Қырыққабаттың тұқым шаруашылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

“Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті”КЕАҚ

СӨЖ

Тақырыбы: Қырыққабаттың тұқым шаруашылығы

Орындаған: Хафизов Н. Б

Тобы: АГ-801

Тексерген: Ахметова. А. А

Семей 2021 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Қырыққабат тұқымы ерекшелігі
  2. Қырыққабаттың агротехникалық ерекшеліктері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т. б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат - қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Температураның төмендеуіне (-10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары - жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері - жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 - 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 - 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 - 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады.

II. Негізгі бөлім

1. Қырыққабат тұқымы ерекшелігі

Ақ қауданды қырыққабат -екіжылдық өсімдік, сондықтан оның тұқым шаруашылығы аналықты сақтаумен байланысты. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұр- шаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады.

Ауа райының жағдайларына байланысты тұқымдық өсімдіктер 25-60 күн гүлдейді. Тұқымның пісуі созылмалы.

Ақ қауданды қырыққабаттың тұқым шаруашылығының агротехникалық әдістері үш негізгі бөлімдерден тұрады: аналықтарын өсіру (біріншіжылғыларды), оларды қысты күні сақтау және тұқымдарды өсіру.

Бірінші жылғы дақылдардың міндеттері - жақсы дамыған, бірақ қаудандары тым өсіп кетпеген, аурулар және зиянкестермен зақымданбаған, ұзақ уақыт қыстық сақтауға жарайтын сортқа тәнтілі өсімдікті алу.

Аналық қырыққабатты ең жақсы танаптарда орналастырады және күтіп-баптау жұмыстарын мұқият жүргізеді. Аналықтардың ерте пісетін сорттарын көбінесе көшет арқылы немесе тұқымнан өсіреді. Әрбір сорттың көшетін отырғызу және тұқымын себу мерзімін, әдетте күзде сапалы қалыптасқан қаудандарды алу мақсатымен есептеп себеді. Пісіп жетілмеген және өте пісіп кеткен қаудандар нашар сақталады.

Ерте пісетін сорттарын маусымның бірінші онкүндігінде, орташа пісе- тіндерді мамырдың бірінші онкүндігінде себеді.

Қырыққабатты тұқым шаруашылықтық мақсатпен себу үшін тек ғана элита тұқымдарын пайдаланамыз. Себілетін тұқымдарды дәрілеу керек немесе термиялық өңдеуден өткізеді. Қыркүйектің аяқ кезінде қаудандарды әдеттегі шамасына жеткенде, жапырақтары ағара бастағанда, аналық егістігін тазартады - ұқсамайтын және ауру қаудандарды алып тастайды.

Қаудандардың жаппай техникалық пісуі басталған кезде апробацияны жүргізеді: апробациялық нышандардың кешендері бойынша, өсімдіктердің вегетациялық бөлімдері бойынша, және сол сияқты өнімді бөлімдері бойынша да. Апробация актісін толтырғасын аналықтарды сорттық сұрыптауға рұқсат беріледі. Сақтауға сорттық белгілері айқын болатын, қалыпты шамасына және тығыздығына жеркен, бұзылмаған қаудандарын, ал ерте пісетін сорттары бойынша - ерте пісетіндерін таңдап алады. Ерте пісетін сорттардың қаудандарының салмағы 1-1, 5кг, орташаларынікі - 2-3кг, кеш пісетіндерінікі 3-4 кг болуы керек. Таңдап алынған өсімдіктерді тамырларымен бірдей қазып алып сыртын тексереді, содан соң жапырақтарымен бірге тамырларын ішке қаратып үймелерге уақытша үйеді. Қоймаларға салғанда сыртқы жапырақтарын кесіп, жамылғы 2-3 жапырағын қалтырады. Тұқымдапды темір сөрелерде - 1+1˚С температу- рада, 90-95% салыстырмалы ауа ылғалдығында сақтайды. Сақтау кезінде оларды жан-жақты қарап, ескірген және дертті жапырақтарын алып тастайды.

2. Қырыққабаттың агротехникалық ерекшеліктері

Қырыққабаттың аналықтарын мүмкіншілігіне қарай ерте отырғызу керек - сәуірдің соңында - мамырдың бас кезінде. Топырақты күзде дайындайды. Сүдегерді жыртқанда гектарына 40-60т көң, 5-6ц суперфосфат және 1-1, 5ц хлорлы калий енгізеді. Отырғызуға 2-3 жұма қалғанда аналықтардың шірі- ген жапырақтарын жұлады және өзектерін кесіп алады. Содан кейін оларды өсіріп жеткізу үшін қарашірікпен немесе шымды топырақпен кезектестіріп келтіріп кішігірім үймелерге орналастырады. Аналықтарды өсіріп жеткізгенде жас шашақ тамырлары түзеледі. Өсіріп жеткізу тұқым өнімділігін 50% арттырады. Отырғызар алдында тамырдарын көң-саз балшық қоймалжыңына малып алады. Аналықтардың өзектерін қарықтардың іргелеріне жатқыза күрекпен немесе соқамен отырғызады. Өзектері бүйірдегі бүршіктеріне дейін топырақпен жамылады. Тамырлардың топырақпен жымдасып тығыз болуы үшін өзектерінің жан-жағындағы топырағын қосымша басып, жоғары бөлі- гін түзетеді.

Қырыққабаттың ерте пісетін аналықтарын 70*40, орташа және кеш пі- сетіндерін 70*50-60см тәсілімен отырғызады. Отырғызғаннан кейін іле суландырады. Келесі суландырулар ауа райына байланысты, 10-15 тәуліктен кейін қайталап отырады және әрбір суландырудан соң немесе қатты жаңбырдан кейін өсімдіктері бір-бірімен қабысқанша қатараралықтарын қопсытады.

Өсу-даму кезеңінде өсімдіктерді екі рет қоректендіреді: отырғызғаннан 8-10 тәулік өткенде, бұл кезде аналақтар тамырланады және жапырақтары өсе бастайды (1га-ға - 1, 5-2ц аммиак селитрасы) және бүршіктенудің жалпы басталған кезінде (1га-ға - 2ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0, 5ц хлорлы калий) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқым өсіру ауыспалы егістері
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Капустаға сипаттама
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz