Күй өнері - тәрбиенің басты құралы


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Дипломдық жұмыс
Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру
Мамандық: «Музыкалық білім берудегі педагогика және психология»
Мамандандырылуы:Педагогика және психология
Алматы 2021
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Музыкалық білім берудегі педагогика және психология
«Қорғауға рұхсат»
«---»21Ж
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру
Мамандығы: : «Музыкалық білім берудегі педагогика және психология»
Мамандандырылуы:Педагогика және психология
Орындаған: Хасенов Марат Балтабайұлы
Ғылыми жетекші: Қожамжарова Күләш Өмірзаққызы
Бақылау сарапшысы
Алматы 2021
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Мамандығы: «Музыкалық білім берудегі педагогика және психология
Тақырыбы: Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру
«»21ж
Ғылыми жетекші
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
- Халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері
- Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың заманауи жағдайына шолу жасау
ІІ. ТАРАУ. Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру әдістемесі
2. 1 Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
2. 2 Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Халық музыкасының қалыптасуы ертеден қалыптасып қазақ әдебиетінде өзіндік орнымен айшықтана білді. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік қасиеттерін кеңінен насихаттайтын сал-серілердің өлеңдері мен жыраулардың толғаулары ұрпақтың санасына жатталды.
Жеткіншектердің адамгершілік тәрбиесі педагогикадагы аса бір маңызды көп жақты проблема. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалар мен диалектикалық бірлікте болады.
Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері әртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып, патриоттық тәрбиенің мазмұнын, оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін нақтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандықтарды патриоттық рухта, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіруді ұлттық идеологияны қалыптастыруды, оның ұлт болашағы үшін маңыздылығын күн тәртібінен түсірмей келеді[1, 2б] .
Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда және сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін өздерінің еңбектерінде Г. А. Уманов, К. К. Құнантаева, Қ. К. Жанпейісова, Ж. Мақатова, С. Б. Омарова, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов [3, 32б; 4, 12б; 5, 23б; 6, 16б; 7, 28б; 8, 32б; 9, 42б] қарастырды.
Ұлттық салт-дәстүрлер, халық әндері, музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне Л. С. Сейдахметова, НурмукашоваС, С. Ұзақбаева, Оразалиева М. А; Иманбаева, Ешімханов C [10, 2б; 11, 35б; 12, 24б; 13, 23б; 14, 3б; 15, 56б] ізденістерінде біраз назар аударылып жүр.
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру проблемасы бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың адамгершілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, амал-жолдарының айқындалмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмағанын көрсетеді. Демек, оқушылардың адамгершілігін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектептегі, соның ішінде бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбиенің жағдайы арасында қазақ халық музыкасының адамгершілік тәрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Қазақ музыкасында табиғатқа, ел мен жерге деген ыстық ықыласын білдіру, оны сөзбен және музыкамен бейнелеу үлкен дәстүрге айналған. Ақындар мен композиторлар табиғатқа, ел мен жерге айналған қайталанбас туындыларын дүниеге келтірген. Сондай туындыларында туған жерге деген сүйіспенщілігі мен махаббатын дәл бейнелей білген. Һәм сондай шығармалардың бірі-халық әні «Алатау». Қазақ үшін зор мақтанышқа айналған асқар «Алатау»қай кезде де өлеңмен жырға, ән мен жырға арқау болған. Осындай құдіретті ән өнері бастауыш сынып оқушыларын туған жерін құрметтеуге, адамгершілік жоғары сезімдерін алға қоюға баулитыны сөзсіз.
Туған жер әрбір адам үшін қасиетті. Туған жерге деген ықылас пен оған деген құрмет те мәңгі. Талай тарих белестерді өткеріп, бүгінгі таңда ата-бабаларымыз арман еткен егемендігіміз бен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Сондай тәуелсіздікті аңсаған халық туған жері үшін жанын беруден аянбады, ары мен намысын бәрінен биік қоя білді. Елім деп еңіреген ерлер білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап бақты. Терең тарихымызбен астасып жатқан қаншама әндер мен күйлер, өлең жырлар соның айқын айғағы болып табылады. Қазақ халқының басына ауыртпалық кезең туғанда атақты Қазтуған жыраудың «Қайран да менің Еділім» деп толғаған жырлары ауыздан-ауызға тарады. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»деген атпен тарихта қалған ауыр кезең жоңғар шапқыншылығы кезінде де «Елім ай» әнімен «Ағажай алтай жер қайда » деп зарын әнге қосты. Сол кездер де туған жерге деген, отанға деген қимастық сезімдерін әнмен жеткізі білген халық. Бұл сезім адамгершілігі жоғары жаннан көрініс табатаны белгілі. Осылайша ауылға деген еліне деген жан тебіренерлік ықыластарын әндер мен күйлер арқылы ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Туған жердің қадірі мен қасиетін әнге қосып, күймен толғаған қайталанбас туындылар әлі де дүниеге келуін тоқтатқан емес. Көптеген ақын композиторлардың шығармашылығынан ойып орын алған басты тақырып туған жер болып табылады. Бастауыш сынып музыкасы бала бойына сенімділік пен қатар ертеңгі күнге деген үмітті, адамгершілік қасиеттермен қатар ақын жазушылардың дара жолдарынан тәлімдіұқтырары сөзсіз.
Зерттеу объектісі : бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесі.
Зерттеу пәні : қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің әдістемесін жасау.
Халық музыкасындағы бала бойындағы адамгершілік қасиеттерін одан әрі білім арқылы насихаттап жеткізу. Өлең-жырлардың, күйлердің тәрбиелік мәнін дәріптеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
- Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың заманауи жағдайына шолу жасау.
- Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
- Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастыру;
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Теориялық және әдістемелік ретінде еліміздің музыкатану, әдебиеттану және өнертану ғылымдары бойынша көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
І ТАРАУ. Халық музыкасының көмегімен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
Халық педагогикасының қайнар бұлағы, ең үлкен бір саласы-халық ауызекі шығармашылығы. Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Ауыз әдебиетінің тәлім-тірбиелік мәнін кемеңгер жазушы М. Әуезовтың мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті - оптимизмді, сол халықтың өткендегі өмірі, аңсау-арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық тәрбиесінің жемісін көреміз». Ата-бабаларымыз күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы сырнай үнімен, ән-жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, ертегі, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Сонымен халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рөл атқарады.
Халық ауызекі шығармашылығының балалар мен ересектер тәрбиесінің таптырмас құралы, әдіс-тәсілі, құнды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратындығын ескере отырып, бала тәрбиесінде дұрыс пайдалану арқылы жетілдіруді көздейді, сонда ғана Қазақстан Республикасының егеменді ел болуымен байланысты ұлттық мәдениетті марапаттау, халықтық педагогиканың қағидаларын балаларлардың бойына дарыта, адамгершілік, ізгілік рухында тәрбиелеу талабы шешілері сөзсіз.
Ұрпақ тәрбиесі - ұзақ және күрделі процесс. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсыны үздік тәрбиелеу жолына бағыштап отырған. Өйткені, ұрпақ тәрбиесін елдің әлеуметтік дамуы мен құрылысының келешегін айқындаушы негіз деп санаған. Сол үшін де тәрбиеленушілерге тәрбие беруде халқымыздың ғасырлар бойы сан мыңдаған сындарынан өтіп бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін негізге алуға міндеттіміз.
Айтыс - қазақ ауыз әдебиетінің аса мол дамыған дербес бір саласы. Ол ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген. Бала - болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.
Музыка - мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға тараған халықтық музыканың түп-тамыры, сайып келгенде, соның ырғағы мен тынысында жатыр. Қазақ халқының дәстүрлі әуені - рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдікке ие болды.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А. И. Левшин былай деп айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А. Эйгхорн қазақтардың музыкасы туралы өз еңбегінде: «Бірде көк жайылымда асыр салып, ойнақтаған құлын секілді шат-жарқын бейқам баладай, бірде еркін, өмірге құштар көкте қалықтаған өр қырандай қазақ әндерін тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектен, шолпысы сылдыраған бұрымды қызға, аяулы анаға, кішкентай айдарлы баладан еңкейген қарияға дейін нақышына келтіріп орындайды. Бұл дегеніңіз - халықтың баға жетпес мұрасы мен мызғымайтын игілігі, халықтың өзіндік бет-бейнесі» - деп жазса, қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г. Потанин: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» - деп жазды» [2, 2. б] .
Қазақ музыкасы - өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар - жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны белгілі. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтылуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған.
Ертедегі Орхон-Енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т. б. көптеген Шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. Отырардан шыққан ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл Фараби музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде музыканың жағымды әсерін жан - жақты дәлелдеді, сондай - ақ оның адамның жан дүниесіне әсер ететін тәрбиелік мәнін баса айтты. Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлының айтуынша шығыс халықтарының арасында тарап жүрген мынадай бір аңыз бар: Шығыс патшаларының бірінің сарайында той - думан қызып, бек - патша, бай - манап, қожа - молдалар жиылып үлкен жиын - тамаша құрыпты. Оған Фараби да қатысады бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиға ілтипат жасамайды. Бұған көңілі толмаған Әбу Насыр бір шетке шығып, музыка аспабын қолына алып, аса бір мұңды күй тартады. Оның мұңдылығы сонша жұрттың бәрі ойын сауықты тастай салып уайымға беріліп егіліп жылайды. Енді бір сәт аса қуанышты, көңілді күйді ойнап жөнелгенде әлгі жұрт бірден еңселерін көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылықтап күліп, ойнап кетеді. Мұнан соң Фараби бір түрлі жайма шуақ бір сарынды, қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елітіп бәрі қалмай ұйықтап қалады. Фараби жайына жүріп кетіпті дейді.
Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. XIX - XX ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. Көшпенді қазақтың көне музыкалық және өмірлік үндеуі осындай болды, ол үнемі жылдан жылға, ұрпақтан ұрпаққа айтылып, түрлі ұлттық музыкалық дәстүрлердің екпінді қызмет істеуін қамтамасыз етеді және ұлы Абайдың әйгілі өлең жолдарын тудырды:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең»
Біршама кейінірек пайда болған халықтың аспаптық музыкасының көне үлгілері - күйлер де өздерінің пайда болу кезеңінде өнердің құдыретті күшін насихаттады. Эпикалық және аспаптық дәстүрлердің пайда болуы халық есінде және аңыздарында аты аңызға айналған әулие Қорқытпен алғашқы бақсымен, «күй атасы» және музыкалық аспап - қыл қобызды жасаушысымен байланысты болды. Құрылысы мен бөліктерінің атаулары бақсының түсінігіне тән бүкіл әлемнің 3-деңгейлі моделін (жоғарғы, ортаңғы және төмеңгі әлемдерді) бейнелейтін қобызбен бірге Қорқыт ұрпаққа ұлы мұра қалдырды: қобыздық күйлер - «Қоркыт», «Желмая» (Қасиетті аруананың аты), «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Ұшардың ұлуы» және т. б. Олардың жартысы дыбыстық еліктеуіш сипатта болды және тірі табиғат дауыстарын жеткізді, жартысы - тұрмыс, өмір және өлім маңызы туралы философиялық ойлар болып көрінді. Бірақ, барлық шығармаларда бір күйден екіншісіне өтетін және қайта-қайта қайталанатын музыкалық сарындар құлаққа оңай ілігеді, олар қобыз дыбыстарында құдайға, рухтарға, табиғаттан тыс күштерге үнделген қайта тірілген ежелгі дұғаның, өсиеттің, арбаудың сөздері секілді [5, 45. б] .
Тек XIX ғасырға қарай Қазақстанның кең байтақ жерінде әр түрлі жергілікті кәсіби композиторлық және орындаушылық мектептер қалыптасты, сонымен қоса әр аймақ нақты бір дәстүрдің дамуына жеке «мамандандыруды» ұсынады.
Осылай, Батыс Қазақстан аумағы домбыралы төкпе күйдің орталық аймағына, ал Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) дәстүрлі әннің және шертпе күйдің эпицентіріне айналды. Оңтүстік-батыс аймағы (Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы) эпостық суырып салманың бай дәстүрін, ал Жетісу айтыс өнерін - суырып салма ақындарының жарыс өнерін сақтап, байытып келеді. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев есімдері тек қана қазақ музыкалық мәдениетінде ғана емес, сонымен қоса әлемдік музыкалық мәдениеттің тарихында ерекше орын алды. Олардың айқын дара стилімен, ерекше көркем құрылымымен және музыкалық-мәнерлі құралдарының аясымен ерекшеленетін шығармашылықтары - қазақ музыкалық классикасының мақтанышы.
Жоғары өнерді құра отырып, қарапайым халықты «ғажап құпиялыққа» - музыкаға баули отырып, олар қоғамның сүйіспеншілігі мен сыйластығына ие болып, әрдайым көпшіліктің назарының орталығында болды. Күйші- домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйші жөніндегі алғашқы деректер күй атасы Қорқыт (VII-VIII ғасыр) пен Кетбұға (XII-XIII ғасырлар) есімімен байланысты кездеседі. Күйшілер белгілі аспапқа арналған күйді орындаушы және күй шығарып әрі оны өзі орындайтын сазгер болып екіге бөлінеді.
Қазіргі заманда күй өнерін халыққа насихаттап, нақышына келтіріп орындаушылар: Академик А. Жұбановтан бастап, С. Мұхамеджанов, М. Қойшыбаев, Х. Тастанов, Р. Омаров, Н. Тілендиев, К. Күмісбеков сияқты Қазақстан кәсіби музыкасының іргетасын қалауға үлес қосқан композиторлардың айшықты шығармаларымен қатар, осы буынға ілесе шыққан М. Әубәкіров, А. Мырзабеков, М. Қалауов, Ә. Есқалиев, С. Балмағамбетов, Ш. Әбілтаев, Қ. Ахмедияров, А. Жайымов, Қ. Тасбергенов, С. Тұрысбеков, т. б. туындылары және С. Құсайынов, Ә. Желдібаев, М. Сыдықов сынды күйшілердің кең тараған күйлері де көпшілік тыңдарманның жоғары бағасын алды. 60-70-шы жылдары еуропалық аспаптық музыканың күрделі жанрларының бірі - симфония жетілдірілді. Оның төңірегінде пішіні бойынша классикалық туындыларға ұқсас композициялар - Г. Жұбановтың, К. Кұжамиярдың симфониялары туылып, жаңа жанрлық синтез - симфониялық күй пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz