' interest in the subject of mother tongue by teaching the theoretical information given in the lessons to primary school students (mother tongue) in Uzbek and Kazakh schools with the help of a dictionary.
The object of the research: Comparative analysis of homonymous words on the example of Uzbek and Kazakh classes.
The subject of the research: Consideration of the technology of formation of vocabulary (homonymy), competencies of primary school pupils (on the example of Uzbek and Kazakh languages) .
The scientific novelty of the research: use of Uzbek language teaching materials for primary school pupils teaching in Kazakh language, inclusion of the topic of homonym in the curriculum of Uzbek language book.
Implementation of the research results: The findings of the study, the developed methodological recommendations, the proposed ideas can be used by future primary school teachers in the teaching process, it is recommended to use in the creation of new generation books
КІРІСПЕ
« Қазіргі уақытта, біздің еліміз дамудың жаңа кезеңінен аяқ басқан кезде, 2017-2021 жылдардағы Өзбекстан Республикасын дамудың бес негізгі бағыты бойынша іс-қимыл стратегиялары негізінде барлық бағыттарда ауқымды өзгерістер амалға асырылып келеді. Бұл реформаның жетістігі ғылым мен білімнің дамуымен және біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізбен тығыз байланысты . . . » ‒ деген болатын Өзбекстан Республикасы президенті Ш. Мирзияев.
Тіл негізгі қарым-қатынас құралы болып, адамзатқа берілген ұлы бақыт, рухани құндылық, ата‒бабаларымыздың мұрасы есептелінеді. Өзбекстан Республикасының “Мемлекеттік тіл туралы” заңында “Тіл ұлттың үлкен байлығы және баға жетпес мұрасы” деп бағалануы да бекер емес, әрине. Ғасырлар бойы дамытылып, байытылған тіл ‒интеллектуалды дамуымыздың басты шешуші факторы. Ана тіліміздің қалыптасуы көне дәуірлерге барып тақалуы бәрімізге белгілі. Өзбек тілінің даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді. Бұлар, ежелгі түркі, ежелгі өзбек және заманауи өзбек тілі кезеңдері.
Ежелгі түркі тілі кезеңі V-XI ғасырларды өз ішіне алады. Түріктер Сырдария, Әмудария және Зарафшан жағалауларын иелеп қоныстайды. Байланыс құралы түркі тілі болып, кейіншелік көптеген Азия тілдеріне негіз салады. Қазіргі күнде ежелгі түркі жазуының тек сол кезеңге тиісті көне ескерткіштерде ғана кездестіруге болады. Ежелгі өзбек тілі XI-XIX ғасырларды өз ішіне алады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі бұл ‒ өзбек тілінің көрші тілдер әсерінен қалыптасуы болып есептеледі. Әдеби тіл пайда болды. Әрине мұның негізін қалаушы Алишер Науаи болып есептелінеді. Әдеби тіл XIX ғасырдың соңына дейін, яғни заманауи өзбек тілінің қалыптасуына дейін згеріссіз қолданыста болды. XX ғасырда Фарғана диалектісіне негізделген заманауи өзбек тілі қалыптасты. Өзбек ұлттық тілі құрамында үш диалект: қарлұқ, қыпшақ, оғыз диалектісі бар екендігі бәрімізге белгілі. Бұлардан қарлұқ диалектісі Фарғана ‒ Ташкент диалектісінің негізін қалады. Ғалымдардың пікірінше, Ташкент диалектісі фонетикалық тұрғыдан, Фарғана диалектісі морфологикалық тұрғыдан әдеби тілге негіз салған. Ана тілінің грамматика-сыны толықтай құрастыруда лексикологияның орны ерекше екендігі бәрімізге белгілі. Ана тілінің грамматикасын бастауыш сыныптарға да үйрету қазіргі кезде шұғыл мәселелердің бірі болып келеді. Мен өз диссертациямда (кішігірім ғылыми жұмыс) лексикология бөлімін (омонимия) бастауыш сыныптарда оқыту әдістемелерін зерттедім.
Өзбекстан өз егемендігін (тәуелсіздігін) қолға алғанына не бары 29 жыл болғанына қарамай көптеген салаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Солардың бірі ғылым саласы болып табылады. Дегенмен ғылыммен шұғылданатын ғалымдардың білімдерін дамыту және кемелдендіру мақсатында түрлі заңдар мен қаулылар қабылданды. Талантты оқушылардың қабілеттерін жастайыннан анықтап, дарындарын дамыту мақсатында бастауыш сыныптың оқыту стиліне көбірек көңіл бөлінді. 2014-жылдың “Дені сау бала жылы” деп аталуы да сөзіміздің дәлелі. “Дені сау бала” мемлекеттік бағдарламасының 71-тарауында: Бастауыш білім беру сапасы жөніндегі іс-шараларды іске асыру, оның ішінде: 1-4 сыныптар үшін осы жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сыни шолу оқу процесінің негізі болды.
Бастауыш сынып оқушыларының жоғары сыныптағы пәндерді терең үйренуі фундаментал білімдерге негізделеді, әрине, мұнда ана тілінің орны ерекше.
Өзбекстан Президенті Ш. Мирзияв өзбек тілінің мемлекеттік тіл болып қабылданғанының 30 жылдығына арналған кешінде, өзбек тілін сонымен қатар Өзбекстанда жасайтын әр бір ұлттың ана тілін терең үйретілуі өте маңызды мәселелердің бірі екендігін айтып өтті.
Бүгінгі күнде Өзбекстандағы тәлім-тәрбие орталықтары және бұқаралық ақпарат құралдары өзбек тілімен бірге қарақалпақ, орыс, қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен тілдерінде де жүргізіледі.
Әр бір ұлттық тілдің грамматикасы көп ғасырлар бойында қалыптасып келгендігін жоғарыда айтып өткен едік. Түркі халықтар тілдерінің ұқсас жақтарымен бір қатарда, олардың өзіндік ерекшеліктері барлығы да сыр емес. Егер біз екі көрші мемлекеттер Өзбекстан және Қазақстанның грамматикасын салыстырып көрсек те мұның куәсі боламыз. Мысалға, фонетика бөліміндегі бір ғана әріптер санындағы (өзбек тілінде 29, қазақ тілінде 42) айырмашылық-ты, грамматикадағы сөз таптарының санын (өзбек тілінде 6, қазақ тілінде 9) тағы да лексикология бөліміндегі өзара айырмашылықтарды қарастырып көру-ге болады. Тілдердегі ұқсас жақтармен бір қатарда ерекшеліктерін үйрену, тілдің дамып отыруына құнарлы үлес қосады.
Тіл қоғамда қарым-қатынас жасаудың басты құралы. Қарым-қатынас жасағанда біз міндетті түрде сөздерден пайдаланамыз. Сөздерді зерттейтін салалардың бірі ‒ лексикология. Лексикология бөліміне екі тілдеде (өзбек, қазақ) бір түрлі анықтама келтірілген. Лексикология ‒ тілдегі сөздердің құра-мын (лексикасын) зерттейтін сала. Сонымен бірге лексикологияда сөздердің лексикалық-семантикалық топтары үйренілуі бәрімізге белгілі. Сөздердің лексикалық-семантикалық топтарына омонимдер, омофондар, паронимдер, синонимдер және антонимдер кiредi.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бастауыш сынып оқушыларында лексикаға тиісті (омонимия) құзыреттілікті қалыптастыру технологиясын (өзбек және қазақ тілі мысалында) қарастырып шығу және оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдеріні дамыту, өзбек және қазақ тілі лексикасы-ның ерекшелік терін анықтау.
Магистрлік дессертациясының мақсаты ‒ өзбек және қазақ бастауыш сынып (Ана тілі) сабақтарында берілген теориялық мәліметтерді оқушыларға сөздік көмегімен оқыту арқылы олардың ана тілі ғылымына деген қызығу-шылығын арттыру.
Магистрлік диссертациясының негізгі міндеті ‒ өзбек және қазақ бастауыш мектебінің «Ана тілі» оқулықтарында келтірілген теориялық мәліметтерді салыстыру. Сәйкесінше, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамту кезінде келесі міндеттерді орындау қажет:
- зерттеу әдебиеттеріне шолу жасау арқылы тақырып бойынша жалпы теориялық ақпарат беру;
- қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиялардың негізде-рін оқып үйрену;
- өзбек және қазақ бастауыш мектеп оқулықтарында берілген теориялық ақпаратты өзара байланысын анықтау.
Зерттеу нысаны: өзбек және қазақ сыныптардың мысалында омоним сөздерді салыстыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына өзбек тілінде оқу материалын қолдану, омоним тақырыбын өзбек тілі оқулығының бағдарламасына ендіру.
Ғылыми жұмыстың үйренілгендік дәрежесі:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу соңында жасалған тұжырымдар, әзірленген әдістемелік ұсыныстар, ұсынылған идеялар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу процесінде, жаңа буын оқулықтарын жасау кезінде қолдануы мүмкін.
Жұмыстың мемлекеттік бағдарламаларына немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкестігі. Зерттеу Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университеті, Бастауыш тәлім пәндері кафедрасының ғылыми зерттеу нысанының құрамдас бөлімі сыпатында енген. Тақырып Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінің 2020-жылындағы Ғылыми кеңесінің жиналысында талқыланып (-санды хаттамасы) бекітілген.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер. Зерттеу жұмысының жоспары жасалынған. Тақырыпқа сай ғылыми әдебиеттерді ақпараттық ресурс орталықтарынан жиналып, пайдаланылды. Дереккөздер мен тиісті әдебиеттер анықталды. Жиналған дереккөздерді туркологиялық жақтан салыстырмалы түрде талқысы амалға асырылды. Оларды тақырыптық және мерзімдік жақтан бір жүйеге келтірілді. Тақырып бойынша ізденістерді конференция материалдарында тезис және мақала ретінде баспадан шығарылды. Магистрлік диссертациясын толық түрде зерттеу жұмысы талабы бойынша қалыпқа келтірілді және қорғауға дайындалды.
Зерттеу жұмысының көлемдік жүйесі: Жұмыс кіріспе, үш тарау, жалпы қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 88 беттен құралған.
БІРІНШІ ТАРАУ
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ЛЕКСИКАҒА ТИІСТІ (ОМОНИМИЯ) ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ (ӨЗБЕК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ) ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І. 1. Өзбек және қазақ тілі лексикасының өзіндік ерекшеліктері
Біздің өмірімізде, күнделікті қарым-қатынас жасауымызда сөздердің орны өте-мөте маңызды. Себебі толық пікірге ие болған сөйлем түзу үшін бізге сөз және сөз тіркесі қажет болады. Лингвистикамыздың1 екі бөлімінде сөздер қарастырылады. Яғни:
- Лексикологияда
- Грамматикада
Лексикология2 сөзді және сөздік құрамды зерттейтін сала. Сөз лексиколо-гияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамы (лексикасы) құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын, оның дамып, баю жолдарын, фразеологияны, олардың түрлерін зерттейді.
Ал грамматиканың морфология саласында да сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе қарастырылады. Әр түрлі тілдегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін және олардың грамматикаларын ғылыми тұрғыдан дұрыс негізде жасау үшін өте қажет.
Сөз тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде қарастырылғанда, біріншіден, лексикалық мағынасы, мағыналық құрылымы, жағынан, екіншіден, шығу тегі жағынан, үшіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден, экспрессивті-стильдік сипаты жағынан қарастырылады. Ал сөз тілдің грамматикалық единицасы ретінде грамматикада қарастырылғанда, біріншіден, оның (сөздің) бойында лексикалық мағына мен бірнеше граммати-калық мағынаның ұштасып келуі жағынан, екіншіден, морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден, формалары жағынан, төртіншіден, лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылуына қатысы және олардағы қызметі жағынан қарастырылады.
Грамматикалық единица ретінде қаралатын сөздің басқа барлық едини-цалардың ішінде алатын орны да, атқаратын қызметі де айрықша. Саналуан грамматикалық құбылыстар сөзден тарайды және сөзге келіп тірелмейтін, сөздің қатысы болмайтын бірде-бір грамматикалық единица жоқ десе де болады. Сөз біріншіден, грамматикалық жүйенің ішінде морфемамен бірлікте болып, бұл единицалар (cөз бен морфема) бір-бірімен өз ара тығыз байланысқа, қарым-қатынасқа түскен күйінде грамматикалық құрылыстың морфологиялық саласын құраса, екіншіден, сөз тіркесі және сөйлеммен өз ара қарым-қатынасқа, тығыз байланысқа түсіп, олармен бірге грамматикалық құрылыстың синтаксис-тік саласын құрайды. 3
Cөз тіліміздің негізгі единицасы екені бәрімізге мәлім. Ал тіліміздің дамуы көне замандарға барып тақалады. Қазақ халық болмай тұрған кезде, XV ғасырға дейiн, одан кейiн де, түрiк халықтарына ортақ бiраз әдебиет және әдеби тiл болған, бiрақ оған қазақ ру тайпалары тiлдерiнiң қатысы қанша екенiн айыру үшiн зерттеулер әлi толық жүргiзiлген жоқ.
Cөздер үнемі жаңарып, дамып отырады. Жалпы алғанда тілдің дамуын және қалыптасуын тіл тарихы зерттейді. Қазақ тілі тарихы - қазақ тілін зерттей-тін ғылым саласы.
Елдiң елдiгiн көрсетiп, мемлекеттiң мерейiн өсiретiн, халықты мұратына жеткiзiп, қажеттiлiгiн қанағаттандыратын - жан-жақты жетiлген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елi мен Отанын сүйетiн ұлтжанды әрi үйлесiмдi дамыған азамат тәрбиелеу заман талабы.
Мұндай азаматты тәрбиелеуге жетудiң кепiлi - заман талабына сай, таным қажеттiлiгiн қанағаттандыратын, елiмiздiң ұлттық идеологиясы негiзiне сәйкес келетiн, жоғары сапалы әрi ыңғайлы оқу қолданбаларын шығару.
Бүгiнгi күнi жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық жүйесiн ғылыми теориялық негiзде танытуды мiндет етедi. Қазiргi қазақ тiлi лексикология саласы - сөздiк құрам және оның баю жолдары, сөз мағыналарының түрлерi мен лексика-семантикалық топтарын толық қамтиды. 4
Сөздiк қор мен сөздiк құрамның ерекшелiгi, олардың әрбiр адам үшiн маңызын ескере отырып, талапкерлерге де өз сөздiк қорларын байыту жолдары жайлы мәлiмет берiледi. Бұл салада қазақ тiл бiлiмi мамандары елеулi еңбектер жасаған. Жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан Т. Қордабаев, К. Аханов және Ә. Хасеновтер қазақ тiлi лексикасын әрi туыс болған, әрi туыс емес тiлдердiң лексикасымен салыстыра зерттеген болса, Ә. Болғанбаев, Ғ. Мұсабаев, I. Кеңесбаев, С. Мырзабеков сияқты ғалымдар өз еңбектерiнде қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан бiрi болған лексика жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен, жоғары оқу орындарының филология факультеттерiне арнап бiрнеше оқулық, көмекшi құралдар да дайындаған.
Әрбiр ұлт тiлiнiң сөздiк құрамы, лексикасы лингвистикалық және экстра-лингвистикалық факторларға қарап дамиды. Тiлге байланысты болмаған, қоғам өркениет, пән, техника, мәдениетпен байланысты даму экстралингвистикалық факторлар болып есептеледi. Тiлдiң өзiнде болатын өзгерiстер, яғни түрлi тәсiлдердегi сөз жасалуы (сөздердiң мағынасының кеңеюiнен жаңа мағынаға ие болуы) сөздiктердi сөздiктер құрамды байытушы лингвистикалық факторлар болып саналады.
«Біз халқымыздың тағдыры, болашағы туралы ойлағанда, ең алдымен, ұлтымыздың төл қасиеттерін, әсем дәстүрлерімізді, ерекше өнеріміз бен әдебиетімізді, ана тілімізді сақтауымыз керек»5 - демекші, шындығында, болашақтағы егеменді еліміздің өркендеуі, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімі, дүниетанымы және еңбексүйгіштігімен салауатты пікіріне тығыз байла-нысты екендігі бәрімізге белгілі. Жастарға құнарлы да сапалы білім беру қазіргі таңда ең күрделі мәселе болып табылады. Ана тілі мен әдебиеті руханият-тылықты дамытуға, адамилық қасиеттер мен дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Оның заңдылықтарын бұзбай, оның грамматикалық ережелерін сақтасақ, ана тіліміз өсіп, өркендеп дамып отырады. Біздің ана тіліміздің қазіргі қалпында қалыптасуы үшін көп уақыт қажет болды.
Түркі тілдері де бірнеше түрге бөлінеді. Көршілес екі мемлекеттік тіл өзбек-қарлұқ және қазақ-қыпшақ тобына жатады. Түркі тілдерінің даму және қалыптасу кезеңдері бұрыннан зерттелген. Сондықтан әр түрлі ұйымдар мен кеңестер бар екенін бәріміз білеміз. Атап айтқанда, 2012 жылдың 23 тамызында Қырғызстандағы Саммиттердің бірінде Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Түркияның Түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі құрылды. 2014 жылдың 24 тамызында Кеңес халықаралық атаққа ие болды. Кеңесті құру идеясын көрші, бауырлас елдің алғашқы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Өзбекстан ресми түрде 2019 жылдың 14 қыркүйегінде кеңестің мүшесі болды.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (International Turkish Academy) басты мақсаты - түркі әлемінің тарихын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін үйреніп, түркі халықтарының әлем дамуындағы орны және қосқан үлесін түпнұсқа деректерге сүйене отырып, түркі әлемі бойынша зерттеулерді үйлестірудің бірегей орталығына айналу.
Ежелгі дәуірден бастап ғылым, әсіресе, ана тілі ұлы Тұран жерінде дамыды. Атап айтқанда, осы тілде жазылған Жүсіп Хос Хаджибтің, Алишер Науаидың, Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармалары қазіргі өзбек тіліне негіз болды. Осы тілде жазылған туындылар маңыздылығымен баршаны таң қалдырады.
Өзбекстан Республикасы Президенті Ш. Мирзияевтің “Түркі тілдерінің үлкен отбасына жататын өзбек тілінің тарихы халқымыздың ғасырлар бойы өткен тарихымен, олардың армандарымен, тілектерімен, жеңістерімен тығыз байланысты” - дегені бекер емес, әрине.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz