Жастар ҒЗО
Қызылорда қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қоғамды зерделеу
Тақырып: 2020 жыл "Еріктілер" жылы деп қабылдануы еліміздің әлеуметтік ахуалына қаншалықты әсер етті?
Орындаған: Санақ Торғын_________
Жетекші: Акынбекова Гулнур_________
Ішкі модератор: Кенбаева Надежда____________
Қызылорда қаласы, 2021
Мазмұны
I. Кіріcпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Зерттеу бөлімі:
A. Зерттеу сұрақтары
2.1. Еріктілер қоғамы ел әлеуметінің дамуында қандай рөл атқарады?
2.2. 2020 - Еріктілер жылының қабылдануы елімізде қандай мүмкіндіктерге жол ашты?
2.3. Қазіргі таңда жастар арасында еріктілердің белсенділігі неліктен төмен?
B. Зерттеу əдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
C. Зерттеу қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
D. Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Пайдаланылған əдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Атамекен" ҰКП - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
БҰҰЕБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы
ТжКБ - техникалық және кәсіптік білім беру
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ҰВЖ - "Ұлттық волонтерлер желісі" заңды тұлғалар бірлестігі
ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ЖОО - жоғары оқу орны
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
Кіріспе
Әлеуметтік мемлекет - кең әлеуметтік негізге сүйеніп және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет [6]. ҚР-ның Конститутциясы, 1 бөлімі 1 бабында:Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.Бұл еліміздің еріктіліктің тамыры терең мәдениеттерге, замандарға және саяси, діни бағыттарға байланысты әр түрлі әлеуметтік шеңбер[1]. Тиісінше, тұжырымдама еріктілік жағдайлық болып табылады және әр түрлі жағдайда әр түрлі мағынаға ие болады [3].
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 26 тамызында [4] волонтерлікті насихаттау мақсатында 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Ол адами әл-ауқаттылықты арттыру бойынша басты стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларда көрініс табуы - әр азаматтың тәжірибе жиынтығының ел ахуалына тікелей әсер ететіндігін айқындайды. Covid-19 вирусы бойынша әлемдегі пандемияға байланысты және ҚР бойынша аурудың алдын-алу мақсатында карантин бекітілді. Карантин жарияланғаннан кейін еріктілер халықтың әлеуметтік осал топтарын, жалғызілікті қарттарды, мүгедектерді және кедейлерді - инфекциядан өмірлік маңызды өнімдер мен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін белсенді акциялар ұйымдастырды. Кәсіпорын өкілдерімен келіссөздер жүргізілді, онда азық-түлік себеттері жиналып, еріктілер жеткізді. Жыл аясында Ақмола облысының өзінде 35 демеушілер мен меценаттар 13,9 млн. теңге көлемінде 24,444 мұқтаж адамға көмек көрсетілді[14]. Яғни, қайырымдылықпен айналысатын еріктілер саны артып, болашақта әрбір адам азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін болады.
Зерттеудің өзектілігі: 2020 жылы жаһандық орын алған пандемия еліміздің әл-ауқатына үлкен соққы берді. Нақты айтқанда, 2020 жылы ДСМ есебі бойынша коронавирус инфекциясын 154,720 адам жұқтырып, 2262 адам қаза тапқандықтан[18],жалпы ұлттық төтенше жағдай жарияланды. Карантин уақытында медициналық қызметкерлердің тапшылығы, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі және асептикалық стандарттардың болмауы - Қазақстанның пандемияға дайын болмағандығын айқындайды. Сондықтан еріктілер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Осыған орай, еріктілер тобына айрықша көңіл бөлініп, пандемиядағы әлеуметтік салалармен бірігуі халқымыз үшін маңызды деп саналып, курстық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанда еріктілерлер қоғамының дамуын қамтамасыз етуге қарастырылған 2020 волонтерлар жылының берген мүмкіндіктерін анықтап,жасалған іс-шараларға баға беру.
Зерттеу жоспары:
Зерттеу сұрақтарына қатысты мәліметтер жинақтау;
:: Жыл аясында ұйымдастырылған іс-шараларға анализ жасау;
:: Сенімді БАҚ өкілдерінен ақпараттар мен дәлелдемелер көрсету;
:: Сұхбат, сауалнама және т.б зерттеу әдістерін пайдаланып, көтерілген мәселенің шешу жолдарын табу
:: Зерттеу сұрақтары:
1. Еріктілер қоғамы ел әлеуметінің дамуында қаншалықты маңызды?
2. 2020 - Еріктілер жылының қабылдануы елімізде қандай мүмкіндіктерге жол ашты?
3. Қазіргі таңда жастар арасында еріктілердің белсенділігі неліктен төмен?
Зерттеу әдістері: Зерттеуде соңғы 3 жылда өзекті статистикалық ақпараттарды қазіргі көрсеткіштермен байланыстыру әрі салыстыру мақсатында контент талдау жасалады. Сандық деректерді алу мақсатында Еріктілер фронт офисының басшысымен сұхбат алып контент талдау, ал сапалық деректерді алу үшін және маңыздылығын анықтауда сауалнама әдісі пайдаланады.
Гипотеза: зерттеу жұмысы нәтижесінде Қазақстандағы еріктілердің рөлі анықталып, олардың белсенділігін арттыру жолдары табылады деген тұжырымдама жасалды. Осы орайда атаулы жылда атқарылған жұмыстардың мықты және осал тұстары айқындалады.
Негізгі бөлім
II. Зерттеу бөлімі
А. Зерттеу сұрақтары
2.1. Еріктілер қоғамы ел әлеуметінің дамуында қаншалықты маңызды?
ХХІ ғасырдағы дамығанҚазақстанның бәсекеге қабіліттілігі жастардың бойындағы Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік және ұлттық құндылықтардың қалыптасуы арқылы анықталады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік дамудың маңызды аспектілерінің бірі ерікті жастар деп айта аламыз.
100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында қабылданған 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚР-ныңВолонтерлік қызмет туралы заңына сәйкес, волонтерлік қызметті жүзеге асыратын кез-келген жеке тұлға волонтер ретінде танылады [10].Заңның 4-ші бабында Мемлекеттік еріктілердің саясатының келесідей міндеттермелері айқындалған:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды
дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл
жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және
іске асыру және т.б. Яғни, Қазақстанда еріктілердің құқықты-нормативтік мүдделерін заңнамалы деңгейде қорғайтын құжаттың болуы олардың мемлекет құрылымындағы үлесінің дәлелі[10].
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымованың PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатына сәйкес, 2017 жылы елімізде 100 ге жуық волонтерлік ұйым болса, 2020 жылы 200ге дейін өскендігін айқындайды[11]. Сонда, волонтерлық ұйымдарға қазақстандықтардың қызығушылықтары артқанын көре аламыз. Осылай, еріктілердің белсенділігі артты, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, өзіне өтініш білдірген бірқатар волонтерлік ұйымдардың бастамасын қолдап, тұрақты даму мақсатында Волонтерлар жылын жариялау туралы идеяны қолдады. Мемлекет басшысы 2019 Жастар жылының жабылуында : "Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз"- деп өз пікірін мәлімдеді [8].Бұл пікірді зерттеу сұрағына байланыстыра талдайтын болсақ, еріктілердің болашағынан үлкен үміт күтілеуі және осы әлеуметтік топқа жауапты миссияның жүктелуі кемел стратегиялық шешім болып табылады. Әсіресе, ол жолдауда волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту, ұлт бірлігі мен ұлттық мүдделерің әлемдік деңгейге ілгертуге назар аударып отыр. Басты мақсат - ерікті қызметке жеке азаматтарды, жастар мен жасөспірімдерді тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, волонтерлік қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады [15].
Қорытындылай келе, жоғарыда талданған ақпараттарға үңілсек, Қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы және Қазақстанның мүдделерін халықаралық аренада қорғау мақсатында халықаралық диалог алаңдарына волонтерлік ұйымдардың рөлі зор.

Қазақстанда еріктілер бастамаларын ілгерілету үшін QAZVOLUNTEER.KZ онлайн платформасы құрылды. Еріктілер қозғалысына қатысқысы келетін кез-келген адам оған, сондай-ақ тиісті сипаттағы кез-келген ұйымға тіркеле алады. [14]
2020 жыл көптеген қиындықтармен есте қалды, ең атаулы мәселе Дүниежүзілік пандемия болып табылады. Бұрын әр ұйым жеке жұмыс атқарып келген болса, биылғы жылы Ұлттық волонтерлар желісі ұйымы және БізБіргеміз жобасы аясында 80 нен астам ұйым бірлесіп, бірқатар елеулі мемлекеттік жобалар ұйымдастырды. БізБіргеміз жобасы арқылы пандемиядан зардап шеккен отбасылар, жеке тұлғаларға материалдық және моральдік көмек волонтерлар және де меценаттар арқылы көрсетілді. Атап айтсақ, 2020 жылы 1,5 миллиард теңге мемлекеттік бюджеттен бөлінгенін Волонтер жылының бюджетіне зерттеу жүргізген сарапшы-экономист, Zertteu Research Institute ұйымының директоры Қуаныш Оңалбаев еске салады Forbes.kz[2].
