СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

ЖҰМАДІЛ АҚБОТА ӘМІРБЕКҚЫЗЫ

СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

7М01301 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ғылыми жетекші: PhD, Әлеуметтік және жасерекшелік кафедрасының

доценті Жусупбекова Г. Г

2020-2021 жж

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
Нормативтік сілтемелер
МАЗМҰНЫ:
Анықтамалар
МАЗМҰНЫ:
Белгілеулер мен қысқартулар
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
МАЗМҰНЫ: 1
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ: 1. 1
«Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының ғылыми-әдістемелік еңбектерде қарастырылу жайы
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Сөйлеу әрекеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психология-педагогикалық ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ: 2
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Сөйлеу әрекеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қазақ тілінен берілетін білім мазмұны мен оны жүзеге асыру жолдары
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелері
МАЗМҰНЫ:
ҚОРЫТЫНДЫ
МАЗМҰНЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ:
ҚОСЫМШАЛАР

Нормативтік сілтемелер

Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:

Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Қазақстан, 1995.

Назарбаев Н. А. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік"31 қаңтар 2017 ж.

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: нұсқаулық-әдістемелік хат. - Астана: ұлттық білім академиясы Ы. Алтынсарин, 2017. - 370 Б.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата Заңы) 1995 жылы қабылданған. 2017 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27. 07. 2007ж., №319-III ҚРЗ. Астана Ақорда.

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысы.

Қазакстан Республикасынын білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (08. 12. 2014 жыл берілген өзгерістер мен толықтырулармен) .

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж арналған мемлекеттік багдарламасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы

ҚР МЖМБС 05. 04. 2019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», - Астана, 2011. -176.

ҚР МЖМБС 06. 08. 2012-2009 «5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы ҚР МЖМБС. Астана, 2012.

Казакстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: Бір максат, Бір мүдде, Бір болашақ» [Мәтін] /Егемен Қазақстан. - 2014. - 18 қаңтар. - С. 1-3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 Қаулысымен бекітілген «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидалары»,

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 каңтардагы «Элеуметтік-экономикалык жанғырту Казакстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы/«Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 28 қаңтардағы 41-42 (27114)

«100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздыгына кіру жоніндегі жоспары (20 мамыр, 2015 ж) Казакстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының «Атамекен» Басқарма төрағасының «Кәсіби стандартты бекіту туралы» 2017 жылғы 8 маусымдады № 133 бұйрығы.

Анықтамалар

Коммуникативтік құзыреттілік
-
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.
Коммуникативтік құзыреттілік: Коммуникативтік құзыреттілік
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: бұл бір адамның басқалармен өзара қарым-қатынасы мен табысты қарым-қатынас дағдыларының үйлесімі. Бұл дағдыларға сөйлеу сауаттылығы, шешендік өнерді меңгеру және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті жатады.
Коммуникативтік құзыреттілік: Коммуникативтік оқыту технологиясы
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: қарым-қатынас негізінде оқыту. Коммуникативтік технологияны қолдану кезінде оқытудың жетекші әдісі-қарым-қатынас, диалог пен полилогта оқыту.
Коммуникативтік құзыреттілік: Оқу
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: графикалық бекітілген мәтінді мағыналық қабылдауға бағытталған сөйлеу әрекетінің түрі. Оқудың мақсаты жазбаша ақпаратты алу және өңдеу болып табылады. Бұл тұрғыдан оқу (тыңдау сияқты) сөйлеу әрекетінің рецептивті түрлеріне жатады.
Коммуникативтік құзыреттілік: Сөйлеу
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: ауызша хабарлама арқылы жүзеге асырылатын сөйлеу қызметінің нәтижелі түрі. Сөйлеу өнімі-сөйлеу сөзі (мәтін), сөйлеу хабарламасы.
Коммуникативтік құзыреттілік: Сөйлеу қызметі
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: бұл белсенді, мақсатты, жанама тіл жүйесі және қарым-қатынас жағдайымен байланысты хабарламаларды жіберу және қабылдау процесі. Сөйлеу қызметі тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты негізгі түрлерде іске асырылады.
Коммуникативтік құзыреттілік: Тілдік тұлға
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: когнитивті-коммуникативтік инвариант, мәдени-тілдік және коммуникативтік-әрекеттік құндылықтарды, білімді, мінез-құлық қағидалары мен формаларын таратушының жалпыланған бейнесі.
Коммуникативтік құзыреттілік: Тыңдау
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: сөйлеу коммуникациясының теориясында: дыбысты естуді қабылдаумен байланысты сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі. Тыңдау процесі екі негізгі кезеңнен тұрады: 1) дыбыстық сигналды бастапқы талдау және оны "механикалық өңдеу"; 2) мағыналық түсіндіру.
Коммуникативтік құзыреттілік: Функционалдық сауаттылық
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу және онда барынша тез бейімделу және жұмыс істеу қабілеті.
Коммуникативтік құзыреттілік: Хат
-: -
бұл күрделі коммуникативтік дағдылар мен іскерлікті меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымдарда барабар іскерлікті қалыптастыру, қарым-қатынастағы мәдени нормалар мен шектеулерді білу, қарым-қатынас саласындағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, этикетті білу, салиқатты сақтау, тәрбиелілік, ұлттық, тектік-топтық менталитетке тән және осы мамандық шеңберінде көрінетін коммуникативтік құралдарға бағдар беру.: бұл графикалық түрде ой білдіруді қамтамасыз ететін сөйлеу қызметінің нәтижелі түрі.

Белгілеулер мен қысқартулар

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы кездері Қазақстандық білім беру саласына жаңашылдықтар енгізілуде. Мұндағы басты мақсат - оқушыларды біліммен қаруландырып, олардың жалпы оқу білігі мен дағдыcын, құзыреттіліктерін қалыптастырып қою ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Қазіргі жылдам дамып отырған дүние жағдайларында оқу әрекетіне белсенді қатысатын, өздігінен жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп, шебер қарым-қатынас жасай білетін, алған білімін өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана алатын сауатты тұлға қалыптасуы тиіс. Бұл туралы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші екендігіне, әлемдік білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеудің қажеттілігіне, ал сол көшке ілесе алмау мемлекет үшін үлкен сын болатындығына назар аударады [1] . Осы стратегиялық тұжырымдар республикамыздың мектептеріне енгізілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» [2] мен бағдарламаларының, оның ішінде «Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының» [3] негізі болып табылады.

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасауды мүмкін ететін кең ауқымды дағдылар негіздері көрсетілген:

1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;

2) сын тұрғысынан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары [2, 3] .

Осы кең ауқымды дағдылардың ішінде коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде сөйлеу әрекеті түрлерін дамыту арқылы оқушылардың қатысымдық дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру талап етіледі.

«Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану»[3, 1] деп көрсетілген. Демек оқушының алған білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік беретін түйінді дағдыларды - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды дамыту - қазіргі бастауыш білім берудегі негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Мәселенің ғылымда қарастырылу деңгейі. Адамдардың бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынасы, айтатын ойын нақты фактілермен, ұтқыр сөзбен жеткізе білу, тыңдағанынан ой түю мәселесі ерте замандардан бері адамзат баласының алдында тұрған міндеттердің бастысы, тұлға қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болған және оған барлық тарихи кезеңдерде философтар, психологтар, педагогтар, сондай-ақ басқа да сала ғалымдары үлес қосқан.

Функционалды сауаттылықты ғылыми түрде зерттеу классикалық ұлы ғұламаларымыз әл-Фараби [4], А. Яссауи [5] Ж. Баласағұн [6], Х. Дулати [7], М. Қашқари [8], А. Құнанбаев [9] адамның өзін-өзі тануы және нені білгісі келетінін ұғынуы, әрбір ісіне қорытынды жасап, өкінбей өмір сүру үшін жасайтын ой әрекеті тұрғысынан қарастырылғандығы анықталды.

Ы. Алтынсарин [10], А. Байтұрсынов [11], М. Жұмабаев [12], М. Дулатов [13], Ж. Аймауытов[14] функционалды сауаттылықты қалыптастыру мәселесін арнайы қарастырмаса да, өз еңбектерінде сөйлеу әрекеті біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық аспектілеріне тоқталған.

Сөйлеу әрекеті түрлерінің (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) лингвистикалық негізін, тыңдалым әрекетінің фонетикалық ерекшеліктерін, сөз бен сөйлемнің мағыналық жақтарын ғалымдар Е. И. Пассов [15], С. К. Фоломкина [16], Н. В. Бассова [17], Т. М. Никитина [18], Қ. Жұбанов [19], Ф. Оразбаева [20], А. А. Маргарян [21], Е. Ю. Юрьева [22], А. Д. Швейцер [23], Е. Б. Шубин [24], С. Н. Бернштейн [25], К. Жақсылықова [26] өз еңбектеріне арқау еткен.

Қазақ тіл білімінде алғаш рет тілдік қатынас мәселесінің ғылыми теориялық негізін жасаған профессор Ф. Оразбаева [20] .

Дегенмен, жоғарыда зерделенген ғылыми еңбектерде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің арнайы қарастырылмағанын және арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетті. Бұл біз зерттеп отырған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де болса жеткілікті дәрежеде шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді.

Бұл жағдай:

- қазіргі қоғамның өз әрекетін қайта ой елегінен өткізіп, қорытындылар жасай алатын азаматтарға деген сұранысы мен ондай тұлғаны баланың жас кезінен бастап қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерінің жасалмауы арасындағы;

- қазіргі ұйымдастырылған педагогикалық жағдайда сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі мен осы міндетті шешу үшін ғылыми негізделген және практикалық қатынас құрудың жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтар бар екенін көрсетті. Аталған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні - Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

  • «Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының мәнін психологиялық-педагогикалық категория ретінде анықтау.
  • Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Қазақ тілі» пәні бойынша сөйлеу әрекеті түрлеріне жаттығулар мен тапсырмалар кешенін дайындау және оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.

Зерттеу болжамы: егер оқушының функционалдық сауаттылығын қазақ тілі сабағында сөйлеу әрекеті түрлеріне арналған жаттығулар мен тапсырмалар арқылы белгілі бір логикалық жүйемен қалыптастыру қамтамасыз етілсе, онда оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жол ашылады, олардың таным аясы кеңейіп, білім дәрежесі артады, сөздік қоры кеңейеді, өйткені бұл жағдайда оқушылардың әлеметтенуі жүзеге асырылады.

Зерттеудің жетекші идеясы - сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауттылығын қалыптастыру олардың әлеуметтенуіне жағдай жасайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде философ, психолог, педагог ғалымдардың теория мен тәжірибенің бірлігі туралы ұстанымдары, таным теориясы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; ғалымдардың ақпараттық мәдениетті дамыту, өзін-өзі дамыту туралы тұжырымдамалары; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, көрнекілік теориясы, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру туралы ғылыми тұжырымдамалар, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы алынды.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, дағды, коммуникативті сауаттылық, ақпараттандыру, техникалық оқыту құралдары туралы шетелдік және отандық зерттеулер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, бастауыш мектептегі оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша жинақталған әлемдік озық тәжірибелер, Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, жаңартылған оқу бағдарламасы алынды.

Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау, сауалнама мен тестілеу, интервью, тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау, математикалық тұрғыда өңдеу және қорыту.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

1. «Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының мәні анықталып, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері сараланды.

2. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі көрсетілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін негізгі мектептерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде ЖОО-да және біліктілікті арттыру институттарында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін арнайы курстар, семинарлар, тәжірибелік жұмыстар жүргізуде құрал ретінде пайдалануға болады.

СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. «Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының ғылыми-әдістемелік еңбектерде қарастырылу жайы.

Сөйлеу әрекеті - әлеуметтік-тарихи тәжірибені жеткізу және игеру, қарым-қатынас орнату, олардың іс-әрекеттерін жоспарлау мақсатында ауызша қарым-қатынас процесі.

Сөйлеу әрекеті - бұл процесс ретінде сөйлеу. Сөйлеу әрекеті -ең көп таралған және күрделі қызмет түрі. Сөйлеу әрекетінің ерекшелігі - ол әрқашан қажетті компонент ретінде қызметтің кең жүйесіне енеді, бірақ адамның іс-әрекетінің үштен екісі сөйлеуден тұрады.

Сөйлеу әрекеті саналы сипатқа ие. Тілдік қарым-қатынастың негізгі бірліктері: 1) сөйлеу этикетінің ережелерін талап ететін және оның құрамдас бөліктері сөйлейтін, тыңдайтын, уақыт пен орын болатын сөйлеу жағдайы; 2) сөйлеу оқиғасы, яғни сөйлеу қарым-қатынасының негізгі бірлігі, формасы, құрылымы, шекаралары бар белгілі бір толық тұтас (мысалы, мектеп сабағы, кафедра отырысы, дәріс, дүкендегі диалог) ; 3) сөйлеу әрекеті, яғни сөйлеу, адресаттың сөйлеуді қабылдауы (біреудің сөйлеу мазмұнын декодтау), алынған ақпаратты бағалау және ауызша емес (паралингвистикалық) .

Мектеп курсы еркін, егжей-тегжейлі сөйлеуді қалыптастыруға ықпал етеді, оны сабақта жоспарлауға үйретеді. Оқушыларға сұраққа толық және егжей-тегжейлі жауап беруді, белгілі бір жоспар бойынша айтуды, қайталамауды, дұрыс сөйлеуді, аяқталған сөйлемдерді, үлкен көлемді ақпаратты дәйекті түрде қайталауды үйрену міндетін қою керек.

Оқу іс-әрекеті барысында оқушылар еркін, белсенді, бағдарламаланған, коммуникативті және монологиялық сөйлеуді меңгеруі керек.

А. Байтұрсынов [27] тілдік дихотомия (тіл - сөйлеу) мен трихотомияны (тіл - сөйлеусөйлесу) қолданған. А. Байтұрсынов сөйлеудің жазбаша және ауызша түрлері бар дейді (яғни тілдесім түрлерін анықтай бастаған) . Сөйлеу терминінің мағынасы А. Байтұрсынов концепциясын да речь ұғымын қамтымайды, себебі, абзац, күрделі синтаксистік бөлшек мағыналарында қолданылған. Сонымен А. Байтұрсынов еңбектерінде тіл, тілдесім, тілдесімдік қызмет ұғымдары айқын байқалады, яғни ХХ ғасырдың басында қазақ тіл білімінде, жалпы түркі тіл білімінде тілдің бір күйде емес, екі түрлі күйде өмір сүретінін ашуға жақын болған, яғни тілтілдесім - тілдесімдік қызмет ғылыми ұғымдарын анықтау әрекетін жасаған.

Қазіргі қазақ тіл білімінде langage (речь) ұғымын сөйлеу терминімен атайды. Сөйлеу сөзінің мағынасы - ауызша тілдесу (айтылым), яғни бұл терминнің шығу тегі тілдесімнің басқа түрлерінің ұғымдарын қамтымайды (жазбаша тілдесу (жазылым), оқу арқылы тілдесу (оқылым), тыңдау арқылы тілдесу (тыңдалым) . Сонымен қатар бұл термин бір топ ғалымдар айтып жүрген тілдесімнің тағы екі түрінің мағынасын да қамтымайды (іштей тілдесу (внутренняя речь), аударма тілдесу (перевод) ) . Біздің ойымызша, langage (речь) ұғымын қазақ тіл білімінде тілдесім деп атау керек, себебі, бұл термин ұғымды толық қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектепте
Шығармашылық ойлау дағдысы
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz