Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні


Дағдарыстық жағдайда халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауды арттырудың құқықтық мәселелері.
Мазмұны.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
- Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері.
1. 1. Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру.
1. 2. Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
1. 3. Халықтың «осал» тобына әлеуметтік көмек қашан да қажет.
- Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы.
2. 1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.
2. 2. Халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржылық және институционалдық қамтамасыз етудi жетiлдiру бағыттары.
- Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні.
3. 1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық механизмдері.
3. 2. Дағдарыстан кейінгі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі.
- Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу.
4. 1. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты
жағдайдан шығу әрекеттері.
4. 2. Дағдарысқа қарсы басқару құралдарының теориялық аспектілері.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Спокойствие, только спокойствие - составляйте слова и разгадывайте кроссворд
Кіріспе.
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу, адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді. Қазіргі кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру, қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету тиіс.
Сондықтан әлеуметтік саясат дегеніміз- бұл мемлекет және халықтың әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға байланысты болып келетін қызмет бөлісі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету әр түрлі ұйымдастыру- құқықтық түрлерде жүзеге асырылады. Бұлардың негізгі мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады. Сондай-ақ Республикалық бюджет есебінен тікелей қаржыланып отырады.
Әлеуметтік көмек көрсету ең тиімді механизмі және нарықтық экономиканың көптеген әлеуметтік өзекті мәселелері шешуге мүмкіншілік жасайды. Сонымен қатар ол әлеуметтік еңбектік қатынастарын көптеген негізгі субъект ең жетілдірілген түрі болып есептелінеді.
1. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері.
Кедейлерге, аз табысыбар отбасыларына көмек ең кем дегенде оларға өмір сүру денгейінің төменгі дәрежесін қамтамасыз ету. Көмек- халықтың өте аз табысы бар белгілі топтарына арнаулы түрде көрсетілуі тиіс.
Халықтың мұдай топтарына аз табысы балалары бар отбасылар жатады:
- Жалғыз басты тұратын зейнеткерлер;
- Мүгедектер;
Аз қамтылғандардың, табысы аздарының критерийі болып жылдық жиынтық табыстардың мөлшері есептелінеді. Оның мөлшері өткен кварталдағы орташа айлықпен анықталатын есептік көрсеткіш 2 есе мәніне тең. Қазақстан Республикасының президенттің жолдауында көрсетілгендей біз стратегиямыздың маңызды мәселесін - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелері
-балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.
Биылғыжылдан бастап іс-жүзінде әр отбасының үлесіне игі қпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасы іске асырыла бастады. 2006 жылдан бастап диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттар қолданылатын балалар мен жасөспірімдер дәрі-дәрмек тегін қамтамасыз етуге көшетін боламыз.
2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларына (табысы аз отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға, ай сайынғы жәрдемақылар төленді 4 және одан көп бірге туратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы аналарға «алтын алқа», «Күміс алқа», немесе I, II -дәрежелі «ана даңқы» белгілерімен марапатталатын аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4000 тг. дейін көбейтуге тиіс.
2006 ж. 1 шілдеден бастап 1 жасқа дейінгі сәби күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.
Қазақстанда отбасылардың орташа мөлшері 4 адамды құрайды. Соңғы жылдарда көп балалы отбасылар саны азайып бара жатыр.
Балалары бар отбасыларға арналған қолданылып жүрген мемлекеттік жәрдемақылар жүйесін жетілдіру өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл проблемалардың әлеуметтік мәні ол халықтың ең бір әлсіз қорғалатын топтардың мүдделерін есепке алу. Бұларға жататындар:
1. Еңбекке жарамсыз адамдар, бірінші кезекте-балалар.
2. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Олар белгілі бір әлеуметтік фактордың болуынан байланысты жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік қалыптастыруға мұқтаж болып отыр.
3. Көпбалалы отбасылар;
4. 2-ші асыраушысының жоқтығы;
5. Балалы аз қамқорлығына алу;
6. мүгедек баланы тәрбиеленушілер.
Өзгеше сипаттағы шаралардың қатарына баланың тууы мен тәрбиеленуіне берілген әлеуметтік төлемдер жатады. Жәрдемақылардың әрбір түрі бөтен бір жәрдемақыларды алуына тағайындалады және беріледі. Отбасы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібінің ережелер арқылы белгіленеді.
Әлеуметтік төлемдердің ішінде жәрдемақылардың үлес салмағы басымды болып келеді. Бала туған кезде бір жолғы жәрдем алу үшін жұмыс істеп жүрген анасы жұмыс орны бойынша комиссияға жәрдемақы жөнінде өтініш жасайды және туу куәлігән тапсырады.
Егер ата-ананы жұмыс істемейтін болса, онда тұратын мекен жайы бойынша әлеуметтік қорғау жөніндегі жәрдемақы алу жөнінде өтініш білдіреді.
Жәрдемақы мөлшері-есептік көрсеткіштің 4 еселенген көлемі бойынша мемлекеттік әлеуметтік қасыздандырудың қорларының есебінен бөлінеді.
Балалары бар отбасыларына төленетін біртұтас жәрдемақылар әкесінің не анаының жұмыс істейтін орны бойынша тағайындалған төленеді және істемейтін ата-анасы тұратын мекен-жайы бойынша халықтың әлеуметтік қорғау бөлімінде төленеді.
Балалары бар отбасыларына бір жолғы берілетін жәрдемақылар, егер отбасыларда еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемеген жағдайда тағайындалады және төленбейді.
Табыстар жөніндегі анықтама комиссияға әр квартал сайын тапсырып отырады. Бір жолғы төленетін жәрдемақыларың мөлшері 3 жасқа дейінгі балаларға есептік көрсеткіштің 125% құрайды.
Жәрдемақы бала 18-ге толғанша төленіп отырады.
Мерзімді қызмет әскери балаларына жәрдемақы мекен-жайы бойынша әлеуметтік қорғау бөлімі тағайындайды және төлейді. Жәрдемақы мөлшері есептік көрсеткіштің 130% есебінен төленеді.
Қазақстан Республикасындағы балаларға төленетін жәрдемақы мөлшері
№ Балаларға төленетін және жәрдемақының түрлері Есептік көрсеткіш
1 Бала туылғ. д/н төленетін1 жолғы берілетін жәрдемақы
400
2 Кәмілетке жетпеген балалар бар отбасыларына ай сайын берілетін 1 жолғы
-3жасқа дейінгі
-3-18 жасқа дейінгі
125
130
3 Жалғыз басты аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
З-18 жасқа дейінгі 100
130
4 Мерзімді әскери қызметтың балаларына төленетін ай сайынғы жәрдемақы 130
5 Вич және СПИД ауыратындардың балаларына төленетін ай сайынғы жәрдемақы 130
6 Кәмелетке толмаған ата-анасы жағынан алимент төленетін балаларға уақытша ай сайынғы жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
18 жасқа дейін төленбейді
100
200
7 Жұмыс жасамайтын 5 және одан да көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы 100.
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан ұйымдағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның экономикалық дағдарысы - бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет.
Жалпы дағдарыстың барлық себептері өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің экономикалық жүйелерін ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден.
Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі объектісі болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
1. 1. Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні.
Қатаң бәсекелестік жағдайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысаны шаруашылық жүргізудің жеке субъектілердің дәрменсіздігіне немесе олардың уақытша төлем қабілетсіздігіне алып келді. Мысалы, статистиканың мәліметтері бойынша, ҚР-да терең экономикалық дағдарыстың нәтижесінде залалды кәсіпорындардың саны 80%-ды құрайды. Мұның нәтижесінде Қазақстандағы төленбеген төлемдер өте үлкен шамаға жетті, ал бұл өз кезегінде баспа-бас айырбас мәміленің үлкен көлеміне алып келді. Алайда, экономиканың тұрақтану жағдайында елде мұндай кәсіпорындардың болмауын күтпеген жөн. Мысалы, АҚШ-та жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпорындардың 50%-ы өздерінің қызметін бір жылдың ішінде тоқтатады. Сонымен қатар заңмен танылған банкроттар бар-жоғы барлық кәсіпорындар санының 1%-ын құрайды. Жоғарыда айтылғандар дағдарысқа қарсы басқару бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Неліктен алғашқы кезде қолайлы болған кәсіпорындар төлем қабілетсіздік жағдайға ұшырайды? Теория көрсетіп және тәжірибе растап тұрғандай, қазіргі жағдайда төлем қабілеттілігінің бұзылуы кәсіпорын стратегиясының сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне сәйкес келмеуінен пайда болады.
Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорынды басқару тәжірибесінде стратегиялық қағидалар болмаған. Тек 60-70-інші жылдарда басқарудың жаңа әдістері және сонымен қатар «стратегиялық басқару» термині пайда болды. Бұл ең алдымен бизнестің сыртқы ортасының өзгеруімен байланысты. (Сурет 1)
Кез келген жағдайда өзгерістерге дайындалып үлгермейтін кәсіпорынды дағдарысты деп есептеуге болады. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін кәсіпорынның экономикасы дағдарысқа тап болған себептерін уақытында түсіну керек және қиындықтардың (қаржылық қиындықтар) сыртқы көріністеріне дейін шаралар қолдану қажет.
Дағдарысты жағдайда болған қазақстандық кәсіпорындарда жүргізілген зерттеулер кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайтын себептер кешенін айқындады. Оларды екі топқа бөлуге болады:
- Сыртқы факторлар, олар кәсіпорынға байланысты емес немесе кәсіпорынға аз - маз дәрежеде әсер етуі мүмкін. (Кесте 1) .
- Дағдарыстың ішкі факторлары, олар кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болады және оларға мыналар жатады:
1) нашар басқару;
2) жеткіліксіз қаржылық бақылау;
3) маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер;
4) сәтсіз сатып алулар және қосылулар;
5) өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару;
6) сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі;
7) ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген салымдар.
Енді оларды толық қарастырайық:
- Нашар басқару. С. Слаттер (1984) оның бес негізгі көрсеткіштерін анықтаған:
- өктемшілік (авторитарлық) ;
- тиімді қадағалаушы комиссияның болмауының барысында компанияның басқарма төрағасының және атқарушы директорының қызметтерін біріктіру;
- тиімсіз директорлар кеңесі;
- қызметтің негізгі бағыттарын басқарушылармен ескермеу;
- топ-менеджерлерде басқарушылық дағдылардың жеткіліксіздігі.
- Жеткіліксіз қаржылық бақылау. Шығындар, сметалар, ақша қаражаттың қозғалысы және тағы басқалар туралы мәліметтерді.
1 кесте - Дағдарысты дамудың сыртқы факторларын талдау
Төленбеген төлемнің өсуі; өнім сапасының және өндіріс көлемінің төмендеуі
- ақпарат жүйесінің әлсіздігі құлдырауға мүмкіндік туғызады. Слаттер жалпы төрт мәселені айқындады:
1) ұсынылатын ақпаратты қате немесе сәйкессіз түрде беретін басқарушылық есептің сәтсіз әзірленген жүйесі;
2) нақты алынған ақпаратты әлсіз қолдану;
3) бақылауға кедергі жасайтын ұйымның сәтсіз құрылымы;
4) үстеме шығындарды бөлудің нашар жүйесі.
Маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер. Мұндай жағдай өткізудің сәтсіз құрастырылған жоспары барысында, оның тұжырымдамасының болмауынан, нарықты зерттеу бойынша ақпараттың жеткіліксіздігінен және тағы басқа жағдайда пайда болуы мүмкін.
Сәтсіз сатып алулар және қосылулар. Сатып алу саясатын жүргізетін компаниялар қайтарымдарды ала алмаулары мүмкін, ал ол өз кезегінде жылдам құлдырауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сатып алулар компанияның негізгі қызметімен байланысты болмағанда және синергияны қамтамасыз етпегенде болуы ықтимал.
Өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару. Құлдырау сатысындағы компаниялар өздерінің өндірістік қызметіндегі мәселелермен жиі кездеседі. Сондай-ақ олар шығындардың тиімсіз құрылымына ие болуы мүмкін. Ал бұл нашар қызмет қатынастары, өндірістің тиімсіз әдістері немесе жұмысшылардың әлсіз дайындықтарынан болуы мүмкін.
Сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі. Көптеген кішігірім компаниялар операциялардың шамадан тыс кеңею мәселесінен азап шегеді.
Ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген салымдар. Ірі жобаларға үлкен қаражатты инвестициялау жиі пайдалылықтың төмендеуіне немесе банкротқа алып келеді. Ірі жоба (мұндайға жаңа өнімге немесе үдеріске елеулі күрделі қаржы жұмсалымы, маркетинг аумағындағы кең ауқымды компаниялар және тағы басқалар жатады) компания қаражатының елеулі сомасын талап етеді.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған ішкі факторлар дағдарыстың себебі болуы мүмкін. Ішкі факторлар сыртқы факторлардың іс-әрекетін күшейтетінін зерттеулер растады. Қазақстандық кәсіпорындарда экономикалық дағдарыстың ішкі себептерін соңғы екі жылдағы сату көлемінің ұлғаюынан немесе азаюынан көруге болады.
Егер өнімді сатуда ешқандай мәселе болмаса, онда оның себебі өнімнің өзінде емес, айналым қаражатының айналымдылығында. Егер айналымдылық аз болса, мәселе өндірістік циклдың үлкен ұзақтығымен байланысты болады және циклдың әлсіз буынын айқындау керек. Ол жіберілген тауар төлемінің кідірісі болуы мүмкін. Ондағы дағдарыстың себебі тауарды сатудың шарт талаптарымен бағаны бақылау және баға саясатымен байланысты болады (мысалы, тауар жеткізілімі алдын-ала төлемсіз жүзеге асырылады) . Жоғары бағалар өндірістің жоғарғы шығындарымен баланысты болуы мүмкін. Онда тауар өндірісіне жұмсалған шығындардың өзгеру серпінін және олардың өсу себептерін анықтау керек.
Қаражаттың үлкен айналымдылығы арқылы экономикалық дағдарыстың себебі тауардың пайдалылығында тұжырымдалады. Егер сату көлемі азайса, себебін өнімді өткізуден іздеу қажет. Бұдан кейінгі сұрақтар дайын өткізілмеген өнім қорларының болуымен, тауардың тұтыну қасиетімен, баға саясаты және тауардың жылжу және өткізу жүйесімен байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде дағдарыстан шығу, оны тудырған себептерді жоюмен байланысты болады, ал бұл шығысты жоспарлау үдерісін дағдарысқа қарсы басқарудағы стратегия және тактика деп атауға болады.
Экономиканың дағдарысты жағдайы, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі, өзара төленбеген төлемдердің өсуі, айналым қаражатының жеткіліксіздігі кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы басқарудың стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ескертеді, бұл жерде екі маңызды методологиялық аспектілер қарастырылады:
- дағдарысқа қарсы басқарудың мәнін бейнелеу;
- кәсіпорындарда ерекше беталыстарды бөлу.
Дағдарысқа қарсы басқару объективті және субъективті сипатты себептер бойынша пайда болатын кәсіпорынның дағдарысты жағдайын жеңу үдерісі болып саналады.
Дағдарысқа қарсы басқару келесідей бағыттар бойынша жүргізіледі:
- шаруашылық қызметтегі басым тәсілдемелерді бөлу, яғни іскерлік белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік туғызатын өзіне тән өсудің нүктелері;
- ресурстық қамтамасыз етуді негізді болжау;
- атқарылатын жұмыстың сандық және сапалық белгілерін бағалауды, және де кәсіпорында жүргізілетін әрекеттерге түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін анықтау.
Дағдарысқа қарсы басқаруды жүзеге асыру барысында келесідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
Қабылданатын шешімдерді атқаруды жан-жақты бақылау базасындағы басқару, бұл жерде дағдарысты жағдайдағы кәсіпорынның қызметі пайда болған уақиғаларды жұмыспен өтеуге бағытталған, яғни кәсіпорынның жылдам бейімделуі қамтамасыз етіледі. Менеджментте қабылданған дәстүрлі көзқарасқа сәйкес кәсіпорынның мақсаты болып өміршеңдік табылады деп есептейміз. Оның ең негізгі өзіндік ерекшелігі болып - өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу (өткізімнің төмендеуі, жаңа технологияның пайда болуы және т. б. ) табылады.
Өзгерістерді болжау негізіндегі басқару, бұл стратегиялық жоспарлау көмегімен жүзеге асырылады. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінде стратегиялық жоспарлау стратегиялық мақсаттарды анықтау үдерісі ретінде және келесідей жағдайлардың барысында, оларға жету жолдарын орындауды түсіндіреді: шығарылатын өнімнің сұрыпталымын жүйелі түрде жаңарту; кәсіпорынды дүркіндік қайта ұйымдастыру; пайданың және сату көлемінің мүмкін төмендеуі. Бәсекелестік күрестің нәтижесі ретінде стратегиялық жоспарлау өндірістік қызметтің негізделген болжамын құруға, тұтынушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге, персоналдың белсенді қызмет етуге жоғарғы дайындығына, және де айналымның және өндірістің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Оперативті шешімнің негізіндегі басқару, соның ішінде стратегиялық мақсаттарға жету үшін тез арада араласуды талап ететін апаттық және басқа да жағдайларда. Мұндай басқарудың негізгі әдістері болып ұйымдастырушылық өзгерістер табылады, соның ішінде құрылымды жетілдіру, жұмысшыларды қайта дайындау және оларды алмастыру, яғни стратегиялық мақсаттарға жетудің қажетті шарты ретінде сыртқы ортаның динамикасына сәйкес ұйымды өзгерту.
Қазіргі кезде экономикалық өсудің критерийлері бойынша стратегияның сыныпталуы кең қолданылады:
- шоғырландырылған өсу стратегиясы - жаңа өнімді шығаруды немесе
- жетілдіруді болжайды, және де нарықтағы кәсіпорынның жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін немесе жаңа нарыққа өтуді қарастырады;
- біріктірілген өсу стратегиясы - меншікті сатып алу есебінен экономикалық өсуді, және де жаңа өндірістік құрылымдарды құруды қамтамасыз етеді;
- әртараптандырылған өсу стратегиясы - кәсіпорын нақты нарықта, белгілі бір саланың шеңберінде, белгіленген тауарлармен әрі қарай дамымаған жағдайда жүзеге асырылады;
- өндірісті қысқарту стратегиясы, немесе жою стратегиясы, - кәсіпорын күш-қуатты қайта топтастыруды, құрылымдық қайта құруды немесе жоюды қажетсінгенде жүзеге асырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz