Ұлт тағлымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Рекреациялық география және туризм кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя повесі

Орындаған:Махамматова М
Тексерген: Абикенова Г.Е

Алматы 2021

Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя шығармасы
Повес кейіпкерлері туралы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Мақсаты:Ұшқан ұя повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өз бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.

Міндеті: Тәрбиелеуде ұстаздың өзінің не біліп, не істейтіні маңызды болса, ал ұстаздың ықпалымен тәрбиелеушінің не біліп, не істейтінін ашу одан да маңыздырақ екендігін растау.

КІРІСПЕ
Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Б.Момышұлы есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді. Ол Халық батыры, ол даңқты әскери қолбасшы, ол көрнекті қаламгер деген ұғыммен ұрпақ санасында біте қайнасқан. Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылған еді. Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық деп Бауыржан атамыз сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады. Бауыржан үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру, ұлт ар - намысына, ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.

Ұшқан ұя туындысы Б.Момышұлының орыс тілінде Наша семья деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы болады. Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл шығарма 1956 жылы жазылған болатын. Бауыржанның Ұшқан ұя, Қанмен жазылған кітап, Москва үшін шайқас сынды кітаптары баршылық жұртқа аян. Батыр тұлға жайында Александр Бектің Волокалам тас жолы, Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз кітаптары ұлы қаһарманның шынайы бейнесін дүйім елге паш еткен шығармалар деуге тұрарлық. Ол жайында ел ішінде айтылатын ұшы - қиыры жоқ аңыздар мен ақиқат Бауыржан тұлғасын биіктете түскендей. Бауыржан атағын асқақтатып, бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған және жүре дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана емес, туа біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен қоса өзі жазған Ұшқан ұяның да әсері мол.

Негізгі бөлім:
Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя шығармасы
Романдағы образдар жүйесі
Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя шығармасы
Бауыржан атағын асқақтатып, бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған және жүре дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана емес, туа біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен қоса өзі жазған Ұшқан ұяның да әсері мол еді. Бұл мемуарлық шығарма болғанмен көркем дүние. Мұнда жазушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез - құлқын, тіршілік көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән дархандықты, қадыр - қасиетін дара танып, елеп екшеп көрсете алды. Ұшқан ұя да Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп секілді асыл әйелдің, көкесі Момынқұл секілді аңқау қазақтың арым жанымның садағасына балайтын Бабаш алдыңа келсе ағаңның құнын кеш дейтұғын Текебай мен Қабылбек билер Асыл қасиетті әже Асқар тау Момыштың жан тебірентер бейнелері жасалған. Жариялылық заманның желі еспей тұрған - ақ жоғалып, құрып бара жатқан салт-дәстүр ата-мұрамыздың шын жанашыры бола білді. Бауыржан бір әңгімесінде: Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет-ғұрып, аспаннан түскен жоқ. Біз олар жөнінде үлкен қате істедік. Сол қатені осы күйге дейін түзей алмай келе жатыр - деп қоғамға ащы сын айтқан. "Ұшқан ұя" ұлттық негіздің түп тамыры болып табылатын қазақи тәлім-тәрбиенің озық үлгісі болды. Сондықтанда шығармада мақал-мәтелдерге, ертегілерге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріліп одан ғибрат жолдарын айта кетеді. Мұнда тәрбиенің аса қажетті үлгілері көп. Ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларда таныстырғанда ең алдымен ата-ана, ағайын-туыс еді деуі отбасындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің бала санасына тез қонатындығын аңғартса керек. Бұдан шығатын нәтиже: қолдан келгенше балаға от басындағы ісіңмен, ақыл-кеңесіңмен, қарым-қатынасыңмен, силастықпен үлгі-өнеге көрсет. Бала қабылдаса шын қабылдайды. Жас бала жас шыбық сияқты. Қалай егілсе солай өркен жаяды. Сол себептен қазақ бала тәрбиесіне өте сақтықпен қарап, оған ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми революциялардың құрылымы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Қазақ тілі сабағында халық педагогикасының қолданылуы
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Пәндер