Әлемдік пандемия кезінде ел Президенті барлық ұйымдарға, кәсіпкерлерге өз отандастарына барынша қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге шақырды. Идеяны қиын кезеңде бір-біріне жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлікті сақтау парызымыз деп білетін волонтерлік, қайырымдылық және басқа да ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар қолдау көрсетті. Biz birgemiz акциясы аясында Жас Отан жастар қанатының волонтерлары Қазақстанның қалаларында 5000 қарттарға, 35000 нан астам мүгедектерге, 48000 тұрмысы төмен отбасыларға медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды жеткізді [14]. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ және БҰҰЕБ секілді ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, Пайдасыбаркарантин, BeKind, Foreverychild, Поклон героям, Орта және шағын бизнеске көмек және т.б карантинде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған акциялар ұйымдастырылды [7].Оған қоса, Волонтерлар фронт офисы 2020 жылы болған іс-шараларды :
Bilim ;Qamqor;Sabaqtastyq;Saýly q;Taza Álem;Asyl mura;Úmit секілді 7 бағытқа бөлді.[7]Осылайша бөлу стратегиясы өте эффективті болып табылды, себебі әлеуметтік сфераларға волонтерларды тиімді бөлістіру және мәселеге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Жастар республикалық деңгейде онлайн курстар, конференция, коуч, тренингтер және аттестациялардан өту арқылы білімін және кәсібилігін арттырып, бәсекеге қабілеттігін көрсетті.Сондай-ақ, Qazvolunteers.kz порталының мәлімдемесі бойынша бір жылдың ішінде 70тен аса волонтерлік ұйымдар ақпарат алмасып, қазақстандық тәжірибе туралы айтуы үшін шетелге халықаралық ірі сұхбат алаңдарына, волонтерлік конференцияларға шыға алуы үшін бірнеше мүмкіндіктер қарастырылды. Мысалы, былтырғы жылдың шілде айында Нью-Йоркте волонтерлік мәселелері бойынша үлкен жаһандық техникалық кеңес өтті, оған 150 ден астам мемлекет қатысты. Қазақстан өзінің волонтерлік қызметінің тәжірибесін таныстырды және бірқатар волонтерлік ұйымдардың да осындай ірі жобаларға қатысу таптырмас мүмкіндік алды.
Қорытындай келе, 2020 жыл әлеуметтік ахуалды көтеріп, жастарға дамуға мүмкіндіктер аша білді.

Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылы Жастар форумында: Жастың қуаты - білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Бүгінде мен патриоттардың жаңа буынының өсіп және есейіп келе жатқанын көріп отырмын. Сіздер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиелендіңіздер. Адамға жас кезінде жаңа жағдайларға бейімделу оңай болғандықтан, бұл дәл сіздердің алдарыңызға жоғары міндеттер қояды. деп жастарға артқан үміттің зор екендігін көрсеткен болатын.
Қазір, қазақстандық жастар қоғамның болашағын анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын, халықтың үлкен әлеуметтік тобына айналған. Расыменде жастар үлкен қоғамдық саяси күшке ие. Алайда қоғам ұзақ уақыт бойы жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесімен бетпе-бет келді, бұл нашақорлық, маскүнемдік, қылмыс және басқа да девиантты мінез-құлық сияқты жағымсыз құбылыстарға қарсы тұру өте қиын. Сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық мазасыздықтың, стресстің, агрессивті орынсыз мінез-құлықтың, өзін-өзі төмен бағалаудың, дайындықтың болмауы, әртүрлі өмірлік жағдайлардағы мәселелерді жеңе алмаудың және соның салдарынан сананың маргиналдануы, жойқын агрессивті энергияның күшеюі байқалады. Олар вандализм, ұрлық , казино және басқа да заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін.
№1 Сурет. Жастардың белсенділігін арту бойынша тірексызба [4].
Еріктілер ұйымдары жастарға патриоттық тәрбие, қоғамдық және саяси белсенділік,жаңа орта, достар мен мақсаттас адамдар табуға, қоршаған ортаны аялауға үйретеді. Сол ұйымдар жеткіншектер ортасының негізгі мәселелері мен қажеттіліктерін анықтайды және олардың қатысуымен нақты шешуге бағытталған, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбиелеу, мүдделі тараптардың қатысуымен өскелең ұрпақтың мәселелеріне талдау үшін ашық пікір алаңдарын қалыптастыру секілді жобаларды қоса алғанда, қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламаларды жоспарлап, жүзеге асыруды талап етеді. Қазіргі жастардың қалыптасуы елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен де тікелей байланысты болғандықтан олар жеке бос уақытын, идеологиясыз және ұстанымсыз өздерінше ұйымдастырып өткізеді. Жастарға ұсынылып отырған демалыс базалары, мәдени орындар бос уақытты пайдалануға жағдай жасайды. Бос уақыттың көп болуы, оны тиімді жұмсай алмау жастар арасында ғана емес қоғамда үлкен мәселе тудырады. Сондықтан мектеп, жоғары оқу орындары, жастар орталықтары үшін жастардың бос уақытын тимді пайдалану,тайм-менеджмент қалыптастыру маңыздылығы өсіп жатыр. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы орындар (мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындары, ЖРО) жастарға арналған шараларды тартымдылығына екпін жасау маңызды [4].
Басқарма тарапынан жастар саясатын іске асыру үшін 2019-2020 жылдарға ірілі-ұсақты жалпылай алғанда саны 350 шара белгіленген, ал бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 86 млн теңге, aл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 60 млн. 500 мың теңге қаралыпты[14].
Ерікті болу арқылы Ұрпақтар сабақтастығы, тәжірибе алмасу үшін тегін іс-тәжірибие жасауға болады. Осы арқылы жастардың мемлекет саясатына кірісіп, екі жақтың тиімді арақатынасының негізі қаланады.Бейресми білімнің көмегімен өзінің және қоғамның мәселелерін шығармашылықпен саналы түрде шеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz