Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Байназарова Ә.Ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 5В011300 - Биология
Ақтөбе 2021

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
__________________
__________2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Мамандық 5В011300 - Биология
Орындаған: Байназарова Ә.Ж
Ғылыми жетекшісі: Кеубасова Г.О
Ақтөбе 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.
1.1
1.2
1.3
ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИЯ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР
Оқу процесінде қолданылатын мультимедиялық құрылғылар
Биология сабақтарында мультимедиялық құрылғыларды пайдалану принциптері
Мультимедия құралдарын қолданудағы қателіктер
2.
2.1
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Зерттеу жұмыстарының әдістемелері
3.
3.1
3.2
3.3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: Білім беру формасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды меңгеру - басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз - ХХІ ғасырдың ақпараттық технология ғасыры деп аталуында. Ақпараттық технология ғасыры өз алдына ақпараттық қоғамды қалыптастырды.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Ақпараттық технологияларды пайдалану - бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Биология пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылар тірішлікке тән тірі ағзалардың құрылыс ерекшеліктерімен танысып, талдап, қызықты деректерді жинақтау қабілетін дамытады және білім қазынасын игеру, әсіресе биология пәнін оқыту, оқып - үйрену дәйектілікті, зертханалық жұмыстар табандылықты, сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру үрдісі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т.б.
Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де қолданады. Бүгінгі күні биология сабақтарында видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды.
Компьютерлік оқыту дегеніміз - оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атауда. Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.
Зерттеулердің мақсаты. Биология пәнің оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесін анықтау.
Осыған сәйкес келесі міндеттер қойылды:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдicтeмeлiк әдeбиeттeрмен жұмыстану;
2. Биология пәнінен оқушыларға білім беруде мультимедиялық құралдармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі әдістерімен танысу
3. Жалпы биология пәнін оқытуда қолданылатын мультимедиялық құралдардың түрлерімен танысу;
4.Өз сабақтарымда мультимедия құралдарын қолдану арқылы сабақ өткізу;
5. Биология пәнің оқытуда мультимедия құралдарын қолдану арқылы зерттеу жұмысының қорытындылырын жинақтау.
Зерттеу нысаны: № ЖББОМ педагогикалық бақылау жұмыстары.
Зерттеу пәні: № ЖББОМ биология пәнінен сабақ беруде мультимедия құралдарын қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: № ЖББОМ оқушыларына білім беруде мультимедия құралдарын қолдану арқылы жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру.
Жұмыcтың прaктикaлық мaңызы: Мeктeп оқушыларына биoлoгия пәнi caбaғынa қaтыcты жүргiзiлeтiн тoпceрyeндeр, лaбoрaтoриялық жұмыcтaр жәнe прaктикaлық caбaқтaр кeзiндe мультимедиялық құралдар қoлдaнылaды.
Зeрттey мaтeриaлы мeн әдicтeрi: Жаңаша білім беруде мультимедиялық құралдардың түрлері анықталды. Оқушыларға биология сабақтарында мультимедиялық құралдар қoлдaну арқылы есте сақтау қабілеттері артқандығы зерттелінді.
Дипломдық жұмыстың көлемі: жалпы көлемі бет, соның ішінде: кіріспе 3 бет, теориялық шолу бет, зерттеу әдістемелері бет, зерттеу нәтижелері бет, қорытынды бет және пайдаланылған әдебиеттер саны .

1.1 Оқу процесінде қолданылатын мультимедиялық құрылғылар
Қазір информациялық қоғамның қалыптасуының негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымы болып табылады. Қазақстанда соңғы жылдары компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы арқасында мультимедиялық құрылғылар көптеген жерлерде қолданылуда.
Ақпараттық құзыреттілік бұл - пәнді оқып үйрену нәтижесінде жалпы білім беретін мектептердегі оқу, тәрбие жұмыстарын жүргізудің оңтайлы әдіс тәсілдерін зерттеу үлгілерін алу және дайындау әдістері, оқушылардың оқу ынтасының артуына әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедия термині - латын тілінің multi (көп) және media (орта) сөздеінің бірігуінен құралған, яғни ақпараттық орта деген мағына береді.
Мультимедия (multimedia - көп орталы) - бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы. Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады.
Мультимедия пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша биология пәнін оқытуда дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25% -ы, көру арқылы 33%, көру- есту арқылы 50%, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен мультимедия құралдары арқылы - бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд - презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға берілген материал. Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.
Интерактивті - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология - сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі - ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек.
ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.
ActinPen - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен тышқан құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам тышқан құрылғысының қызметін атқара алады.
ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда rollover және hover функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. Оң қол, сонымен бірге сол қолмен жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate. Радиопортты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet. ACTIVtablet планшеті қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегінсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote. ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпаратты ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote2 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып, Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақтайды. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.
ACTIVstudio программалық жабдығы
Интерактивтік тақта ХХІ ғасырдың сыныптарындағы жұмысты жеңілдетіп, сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер жəне т.б. құру үшін арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді. Интерактивтік оқыту - ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, əр сабақта оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі.
Activ studio Professional Edition" оқытушыларға Activ" - тақтаны пайдаланып, тамаша интерактивтік сабақтарды құруға көмек үшін қолайлы аспап ретінде шығарылған болатын. Егер мониторда өзіңіз көріп тұрғаныңызбен жəне осы басшылықтағы бейнелер арасында кішкене айырмашылықтар болса, мазаланбаңыз, осында сипатталған негізгі ерекшеліктер, өзгеріссіз қалады.
Интерактивті тақтамен жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен мыналарға көз жеткізу керек:
::компьютеріңіздің қосылып тұрғанына;
:: жұмыс панелінде иконканы көрінгеніне, егер ол пайдаланылса, онда интерактивті тақта калибрленген.
ACTIVboard интерактивті тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз етуді іс жүзінде қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстар 2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігімен бекітілген Кəсіптік білімде интерактивтік технологияларды пайдалану оқыту курсының бағдарламасына сəйкес құрастырылған.
ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету - презентацияларды өткізу үшін жəне оқу барысында пайдалану үшін арнайы шығарылған. Ол ACTIVboard жүйесін жəне ACTIVpen" қаламын пайдалану үшін жасалды.
ACTIVstudio көптеген функциялардан тұрады, олар презентацияларды құруға жəне өткізуге мүмкіндік береді, мəліметтерге арнайы тиімділіктерді қосуға, негізгі сəттерді көрсетуге, қосымша ақпараттарды кіргізетін немесе дəрісханаға берілетін түсініктемелерді, белгілер мен сілтемелерді қосуға, сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Əрі қарай осы мүмкіндіктер толық сипатталған.
ACTIVboard-ты іске қосу:
1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пультті алып проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет басыңыз, F4 батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атын теріңіз, мысалы: BOARD" жəне пароль мысалы 0000.
2. Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде орналасқан AV-белгісін ( ) басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы мүмкін, ОК басыңыз. Жұмыс үстелінде келесі құралдар панелі пайда болады.
Флипчартты құру (таза бетті білдіреді):
1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV- белгісін қаламмен 1
рет басыңыз.
2. 1-ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз,
содан соң Сақтау батырмасын басыңыз .
3. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды панелдегі оң жағындағы жуан көрсеткішті басыңыз.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, Online сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту (1-сызба).
(1-сызба). Интерактивті әдістерге мыналар жатады
Биология сабағын қызықты әрі уақытымды үнемді пайдалану үшін бір сабақтың өзінде түрлі әдістерді пайдалана отырып өткізуге болады, мысалы; уақыт шеңбері, кемпірқосақ топтары, қар кесегі, жұптық әңгіме, ыстық орындық, үш қадамдық сұхбат, стикердегі диалог, стоп-кадр т.б
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу.
Мемлекеттік бағдарламада: Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады - деп көрсетілген.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді. (2-сызба)
2-сызба. Білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз ететін мүмкіншіліктері
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім.
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Мектепте биология пәнінен білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізу, балалардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру жоспарланады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен қуануына алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейлерін компьютер анықтап, егер оқушы білімі қанағаттандырса келесі тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер басқарады.
Ақпараттық технология негізінде оқушы ақпараттық кеңістіктен өз бетімен білім алып, өзін-өзі дамыта алады.
Компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын бір бөлік ол - ғаламтор желісінің қызметін пайдалану. Ғаламтор желісінде көп мұғалімге де, оқушыға да қажет көптеген сайттар бар.
Қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады:
Ғаламторда қажетті материалдарды іздеп табуға, сондай-ақ түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері;
Компьютер уақытты үнемдеуге және көрнекілік материалдарды тиімді пайдалануға да болады.
Оқу-тәрбиелеу үрдісіне ғылым негіздерін тереңірек оқытуға, оқушылардың танымдарын кеңейтуге, түрлі бағдарламаларды меңгеруге бағытталған үйірмелер, факультатив пен курстар енгізу компьютерлік техниканы тиімді қолдану жағдайының бірі болып табылады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негізделген оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық технологияны қолдану моделі жасалды.
Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын мектептерде оқу үрдісіне қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін, танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
Мектепті ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдынғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені, "Қазіргі стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Мультимедиа - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады. Мультимедиа - екі жай сөзден тұратын күрделі сөз: мульти - көп, медиа - алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, мультимедия те компьютерлік терминін көптеген тасымалдаушылар деп аударуға болады, яғни мультимедиа ақпаратты (дыбыс, графика, анимация және т.б.) сақтаудың және көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді. Егер мультимедианы ақпаратты көрсетудің белгілі-бір технологиясы деп айтар болсақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz