Кіші мектеп жасындағылырдың қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: "Кіші мектеп жасындағы психиканың дамуы"

Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кіші мектеп жасындағылырдың психологиялық сипаты
2. Кіші мектеп жасындағылырдың анатомо - физиологиялық дамуы
3. Кіші мектеп жасындағылырдың қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері
4. Кіші мектеп жасындағылырдың ес пен ойлау процестерінің ерекшеліктері
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізім

І.Кіріспе

Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкіндіктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезіңде, есейген шақ кезендеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қалыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Жүйке жүйесінін жетілуі де жалғасады. Жүйке жасаушалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған жүйке жүйесінің талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің іргетасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып калмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі -- танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады.
Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.

ІІ.Негізгі бөлім
1. Кіші мектеп жасындағылырдың психологиялық сипаты
Бастауыш мектеп жасының (7-11 жастың) өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың (әсіресе орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі - бұларда өтетін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі.
Кеңес психологы В. В. Давыдовтың пікірінше, көбіне оқушылардың оқу материалдары олардың ақыл-ой деңгейіне сай келмей отырады. Сондықтан, олардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырмаларды одан әрі қиындата түсу керек.
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті - бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
- бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды (белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады;
- мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым - қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;
- мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;
- мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген ынтасы;
- мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек. Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.
2. Кіші мектеп жасындағылырдың анатомо - физиологиялық дамуы
Мектепке келерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. 7-8 жастың арасында бала 2,5 кг. қосады. Бойы жылына 5 см. қосып отырады. Бұл кезде әсіресе, жүрегі мен тыныс алу органдары қалыптасып қалады.
1) Баланың жалпы физикалық дамуы: қалыпты салмағы, бойы, кеудесінің аумағы, бұлшық ет тонусы, пропорциясы, терісі және елімізде 7 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың физикалық дамуының орта нормасына сай келетін басқа да көрсеткіштері. Көру, есту, моториканың (әсіресе, қолдың білезік және саусақтарының ұсақ қозғалыстарының қалыптасуына) жақсы болуына аса көңіл аудару керек. Алыстан көрмеушілік, естудің төмендеуі немесе қолдың ұсақ қозғалыстарының қозғалмалылығы мен координациясының жетіспеушілігі кейде баланың мектепте оқу үлгеріміне бөгет жасау себептері болатындығы айқындалған.
2) Жеткілікті білім мөлшерін меңгеру, яғни ой-өрістің мөлшері, осының негізінде сыныптағы жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Негізінен, бұл сезім тәжірибесі, елестету, кейбір қарапайым түсініктер (өсімдіктер, жануарлар, мезгілдік құбылыстар, уақыт, сан) және бірқактар фактологиялық сипаттағы мәліметтер (адамдардың еңбегі туралы, туған жер туралы, мерекелер туралы. Мектепте дайындаған баланың біліміне кеңістік туралы белгілі елестеулер кіреді (алыс, бағыт, форма, заттардың көлемі, олардың кеңістіктегі орналасуы және уақыт туралы, оның өлшем бірлігі туралы сағат, минут, апта, ай, жыл).
3) Соңғы жылдары балаларды мектепке дайындау жоспарында балалардың кейбір әдеттерді, шеберлікті игеруі мен мінез-құлықтың маңызды дағдылары мен әрекеттерінің қалыптасуына үлкен мән берілуде: тұрмыстық , өзіне-өзі қызмет ету, гигиеналық, мәдени ( бір-бірімен сыпайы қатынас), еңбектік (қарындашты, қайшыны, бояу жапқышты, инені пайдалану).
4) Баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші болып олардың грамматикалық және фонетикалық байланысты, дұрыс сөйлеуді меңгеруі, басқаны өзіне тура қаратылып айтқан сөзін ғана түсіне білу, сондай-ақ өз ойын білдіру үшін өздігінен сөйлем құра білуі де жатады. Сөзді таңдай білу мен айта білу, сөздердегі ересектер көрсеткен дыбыстардың кейбірін ерекшелей білу есту арқылы ұқсас дыбыс тіркестерін айыра білу жатады.
5) Мектепке барғанда жазуды меңгеру үшін қолдың білезігі, саусақтардың ұсақ мускулатурасының жетілуі өте маңызды. Осы мақсатпен балалар тәрбиешінің жетекшілігімен балалар бақшасында әр түрлі жаттығулар орындайды: сурет салады, суретке сызықты түрлер салады, контур бойынша тапсырылған әшекейлерді қияды т. б.
6) Балалар жолдастарымен бірлесіп істейтін жұмысқа және өмірге дайындалған болуы керек: тыңдай білу, және басқаның сөзін бөлмеу, қиын кезде жолдасына көмектесу, басқалардың пікірлерімен санаса білу ғана қажет емес, сондай-ақ, егер белгіленген мінез-құлық ережелеріне сай келетін болса, өзіңнің дұрыстығыңды қорғай білу керек.
7) Мектепке барар алдында оқуға ықылас, білімге ынта, жаңаны білгенге қуана білуінің қалыптасуы өте маңызды. Осы негізде мектепте баланың оқу жұмысы процесінде терең және тұрақты таным мүдделері және жемісті де жүйелі ой еңбегі нәтижесінде пайда болған қуаныш тәрбиеленуі мүмкін.
3. Кіші мектеп жасындағылырдың қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері
1 сыныпқа барған оқушылардың жаңа құрамымен өткізілген сабақтарда-ақ мұғалім олардың зейінін басқару қажеттігіне кезігеді. Мұның өзі мұғалімге оқушылардың, оқу процесінің психологиялық ерекшеліктерін меңгеруіне міндеттейді.
7 жастағы балалар өте зейінсіз. Олар оп-оңай және тез алаңдайды, мұғалімнің нұсқауларын тыңдауды қояды, естігендерін ұмытып қалады, өз жұмыстарында қатені көп жібереді және де орындап отырған кезде кенеттен басқа іске алаңдауы жиі кездеседі. Олар басқа бір нәрсені ойлап кетеді, тапсырылған жұмыстағы дәйектіліктен айырылып қалады да, көпке дейін қайтадан зейін қоя алмай отырады. Мұғалім балаларға жаман бағалар қояды, кейбір мұғалімдер тіпті зейінсіздігінен жіберген қателері үшін жазалап та жатады.
Алайда тәжірибе мұғалімнің мұндай шаралармен баланың зейінін жақсарта алмайтынын айқын көрсетеді. Балалардың зейінін басқару үшін оның табиғатын, физиологиялық, психологиялық негіздерін білуі керек. Сонда балалардың бірден толық қалыптасқан күйіндегі зейінділікті талап ету емес, әуелі балаларды зейінді болуға үйрету керек.
Зейін адамның бір немесе бірнеше тітіркендіргішті адамның жүйке жүйесіне минут сайын әсер ететін тітіркендіргіштер тасқынынан бөліп алып, сол тітіркендіргіштерге көңіл қоя білуінен көрінеді.
Балалар үшін қайсы бір нәрсеге ұзақ уақыт зейін қоюдың қаншалық қиын екенін бірен ұғыну үшін, жоғары жүйке қызметінің кішкентай балаларға тән ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сабақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
Балалардың қабылдауының ерекшеліктері
Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту
Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуында ішкі және сыртқы факторлардың өзара әсері
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
Оқу іс-әрекеті дамытуды эскпериментаиды зерттеу
Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Пәндер