Өндірістік есепке алу шоттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті
Кафедра: «Есеп және аудит»
Факультет: «Басқару және бизнес»
Реферат
Тақырыбы: Кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есептілігі
Орындаған:Абезова А. Б.
Тобы:Эф-19-7к2
Қабылдаған:Саркулова Н. К.
Шымкент-2021
1.
Жоспар:
1. Шағын бизнес түсінігі
2. Кәсіпкерлік жөнінде жалпы ереже
3. Шағын кәсіпорындағы есеп саясатының мәні мен маңызы
Кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады.
Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Бизнеске қатынасына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмалардың көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескерілді: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалар ретінде құрылмаған жеке тұлғалар мен серіктестіктер немесе өндірістік кооперативтер түріндегі заңды тұлғалар, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны есепті көрсеткіштің алпыс мың есесінен жоғары емес, кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын субъектілер жатады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес шағын, орта және ірі бизнеске төмендегідей анықтамалар қабылданды.
Шағын кәсіпкерлік субьектісіне:
· заңды тұлғалар құрмайтын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі жеке кәсіпкерлер
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыскерлеріне барлық жұмыскерле, о. і. келісім-шартпен және қосымша жұмыс істеушілер, кәсіпорын филиалдарының, бөлімшелерінің жұмыскерлері кіреді.
АЕК жыл сайын «Республикалық бюджет» заңында тағайындалады.
Шағын кәсіпорын активіне субьектінің бағаланған және бухгалтерлік баланста тіркелген мүліктік және жеке мүлік емес құқықтары жатады.
Орта кәсіпкерлік субьектісіне:
· заңды тұлғалар құрмайтын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі жеке кәсіпкерлер
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар:
- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 - 250 аралығында
- жылдық активінің құны 325000-үлестегі АЕК-ке дейінгі
Ірі кәсіпкерлік субьектісіне:
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар:
- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 - ден жоғары
- жылдық активінің құны 325000-үлестегі АЕК-тен жоғары
ШБ-тің негізгі артықшылықтары:
· қарқындылығы
· икемділігі
· өндірістік бағытын тез өзгерту мүмкіндігі
· барлық қызмет салаларындағы жаңалықтарды тез қабылдау мүмкіндігі
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дара кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді.
Есеп саясаты, бұл - бухгалтерлік есеп, талдау, аудит аумағындағы ұзақмерзімді саясат, оны әрбір кәсіпорын өз бетінше жасайды, бухгалтерлік есепті оның негіздері мен қағидаларына сәйкес жүргізу үшін субъектілердің басшыларының қабылдаған тәсілдерінің жиынтығы.
Есеп саясатын қалыптастыру төмендегі кезеңдерден тұрады:
- бухгалтерлік есеп жүргізілетін кәсіпорындағы есеп саясатының қатынасын анықтау;
- бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін жағдайларды анықтау, сараптау, бағалау және реттеу;
- есеп саясатын құрастырудың бастапқы жағдайларын таңдау және негіздеу;
- есептің әрбір тәсілінің жолын және әрбір есеп объектісі бойынша кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізудің жарамды тәсілін бірегейлендіру;
- таңдалған есеп саясатын рәсімдеу.
Кәсіпорынның есеп саясаты - бұл бухгалтерлік есеп жүйесін (қаржылық және салық) есебі ұйымдастыруды қолданылатын әдістерді: алғашқы бақылау (құжаттау және түгендеу), құндық өлшеу (өзіндік құнын анықтау, бағалау), ағымдағы топтастыру (екі жақты жазу), сонымен қатар, ұйымның қаржы-экономикалық қызметінің фактілерін (қаржылық, салықтық, статистикалық және басқадай есептілік) қортынды жалпылау.
2.
Жоспар:
1. Жұмыс есеп жоспарын кұру
2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
3. Банкроттық рәсім кезіндегі бухгалтерлік есеп жүргізудің тәртібі
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралыҚазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4771 болып енгізілді.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
Үлгілік жоспар мынадай бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім -"Қысқа мерзімді активтер";
2-бөлім -"Ұзақ мерзімді активтер";
3-бөлім -"Қысқа мерзімді міндеттемелер";
4-бөлім -"Ұзақ мерзімді міндеттемелер";
5-бөлім -"Капитал мен резервтер";
6-бөлім -"Кірістер";
7-бөлім -"Шығыстар";
8-бөлім -"Өндірістік есепке алу шоттары".
Бас бухгалтер басшының бұйрыгымен лауазымға тағайындалады немесе босатылады және оған тікелей бағынады. Ол нормативті құжаттарды пайдалана отырып, барлық шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс бейнеленуі мен бақылауын қамтамасыз ету, кәсіпорын басшылары үшін шұғыл ақпарат беру, бухгалтерлік есеп беруді дайындап, оны белгіленген мерзімдерде тапсыруға міндепі.
Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауар-материалдық кұндылыктар мен ақша қаражаттарын, сондай-ақ есеп айырысу, несие, қаржылық міндеттемелер және шаруашылық келісімдерін кабылдау мен босатуға негіз болатын құжаттарға қол таңбасын қояды. Айтыпған құжаттар бас бухгалтердің қол таңбасысыз заңсыз болып саналады және орындауға жатпайды.
Егер бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болатын болса (демалыста немесе ұзақ іс сапарда), онда басшы қол таңбасын қою құқығын басқа адамға беру туралы жазбаша түрде бұйрық шығарады. Бас бухгалтерге заңдылыққа қайшы және келісім шарт пен қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды дайындау мен орындауға тиым салынады. Мұндай құжаттар туралы ол басшыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Басшыдан айтылған құжаттарды есепке алу туралы жазбаша ұйғарым алған соң, бас бухгалтер оны орындайды. Бірақ онда орындалған операциялардың заңсыздығы үшін жауапкершіліктің барлығы толығымен кәсіпорынның басшысына жүктеледі.
Материалды-жауапты тұлғалардың (кассирлер, қоймашылар және т. б. ) тағайындалуы, босатылуы мен орын ауыстырылуы бас бухгалтермен келісіледі.
Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық құжаттарды жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырады. Құжаттарды тапсыру барысында бухгалтерлік есептің жағдайы мен есепті мәліметтердің дұрыстығы туралы кәсіпорынның басшысы бекітетін акті жазылады.
Штатында кассирі жоқ кәсіпорындарда, оның міндетін бухгалтер немесе кәсіпорын басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
Кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің жүргізуін мамандандырылған ұйым немесе маманға келісім шарт негізінде тапсыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында "Банкроттық туралы" Заң 1997 жылы 21 қаңтарында (№ 67-1) қабылданды.
"Банкроттық" - борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылған дәрменсіздігі.
Аз уақытта "дәрменсіздік" борышкердің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарын канағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай- ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларының міндетті төлемдерін қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі, оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
Осы Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.
Оңалту рәсімін, конкурстық істі (таратуды) жүргізу не соттан тыс тарату рәсімін өткізу кезеңінде банкроттық рәсімдерін, оңалгу рәсімін және соттан тыс тарату рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына кол жеткізу үшін дәрменсіз борышкердің барлық органдары оны басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару міндеттерін оңалтушы, не конкурсты басқарушыға (таратушыға) беріледі.
Оңалтушы және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет етеді.
Оңалту рәсімі борышкер жасаған және несие берушілер комитетінің келісімі болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
Оңалту рәсімін жүзеге асырудың үзақтығы екі жылдан аспауға тиіс. Оңалтуды басқарушының өтініші бойынша несие берушілер комитетінің келісімімен сот оны жүзеге асыру мерзіміи ұзартуға құқылы, бірақ ол алты айдан аспауға тиіс.
Конкурс жүргізу несие берушілердің талаптарын канағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады. Конкурстық іс жүргізу мерзімі алты айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтініші бойынша несие берушілер комитетінің келісімімен Бұл мерзім әрі кеткенде үш айға ұзартылуы мүмкін.
Талап ету құқығын (дебеиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің, соның ішінде оның қаржы құжаттарында көрсетілмеген, бірақ борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі, борыш- керге меншік құқығына тиесілі емес мүлкікті коспағанда, конкурстык масса болады.
"Борышкер" - зандарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі негіз болатын занды тұлға.
3.
Жоспар:
1. Шаруашылық құралдар мен олардың көздері туралы мәліметтер бойынша кіріспе балансты құрастыру.
2. Кіріспе баланстың мәліметтері бойынша синтетикалық шоттарды ашу.
3. Синтетикалық шоттарда шаруашылық операцияларды жазу.
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бух-галтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві - деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа занды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл тендікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады . Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz