Қауын шыбынының фенологиясын зерттеу


Қазақсатан Республикасы Ауыл шаруашылығы министерлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Урджегитова Айжамал Мұратқызы
«Түркістан облысы жағдайындағы қауын шыбыны және оған қарсы карантиндік шаралары»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В081100 мамандығы - «Өсімдік қорғау және карантин»
Нұр-Сұлтан 2021
Қазақсатан Республикасы Ауыл шаруашылығы министерлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушсі, профессор
Қ. М. Мұсынов
«___»2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Түркістан облысы жағдайындағы қауын шыбыны және оған қарсы карантиндік шаралары»
5В081100 мамандығы - «Өсімдік қорғау және карантин»
Орындаған: Урджегитова. А. М
Жетекші: К. с. -х. н., аға оқытушы Алипбекова Ч. А
Нұр-Сұлтан 2021
КІРІСПЕ . . .
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 8
1. 1 Қауын дақылының халық шаруашылығындағы маңызы . . .
1. 2 Қауын дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері . . . 10
1. 3 Қауын дақылының өсіру технологиясы . . . 13
1. 4 Өсімдік карантині . . . 17
1. 5 Қауын шыбынының таралуы, биоэкологиялық ерекшеліктері . . . 18
1. 6 Қауын шыбынының даму кезеңдер мен морфологиялық және биологиялық ерекшеліктер . . . 23
1. 7 Зақымдау сипаты, зияндылығы және фитосанитариялық тәуелділігі . . . 27
1. 8 Қауын шыбынымен агротехникалық және химиялық күресу шаралары. . 29
2. Қауын егістіктерінде қауын шыбынына қарсы қолданылған инсектицидтер биологиялық және шаруашылық тиімділігі . . . 42
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 45
3. 1 Қауын егістігіндегі қауын шыбынына қарсы инсектицидтермен өңдеудің экономикалық тиімділігі . . . 45
4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . . 48
5. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының елбасы Қ. К. Тоқаев өз жолдауында «Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек» - деп айтып кеткен болатын [1] .
Қазақстанда 2005 жылдан бастап карантиндік нысан болып есептелетін қауын шыбынымен күресуге қажеттілік туындады. Бұл зиянкес өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өте қауіпті және жойылуы қиын зиянкестердің бірі болып табылады. Қауын шыбыны бақша дақылдарының барлығын, оның ішінде көбінесе қауын, қарбыз және қиярды залалдайды. Негізінен бақша дақылдарына қауын шыбының дернәсілдері көп залал келтіреді. Осы дернәсілдер бақша дақылдарының етті шырынды қабатымен және ұрығымен қоректенеді. Залалданған жемістері шіриді және жеуге жарамсыз болып қалады [2] .
Қазіргі кезде қауын шыбыны біздің елімізде карантиндік зиянкес қатарына жатады. Қауын шыбынының географиялық таралуына келетің болсақ: Қауын шыбыны Жерортатеңізі, Азия, Кавказ, Ливан, Турция, Ирак, Ливан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Пәкістан, Сирия, ТМД елдері - Украина, Ресейдің оңтүстігі, Грузия, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстанда (Түркістан облысының Шардара, Арыс, Түркістан, Отырар аудандары мен Қызылорда облысы) таралған [3] .
Дипломдық жұмыстың негізгі өзектілігіне келетін болсақ, осы қауын шыбынының таралуына сәйкес оған есеп жүргізу, сонымен қатар оған қорғау шараларын ұйымдастыру және де түсінік жұмыстарын жүргізу болып келеді.
Дипломдық жобаның мақсаты: Түркістан облысы жағдайындағы қауын шыбыны және оған қарсы карантиндік шаралары
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Түркістан облысы бойынша қауын шыбынының санын анықтау, сонымен қатар мониторинг жұмыстарын жүргізу;
- Қауын шыбынының фенологиясын зерттеу;
- Қауын шыбынына қарсы қолданатын химиялық пестицидтердің шаруашылық, биологиялық сонымен қатар экономикалық тиімділігін есептеу;
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Қауын дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Қауын қауын тұқымдасы (Cucuvbitaceae) - жатады. Қауын негізінен кең таралған оның 100-ден аса түрі бар. ТМД елдерінде, оның ішінде біздің елде асқабақтың негізінен 25-30 түрі және 10-ға жуық туыстары таралған. Солардың арасында: қауын, қарбыз, қияр, асқабақ т. б жиі кездеседі. Әлемде қауын өндірісі шамамен 10 млн тоннан құрайды, соның ішінде жалпы өнім бойынша Қытай бірінші орында. Қауынның ең жақсы сорттарында қант мөлшері 12-14 пайызды, ал жекелеген жағдайларда-18 пайызды құрайды [4] . Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие: қауын құрамында қанттың мөлшері көп. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, асқазанға пайдасы зор. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Қауынның дәнін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларына және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолданған. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы пайдаланған. Қауын - төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес беріледі. Сонымен қатар қауын қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді, бүйректен тастарды шығарады, иммунитетті қатайтады, жүрек-қан тамыр ауруларынын ауруларын алдын алады және де жүйке жүйесін тыныштандырады [5] .
Қауынның қысқаша тарихы. Жабайы қауын қазіргі кезде көп кездеспейді. Мәдени формалар осы уақытқа дейін сақталған арамшөпті далалық азиялық түрлердің ішінен іріктеу арқылы алынады. Мәдени қауын шамамен Солтүстік Үндістанда және Иран мен Орталық Азияның іргелес аймақтарында б. з. д. ғасырлар бойы өтті. Біртіндеп өсірілген қауын батыстағы көршілес аймақтарға - Орта және Кіші Азияға, шығыста Қытайға тарала бастады. Қауынды ең алғаш Ежелгі Египетте өсірілгені белгілі. Қауын Еуропада орта ғасырларда танылды. XVI ғасырда ол Францияда, Прованста белсенді түрде өсіріле бастайды. Содан кейін ең танымал асқабақ сорттарының бірі- канталупа пайда болды, ол рим папалардың қала маңындағы резиденциясынан өз атын алды [6] . XIX ғасырдың ортасында венгр саяхатшысы және этнографы Вамбери өз жазбаларында: «Хиуада қауынға Азияда да, бүкіл әлемде де қарсылас жоқ. Еуропалықтар осы керемет жемістің хош иісті дәмі туралы түсінік қалыптастыра алмайды, ал нанмен ол ең керемет тағам ретінде ұсынады . . . »- деп айтып кеткен болатын [7] .
Біздің елдегі қауынның негізгі өсімдігі Қазақстанның оңтүстігі болып табылады.
1. 2 Қауын дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қауын - Меіо. Гүлдері сары, жапырақ қолтықтарында бірнешеден орналасқан. Аналық гүлдері жанама бұтақтарында орналасады. Қауын -біржылдың жатаған сабақты өсімдік. Жапырақтары бүтін, кейде тілімделген, бесбармақты, бүйрек немесе жүрек тәріздес. Сабақтары мен жапырақтары түк басқан, жапырақ жүйкелерінде тікенге айналады. Сабақтарында орналасқан мұртшалар көбінесе бұтақтанбайды. Жемісі - жұмыртқа, эллипс тәрізденген, домалақ не басқа кескінді. Сигменттелген, жылан тәріздес ұзынша созылған кескіндері де кездеседі. Жеміс беті тегіс, кейде бұжыр немесе әжімді болып келеді. Кей жағдайда жеміс қабығында жарықтар кездеседі. Жеміс жұмсағы борпылдақ немесе тығыз. Тұқымдары -қарбыз, асқабақ тұқымдарына қарағанда кішілеу, сопақша, ақ, ақшыл, кейде кҥңгірт түсті, ұзындығы 0, 5-тен 1, 5 см-ге дейін болады. 1000 дән салмағы - 35-50 г. Қауынның негізгі түрлерін ажырату. Қауын Cucumis L. Туыстырына жатады. Оның 40-тан астам түрлері кездеседі. Соның ішінде тек қауын Cucumis Melo және қияр Cucumis satuvus мәдени дақылдар қатарына жатады. Қауындарды А. И. Филов (1960, 1969. ) жеті экологиялық топтарға бөледі:
-мәдени
- еуропалық,
-орта азиялық және
- кіші азиялық;
-жартылай мәдени
- жылан тәрізділер,
-қытайлық қауындар,
- иісті қауындар;
-жабайы өсетіндер -арамшөп тәрізді қауындар.
Еуропалың (europalus) мәдени топқа жататын қауындардың жапырақтары орташа, ойығы бар, жапырақ сағаты қысқа, кейде жатыңқы. Жемістерінің көлемі және кескіні әр түрлі, жеміс жұмсағының шырындылығы аз, қанттылығы төмен (4, 5-5%) . Батыс Еуропа, Америка және Батыс ТМД мемлекеттерінде өсіріледі.
Бұл топқа жататын қауындар бес түр тармақты камтиды:
- ерте пісетін - ргеасах,
-аздық - duripulposus,
-кыстайтын - hiymalis,
-канталупа - cantalupa,
-америкалық - rokkiford.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz