Қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ

Халықаралық қатынастар

сыртқы саясаты кафедрасы

студенттер: Сейсенбек Ы. Е. , Досанова Д. Д.

Қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері (дипломдық жұмыс)

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1 Ақпараттық технологиялардың дамуы

1. 2 Әлемдік саясат шеңберіндегі Интернет кеңістігі 1. 3 Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық

2 ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ

2. 1 Бүгінгі таңдағы әлемдік саясаттағы ақпараттық текетірес

2. 2 ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық ақпараттық қарама-қайшылықтар 2. 3 Мемлекетаралық деңгейдегі жоғары технологиялық қылмыспен күрес қағидасы

2. 4 Қазақстандағы саяси үрдістер және ақпараттық қоғам

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік жүйе -Интернет және т. б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады

Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең - ақпараттық ағынның бұрын соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті «индустриалды қоғамнан» «ақпараттық қоғамға» өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері, адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. «Ақпарат», «ақпараттандыру», «ақпараттық технология», «ақпараттық төңкеріс» секілді ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде.

Қазір ақпараттық технологиялар проблемасы бүкіл әлем үшін өте өзекті болып отыр. Ғылыми-техникалық прогресстің барлық бағытында онан әрі өркендеу ресурстары нақ осында шоғырланған. Дамыған мемлекеттердің қаржылық, басқару жүйелері ақпараттық технологияларды жетілдіру мен пайдалану проблемасына көбірек көңіл бөле отырып, қайта құрылуда. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар адамзат іс-әрекетінің барлық салаларына еніп, қазіргі заманғы ғаламдық шаруашылық жүйенің қалыптасуына зор үлес қосып, еңбектің бөлінуінің шын мәнінде жаһандық масштабқа өтуіне мүмкіндік берді. Жоғарғы технологиялардың арқасында бүкіл әлемде әр түрлі тауарлар мен қызметтерді шығару, комплектациялау мен іске асыру жұмыстары үйлестіріледі. Яғни ақпараттық технологиялар қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Бүгінде «ақпарат» сөзі шынымен-ақ сиқырлы мәнге айналғанына, ал заманауи ақпараттық технологиялардың әлемдік экономикалық және технологиялық дамуының нағыз қозғаушы күші болғанына ешкім күмән келтіре алмас. Коммуникация мен ақпаратты өңдеу саласындағы жаңалықтар мен өнертапқыштықтың мультипликативтік тиімділігі тоқтаусыз көрініс тауып жатыр. Тарихтан ақпараттық төңкеріс деп толық сеніммен айта алатын осындай құбылыстардың бірнеше мысалын алуға болады.

Әлемдік ашық желілердің, мәселен Интернеттің даму тәжірибесі ақпаратты өңдеу құралдары мен жүйелерінің өркендеуінде жаңа дәуірдің басталғанын көрсетіп отыр. Мұндай желіні пайдаланушы өзін-өзі бірыңғай ақпараттық қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, өзгелерге де солай көрінеді. Нақ осы жағдай адамзатқа физикалық, психологиялық және әлеуметтік аман-саулығына желілік ақпараттық төңкерістен туындаған жаңа қатерлерді мұқият талдауды талап етеді.

Ақпараттық дамудың жаһандық сипаты, трансұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көптеген әрі күрделі проблемаларды туындатып отыр. Олардың көпшілігін тек жан-жақты халықаралық ынтымақтастық, келіссөздерге келуге табанды түрде итермелеу, ұсыныстарды дәйекті түрде қою жолымен қауіп-қатер көздерін халықаралық бақылауға алу арқылы шешуге болады. Халықаралық келіссөздердің соңы қоғам өміріндегі ақпараттық салада қылмыскерлік мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, ақпараттық-психологиялық ықпал ету құралдарын қолданудан туындайтын барлық қауіп-қатерлер бойынша кең көлемді халықаралық-құқықтық келісімдермен аяқталуы керек.

Ақпараттық ресурстарды қорғау проблемасы жаңалық емес - ертеде-ақ мемлекеттер, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар, жеке адамдар ақпаратты жинады, сақтады және ұрлаудан, жоюдан қорғады, ал өзгелер осы ақпаратты ұрлап кетуге немесе жойып жіберуге тырысты. Ал бүгінде магниттік және оптикалық тасығышта сақталатын ақпарат көлемінің ұлғаюы, компьютерлік жүйелер мен пайдаланушылар санының күрт өсуі, желіде айналып жатқан ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету осы ақпаратты ұрлау немесе жойып жіберу ықтималдығын арттыра түседі.

Қазіргі таңда ақпараттық ресурстарды, оның ішінде жеке адамдардың да, қорғау проблемасының маңызы мынадай факторлар жиынтығымен анықталады:

ақпараттық жекелей қол жеткізуді қамтамасыз ете алатын әлемдік және ұлттық ашық компьютерлік желілер мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технрологиялардың дамуы;

ақпараттық ресурстардың басым көпшілік бөлігін қағаздан электрондық тасығыштарға аудару және оны түрлі ақпараттық жүйелерге (мәліметтер базалары мен банкілер, оптикалық дискілер, т. б. ) шоғырландыру;

  • әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық дамуға қызмет ететін жинақталған немесе жасалып жатқан ақпараттар «бағасының» жоғарылауы;
  • ашық, тіпті қорғалған жүйелерге қосылған компьютерлерге кіру үшін қылмыскерлікпен пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды жасау мен үнемі жетілдіру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы туралы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz