Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Математика әдістемесі. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
Кіріспе I.Негізгі бөлім 1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 1,2.Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары ІІ Бөлім 2,1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері 2,2. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты 2,3. Сыныптан тыс жұмыс түрлері 2,4.Ауызша есептеу тәсілдері 2,5. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі Қорытынды Пайдаланы лған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасының Қазақстан жолы -- 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған
орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс
жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру
керек. деп айтылған.
Біздің қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі - оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттыру болып есептеледі және оларда білімді өз
бетінше алып және оны қолдану. Бұл мәселелерді шешу үшін математикалық және
саналы еңбекке бейімдеу, мемлекеттік және қоғамның түрлі салаларында ғылым
және мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен
өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген
қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстардығ тиімділігі, оқушылардығ логикалық ойын дамыту
қарастырылған.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін,
ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен
сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің
өзі көрсетіп отыр.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім
беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралы ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген.Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын
салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап
етеді.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру
үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Осы жоғарыда айтылған барлық жағдайларды ескере отырып біз, зерттеу
тақырыбымызды Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар деп алуға ұйғардық.
Зертеудің нысаны: Бастауыш сыныпта математика сабағында сыныптан тыс
жұмыстардын тиімділігін сараптау, талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні: Математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда
сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты
жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етедіжоғары
дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселесінің
теориялық негіздерін анықтау.
2. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызын
айқындау.
3. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды
теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін
студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына
байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп
бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер
тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика
сабағында сыныптап тыс жұмыстар жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау;
сабақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды шығармашылық
қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық
шарттар бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды дамытуға ықпал
ететіндігімен анықталады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын,
сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Қурстық жұмыс 25 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және
пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері
айқындалды, пәні, әдістері таңдап алынды.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, кызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы. Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, кабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру.
2.Конкурстың және олимпиаданың есептерін шығару, стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау барысында, бастауыш сыныптардағы қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға және математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау.
1. Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.
Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алыну керек.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.
1) Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
2) Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі.
2.Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегіше:
1. Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға
сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.
2. Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан
тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.
3. Егер сыныптық - сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен
топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.
4. Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар:
топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б.
5. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі
берілген материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі.Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді , суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн.
Бөлменің әр жерінде "Біліміңді тексер", "Ауызша есептеп үйрен", "Білімді болсаң ұтыс сенікі", "Сен білесің бе?", "Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан", т. б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан - жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері.
Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі.
Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі - білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты.
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Интеграция (лат. іntegratіo - қалпына келтіру, толықтыру, іnteger - тұтас, бүтін) - экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар iске асырылады.
Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар:
-грамматикалық және математикалық ережелердi пайдалануы;
-математикалық терминдер еңгiзу арқылы тiл байлығының артырылуы;
-сөйлем құрастыру барысында модельдеудiң пайдаланылуы;
-сөйлемдегi сөздер байланысының сызбаның көмегiмен өрнектелуi;
-сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлдiнiң дамытышлуы;
-өлең жолдарындағы буын сандарының теңдiгi;
-математикалық тiлдiң қалыптастырылуы.
Математика мен әдебиеттiк оқудың арасындағы байланыстар:
-көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгiлерiн салыстыру арқылы анықтау және ажырату,теңеулердiң қолданылуы.
-халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң: жұмбақ, жаңылытпаш ,санамақ, қаламақ, мақал мәтелдер,ойын өлеңдердiң және тағы басқа математика сабақтарында пайдаланылуы;
-көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың iшкi сезiмiне түрткi салу,ақыл-ойын,санасын жаңғырту және дамыту;
-көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстѕр,ұлттық салт-сана,әдет-ғұрып, үлгi-өнеге,тәлiм-тәрбиелiк материалдарды математика мазмұнына сiңiру;
-ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгi есептердiң мазмұнын саналы түсiну мақсатында ана тiлiн ерiк пайдалану.
Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:
-дүниедегi құбылыстарға дәл де адал баға бере бiлу;
-өзiндiк пiкiр айта бiлу және оны дәлелдеу,өз көзқарасын бiлдiру;
-мтематикалық есептердiң мазмұны арқылы өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтiру;
-айналадағы дүниеде танып бiлген,жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында пайдалану;
- елiмiздiң әлеуметтiк
-экономикалық дамуын, байлығын,шаруашылығының түрлерiн, ғылым мен мәдениетiн, табиғатын сипаттайтын фактiлердi,деректердi, мәлiметтердi және анықтағыш материалдарды пайдалану.
Математика мен бейнелеу өнерiнiң арасындағы байланыстар:
- заттарды түсiне, пiшiнiне, өлшемiне қарай салыстыру;теңестiру,кеєiстiк жайында тѕсiнiк қалыптастыру
- кескiндеу,бейнелеу,безендiру,кұраст ыру жұмыстары барысында математикалық дәлдiктiң және симметрияның пайдаланылуы
- көркемсуреттi байқау, көру, бақылау, ажырату,сезiне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу
- көркемсурет шығармалары арқылы баланың iшкi сезiмiн, және көңiл-күйiн ояту, дамыту
- Ұлттық ою өрнектермен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.
Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар:
- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық бiлiмдерiн өмiрде,.нақтылы жағдайларда практикалық мәселелердi шешу үшiн пайлалана алуын қалыптастыру.
- күнделiктi өмiрге және тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауда математикалық бiлiм,бiлiк дағдыларын пайдаланылуы.
-құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдiктiң және симметрияны пайдалануы.
Математика мен саздың арасындағы байланыстар:
-саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдiктiң және сан мен үлестiң пайдаланылуы;
-нота сауатында математикалық бiлiмнiң пайдаланылуы;
-халықтық ән, би күй,айтыс және термелердi математика терминiне сiңiру;
-саздық жарларды ажырату,салыстыру.
Математика мен дене тәрбиесiнiң арасындағы байланыстар:
-баланың кеңiстiктi болжауы және сәйкес қолданылуы ;
-уақыт аралығы жайында түсiнiктердiң қалыптастырылуы;
-баланың қимыл қозғалысындағы реттiк тәртiп және дәлдiк,
-қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы - мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты сыныптан тыс жұмыс ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада - оқудан тыс жұмыс және сабақтан тыс жұмыс терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс - мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс - мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс - оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты - баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам
қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Тарих кеші - бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина - бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары - зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар - келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар.Тарихтан диспут - өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы - өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына тарихтан өткен материалды қайталау мақсаты қойылады.
Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады.Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.
Танымдық іс-әрекет.Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді,түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады.Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке,өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса,8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В.А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды.
Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.
Еңбектік іс-әрекет .Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс-әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады.Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды,гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т.б. Қамқорға алынған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора - жайларды көгалдандыруға қатынасады.Еңбектік іс-әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың еңбектік іс-әрекеті ересектердің еңбегімен кең танысу арқылы жүргізіледі.Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды ата-аналарының еңбегімен таныстырады,еңбек озаттары жөнінде баяндайды.Өндіріске фермерлік шаруашылық даласына,мал шаруашылығы комплекстеріне экскурсия жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұндай экскурсиялар ересектердің еңбектік іс-әрекетіне балалардың қатынасуымен жүреді.Бастауыш сынып оқушылары еңбектік іс-әрекеттердің қатынасулары болып қана қоймайды,олар мұғалімнің ол істерді ұйымдастырудағы белсенді көмекшілері де бола алады.
Ойын.Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі.Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей,ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н.К.Крупская аса зейін қойып қарады.Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек.Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы,басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді.Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады.Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады.Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап,олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек.Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде,өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп,баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі - денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Батауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери - спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі - оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама - қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата-аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.
Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек.I-II сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау, III-IV сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым - қатынасын реттеуге болады.
Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс-әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі.осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата-аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс-әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек.Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты қандай да бір жеке мәселені талқылау емес, оқушыларды пәнге қызықтыру, оларды өз бетімен жасайтын күрделі жұмысқа тарту болып табылады. Математикаға қызығушылықты арттыру проблемасы, оқушылармен мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру, дарынды балаларды іздестіру, осы дарындарға қолдау көрсету және дамыту мені көпжылдық педагогикалық қызметімде үнемі толғандырып келе жатқан мәселе. Балада таңырқау, ізденгіштік, қуаныш отын жағу, математикалық есептердің әдемілігін сезіну, жасалған жұмысына ризашылық сезімін ояту өте маңызды. Одан да маңыздысы - бойындағы үлкен қабілет те, таланты да емес, тек еңбексүйгіштігі, жүйелі азапты еңбегі, жеңіске деген жігері, жаңаны білуге деген құштарлығы, бұрын белгісіз болып келгенді іздеп тауып, игеруге деген ұмтылысы ғана табысқа жеткізетінін түсінуі. Мұны педагогтің өзі де есінде сақтап, алдына мақсат етіп қоюы өте маңызды. Тек қана жүйелі, мақсатты жұмыс қана нәтиже бермек. Бұған математика үйрмелері, факультативтер, әртүрлі конкурстар, іштей, сырттай және қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар, жарыстар мен фестивальдар кіреді. Біздің мүмкіндіктеріміз шексіз, әртүрлі, қызықты әдебиеттер де мол. Оқушы сабақты өзі оқуы керек, ал мұғалім - бұл үшін жағдай жасауы, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруы тиіс. Балада өзін жеке тұлға ретінде сезінуін, өзін, өмірді, тұтас әлемді танып білу қажеттілігін ояту керек. Мұғалімнің әрбір оқушының мүмкіндігіне, оның төзімділігіне, табандылығына деген сенімі, дер кезінде көмекке келе білуі - оқушылардың таным жолындағы табысы осыған байланысты.
Шығармашылық жұмысында математикалық тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып, математика саласында баланың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын, тұрмыста дұрыс қолдана білуге , оқушылардың математикалық сауатын қамтамасыз ету қажеттілігін жұмысында көрсете білген.
Шығармашылық жұмыс кіріспе сөз, математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлері,негізгі бөлім,қорытынды,пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде сынып оқушыларына арналған математикалық санамақтар,қызықты есептер,математикалық ойындар,өлең есептер,логикалық есептер, викториналар,математикалық жұмбақтар,математикалық кеш бағдарламасынан құралған.
Берілген тапсырмалар ізденістерге, балалардың білім алуға құштарлығын арттыруға, математикалық сөзжұмбақтарды,өлең есептерді, жұмбақтарды сабақтарда пайдалануға, мектепте алған білімдерін одан әрі дамытуға, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ұсынған, математика мен өмірде тығыз байланыстылығына көз жеткізе білген.
Сынып оқушыларымен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға тоқталып, оларды ұйымдастыру тәртібі көрсетілген.Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі құрал болғандықтан,мұнда жалпы сипаттағы материалдармен қатар нақты мәселені қалай ұйымдастыру керектігі талқыланып, қажетті деген қосымша материалдар берілген.Атап айтқанда сыныптан тыс жұмыс түрлері - есептерге,викториналарға, математикалық өлеңге,ребустарға, үйірмеге түсініктеме беріліп ,кейбіреулеріне нақтылы фактілермен мысалдар келтіріледі.Ойындардың түрлері - санмен әр түрлі заттармен ойындар, ребустар шешу,сөзжұмбақтар ұсынылған.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері
Сыныптан тыс жұмыс түрлері .
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан - жақты дамыған,педагогикалық шеберлігі болуы-басты мәселе. Мұғалім оқушының жұмыс жүргізуі кезінде талап-тілегін,қызығатын мәселелерін қамтуға мүмкіндік табады.Оқушылар сабақ үстінде ойлау, өлшеу, есептеу,табу, зерттеу сияқты процестермен кездесіп отырады.Оларды ұштау ,жетілдіру ,дамыту мұғалім міндеттерінің бірі.Осы мағынада математикалық түрлі жаттығулардың, қызықты логикалық есептердің ,ребустар мен ойындардың ролі зор. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны жүргізудің методикалық негізі мынада:
1.Сыныптан тыс жұмыстар баланың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта өтілуі тиіс.
3. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
4.Ол үшін мұғалім жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізеді.
5 Сыныптан тыс жұмыс түрлері өз мақсатына қарай : сергіту минутындағы қызықты математикалық элементтерін,математикалық жарыс,математикалық кеш, математикалық ойындар және т.б. болып бөлінеді.
Қызықты есептер- математикадан бастауыш сынып оқушыларына берілетін есептер оқушының жас ерекшелігіне сай болып,оқушыны жігерлендіретін,қызықтыратын,түсінд іруі жеңіл, тілі жатық ,түсінікті қысқа болғаны дұрыс.
Логикалық есептер- кеңінен ойлауды қажет етеді.Есептің бұл түрі оқушыны тез қызықтырады,бірақ терең ойлап,белгілі бір заңдылықты қажет етеді.Мұндай есептер ұстамдылыққа, логикалық ойлауға,қиялдауға тәрбиелейді.
Математикалық тақпақ-мәнерлеп оқылады.Оның оқу үлгісін мұғалім оқып көрсетеді. Мұндай өлеңдер оқушыларды ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке,математиканы сүюге,достыққа тәрбиелейд
Математикалық санамақ-бұл оқушының ауызша, ойша есептеу арқылы тез есептеуге бейімдейді. Матемаикалық санамақ жолдары ұйқаса келеді.Мұғалім санамақты оқу арқылы есептеп отыруға дағдыландыра алады.
Математикалық ребустар - мұғалім ребусты шешу арқылы математикалық ұғымдарды немесе сандарға байланысты ала алады. Ребус шешу оқушылардың логикалық ойлауын ,қосып-азайту ,орнына қою арқылы ұқыптылыққа, тапқырлыққа жетелейді.
Математикалық ойындар - санмен,әртүрлі заттармен ойын, басқатырғылар, сиқырлы квадраттар болып бөлінеді.Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға , математикалық зандылықты ашуға,зейін мен есті дамытуға,ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Математикалық викториналар-жарыстың бір түрі. Оны кеште, үйірме отырыстарында пайдалануға болады.Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де айтылады.Викторина сұрақтары түрлі мазмұнды материалды қамтиды.Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп ,жан-жақты дамитын болады, сұрақ қойып сөйлеу мәдениетін үйренеді.
Математикалық кеш- математикалық кеш өткізу күрделі мәселе.Кешті өткізудің негізгі мақсаты-оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру.Кеш мазмұнды түрде өтеді.Онда тақпақ, сөзжұмбақ,есеп болуы мүмкін.Кітапшада бір кештің өткізу сценарийі көрсетілген.
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz