Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1Нормативті құқықты актілер 4
1.1 Нормативті актілерді жүйеге келтіру түсінігі 4
1.2 Нормативті актілердің уақытта, кенестікте және тұлғалар арасында әрекет етуі 9

2. Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер 15
2.1 Құқық нысанының түсінігі 15
2.2 Нормативті актілер түрлері 19

Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 25

КІРІСПЕ
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие.
1 Нормативті құқықты актілер
Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 11- тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:
1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;
2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;
3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді.
Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.
Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

0.1 Нормативті актілерді жүйеге келтіру түсінігі
Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады.Бұл аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге келтіру, құқықтық нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас етіп орналастыру болып,есептеледі.Және ол құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін кемшіліктері, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді бір жүйеге келтірудің қазіргі уаөытша үш түрі белгілі. Олар инкорпорация , кодификация және консолидация. Нормативтік-құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру үдерістерінің түрліше болып келедіктерімен байланысты және соларға негізделеді.
Кондификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өндеуді де қамтиды. Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы ісінің бір түрі болып табылады.
Кондификация нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кондификациялық акті деп аталады. Оған жататындар кодекстер жарғылар, жарлықтар. Кондификация жалпы және арнайы деп екіге жіктеледі. Кондификацияның белгілі бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба тәртіп ретінде регламент қағидалар жатады.Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.
Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және қарай немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады.
Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді инкорпорациялау болып табылады.
Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастардың белгілі бір салаларына реттеудегі белгілі нышандары бойынша біріктіріледі. (Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын ) .
Инкорпорация өзі реттейтін осы пәніне жататын барлық заңды түгелдей қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады. Ол инкорпорацияның тек бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін - онда ол дербес инкорпорациялау болады. Инкорпорация ресми-бейресми де болады. Ресми инкорпорация реми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар бар нормативтік құқықтық актілерді өңделген, тәртіптік ретке келтірілген күшінде жариялаудың және қайта жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялау Қазақстан Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы жатады.
Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүзеге асады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың тәсілі болып табылмайды. Бейресми инкорпорациялауға Жекешелендіру туралы нормативтік актілер Еңбек заңдары және т.б. жатады.
Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір ізгілікпен дәйекті, қисынды маңызы сақтала отырып, қайталауларды болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады. Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы мүмкін. Алайда консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Сондықтан өзінде консолидацияның кодификациясы ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрсада, бұл жағынан ол инкорпороцияға жақынырақ ие болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары жасалынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілермен салыстырғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі құрылыс құралдарымен жқмыс істеу және т.с.с).Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай- ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істетейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланды.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ, ол атқарылып орындалып жатқан істер көлемін ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағұлматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді.
Заң халықтың қалың бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми приматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдармен жұмыс істейтіндерден іскерлікпен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағұлматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтары іздестіруде қажет болған нормативтік - құқықтық актіне тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру- автоматтандыру, оған қоса ақпараттық - іздестіру жүйесін жаңа техникалық негізде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағұлматтарымен айналысатын қызметкерлердің жеке компьютерлері болған мерзім жетті.
Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 11- тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:
1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;
2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;
3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді.
Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.
Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

1.2 Нормативті актілердің уақытта, кенестікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
Нормативтік актілердің уақытта әрекет етуі.
Нормативтік актілердің уақыттағы әрекет ету іиегін белгілеу маңызды төжірибелік мәнге ие. Бүл жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары актілерімен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттейтін Конституция нормалалары бүкіл халықтық дауысқа салудың қортындылары бойынша ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық сайлау күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау күні деп есептеледі және мемлекеттік мейрам болып жарияланады.
Еңбек туралы заңдар, заң қабылдайтын орган айқындаған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, Еңбек Кодексі 15 мамыр 2007 ж. ҚР Парламентімен қабылданған, ал күшіне 2007 ж. 1 маусымынан бастап енді.
1998 ж. 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер тура-лы ҚР Заңына сәйкес - ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары егер актілердің өздерінде күшіне ену туралы мерзім көрсетілмесе, ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жариялануы (мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге құпиялары бар актілерден басқа), оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Құқық қолдану тежірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдалануы тиіс.
Заң актілері ҚР Парламентінің Жаршысында және тиісті Заңмен белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында жарияланады.
ҚР Парламентінің қаулысы, оның палаталарының қаулылары бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді, егер актілердің өздерінде басқа мерзімде көрсетілмесе.
ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап.
Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтың бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік Құқықтық қаулылары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтың бұйрықтары, мөслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, сондай-ақ нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің норма тивтік құқықтық шешімдері, егер актілердің өзінде езге мерзімдер көрсетілмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әділет орган-дарында мемлекеттік тіркелуге тиістілері - мемлекеттік тіркеуден кейін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері осы министрліктің Бюллетенінде жарияланады. Заңнамамен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуі кезделсе, онда барлық жағдайларда олар мемлекеттік тіркеуден кейін ғана жариялана алады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипат-тағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мін-деттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері еділет органда-рында мемлекеттік тіркелуге тиіс. Мүндай тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің зақ күші болмайды.
Әлеуметтік серіктестіктің актілері - Бас, салалық (тарифтік) келісімдер және аймақтық келісімдер - тараптар қол қойғаннан бастап, немесе келісімде белгіленген ерекет ету мерзімінен күшіне енеді. Келісімдерге барлық қосымшалар олардың ажырамас белігі болып табылады және олармен тең заңи күшіне ие болады. Келісімнің әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша немесе жаңа келісімді қабылдағанға дейін орнатылады, бірақ үш жылдан аспауы керек.
Бас, салалық (тарифтік), аймақтық келісімдер әлеуметтік серіктестік тараптарының қолдарымен бекітіледі. Тараптармен қол қойылған салалық, аймақтық келісімдер қосымшалармен бірге жеті күн ішінде республикалық комиссияға хабарлама тіркеуіне жіберіледі.
Жергілікті нормативтік құқықтық актілер ерекетінің қатаң бекітілген уақыттағы шегі жоқ. Шарттың ерекет ету мерзімдерін тараптар анықтайды.
Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады және қолданыла береді.
Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, белу, беліп шығару, қайта құру) кезеңінде ез күшін сақтап қалады. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірініқ бастамасы бойынша ңайта қаралуы мүмкін.
Ұйымның меншік иесі және мүлкі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, езгертілуі және толықтырылуы туралы келіссездер бастауға құқылы.
Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиісті шешім қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Басқа нормативтік келісімдер бойынша ортақ ереже қолданылады: олар тараптар қол қойған сеттен бастап күшіне енеді, олардың қолданылу мерзімі де тараптармен анықталады, ейтпесе олар жаңа келісім қабылдағанға дейін қолданылады. Жеке сипат-тағы (ұжым жетекшісінің бұйрықтары) жергілікті нормативтік актілер осы актіде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді, ұйым (меншік иесі) жетекшісінің толықтырылу мен өзгертуіне дейін, немесе олардан бас тартылғанға дейін қолданылады.
Еңбек саласындағы нормативтік актілердің күшіне ену уақытын реттеу елеулі мәнге ие, ейткені осы сәттен олар міндетті орындалуға тиіс.
Еңбек қүңығының қайнар кезі болып табылатын еңбек тура-лы жаңа заңдар мен басқа да нормативтік актілер, күшіне енгеннен кейін пайда болатын ерекеттер мен қатынастарға таратылады. Олар кері күшке ие емес. Бүл ережелерден ауытқушылыққа заңда немесе басқа нормативтік актіде оның қолдануының кері күші туралы тікелей иорма бар болса ғана жол беріледі.
Нормативтік актілердің уақыты бойынша ерекет етуінің маңызды ережесі - бір түрдегі нормативтік актілер қақтығысы (коллизиясы) жағдайында күшіне ену уақыты бойынша соңғы актілер қо лданылады. Нормативтік актілердің кеңістікте әрекет етуі.
Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті, Үкіметі, орталық атқарушы және басқада уәкілетті органдармен қабылданған нормативтік құқықтық актілері, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе қолдануға енгізу туралы актілерде басқасы белгіленбесе, актілер өз ерекетін Қазақстан Республикасы барлық аумағына таратады.
Жергілікті екілді органдар мен атқарушы органдарымен қабылданған нормативтік құқық актілер, тиісті аумақта қолданы-лады.
Жергілікті нормативтік актілердың сипаттық ерекшеліктері - нақты бір ұйымның аясында ерекет етеді.
Еңбек туралы нормативтік актілердің қызметкерлер санаттары бойынша әрекет етуі.
Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топтарға белінеді:
1) Жалдамалы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы нормалар;
2) Қызметкерлердің жеке санаттарына (өйелдер; жасөспі-рімдер; экономиканың жеке салаларында жұмыс істейтін түлға-лар; бюджет саласының қызметкерлері; ауыр және зиянды жұмыс істейтін түлғалар; маусымдық қызметкерлер және т.б.) тараты-латын арнайы нормалар.
Қызметкерлер санаты бойынша еңбек заңнамасының жіктелуі келесіде байқалады: Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарының реттеу деген Еңбек туралы Заңның 4-тарауын бөліп көрсету немесе ерекше нормативтік акты қабылдау (мысалы, Қазақстан Республикасының 2002 ж 11 қантардағы № 41 "Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесі туралы" деген Үкіметтің қаулысы.
Қызметкерлердің санаттары бойынша саралаудың нақты мазмүны оларға өзгеше нормалар бекітілуінде: қызметке қабылдау тәртібі мен шығарудың жалпымен салыстырғанда ерекшелігі; еңбектің төленуінде жеңілдіктер мен артықшылықтар; жоғары тәртіптік және материалдық жауапкершілік пен басқа да ерекшеліктер.
Еңбек құқығы нормаларының қызметкерлердің санаттары бойынша саралануы еңбек міндеттерін орындалуына талаптарды жоғарылату және еңбек саласында тәртіп бүзушылықңа одан да жоғары жауапкершілікті белгілеуде көрінуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54 бабы қызметкерлер кейбір санаттарының жеке еңбек шартының тоқтатылуы үшін қосымша негіз белгілейді (ақшалай немесе тауарлық қүндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкерлер, төрбиешілік міндетті атқарушы қызметкерлерге қатысты).
Нормативтік-құқықтық актілердің әрекетінің шегі кеңістікте өзұйғарымы таралатын аумақпен белгіленеді.Аумақ дегеніміз,жердің беті,кен,су және мемлекеттік шекараға сай,аспан кеңістігі,сырт елдердегі елшіліктер тұратын аумақ,ашық теңіздегі және сырт елдердің аумақтық суларындағы әскери кемелер,ашық теңіздегі әскери емес кемелер,ұшақтың және атмосферадағы ғарыш аппараттарының кабиналары. Нормативтік-құқықтық актілердің әрекеті, әдеттегідей, соны шығарған органдардың қарауындағы аумақтарға таралады.Мысалы, федералдық мемлекеттердің мүшелерінің нормативтік актілері солардың тек өз аумақтарында әрекеті жүреді, мемлкеттің жергілікті органдарының актілері, сол ауданның, қаланың, префектураның, жердіңаумақтарындаіскеасырылады.Кей біркездерде,федеративтікмемлекеттік құрылымдарда, бір мемлекеттің құқықтық нормаларыныңәрекеті, екінші мемлекеттің аумағында қолдануға рұқсат етіледі(мысалы, мүліктік дауларды шешкенде мұрагерлік туралы)Нормативті-құқықтық актілер кеңістікте өзінің түріне байланысты үшжағдайда әрекет етеді:Мемлекеттіңбарлық аумағынатаралуыМемлекеттің егемендіктіңпринциптеріне сай,әртүрлі мемлекеттіңзаңдары тек өз аумағындағана әрекет жасайалады.Сол принциптергеқарамай, басқа мемлкеттіңаумағында да әрекетжасайдыЕлдің дәланықталғанбөлігінде ғанаәрекет етеді Мемлекеттің аумағына жер шарының бір бөлігі оған:Құрғақ жерлер Сулы аймақтар Әуе кеңістігіЖер асты қойнауы Заңның кеңістіктегі күші аясының шегі мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі судан, теңіздерден, оның жоғары ауа кеңістігінен тұрады.Осы аумақта Қазақстанның егемендік құқықтары бар және сол аумаққа билігін жүргізеді. Шет ел заңдары, халықаралық құқық нормалары Қазақстан аумағында тек мемлекетіміздің заңдарында көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қалыпқа келтіреді ,реттейді.Кейбір қатынастар заң арқылы, ал кейбіреулері заңға негізделген нормативтік актілердің күшімен реттеледі. Мұндай саралау қоғамдық қатынастардың мәніне,маңызына байланысты. Заңдарды, нормативтік актілерді қабылдау - қоғамдық қатынастарды реттеудің бірінші сатысы. Заң қолданылу үшін жасалады.Оны қабылдағаннан кейін қолдану, жүзеге асыру қажет. Заң нормаларын қолдану - қоғамдық қатынастарды реттеудің екінші сатысы. Бұл жолмен үшінші саты байланысты. Заң нормаларытұлғаларға құқық беру, міндет жүктеу арқылы жүзеге асырылады. Егер осы құқықтардытұлғалар пайдаланса, міндеттерді орындаса қоғамдық қатынастар реттеліп, жөнгекелтіріліп отырады.Нормативтік актілердіңкүші келесідейаумақтарда әрекет етеді:Федеративтікмемлекеттерде федерациясубьектілерінің аумағында(федерация субьектісініңмемлекеттік басқару жәнебилік органдарыныңактілері)Локальді аумақта(кәсіпорын,мекеменемесе ұйымаумағында)Федеративтікмемлекетт ерде федерациясубьектілерінің аумағында(федерация субьектісініңмемлекеттік басқару жәнебилік органдарыныңактілері)Нормативтік актініңөзінде тікелейкөрсетілген аумақта Нормативтік актілердің тұлғалар шеңберінеқатысты әрекет етуі жоғарыдааталғанмәселелерментығызбай ланысты.Нормативтікактілер мемлекет аумағында оның барлықазаматтарына,мемлекеттік органдарына,қоғамдық ұйымдарға, шетелдік азаматтар меназаматтығы жоқ адамдарға қатысты әрекететеді.Сонымен қатар, азаматтар менлауазымды тұлғалардың жекелегенсанаттарына таралатын арнайы нормативтікактілер де болады (әскери қызметшілер,зейнеткерлер , полиция қызметкерлері,студенттер,оқытушылар ,мемлекеттікқызметшілер,дәрігерлер, сайлаушылар,депутаттар,судьялар,про курорлар, т.б)
2 Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер
Нормативтік - құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативтік - құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды ретеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет - ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды ретеп, басқарып отырды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды ретеп, басқарудың басым түріне айналып отыр. Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Нормативтік - құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
* Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
* Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
* Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме - дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар акті деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
* Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанда шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде - мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
-- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
-- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
-- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
-- рухани сана - сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
-- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
-- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімінғ тәжірибесін көтеру;
-- мемлекеттік тұлғалардың қызметінің сапасын жақсарту.
Нормативтік - құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекеттік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық мүдде - мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі - нышандары:
-- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
-- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
-- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т,б. болып шығады, олардың заңды нысандары болады;
-- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп, басқарады.
Құқықтық-нормалар актілерін жіктеу, әртүрлі негіздерге байланысты іске асырылады: занды күшіне, мазмұнына, көлеміне және әрекет сипатына, субъектісіне оларды шығарылуына байланысты болады.
Занды күшіне байланысты, барлық нормативті-құқықтық актілер зандар және заңға қосымша актілерге бөлінеді.
Нормативті-құқықтық актілердің заңды күштері оларды жіктеудің ең маңызды белгісі. Мемлекеттік нормативтік реттеудегі олардың орнын және жалпы жүйедегі маңыздылыгын белгілейді. Құқықтық шығармашылықтың теориясымен тәжірибесіне сай, жоғарғы құқықтық-творчестволық органдардың актілері төменгі сондай органдарға қарағанда көбірек зандылық күшке ие.[9, 186-б]
Нормативті-құқықтық актілер мазмұндарына сай жіктеледі. Ондай бөлулер көп жағдайда шартты. Шарттылықты объективті түсіндірсек -- барлық нормативті-құықтық актілердегі нормалар біржақты мазмұда болады. Кейбір актілерде тек бір ғана құық салаланың нормалары болады (мысалы: Еңбек құығы, отбасы құқы, қылмыстық заңдар). Салалық нормативтік актілермен қатар, әрекет жасайтын комплексті сипаттағы акгілер. Олар әтүрлі құқық салаларын, белгілі қоғам өміріне реттеуге қызмет жасайын нормаларды қосып алады. Шаруашылық, сауда, әскери, теңіз заңдары -- комплексті нормативті-құқықтық актілердің мысалдарына жатады.
Көлеміне және әрекет сипаттарына байланысты нормативті-құқықтық актілер бөлінеді:
-- барлық қатынастар жиынтығының белгілі түрін қамтитын Калпы әрекеттегі актілер;
-- тежеулі актілер, тек жарты көлемдегі жерлерге, не сол жерде тұратын белтілі адамдарға ғана қатынасы бар;
-- ерекше өрекеттегі (төтенше) актілер. Олардың реттеу мүмкіндігі, тек қана төтенше жағдай туғанда, соған арналған акт (әскери әрекеттер, табиғи қиыншылықтар).
Мемлекеттік құқықтық шығармашылықтың негізгі субъектілерінің нормативті-құқықтық актілерін заң шығарушы биліктің актілері (зандар), атқарушы биліктің актілерде (қосымша заң актілері), сот билігінің актілері (жалпы сипаттағы заңды актілерге) бөлуге болады.
Заң -- мемлекеттің ең басты және айырықша нормативті-құқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын және мемлекет өмірін реттейтін құқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін құрастыруды ерекше заң жолымен мемлекеттің жоғарғы өкіметтік органымен қабылданатын нормативті-құқықтық актіден бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдьглық күшке ие және еліміздегі халықтардың мүдделеріне, қажеттіктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осы берілген түсініктемелерден, негізгі заң белгілері шығады және ол ең жоғарғы зандылық күші бар нормативті-құқықтық актының негізгі дерегі ретінде болады.[4,145б.]
1) заңдар, мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданады не халықтың өзімен референдум арқылы қабылданады;
2) заңдар жеке адамдардың мүдделерін қолайлы қанағаттандыруды талап ететін, ең маңызды қоғам өмірінің мәселелері жөнінде қабылданады;
3) зандар, заңға қосымша нормативті-құқықтық актілерге тән емес, ерекше занды тәртіптерге сай қабылданады. Занды қабылдау, өзіне төрт түрлі міндетті кезеңдерді қосып алады: заңның жобасын жасау, заң шығаратын органға өткізу, заңның жобасын талқылау, заңды қабылдау оны жариялау (халықты таныстыру). Референдум нәтижесінде занды қабылдау, сол сияқты референдум туралы занда көрсетілгендей, зандылық тәртіппен іске асырылады.
4) заңдар мемлекеттің басқа оргаңдарының тарапынан бақылануға не бекітуге жатпайды. Олар, тек заң шығаратын биліктегі орган арқылы, өзгертілуге не тоқтатылуға тиіс. Конституциялық кеңес не басқа сондай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Аграрлық құқық
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Сөз бостандық құқы
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Мемлекет және азаматтық қоғам идеясын және оны қалыптастыруды зерттеу
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Пәндер