Некроздың этиологиясы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Ветеринарлық қауіпсіздік Кафедрасы
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Некрозға жалпы түсініктеме
2.2 Некроздың этиологиясы
2.3 Некроздың клинико-морфологиялық түрлері
2.4 Некроздың кезеңдері
2.5 Некроз кезінде мүшелер мен ұлпалардағы өзгерістердің макроскопиялық көрінісі
2.6 Некроз кезіндегі микроскопиялық өзгерістердің сипаттамасы
2.7.Некроздың ақыры
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Некроз - бұл торшалардың зақымдануы, олардың тірі ұлпаларда автолиз арқылы ерте өлуіне әкеледі. Некроз - бұл жасушаға немесе тінге әсер ететін сыртқы факторлардың нәтижесі, мысалы, инфекция немесе жарақат, жасушалардың жұмысына кері әсер етеді. Керісінше, апоптоз - бұл табиғи түрде бағдарламаланған және жасуша өлімінің мақсатты себебі. Апоптоз ағзаға пайдалы болса, некроз әрдайым дерлік зиянды және өлімге әкелуі мүмкін. Некроз қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан- ішекшырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. болады. Әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады, ол "регенерация" деген атауға ие. Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оның патологиялық өлім дейді.
Некроз өте күделі үрдіс, бірнеше сатылардан тұрады. Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады. Егер осы кезеңде зақымдаушы себептер жойылса, жасуша өзінің әуелгі қалпына келе алады, сол үшін бұл үрдістердің морфогенезін мұқият және түсіне білу қажет.
Некроздың туындау себептері алуан түрлі: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар. Белгілі бір жерге патогендік агент тікелей әсер еткенде пайда болған некрозды - тура некроз, ал белгілі бір жерге қанның келмей қалуынан, жүйке қызметінің бұзылуынан немесе аллергияға байланысты пайда болған некрозды жанама некроз деп атайды.
Некроз - бұл патогендік микробтардың әсерінен пайда болған тірі ағзадағы жасушалардың, тіндердің немесе мүшелердің тіршілік әрекетінің қайтымсыз тоқтауы. Некроздың себебі тіндердің механикалық, термиялық, химиялық, инфекциялық және уытты заттармен жойылуы болуы мүмкін. Бұл құбылыс аллергиялық реакцияға, иннервация мен қан айналымының бұзылуына байланысты пайда болады. Некроздың ауырлығы организмнің жалпы жағдайына және қолайсыз жергілікті факторларға байланысты.
Некроздың дамуы патогендік микроорганизмдердің, саңырауқұлақтардың, вирустардың болуымен жеңілдейді. Сондай-ақ, қан айналымы бұзылған жерде салқындату кері әсерін тигізеді, мұндай жағдайда вазоспазм күшейіп, қан айналымы бұзылады. Шамадан тыс қызу метаболизмнің жоғарылауына әсер етеді және қан айналымының жеткіліксіздігімен некротикалық процестер пайда болады.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Некрозға жалпы түсініктеме
Некроз - тірі организмде торшаның, ұлпаның немесе ағзаның бір бөлігінің тіршілік әрекетінің мүлдем тоқтап өлуі. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім. Некроздың алдында кейде некробиоз үрдісі болады. Бұл қайтымсыз, біртіндеп дамитын дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын, өмір мен өлім арасындағы жағдай. Ал мүшенің бір бөлігіне кенеттен қан келмей қалу жағдайында, немесе күшті улар әсерінен некробиозсыз, тез өледі.
Некроз қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан- ішекшырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. болады. Әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады, ол "регенерация" деген атауға ие.
Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оның патологиялық өлім дейді.
Сыртқы факторларға механикалық жарақат (дененің физикалық зақымдануы, жасушалардың бұзылуын тудыруы), қан тамырларының зақымдануы (байланысты тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін бұзуы мүмкін) және ишемиялар жатады.Термиялық әсер ету (өте жоғары немесе төмен температура) жасушалардың жойылуынан некрозға әкелуі мүмкін.
Аяздан қалған тін мен сұйықтықтың қысымын жоғарылататын, жасушалардың жарылуына себеп болатын кристалдар түзіледі. Экстремалды жағдайда тіндер мен жасушалар мембраналар мен цитозолды дұрыс бұзу процесінің нәтижесінде өледі

Кейінгі кездері "апоптоз" деген термин пайда болды. Оның некроздан айырмашылығы ол негізінен жасушалардың зақымдануына, әсіресе олар ДНК-дағы байланысты дамитын өзін өзі өлтіру үрдісі. Сонымен апоптоз организмнің гендік қасиеттері өзгерген жасушалардан тазарудың физиологиялық механизмі. Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады.
Кейін олардың макрофагтар немесе басқа жасушалар обып жояды. Апоптоз аймағында экссудативті қабыну болмайды. Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінің де патологияға байланысты өлуінің механизмдері бір деуге болады.
Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінін де, патологияға байланысты өлуінің де механизмдері бір деуге болады. Өлген тіндер, ағзалар әдетте ақшыл-сары (жүрек, көкбауыр, бүйректер) немесе қоңыр- қара (тері, ішек) түрге кіреді. Некроз ошағында жасушаның барлық микроскоптық және ультрақұрылымды деңгейін қамтитын өзгерістер көрінеді.
2.2 Некроздың этиологиясы.
Некроздың туындау себептері алуан түрлі : физикалық, химиялық және биологиялық (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б) факторлар. Белгілі бір жерге патогендік агент тікелей әсер еткенде пайда болған некрозды - тура некроз, ал белгілі бір жерге қанның келмей қалуынан, жүйке қызметінің бұзылуынан немесе аллергияға байланысты пайда болған некрозды жанама некроз деп атайды. Себептеріне байланысты некроздар 2 топқа бөлінеді: тура некроз, жанама некроз. Тура некроз - ұлпалар мен торшаларда некроз туғызатын себептердің тікелей әсер етуіне байланысты дамиды. Мысалы, механикалық факторлар (соғылу, жарақаттану, жаншылу). Жанама некроз - қан мен жүйке жүйесі арқылы, солардың ақауларына байланысты дамиды. Зиянды фактордың әсер еткен жерінен аулақ, басқа жерде дамиды.
Тудырушы себебіне (этиологиясына) байланысты:
1) Қантамырлық некроз;
2) Травматикалық некроз
3) Трофоневротиктік некроз
4) Уыттық некроз
5) Аллергиялық некроз
Қантамырлық некроз - ұлпаға қанның келмей қалуына байланысты туындайды. Артерия сырттан қысылып, немесе арнасы тромбымен не эмболмен бітеліп қалғанда қан келмей қалады. Бұл жағдайда мүшелер мен ұлпалар құрылымдары оттегі жетіспеуіне байланысты, гипоксияға ұшырап, өле бастайды. Әсіресе гипоксияға сезімталды болып келетін орталық жүйке жүйесі.Оның торшалары басқа паренхималық торшаларға қарағанда тез өледі (2-3 мин). Оттегі жетіспеуіне көбірек шыдайтын дәнекер ұлпа.
Травматикалық некроз-клеткаға физикалық немесе химиялық факторлардың тікелей әсер етуі нәтижесінде болады.Бұндай некроз электротравма,радиация әсері, төменгі температура салдарынын жарақаттану каналдарының үсуі, жоғары температурадағы күюі нәтижесінде болады.Химиялық факторлар: коагуляциялық некроз тудырушы қышқылдық әрекет, колликвациондық некроз тудырушы сілтілік реакциялар. Травмалық некроз - агенттің ұлпаға тікелей әсер әсер етуші некроз түрі болып табылады.
Трофоневротиктік некроз - орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымдалуына байланысты туындайды. Нейротрофикалық қызметі бұзылғанда ұлпаларда дистрофиялық, некробиотикалық және некроздың процестер дамиды. Трофоневротикалық некроз- центральдық немесе перифериялық жүйке жүйесі ауруларының адам дене бөлімдерінің үлкен қысымға ұшырауы нәтижесінде ұлпалар иннервациясы,микроциркуляция бұзылуы.Трофоневротикалық некрозға ойылу (пролежень),ауру салданып, ұзақ жатқанда пайда болатын жатын жаралар (декубиталдық жаралар).мысал бола алады. орталық немесе шеткі нервтер зақымданғанда дамиды
Уытты (токсикалық) некроз - ұлпаларға токсиндердің, бактериальді, бактериальді емес табиғатты химиялық байланыстардың (қышқылдық,сілтілік,дәрілік препараттар,этил спирті т.б) нәтижесінде дамиды. Мысалы:сулемамен улану кезіндегі нефронның проксимальді бөлім некрозы,дифтеринді экзотоксиннің әсері нәтижесіенде кардиомиоцитті некроз.Жатырлық кезеңдегі орын алатын көп кездесетін некроз түрлерінің бірі : инфекциондық немесе токсикалық агенттердің ұлпаға тікелей әсер етуімен байланысты - тікелей уытты (токсикалық) некроз (көптеген ареактивті ішкі органдар некрозы және генереазивтік оба, сепсис, токсоплазмоз әлде дәрі-дәрмектердің кері әсері (аминазин, т.б) негізіндегі сілеймейлі қабат,ұрық,нәресте,шала туылғандардың некрозы) Мысалы, дифтерия токсиндері нәтижесінде тыныс жолдарындағы некроз, туберкулезге байланысты дамитын казеозды некроз және т.б.
Аллергиялық организмнің әртүрлі әсерлерге сезімтелдығы артып кеткенде байқалады. Оның мысалы ретінде жоғары сезімталдықтың жедел түріне дамитын Артюс синдромын келтіруге болады.

Некроздың клинико-морфологиялық түрлері оның морфологиялық және клиникалық көріністеріне, сондай-ақ некроз дамитын органның құрылымдық-функционалдық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. Некроздың келесі түрлері бар: құрғақ (коагуляциялық) және ылғалды (колликвациялық).
Некроз ағзаны немесе жеке бөліктерін қамтуы мүмкін, жеке торшаларға немесе көкнәр және егілген дән өлшеміндей барлық ағзаға тиюі мүмкін. Некротикалық ағзалардың сыртқы түрі некрозды тудыру себептеріне байланысты.
Құрғақ (коагуляциялық) ұлпалық сұйықтық пен торшалық протоплазманың тығыздалуы және іруімен сипатталады. Құрғақ некроздың дамуы көптеген белгілерге байланысты: торша некрозын қоршаған аумаққа ылғалдың берілуі, қан ағымының тоқтауы, микробтық токсиндердің спецификалық әсері жаәне басқада факторлар. Ол гидролитикалық процестердің төмен белсенділігімен, ақуыздардың көп мөлшерімен және тіндердегі сұйықтықтың орташа мөлшерімен дамиды. Құрғақ некроздың белгілері: көлемінің ұлғаюы, өлі еттенген аумақтың шеттері анық, бозғылт, сары - жасыл, балшық - сары түсті. Кескінінің беткейі құрғақ,ұлпа көрінісі түсініксіз, ірі анатомиялық құрылысты болады. Микроскоп арқылы қарағанда ядросының өзгергені байқалады. Ары қарай, ұлпа құрылысы жоғалады және біркелкі массаға айналады (мысалы - бүйректің ақы эмболикалық инфарктісі). Бүйрек инфарктісі кезінде каналдық саңылаулары пішінсіз дәнді көлем түрінде өлген эпителилермен толып қалған. Ұлпа диффузды және сәл ғана боялады.
Ылғалды (колликвациялық) некроз (colliguare - сұйылту) ылғалға толы ұлпаларда дамиды (бас миы немесе өлгеннен кейін сұйықтық жиналған басқада ұлпалар). Ылғалды езілу жатыр қуысында, өлген ұрықта кездеседі. Ылғалды 34 некроздың аумақтарының сарысулы ісік түрінде болады, олардың құрамында күңгірт ботқа тәрізді лайлы қоспа болады (мысалы: мидың жұмсаруы - энцефаломаляция)

Некроз даму сатылары:
1. Некроз алды кезеңі (паранекроз) бұған торшадағы ауыр дистрофиялық бірақ қайтымды өзгерістер кіреді.
2. Өлу алды кезеңінде (некробиос) катаболикалық реакцияның анаболикалық реакциядан басымдылығымен өтетін, қайтымсыз ауыр дистрофиялық өзгеріс.
3. Өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) торша тіршілігінің бүтіндей жойылуы мен сипатталады.
4. Өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) өлген торшаның және макрофагтардың гидролиздеуші ферменттер әсерінен ыдырауы, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді.
Сонымен қатар, қайтыс болған жануарда болатын аутолизден некрозды шектеу керек. Рас, бұл процестерді морфологиялық белгілері бойынша нақты ажырату әдетте өте қиын, әсіресе некроз торша өлімін және одан кейінгі аутолиздік процестерді қамтиды.

Некроздың бастапқы кезеңдері, әдетте, көзге көрінбейді. Некроздың кеш кезеңдері әртүрлі макроскопиялық көріністерге ие. Некроздың барлық түрлеріне тән - бұл түсінің өзгеруі, консистенциясы және кейбір жағдайларда некротикалық тіндердің иісі. Олар тығыз, құрғақ консистенцияға ие болуы мүмкін (мумификация) немесе борпылдақ, қытырлақ (миомалакия, грек энцефаломалациясы греч. malakas- жұмсақ). Өлі тіндердің сұр-сары, лас сұр, қызыл немесе қара түсі бар. Бұл некроз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz