Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

SILKWAY Халықаралық университеті

Молдабекова Алтынкул Бекболатовна

Жазғы шынықтыру -сауықтыру шаралары арқылы мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайту

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Шымкент, 2020

SILKWAY Халықаралық университеті

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2020

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доц м. а Исманова Р. Ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Жазғы шынықтыру -сауықтыру шаралары арқылы мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайту

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған: Молдабекова А. Б.

Ғылыми жетекшіс: п. ғ. к., Жумадуллаева А.

Бақылау нормасы: Баймұхамбетова Қ. М.

Шымкент, 2020

SILKWAY Халықаралық университеті

Педагогикалық факультеті

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доц м. а Исманова Р. Ж.

«___» 20ж.

ТАПСЫРМА

Диплом жұмысын орындауға берілген

СКЖ 101-81 топ, 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенті Молдабекова А. Б.

1. Диплом жұмысының тақырыбы: Жазғы шынықтыру -сауықтыру шаралары арқылы мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайту

«» 20___ж. № ___ ректордың бұйрығымен бекітілген

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «» 20___ж.

3. Жұмысқа бастапқы деректер (заңдар, әдеби дереккөздер, лабораториялық- өндірістік мәләметтер) . Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру; Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту; Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

4. Диплом жұмысын дайындауға арналған сұрақтар тізімі:

1 Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

2 Шынықтырудың маңызы мен міндеттері

3 Күн тәртібіндегі дене шынықтыру шаралары

4 Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру

5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар )

6. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Неменко Б. А. Оспанова Г. К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық) . - Алматы 2002. 344б.
  2. Кучма В. Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
  3. К. Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
  4. Е. Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.

7. Жұмыс бойынша кеңес (жұмыстың тарауларына қатысты белгілей отырып)

Тараулар, бөлімдер атауы №
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алған мерзімі
Тапсырма берілді (қолы)

Тапсырма қабылданды

(қолы)

Тараулар, бөлімдер атауы №: Кіріспе
Ғылыми жетекші, кеңесші:

п. ғ. к.,

Елекеева А. Б.

Тапсырманы алған мерзімі: Қараша, 2019ж.
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі: Қараша, 2019ж.
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 1. 1 Шынықтырудың маңызы мен міндеттері
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Желтоқсан,

2019ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 1. 2 Балабақшадағы шынықтыру шаралары
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі: Желтоқсан, 2019ж.
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 2 КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Қаңтар,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 2. 1 Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Қаңтар,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 2. 2 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Наурыз,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: 3 ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Наурыз,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: Қорытынды
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Ақпан,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):
Тараулар, бөлімдер атауы №: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ғылыми жетекші, кеңесші: п. ғ. к., Жумадуллаева А.
Тапсырманы алған мерзімі:

Ақпан,

2020ж.

Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма қабылданды(қолы):

8. Диплом жұмысын (жоба) орындау кестесі

Жұмыс кезеңдері
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі
Ескерту
№: 1
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының тақырыбын бекіту
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Қараша, 2019ж.
Ескерту:
№: 2
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысын дайындау үшін материалдар жинақтау
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Қараша, 2019ж.
Ескерту:
№: 3
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының теориялық бөлімін дайындау (тарау 1)
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Желтоқсан 2019ж.
Ескерту: Практикаға кеткенше
№: 4
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының аналитикалық бөлімін дайындау (тарау 2)
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Қаңтар, 2020 ж.
Ескерту: Практика кезінде
№: 5
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының толық мәтінінің қолжазба нұсқасын аяқтау
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Ақпан, 2020ж.
Ескерту: Практика аяқталған сон бірінші аптада
№: 6
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысын алдын ала қорғауға ұсыну
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Наурыз, 2020ж.
Ескерту: Шолу лекциялары (кеңес) кезінде
№: 7
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысын сын пікірге ұсыну
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Сәуір, 2020ж.
Ескерту:
№: 8
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының аяқталған нұсқасын ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікірімен бірге ұсыну
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Сәуір, 2020ж.
Ескерту:
№: 9
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысын қорғау
Жұмыс кезеңдерінің орындалу мерзімі: Мамыр, 2020ж.
Ескерту: МАК кестесіне сәйкес

Тапсырманың берілген күні « » 20ж.

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., Елекеева А. Б.

Тапсырманы орындаған студент: Молдабекова А. Б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. 1 Шынықтырудың маңызы мен міндеттері . . . 5

1. 2 Балабақшадағы шынықтыру шаралары . . . 10

2 КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ

2. 1 Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру . . . 15

2. 2 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы . . . 20

2. 3 Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы . . . 23

3 ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

3. 1 Шынықтыру шаралары және оның тәрбиелік мәні . . . 25

3. 2 Дене шынықтыру сабағы арқылы баланы тәрбиелеу . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:

1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;

2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;

3. Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай - ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық - еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.

Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары: елімізде дене шынықтыруды жəнеспортты одан əрі дамыту; халықтың дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін жəне халық ойындарын дамыту; саланы басқарудың оңтайлы жолдарын жəне қазіргі тəсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңдарды жетілдіру; бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт резерві мен халықаралық дəрежедегі спортшыларды дайындаудың ғылыми-əдістемелік, медициналық-биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі жөнінде зерттеулер жүргізу; спорт резервін жəне халықаралық дəрежедегі спортшыларды даярлау болып келеді. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.

Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектепке дейінгі мекемедерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын, психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеу мәселесі. Анықталған деректер мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі оқу - тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр. Осылайша, бір жағынан дене тәрбиесі пәні арқылы мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр.

Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да «Жазғы шынықтыру -сауықтыру шаралары арқылы мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайту» атты зерттеу тақырыбы таңдалып алынды.

Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі білім беру процесі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты: күш қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы - балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және осы процеске республикамыздың тәрбиеші - оқытушылар мен жаттықтырушыларын, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемедер мен спорт мектепке дейінгі мекемедерінің ұстаздарын жұмылдыру.

Зерттеу міндеттері:

1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;

2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру;

3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;

4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: шынықтыру шараларының бала тәрбиесіндегі маңызы туралы түсінік алу.

Зерттеудің міндеттері : дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы туралы, балаларды шынықтыру шаралары және дене шынықтырудың бала тәрбиесіндегі маңызы туралы толық мағлұмат беру.

Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. 1. Дене шынықтыру мен сауықтыру шаралараның маңызы мен міндеттері

Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалаық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттылық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады, денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзеңгілерінің дамуына, байланыс - буындық аппараттың нығаюына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатынасы (пропорция) дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болу; бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп - жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үнемі жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сиымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың (ас қорыту, тер, зәр шығару және т. б. ) дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне (жылуды реттеу және қорғаныс) жәрдемдесу; қозу мен тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, активті тежелістің дамуына, сондай - ақ қимыл - қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің (көру, есту т. б. ) жетілуіне себепші болу.

Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Мектепке дейінгі мекемеде дене тәрбиесін мұғалім, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепке дейінгі мекемеде және мектепке дейінгі мекемеден тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

• балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

• спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектепке дейінгі мекемедердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын балаларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - балаларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - балалардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.

Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитарлық-гигиеналық фактор лар жатады.

Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.

Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:

Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары
Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz