Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыста экологиялық сана қалыптастырудың экософиялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тема: Сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық сана қалыптастыруда экософиялық ұғымдарды қолдану технологиясы
Технология использования экософических понятии в формировании экологического сознания во внеклассной работе
Жоспар
1 Бөлім. Экософия - экологиялық сана қалыптастыруда және экологиялық ағарту процесстерінде негізгі ұғым
0.1 Экософия немесе терең экология ұғымы
0.2 Экософия ұғымының экологиялық сана қалыптастыру процессіндегі перспективасы
2 Бөлім. Білім беру барысында сыныптан тыс жұмыстарда экософия арқылы экологиялық сана қалыптастарудың теориялық-әдіснамалық негіздері және қағидалары
0.1 Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыста экологиялық сана қалыптастырудың экософиялық аспектілері
0.2 Оқу процесінде сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие қалыптастырудың теориялық негіздері
2 Бөлім. Эксперименттік бөлім

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Қазіргі таңда, адамзаттың қарқынды дамып жатқан дәуірінде тенологиялық дамумен қатар қоршаған ортаға түрлі ықпалдардың да әсері ушығып тұрғанын байқауға болады. Антропогендік әсердің салдарынан табиғат және жалпы қоршаған орта мен оның құрамдас бөліктерінің экологиялық сапасының төмендеуі, өзгерген жағдайы адамзат тіршілігіне біршама айтулы қауіп төндіріп отыр. Осы орайда қоғамның сан жылдар бойы жасаған әсерекеттерінің қорытындысы ол - өркениеттің қарқынды дамуының екінші бір жағымсыз жақтары технологиялық әрі өндірістік дамумен қатар техногендік әсердің ушығуы.
XVIII ғасырда Еуропада басталған өнеркәсіптік революция табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы уақытқа дейін адам, басқа тіршілік иелері сияқты, өзінің экожүйесінің табиғи құрамдас бөлігі болды, тіршілік айналымына сәйкес келді және оның заңдарына сәйкес өмір сүрді.
Неолит революциясынан бастап, яғни егіншілік пен одан кейінгі мал шаруашылығы ойлап табылған кезден бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас қарқынды түрде өзгере бастады. Адамның ауылшаруашылық қызметі біртіндеп өзінің заңдарына сәйкес өмір сүретін агроценоздар деп аталатын жасанды экожүйелер жасады. Ал өз кезегінде олардың сақталуы адамның тұрақты, мақсатты жұмысын қажет етеді. Адамның араласуынсыз олар өмір сүре алмайды. Адам белсенділігінің нәтижесінде табиғаттағы тіршілік айналымы өзгере бастайды, қоршаған ортаның табиғаты өзгереді. Халық саны өсіп, қатар адамның қажеттіліктері де өскен сайын, сәйкесінше олардың тіршілік ету ортасының да қасиеттері көбірек өзгеріске ұшырайды. Алайда, соңғы уақытқа дейін бұл өзгерістердің бәрі баяу жүрді, сондықтан олар туралы ешкім ойламады.
Өнеркәсіптік революцияның басталуымен жағдай тез өзгере бастады. Бұл өзгерістердің басты себептері көмірсутекті отынды - көмірді, мұнайды, сланецті, газды өндіру және пайдалану болды. Содан кейін көптеген металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру. Адамдар бұл заттардың биосферада пайда болуы судың, ауаның, топырақтың ластануы туралы айта бастады. Мұндай ластану процесінің қарқындылығы тез өсті. Есесіне адамзат мекендейтін орта күрт өзгерді.
Біздің заманымызда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас, оның ресурстарын пайдаланып, орнын толтыратын шара қолданбау қазіргі кезде қате екенін адамзат мойындады.Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, табиғатты адамның шаруашылық қызметінің әсерінен сақтау проблемасы үлкен мемлекеттік маңызға ие болып отыр.
Адамдардың тіршілік еті ортасын қорғау - жалпы адамзаттың ісі десек артық болмайды. Табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану - комплексті проблема, оның шешілуі экожүйелерді сақтауға бағытталған мемлекеттік шараларды біртіндеп жүзеге асыруға, сондай-ақ қоғамның өзі үшін қаржыландыру тиімд болып табылатын ғылыми білімді кеңейтуге байланысты[1, 676].
Жер адам тарапынан үнемі өсіп келе жатқан әсерді сезінеді. Бұл климаттың, атмосфераның құрамының өзгеруімен, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің төмендеуімен көрінеді. Бұл өзгерістердің астарында 1900 жылдан бері үш есе өскен халық санының өсімі жатыр. Соңғы 100 жыл ішінде адамзат тұтынылатын қазба отынының көлемін 30 есе және өнеркәсіптік өндіріс көлемін 50 есе арттырды.
Оның салдары қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсіну үшін осы процестің бір жағын ғана қарастырған жеткілікті. Көмірқышқыл газының және басқа "парниктік" газдардың көбеюіне байланысты климат күрт өзгеруі мүмкін, әсіресе жоғары ендіктерде. Сонымен қатар, шөлдер одан әрі өсіп, тропикалық жаңбырлы ормандары азаяды. Құрғақшылық немесе су тасқынынан аулақ болу үшін жаппай қоныс аударуға да тура келуі мүмкін. Онымен қоса табиғи апаттар да көп болады, ал теңіз деңгейі 100 жылдан кейін 50 см -- ден асады.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің кейбір түрлері қазірдің өзінде температураның көтерілуіне өзіндік реакция беруде. Мәселен, қоныс аудармайтын еуропалық көбелектердің 22 түрінің таралу аймағы соңғы 100 жыл ішінде солтүстікке қарай 240 км-ге көшті. Ал соңғы онжылдықта құстардың 59 түрінің таралу аймағы 18 км-ге жылжыды[2].
Бұдан өзге мысал ретінде айтатын болсақ, тағы да бір антропогендік өрескел әсердің мысалы - биосфераның радиактивті заттармен ластану проблемасы. Бұл ауыр ластану проблемасы 1945 жылы Жапон қалалары Хиросима мен нагасакиге тасталған атом бомбаларының жарылысынан кейін пайда болды. 1962 жылға дейін атмосферада жүргізілген ядролық қарудың сынақтары ғаламдық радиактивті ластануға алып келді. Тіпті Республика аймағында, Семей полигонындағы жүздеген сынақтардың сұмдық салдарын халық өзі бастан кешіп, залалын толықтай тартты. Бұл жүргізілген сынақтарда атом бомбасы жарылған кезде, өте қатты иондаушы сәулелер пайда болады, радиактивті бөлшектер үлкен қашықтырға тарай отырып, топырақты, су қоймаларын және тірі организмдері зақымдайды. Көптеген радиактивті изотоптардың жартылай ыдырау кезеңі ұзақ уақытқа созылып, сол уақыт аралығында өте қауіпті болады. Осындай ауыр әсерлердердің салдарынан толықтай биоценоздардың бұзуылуы мен қоршаған ортаның ластануы өте күрделі проблемаға айналып отыр. Бүкіл биосфера адам қызметінің жылдан жылға артып отырған әсерінен зардап шегуде, сондықтан табиғатты қорғауға бағытталған шаралар өзекті мәселелердің бірі болып отыр[1, 674].
Экологиялық трагедия немесе табиғатқа болып жатқан кері әсердің ықпалы адамзаттан тыс тек қоршаған орта деген түсінікпен шектеліп қалмайтынын, керісінше толық тіршілік атаулысын қамтып барлық биосфера құрылымына тигізер залалы мол екенін адамзат баласы кеш те болса толық мойындауына тура келді. Себебі технологиялық, индустриалды және тағы да басқа техногендік салалардың қарқынды дамыған мезетінде қоғам біршама өзінің табиғаттың билеушісі емес табиғатқа тәуелді жаратылыс екенің ұмытқан хәлге түсті.
Осы проблемалар ішіндегі алдыңғы қатардағы көкейкесті негізгі орталық мәселе - қоршаған ортаға антропогендік әсерден болатын зиянды факторларды азайтып, қалыпты жағдайды сақтау болып табылады. Көптеген ғылыми орталарда, ғалымдардың еңбектерінде бұл жағдайда неңдей шара қолдану керек? Қандай технологиялар арқылы тиімді, жағымды әсері жоғары нәтиже алуға болады? деген сұраққа түрлі шешімдер ұсынылуда. Бұдан бөлек түрлі ұйымдардың қыруар қаржы бөліп, сол арқылы әртүрлі технологияларды да, экология мәселесінің төңірегіндегі мамандарды жұмылдыру арқылы да көптеген шаралар қолданылуда. Әрине бұл нұсқаулықтардың барлығын бастан аяқ пайдасыз, практикалық мәнін жоғалтқан деп кесіп айту үлкен қателік. Бірақ осы жолда көптеген әрекеттер жасалып жатқанымен, олардың ұзақ мерзімді келешегіне жүз пайыздық кепілдік беру қазіргі шақта өте қиын болып отыр[3].
Жоғарыда аталған проблемалардың зерттелуінің нәтижесінде кері әсерлерді азайту яки одан да жақсысы оның толыққанды шешімі тек белгілі бір жаңа экологиялық технологияларды ойлып тауып, оны қоршаған ортаға кері әсерге тұспа-тұс қарсы қолданумен шектелу арқылы табылмайтынын түсінді. Осыған орай ғылыми орталарда һәм жалпы қоғамда бұл түйткілді мәселені шешу жан-жақты шешу стратегиясы ұсынылуда. Тіпті әлемдік деңгейде әр мемлекет өз аясында белгілі бір шаралар қолдануда.
Осы мәселеге орай өз кезегінде Қазақстан Республикасының да "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздігі тұжырымдамасы", "Экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы" атты түрлі бағдарламалар еңгізілуде. [4,5,6] Бұдан аңғаратанымыз ол қоғамда экологиялық этика қалыптастыруда тұлғаның қалыптасуының алғашқы баспалдағы ол жасөспірімдер мен жалпы жастардың орасан зор рөл атқаратыны.
Жасөспірімдерде, оның ішінде өз алдына үлкен бір орын алатын, әр қоғамның болашағы болып табылатын мектеп оқушыларында экологиялық сана және этика қалыптастудың негізгі бағытталған тұсы ол қоғамға уақыт өте белгілі бір тұлға болып қалыптасатын және кейінірек сол қоғамды құрап, соған әсер ететін жастардың бойында қоршаған ортаға деген парасаттылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастыру.
Қозғалып отырған тақырыптың ядросы болып табылатын экологиялық тәрбие қалыптастыру ұғымы тамырын тереңнен алады. Атап айтқанда ерте замандағы Орта Азия мен Шығыс өңірінің ғалым әрі пәлсапашыларының ортағасырлық ғылыми еңбектерінде экологиялық тәрбие мәселесі өзекті орын алады. Нақтырақ айтсақ экология мәселесі ол уақытта Әбу Насыр Әл-Фараби, Ибн Сина, Әл Хорезми, Әл Бируни, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йассуи және т.б. сынды өз заманының ғұламаларының аттарымен байланысты. Аталған ғалымдардың еңбектерінде адамзаттың қоршаған ортаға деген оң көзқарасы, табиғаттың адам өмірінде аласын орасан зор маңызды орны және жан баласының тіршілік атаулысына деген жақсы қарым қатынасы мен қамқорлығы айтылады.
Қоршаған орта, табиғат құралдарын алдынғы орынға қою арқылы Жан Жак Руссо сынды ғалымдар балалардың табиғатқа деген адамгершілігін, сүйіспеншілігін арттырудың мүмкін екенін атап өткен болатын. Мәселен, Руссоның пікірінше, адамзат тарихының алғашқы кезеңінде "табиғи жағдай" болды. Онда адамдар бөлек, бірақ табиғат ережелеріне сәйкес өмір сүрді. Олар жеке меншікті, теңсіздікті, қысымшылықты және жамандықты білмеді. Орташа межедегі қажеттіліктер азға қанағаттануға мүмкіндік берді. Мүмкіндіктер мен күштердің жетіспеушілігі адамды бауырларымен бірігуге, "әлеуметтік мемлекет" негізін қалаған "әлеуметтік келісім" жасасуға мәжбүр етті, яғни заңдар, меншік, билеушілер мен субъектілерге бөліну, мүліктік айырмашылықтарға. "Табиғи" өмір салтын ұстана отырып, адамдар ашкөздікке, менмендікке және басқа да зиянды құмарлықтарға ие болды. Шектен шығуға тырысып, айналасындағы әлемді өз еркімен және надандықпен өзгерте отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру негіздері
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Мұғалім мен оқушының конструктивті емес өзара әрекеті
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер