Кәсіпкерлік саласының ұлттық экономикамыздағы рөліне баға беру



химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан экономикасының дамуы
Тақырып: :Ұлттық экономиканың дамуында кіші және орта бизнестің рөлі қандай? (3091сөз)
Орындаған: Асқар Данияр
Жетекші: Акынбекова Гулнур
Ішкі модератор: Кенжебаева Надежда
Қызылорда қаласы, 2021
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Зерттеу сұрақтары:
2. 1. Қазақстан экономикасының дамуында «кіші және орта бизнестің»рөлі қандай?
2. 2. Қазақстанда кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар қаншалықты тиімді жұмыс жасауда?
2. 3. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік орта қалыптастырудың жолдары қандай?
В. Зерттеу әдісі
С. Зерттеу қорытындысы
- Бағалау
IIІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Қосымша
Қысқартылған сөздер:
КОБ - Кіші және орта бизнес
ШОК - Шағын және орта кәсіпкерлік
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
ШБС - Шағын бизнес субъектілері
ҚР - Қазақстан Республикасы
БЖК-2020 - Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы
ҰЭК - Ұлттық экономика министрлігі
ТҰК - Трансұлттық компаниялар
ҰКП - Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы
- Кіріспе
Қазіргі таңда кіші және орта бизнес саласы - кез-келген дамыған немесе дамушы мемлекеттің нарықтық экономикасында аса маңызды рөлге ие. Атап айтар болсақ бұл сала - қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығын сақтауға үлес қосып қана қоймай, мемлекеттің кез-келген аймағын дамытып, жаңа нарық қажеттіліктері мен құрылымдық өзгерістерге бейімделудің озық үлгісін көрсетуге қабілетті. Ұлттық масштабта қарастыратын болсақ, отандық кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту - ХХІғ. Қазақстанның индустриалды және әлеуметтік модернизациялануының басты құралына айналып отыр.
Осы орайда мемлекет тарапынан2014ж. 1 тамызында қабылданған"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Бағдарлама 2020жылы - өңдеуші өнеркәсіптің ұлттық ЖІӨ-дегі үлесін; белсенді жұмыс жасайтын КОБ субъектілер санын; ШОК субъектілері арқылы жұмыспен қамтылған адамдар санын2014 ж. қарағанда 50%-ға арттыруды жоспарлаған[1] . БЖК-2020 бағдарламасы функционалы жағынан өз саласында жалғыз емес, бірақ отандық кәсіпкерлікті қолдауда оның жетекші позицияда екенін ескеретін болсақ, бағдарламаның ашық түрде верификацияланып, жоғары деңгейде жұмыс жасауы ғана КОБ субъектілерінің сан-сапасын арттырып, күтілген нәтижелер орындалатын болады.
Өзектілігі: 2020 жылы ғаламдық масштабта орын алған «коронадағдарысы»елімізге біршама өзгерістер алып келді. Атап айтқанда «Brent»маркасымен шығатын 1 баррель мұнайдың бағасы болжанған $60-дан $30-ға құлдырағаннан кейін [2] мұнай экспортының ел экономикасы үшін басты кіріс көзі ретінде қарастыру - тиімсіз саясат екендігі фактіге айналды. Сол себептенпосткризистік экономиканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, индустриялық бағдарды шикізаттық емес өнеркәсіптік салаға бұрғанымыз - сыртқы және ішкі сауданың жаңа деңгейге шығуына кепілдік береді. Осы орайда кәсіпкерлік саланың бұл процесске интеграциялануы ұлттық экономикамыз үшін маңызды деп танылып, курстық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдап алынды.
Зерттеу мақсаты: Отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды екіжақты талдай отырып, КОБ-ның ұлттық экономикадағы рөліне баға беру.
Зерттеу жоспары:
- Кәсіпкерлік саласының ұлттық экономикамыздағы рөліне баға беру;
- Реформалар мен бағдарламаларға талдау жүргізу;
- Талдау нәтижесіне сүйене отырып, ұсыныс білдіру;
- Сандық әдісті пайдаланып, сауалнама жүргізу;
Зерттеу сұрақтары:
- Қазақстан экономикасының дамуында «кіші және орта бизнестің» рөлі қандай?
- Қазақстанда кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар қаншалықты тиімді жұмыс жасауда?
- Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік орта қалыптастырудың жолдары қандай?
Гипотеза: Зерттеу жұмысы нәтижесінде Ұлттық экономикамыздағы КОБ-тің рөлі айқындалып, оны дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы мардымды тұжырымдар қалыптасады. Осыған байланысты аталмыш саладағы кем-кетіктер мен мәселелер анықталып, оның тиімді шешу жолдары ұсынылады.
II. Негізгі бөлім
А. Зерттеу сұрақтары
2. 1. Қазақстан экономикасының дамуында «кіші және орта бизнестің» рөлі қандай?
Кәсіпкерлік саласы - жаңа кезеңдегі ұлттық экономиканың инновациялық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруы тиіс, себебі бұл сала - өзінің менеджменттік икемділігімен, қаржыландыруының жеңілділігімен, сондай-ақ кризистік жағдайға адаптациялана алатындығымен қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге және бақуатты орта тапты қалыптастыруға қабілетті.
КОБ саласының даму деңгейін, сәйкесінше оның қаншалықты эффективті жұмыс жасап жатқанын анықтайтын объективті көрсеткіш - оның ұлттық ЖІӨ-дегі үлесі. Осы орайда «Атамекен ҰКП» ұсынған деректер мен диаграммалар талданатын болады(№1сурет) . Қазақстан ЖІӨ-дегі КОБ-ның үлесі 2010-13 ж. ж. аралығында азая түссе, тек 2014 ж. ғана мардымды 25%-ға жетіп, келесі 5 жылдықта стационарлы өсу деңгейін көрсеткен[3] . Оған мемлекеттік"БЖК-2020"бағдарламасының қабылданып, тұрақты жұмыс жасауы себепкер болған. Нәтижесінде 2019 ж. ҚР ЖІӨ-нің 30, 8%-ы кәсіпкерлік саласының еншісінде екендігі анықталды және бұл көрсеткіш дамыған елдердегі ЖІӨ деңгейін қанағаттандырмаса да, 2011 жылдың 17, 3% көрсеткішімен салыстырғанда айқын прогресс көрсетіп, жобаға жұмсалған қаражаттың ақталғанын көрсетеді.
№1 Сурет . КОБ үлесінің ҚР ЖІӨ -дегі 2008-2019 жылдардағы өзгеру диаграммасы, %[3] .
Кәсіпкерлік саласы - мемлекеттік құрылым үшін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық аспектінің әлсіз тұстарын конструктивті жолмен нығайтуға қабілетті. Атап айтқанда, КОБҚазақстан экономикасында ақсап тұрған ішкі тауар айналымы мен қызмет көрсету саласын жаңа деңгейге шығарып, жұмысбастылық бойынша жоғарғы көрсеткіш алуға жағдай жасайды. Мәселен:ҰКП ұсынған деректерге сүйенетін болсақ 2020 ж. 1-жартыжылдығында КОБ субъектілері арқылы жалпы құны 8, 1 трлн. теңгеге тауар өндірілген және бұл өткен 2019 ж. салыстырғанда1, 6% ға жоғары көрсеткіш болып табылады [4] . Бұл фактіденеліміз пандемия әкелген негативті өзгерістерге, яғни мұнай экспортының тиімсіз болып, сырттан келетін импорттық тауар тапшылығының әсеріненөндірістік тенденциясын шикізаттық бағыттан өнеркәсіптік өндіріс бағытына өзгерткенін байқауға болады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтып кеткендей:«Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы»[5], - цитатасын зерттеу сұрағына қатыстыра талдайтын болсақ, шағын кәсіпкерлік - өндірілгентауарлар мен қызмет көрсетуге оптималды баға орнататын «бәсекелестік жағдайдың» қалыптасуына және оның сәтті диверсификацияланып, сапасының жоғарылануына ықпал етеді.
Қорытындылай келе жоғарыда талданған деректер мен тұжырымдарға зер салсақ кәсіпкерлік саласы - ұлттық экономикамыздың жетекші позициясына шығып, оның эффективтілігін арттыруда үлкен потенциалға иеекендігін байқауға болады.
2. 2. Қазақстанда кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар қаншалықты тиімді жұмыс жасауда?
Кіші және орта бизнес саласы экономиканың басқада салалары секілді ұдайы қаржыландыру мен қолдауға мұқтаж. Сол себептен мемлекет тарапынан жыл сайын отандық кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламалар қабылданып, бірқатар инвестициялық қорлар жұмыс жасауда. Олардың ішінде ҰЭМ нұсқасы бойынша «Эффективті реализацияланған үздік жоба» деп танылғын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының отандық кәсіпкерліктің дамуына қаншалықты үлес қосқаны талданатын болады.
«Adilet. zan. kz» порталы ұсынған дерек бойынша 2015-19 ж. ж. аралығында БЖК-2020 бағдарламасының өмір сүруіне 145, 8 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалған [1] . Келтірілген фактіні саралай келе, бағдарламаның мемлекеттік масштабта, экономиканың негізгі сфераларының бірін дамытуға бағытталған ірі жоба екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан БЖК-2020 бағдарламасы өз функцоналында рационалды қаржыландырумен қатар бағытталған аудиториясының практикалық және теориялық біліктілігін жетілдіруге міндетті.
КОБ саласында жас кәсіпкерлердің санын арттырумен қатар өз бизнес-бастамаларын кеңейтуді көздегендерге де қолдау көрсету маңызды болып табылады. Осы орайда «Adilet. zan. kz» сайтының ақпаратына сәйкес ҰЭМ мен «Даму» қорының қолдауымен БЖК-2020 бағдарламасы 34098 жаңа жобаны қаржыландырса, өз кәсібінің кеңеюіне грант жеңіп алғандардың саны небәрі 700-ді құрады [1] . Бағдарлама тарапынан қолдауға ие болған «кәсіп бастаушылар» санының «тәжірибелі кәсіпкерлер» санынан әлдеқайда артық болуы екіжаққа да тиімсіз әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен: жас кәсіпкерлердің өз ісін жүргізіп кете алмауының әсерінен "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп тұрған кредиттер портфеліндегі сәтсіз инвестициялар үлесі артып, өзге де жобалардың рационалды жұмыс жасауына керексіз қысым түсіруі мүмкін. Жаңа жобалардың, яғни ШБС-нің жаппай инвестициялануының тиімді тұсына тоқталар болсақ, бұл арқылы нарықтағы белсенді кәсіпорындардың саны артып, тұтынушылар сұранысы үшін «бәсеке бәйгесі» қалыптасады.
«Молодой ученый» журналынан алынған кестеде (№2 Сурет) көрсетілгендей ШБС-сі өндірген өнім көлемін 2014 ж. 49, 6 млрд тг-ден 2018 ж. 310, 6 млрд тг-ге арттырып, жалпы нарықтағы үлесін 3, 2 есеге арттырды [8] . Қазақстан нарығындағы ірі кәсіпорындардың басым бөлігі "Тенгизшевройл" БК (Chevron), "Харрикейн Құмкөл Мұнай" АҚ (Harricein) "Coca-Cola Almaty Bottlers" АҚ (Coca-Cola) сияқты «трансұлттық компаниялар» мен «шетел үлесі доминантты отандық компаниялар» болғандықтан соңғы 2-3 жылда отандық ШБС-нің нарықты жаулап, пайданың басым бөлігін елде қалдырып жатқаны - аталған компаниялардың монополиясын шектеуге бағытталған нақты қадам болып табылады.
№2 Сурет. Ірі, орта, шағын бизнес субъектілерінің өнеркәсіп өнімін (тауарларды, қызметтерді) өндіру көлемі, млн. тг [12]
2. 3. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік орта қалыптастырудың жолдары қандай?
Іскерліктің қандай түрімен айналыссаң да, егер ол саладағы біліктілігің мен білімің жеткіліксіз болса кәсіпті бастаудың өзі үлкен қателік. Сондықтан кез-келген кәсіпкерлік ортада бәсекеге қабілеттілік пен нарықтағы тұрақтылыққа қол жеткізу үшін жалпы бизнес туралы түсінік қалыптастырып, зерттеулер жүргізу керек. Осы мақсатта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары жұмыс жасауда. Бұл жобалардың ерекшелігі - аудиторияны 2-5 күн аралығында бизнестің негізгі түсініктерін қалыптастыру болатын [1], бірақ осындай жылдам оқыту мәнері тиімсіз деп танылып қайта өңдеуге жіберілді. Нәтижесінде жалпы оқыту жүйесі трансформацияланып, жаңа стандарттарға сай «Бастау бизнес» жобасы ұсынылды. Мақсаты: 2017-2021 ж. ж аралығында жұмыссыздықпен күресу арқылы кәсіпкерлікті жаппай дамыту болып табылатын «Бастау Бизнес» бағдарламасы - 2016 жылдың 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №919 қаулысымен бекітілді, қазіргі таңда «Атамекен ҰКП» жетекшілігімен жұмыс жасауда [6] . Атап кеткендей шаралар мемлекет тарапынан да, билікке тәуелсіз ұйымдар тарапынан да жасалып жатыр, мұндағы мәселе - Қазақстандағы КОБ саласын жаһандық деңгейде бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жеткізу, ал ол үшін аталған бағдарламаларды мейлінше ауқымды аудиторияға трансляциялау қажет, дәлірек айтқанда:
- «Бастау бизнес» секілді теориялық-практикалық білім беретін жобаларды еліміздең барлық ірі жоғарғы оқу орындарында (КазНУ, ЕНУ, СДУ, КБТУ, МУИТ т. с. с) презентациялау қажет. Бұл жастарға ерте бастан табыс табуға мотивация береді, сонымен қатар өз мамандығы жайлы екіойлы болып жүрген тәлімгерлердің жаңа білім менжаңа карьералық мүмкіндіктерге ие болуына жағдай жасайды.
- «Бастау Бизнес» жобасының ықшамдалған моделін мектеп бағдарламасына өз алдына жеке пән ретінде енгізу ұсынылады. Бұл жаңа буынның қаржылай сауаттылықты меңгеруіне жағдай жасайды. Статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі ең қаржылай сауаттандырылған елдер тізімінде Швеция мен Норвегия мемлекеттері 71%-дық көрсеткішпен көш бастап тұр [7] . Оның бірден-бір себебі -мектеп бағдарламасында ақшаның қалай жұмыс жасайтынын үйрететін«Қаржы» сабағының болуы.
Қазіргі таңда қарқынды инвестиция құюмен айналысып жатқан «Даму», «Атамекен» қорларының субсидияларына ие болу үшін үміткер өзінің жобасын презентациялап қана қоймай, өзінің жалпы «Бизнес» ұғымы төңірегінде білімді екендігін көрсетуі керек. Сол себептенжоғарыдағы келтірілген ұсыныстардың қарастырылуы -еліміздегі өз болашағын бизнеспен байланыстырғысы келетіндер қатарын арттыратыны сөзсіз.
B. Зерттеу әдісі
Таңдалаған тақырып төңірегінде мардымды зерттеу жұмысын жүргізу үшін бірқатар ресурстарға анализ жасалып, деректердің сенімді әрі актуалды(соңғы 3-4 жыл) екендігі анықталғаннан кейін ғана зерттеу жұмысына қолданылды. Ескере кететін жайт, зерттеу сұрақтарының жауабын іздеу барысында жиналған ақпараттар екі категорияға бөлінді:
- Сандық ақпарат көздері:ШБС-і өндірген өнім көлемі көрстеілген диаграмма- «Молодой ученый» журналындағы «Анализ эффективности реализуемых госпрограмм» мақаласынан алынып, өзіндік тұжырымдама жасауға ықпалын тигізді. 2-зертеу сұрағына зерттеу жүргізу мақсатында«БЖК-2020» бағдарламасыныңдаму индикаторлары, құрылымдық бюджеті және субсидияланған жобалар саны жайлы деректер«adilet. zan. kz» ресми сайтынаналынып, бағдарламаны екіжақты талдауға мүмкіндік берді. «Атамекен ҚР ҰКП» ұсынған «2019 ж. Қазақстандағы кәсіпкерлік саласының дамуы» жайлы есебінен алынған деректер -КОБ субъектілерінің ЖІӨ-дегі үлесін анықтау мақсатында қолданылып, кәсіпкерлік саланың ұлттық экономикадағы рөлін анықтауда тиімді болды.
- Сипаттамалық ақпарат көздері:1-зерттеу сұрағындағыЕлбасы цитатасы ҚР Президентінің ресми сайтынан (www. akorda. kz) алынып, «Бәсекелестік» ұғымының маңызын ашуда тиімді қолданылды. Тағы да «adilet. zan. kz» ресми сайтынан алынған «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары туралы деректеравторлық ұсынысқа тірек ретінде пайдаланылды.
Курстық жұмыстың негізгі талаптарының бірі - жергілікті халықтың басты тақырыпқа, яғни КОБ-тің ҚР экономикасындағы рөліне қатысты пікірін анықтауға бағытталған«біріншілік зерттеу жұмысын» жүргізу болатын. Бұл талапты тиімді түрде орындап, зерттеуді субъективті бағытта қарастыру үшін: жергілікті тұрғындардан 5 жабық, 1 бағалау және 1 ашық сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Осындай форматтағы сандық зерттеу әдісінің таңдалу себебі- бұл бірнеше адамдардың ой-пікірін бір сауалнама арқылы жинақтап, диаграмма мен кесте арқылы салыстыруға ыңғайлы құрал болып табылады. Алғашқы сұрақта жауап берушінің жасы сұралса, 2-ші және 3-ші сұрақтар тұлғаның бизнеске деген көзқарасын анықтауға бағытталған. 4-ші сұрақта жауап берушінің елімізде кәсіпкерлікті қолдайтын бағдарламалардан қаншалықты хабардар екендігі сұралса, 5-ші сұрақ респонденттердің сол бағдарламаларға беретін бағасын білу мақсатында қойылды. 6-шы сұрақ жауап берушілер үшін ел экономикасында КОБ қандай рөл атқару керектігін айқындауға бағытталды, өз кезегінде 7-ші сұрақ адамдардан кәспікерлер санын арттыруда қандай ұсыныс беретіні сұралып, сауалнама қорытындыланды. Сауалнама “Google Forms” платформасында жасалынып, жауап берушілердің саны толық 100 адамды құрады.
C. Зерттеу қорытындысы
Кәсіпкерлік саласының ұлттық экономикадағы рөлін анықтауға бағытталған зерттеу жұмысы өз нәтижелерін берді, ал басты тақырып аясында жергілікті тұрғындардың қалдырған пікірі келесі талдау жұмысының негізі болады.
Сауалнамаға қатысушылардыңКОБ-ке және оның ұлттық экономикамыздағы рөліне байланысты пікірлерлеріне анализ:
- Әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың арасында жасөспірімдердің (14-18 жас) үлесі 27%, жастардың (19-25 жас) үлесі 10%-ды құрады. Ересек респонденттер 2 категорияға бөлінді: 26-35 жас аралығындағылар 15%-ды құраса, 36 жастан жоғары респонденттер 47%- ды құрады.
- №2 сұрақ адамның жеке пікіріне қатысты болды, яғни«Кез келген адам кәсіпкер бола ала ма?» сұрағына 63 адам «Иә», 37 адам «Жоқ» деп жауап берген. Бұл жауап қатынасы арқылы елімізде әліде толығымен капиталистік-демократтық ойлау қабілеті қалыптаспағанын білуге болады. Алайда, көпшіліктің ойында бизнес саласына деген қызығушылықтың бар екенінде жоққа шығармау керек.
- №3 сұрақта респонденттерге ішкі түйсігіне немесе біліміне сүйене отырып таңдау жасау керек болды. Дәлірек айтқанда:«Бизнеспен айналысамын деп шештіңіз делік, өз ісіңізді қандай капиталмен бастаушы едіңіз?» сұрағына респонденттердің 52%-ы жинаған ақшамен бастау керек десе, 21%-ы 0-мен яғни капиталсыз бастағанды дұрыс деп санайды. Ал, өз кезегінде мемлекеттік субсидияны пайдалану керек деушілер 24%-құрап отыр, ең төменгі көрсеткішті небәрі 4%-бен «несие алу арқылы» жауабы көрсетіп отыр. Бұл жауаптардың ішінде «Бизнес заңдылығына» қайшы келетін жауап біреу ғана, қуаныштысы дәлосы жауап ең төменгі қолдаушылар санын көрсетір тұр.
- №4-ші, Кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жайлы естуіңіз бар ма? сұрағына респонденттердің 90%-ы «иә» деп жауап берген жәнеолардың басым бөлігі мемлекеттік масштабта популяризацияланған «БЖК-2020» бағдарламасын көрсеткен. Сондықтан бұл жауаптыескере отырып, ендігі кезекте осы бағдарламалар жайлы халықтың тереңдетілген ақпарат алуға дайын екендігін байқауға болады.
- Келесі сұрақта респондентттерден айтылып кеткен бағдарламалардың елімізде қаншалықты тиімді жұмыс жатқанына баға беру сұралды. Көпшілігі (шамамен 48%-ы) жоғары 5-тік баға көрсеткен, ал 35%-ыорташа десе, 17%-ы нашар деп бағалаған. Дәл осы сұраққа келгенде жауап берушілердің пікірінің субъективтілігі максимал болды деуге болады, себебі олардың басым бөлігі өз жауабына нақты дәлел келтіре алмауы мүмкін, сондықтан осы сұрақтан бірыңғай субъективті жауап алынды деуге болады.
- №6-шы«Сіздің ойыңызша, экономиканың тұрақты дамуы үшін "Кәсіпкерлік сектордың дамуы" приоритетте болу керек пе?»сұрағына 55 адам толық «иә» деп жауап берсе, 41 адам «иә бірақ приоритет емес» деген жауапты таңдаған және небәрі 4 адам пікірді теріске шығарған. Бұл жауаптар қатынасы адамдардың - экономика саласының дамуы кәсіпкерлік салаға тікелей тәуелді екендігіне жаппай келісетіндігін көре аламыз.
- Соңғы қорытындылаушы сұрақта респонденттерден - еліміздегі кәсіпкерлердің сапасын сақтай отырып қалай санын арттыруға болатыны жайлы ұсыныс беру сұралған болатын. Жауаптар ішінде мағыналас пікірлер бірнеше рет кездесті: сауалнамаға қатысушылардың бірнешеуі мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны көбейтіп, жалпыға ортақ бағдарламалар шығаруды ұсынған; Сонымен қатар жемқорлық мәселесімен күресіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру ұсынылған. Басқа да эксклюзивті ұсыныстарды ескере отырып, жалпы халыққа кәсіппен айналысу үшін керекті жағдайларды анықтауға болады.
Сауалнама жауаптарына талдау жұмысын қорытындылайтын болсақ, жергілікті халықтың негізгі проблемалық сұрақтарға деген пікірі - зерттеу барысында жасалған жалпылама және түсіндірмелі тұжырымдарға қарсы келмейтінін, керісінше авторлық позиция және зерттеу жұмысының идеясына сәйкес келетіндігін ұғуға болады.
D. Бағалау
«Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру» концепциясында - мемлекеттік құрылымның ең негізгі компоненттері, дәлірек айтқанда: саяси тап; экономика; халықтың әлеуметтік жағдайы қатар дамыған жағдайда ғана аталған мақсатқа жете аламыз. Өз кезегінде, бұл компоненттерге ортақ, яғни саяси өкілдер де, қарапайым халық таәсер ете алатын бірден-бір сала -кәсіпкерлік саласы. Бұл тұжырымның сапалы талдануы үшін PEST-анализі өз фунционалының сәйкес болуына байланыстытаңдалды.
Р - саяси фактор
Саясат - региондық, қалалық және мемлекеттік тіптен әлемдік масштабтағы бизнес ортаны қалыптастырып, оның субъектілерінің өкілеттілігін өзгертуде маңызды рөл атқарады. Билік тарапынан қабылданған бір заң немесе акт белгілі-бір бизнесті жүргізу перспективаларын шектеуге немесе керісінше, КОБ субъектісіне жаңа мүмкіндіктер беруі ықтимал.
- Отандық КОБ субъектілерінің сан-сапасын арттырып, сәйкесінше тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін -билік тарапынан трансұлттық компаниялардың монополиясын шектейтінжәне салыстырмалы тұрғыда жоғары салықтар төлеуге мәжбүр ететін заңдар енгізу қажет. Осы арқылы олардың ҚР саяси-әлеуметтік құрылымына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік аламыз. UNCTAD деректеріне сүйенетін болсақ, Қазақстанда қарамағында 18 мың жұмыскері бар 1600 ТҰК филиалдары тіркелген[10] . Яғни, тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие тауарлар ТҰК-да өндірілсе немесе шетелден экспортталатын болса қазіргі нарықтағы бағаны ҚР өкілдері емес шетелдік компаниялар орнатып отыр деген сөз. Сондықтан отандық кәсіпкерліктің күшеюі - нарық билігін өз қолымызға алуда маңызды рөл атқаратын болады.
Е - экономикалық фактор
Кәсіпкерлік саласына экономикалық фактордың әсерін асыра бағалау өте қиын, себебі КОБ субъектісінің реализациялануына экономиканың біренеше құрамдас бөлігі әсер етеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz