Мектептегі әдебиет курсының мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы: Жанканова А
2020ж.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мазмұны мен құрылысы
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111013 - Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Тобы: ҚТ-Ж-16к
Пәні: әдебиетті оқыту әдістемесі
Орындаған: Әбіл Бағым
Ғылыми жетекшісі: Мендибаева Мөлдір

Қорғалды:
Бағасы:

Қызылорда, 2020 жыл
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
Негізгі бөлім
2.1 Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
2.2 Мектептегі әдебиет курсының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10
2.3 Оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-23
III. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27-28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Курстық жұмыстың өзектілігі: әдебиетті оқыту әдістемесін тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі - жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысын жаңартылған білім бағдарламасы бойынша айқындап көрсету.
Әдеби білім берудің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиетті оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар мектептегі білім берудің мазмұны мен құрылысын жаңартылған білім бағдарламасы бойынша айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат - міндеттерін анықтай алу іскерлігі, әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
- оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
Зерттеу пәні: мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Зерттеу нысаны: жалпы білім берудегі мектептегі әдебиет курсының жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мазмұны мен құрылысы
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған қосымша әдебиеттерден тұрады..

Кіріспе

Әдебиет- сөз өнері. Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар адамтану құралы десе, біз әдебиет пәнін адам тәрбиелеу құралы дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді. Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:
Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;
Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету;
Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;
Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;
Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру;
Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;
Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік жағынан:
Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - ғылыми пән. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі - әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттілігі. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жылдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі. Сол өнердің бертін келе бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, қара көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері.

2.1 Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет пәні

Қазақ мектебіндегі қазақ әдебиеті пәні - білімдік, тәрбиелік үлкен жүк көтеретін, әр жақты қызметтер атқаратын ең маңызды пәндердің бірі.
Әдебиет пәнінің негізі - көркем шығарма. Ал шынайы көркем туындыда адамзаттың асыл арманы, ұшқыр қиялы, ел басынан өткерген қилы-қилы оқиғалар, сол жолдағы күрес-тартыстары, өмір белестері, елдің ерлік дәстүрлері, халық тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, ырым-жоралғылары, психологиясы, кең дала табиғаты кескінделген. Сондықтан ол - оқушы зердесіне замана болмысын, дәуірдің тынысын бейнелейтін өмір оқулығың, халқымыздың көркем тарихы.
Оқушы көркем әдебиеттен әрқайсысы өзіндік қайталанбас ұғым-нанымымен, сенім-арманымен, өкініш-опығымен, қуаныш-қызығымен, арпалыс-тартысымен, ерлік-ездігімен, жақсылық-жауыздығымен, биігі-осалдығымен, сұмдық-қулығымен, ақ ниет, адал пейілімен, бар тіршілік болмысымен көрінген талай тағдырлармен танысады. Соның бәрі жазушының жан толғанысымен беріледі де, оқырманын енжар қалдыра алмайды.
Әдебиет пәні -- мектептегі негізгі эстетикалық пән. Ол оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытады, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы жарасымдылық пен әсемдікті тани да ұға білуге, дұрыс бағалауға, олардан жан ләззатын тауып әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді. Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын, көркем талғамы мен қажеттіліктерін осы негізде қалыптастыруды көздейді.
Сонымен бірге ол -- өмір танудың ерекше құралы, көркем әдебиетке деген оқырмандардың сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын оята отырып, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, оқырмандық тәжірибені дамытуы тиіс. Оқырмандық мәдениеті биік оқушыда тек көркем шығармаға ғана емес, өнердің әр түрлі құндылықтарына деген қызығушылығы, жалпы, кітаппен кездесуге деген тұрақты қажеттілігі, сұранысы пайда болады; кітапты өз бетімен оқуға дайындалады. Ал мұның өзі, бір жағынан, үзіліссіз әдеби білім беруді қамтамасыз етудің, екінші жағынан, қоғамның рухани мәдениетін көтерудің де шарты болмақ.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануына, оны ой көзімен пайымдауға қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, оқырмандық тәжірибені қалыптастырады; оқушыда көркем образды қабылдауға қажетті сезім сергектігін дамыған шығармашылық қиял мен оқыған шығарманы (жеке көріністі) көз алдына қайта жаңғыртып елестете алу қабілетін; кейіпкер тағдырына ортақтаса білу, шығарманы бар нәрімен терең қабылдап, тебірене әсерлене білуді; шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастықта қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын; жазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; шығарманы бағалауды негіздей білуді; өзіндік ой-толғамында дербестікті, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын оқырмандық талғампаздықты, түрлі жазушылар шығармашылығын, шығармаларын салыстыра отырып қарастыра білу біліктіліктерін қалыптастыруды көздейді.
Оқушылардың ауызша-жазбаша тілін дамыту, ойын ауызша-жазбаша келістіріп, жүйелі де дәлелді баяндай білуге үйрету мәселелері де әдебиет пәнінің басты бір міндеті. Міне, өнер туындысы ой мен сезімге, сана мен жүрекке бірдей күшті әсер ететін осындай сипаттарымен терең бағаланады. Сондықтан да әдеби білімге көптеген міндеттер жүктеледі. Алайда көркем шығарманың идеологиялық, эмоциялық, адамгершілік, өмір танытқыштық ішкі қуаты оқушы игілігіне оның өзіндік менінен жеке түйсігі мен тәжірибесінен өту арқылы ғана айналады.
Әдебиет пәні - қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Әрбір оқушы жанында көркем шығарманы қызығып оқитын ынта туса бұл білімнің басы.
Ендеше оқу-тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып, дағдыға айналдыру. Я. А. Коменский сол үшін мектепті жаттығу орнына балаған. Бірақ жаттығулар оқушының жүгін ауырлатып, түк бермейтін формальдық, мағынасыз жұмыстар емес, білімділікке жетелейтін жаттығу болуы тиіс.
Кейбіреулер білім сыныпта, тәрбие сыныптан тыс жұмыстар арқылы беріледі деп, осы егіз іс арасына өткел қояды. Сабақ кезінде мұғалім материалдан (мәтіннен) бұрын оның формасын (талдау) үйретеді. Тәрбие ең алдымен пәннен (білімнен) нәр алады. Мұндай жайларға мұғалім тереңірек үңілуге тиіс. Өйткені тарихи желіде талданған әрбір әдеби шығарманың патриоттық тәрбиеге қосатын өзіндік үлесі бар.
Сонымен, сабақты сапалы етіп өту үшін әрбір мұғалім ең алдымен оқыту теориясына (методологиясына), сөз оқуы мен зат оқуының айырмасына жетік болуы тиіс. Сонда оған сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Мұғалім методика, педагогика, психология ғылымдарына бірдей сүйенеді. Дидактикаң дегеннің мағынасы - бір ғана тәжірибешілдік емес, материалистік оқудың тұтас теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогі Ы. Алтынсарин біртұтас әдіс деп атаған еді.
Шәкірттің ойлау қабілетін дамытуға оқытудың проблемалы сипатта болуы ерекше әсер етеді. Проблемалық оқу - оқушыға беретін білімнің бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына сұрау салып , мәселе қойып , соны өздігінше шешуге бағыттау.
Әрине, кез-келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалық сұрақ - білетін мен білмейтіннің арасындағы қайшылықты іздеу, оны шешуге қажетті жетіспей тұрған тәсілді табу. Бұлай оқытудың басты жолы - оқушыны дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл жерде материалға сай дұрыс сұрақ қоя білудің де маңызы зор. Ойлауда қарама-қайшылықтың пайда болуы проблеманың тууына жағдай жасайды, затты не құбылысты дербес алып қарауға мүмкіндік береді. Ойлауда диалектикалық қайшылықтың болуы оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне түрткі болып, содан барып мәселені шешуді керек ететін проблема туады. Сөйтіп білетін мен білмейтіннің арасында қайшылықтар туындайды да, сол мезетте дайын тәсіл болмағандықтан өзекті мәселе туындайды, сөйтіп оқушының ізденімпаздық әрекеті мен ынтасы арта түседі.
Сонымен бірге, мұғалім шәкірт ойлауындағы дара айырмашылықтарды да, яғни олардың ой тәсілдерінің (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, жүйелеу т.б.) түрліше болатындығын да есте ұстауы тиіс.
Білім жүйесін меңгеру - күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау тәсілдері мен формалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) арқылы жүзеге асады. Ақыл-ойдың басты формасы - ұғым. Бұл айналадағы заттардың мәнді, негізгі белгілері туралы қарапайым ой. Шәкірттің оқу үстінде меңгерген ұғымдарының қалыптасу жолы бірнеше басқыштан өтеді. Алғашында бала меңгерген ұғымның аумағы тар, мазмұны да кейіннен тереңдейді. Ұғымды меңгеру сөз арқылы іске асады. Сөз - ұғымның материалдық қабығы. Ұғым бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де беріледі, оның нақты не абстрактілі жалаң, не күрделі екендігі тек контексте ғана айқындалады. Шәкірттің танымдық ұғымын берік қалыптастырмайынша оларға жүйелі білім беру қиынға соғады.
Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді пайдаланумен шәкірттер өздері ұғынуға тиісті заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, жекелеген құбылыстардың не себептен туындайтынын, яғни оның шығу төркінін, себептерін іздестіретін болады, оқушы мұғалім сұрағына тек жауап беріп қана қоймай, оған өздері де сұрақ қойып, мәселені өз бетінше шеше білуге машықтанады.

2.2 Мектептегі әдебиет курсының мазмұны

Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі. Мектептік әдебиет курсының көркемөнердің өмірмен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің тарихилығы, халықтығы турасындағы теориялық, методологиялық принциптерге негізделетіндігі.
Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Оның әдебиеттану, педагогикалық-психология, оқыту әдістемесі, т.б. ғылымдардың методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалатындығы. Көркем шығарманы сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мәселелері, оқушының білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар, т.б. жөніндегі нұсқаулары, әдістемелік аппараты. Ерекше жағдайларда мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана алатыны.
Бастауыш (І-ІV), базалық білім (V-ІХ) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, Х-Х1 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.
Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері.
V-ІХ сыныптар курсы. Бұл сыныптардағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, оқырмандық тәжірибе өлшемдерінің әдеби-эстетикалық түсінігін айқындауға тікелей қатынастылығы. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі. Осыған орай V-ІХ сыныптарға арналған әдебиет пәні бағдарламасының сатылы жүйелеу принципіне негізделгені. X сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық кеңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы. V сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы. V-IX сыныптардағы базалық білім курсы. Базалық білімнің екі сатыда өтетіні: V-VІІ сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері. VІІІ-ІХ сыныптағы әдеби білімнің әдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып белгілену шарттары.
Тарихи-хронологиялық принциптері.
Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пән аралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі шешуші рөлі.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (V-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа оқу процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделілене түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны.
Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгі себептері.
Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. XI сынып білім мазмұны XX ғасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.

2.3. Оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастырудың маңызы

5-7 сыныптарда әдебиет теориясынан мәлімет беруде көзделетін мақсат пен кезекте тұрған міндет - оқушының әдеби-теориялық мәселелер жайындағы негізгі ұғымдарын қалыптастырып, соның нәтижесінде оларға әдебиет тану ғылымының негізінен білім беріп шығару және патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделеді. Бұл міндетті тек жалаң әдебиет теориясын оқыту мен орындап шығу мүмкін емес. Демек, әдеби-теориялық мәселелер көркем әдебиетті, соның ішінде әдеби шығармаларды оқып үйрену негізінде үйретіліп қалыптастырылады. Нәтижесінде әдеби білім мен тәрбиелік процесс бірінен-бірі ажырамай, оқшауланбай өзара жымдасып бір тұтас жүйемен жүзеге асып отырады. Мұның өзі әдебиет теориясы мектепте дербес пән ретінде оқылмайды, бағдарламалық материалдарды өтумен байланысты үйретіледі деп табиғи принциптен келіп туады. Әрине, кейбір күрделірек әдеби-теориялық ұғымдар кейде, ретті жерінде, өтілген және өтіліп отырған әдеби материалдың негізінде өз алдына дербес сабақ болып өтілуі де мүмкін. Бұдан әдебиет теориясын оқытудың негізгі принципіне келетін зиян жоқ, қайта оқушылардың оқу материалдарын толық түсінуіне жағдай туғызады.
Оқушылардың әдебиет теориясынан алатын білім көлемі әр сыныптың бағдарламасында мөлшерлі түрде көрсетілген және оқулық-хрестоматиясына енгізілген. Алайда бұл мәселе әлі тиянақты шешілмей келеді.
5-7 сынып бағдарламасында әдебиет теориясынан берілетін білім жиынтығын мөлшерлеп белгілегенде, алдымен оқушылардың жас ерекшелігі, білім көлемі, әр сыныпта өтілетін әдеби материалдық ерекшеліктері ескеріледі.
Егер де әдебиет теориясынан қазіргі қолданып жүрген әдебиет бағдарламасында келтірілген білім жиынтығын талдап қарағанда, онда көркем әдебиет, әдеби шығарма, әдебиеттік процесс туралы ілімнің әр қайсысынан мағлұмат берілген. Бұл әдеби-теориялық мағлұматтарды әр сала бойынша әр сыныпқа мөлшерлеп бөлгенде, төмендегідей 6 жүйемен жүргізіледі:
а) ауыз әдебиет пен жазба әдебиет, шығармалар мен ақын-жазушылар туралы,
ә) шығарманың құрамды элементтері (көркемдік компоненттері туралы);
б) шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысы туралы;
в) шығарманың тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері туралы;
г) өлең сөз және қазақ өлең құрылысы туралы;
д) әдебиеттік мәтіндер мен жанрлар туралы;
Енді осы мәселелердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталайық. Шығарма және ақын, жазушы туралы мәселелерге келгенде, 5-сыныпта жазба әдеби шығармамен қатар қазақтың халықтық ауыз әдебиетінің нұсқалары да өтіледі (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, айтыс үлгілері). Осыларды оқып үйренумен байланысты халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында қандай түбегейлі айырмашылық барлығын айыра білуге алғашқы бақылаулар жасалады. Ал ақын-жазушылардың шығармаларын өткенде, олардың идеялық мағынасын аңғара білуге назар аударылады.
6-сыныпта оқушылардың бұл жөніндегі алған ұғымдары әрі қарай жалғастырылып, енді автордың өз шығармасында суреттелетін кейіпкердің қайсысына қалай қарайтыны (қарым-қатынасы) байқатылады. Сонымен бірге, олардың өмір-тіршілік жағдайына автордың көзқарасы қандай екеніне бақылау жасатылады. Сондай-ақ әдеби шығарманың жарық көруіне негіз болған тарихи фактілерді де түсіне білуге үйретіледі.
7-сыныпта ақын, жазушылардың өмірбаяны. Оның дүниетанымы, көзқарасы туралы ұғым беріледі. Өмір шындығы юморлық және сатиралық тәсілмен қалай суреттелетінін аңғарады. Оқушылардың көркем әдебиет, әдеби шығарма және ақын, жазушы жоғарыда өткен сыныптарда алған білім-дағдылары ілгері дамытылып тереңдей түседі, жинақталып тұжырымдалады. Мысалы, бұл сыныпта оқушылар көркем әдебиет сөз өнері екені, онда өмір құбылысын көркемдеп суреттеудің шыншылдығы, типтілігі, әдебиеттің халықтығы, идеялылығы сияқты мәселелермен танысады. Әдебиеттегі жағымды образ туралы ұғым алып, жазушының шығармасында қолданылатын ирония мен сарказм сияқты көркемдік тәсілдерін байқап біледі.
Оқушыларға әдебиет теориясынан берілетін білімнің 2 саласына көркем шығарманың құрамды элементтері жатады. 5-сыныпта лайықты әдеби шығарманы оқып үйрену негізінде оқушылар баяндау мен суреттеу туралы жалпы ұғым алады; шығармадағы кейіпкерлер мен оқиғаларды тауып ажырата білуге үйренеді.
6-сыныпта оқушылардың суреттеу туралы ұғымдары кеңейтіліп, портрет, пейзаж, авторлық мінездеу туралы түсінік беріледі. Баяндау мен суреттеудің үстіне диалогпен танысып, оның шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқын ашудың бір құралы, тетігі екендігін аңғарып бақылайтын болады.
7-сыныпта бұлармен қатар лирикалық монологтың айрықша (өзіне тән) белгісіне бақылау жүргізіледі және эпиграф туралы ұғым беріледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы, зат-жағдай бейнеленген суреттеу туралы ұғым беріледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы ұғым беріледі, шамамен айтқанда, 7-сыныпты бітірген оқушы көркем шығарманың құрамды элементтері жөнінде осы көлемде ұғым алып шығады.
Келесі сала - шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымына байланысты мәселелер. Бұлар да жоғарыда айтылған шығарманың құрамды элементіне жатады. Бірақ композиция мен сюжет шығарманы талдаудағы күнделікті мәселелердің қатарына жататындығын, оқушылардың бұл жөніндегі ұғымдарын бірте-бірте сатылап қалыптастыру жолы айқын көрініп тұруы үшін, өз алдына жеке алып қарастырылады. Мысалы 5-сынып оқушыларына композиция деген атау (термин) айтылмайды, яғни қолданылмайды. Оқушы шығарманың композициялық құрылысын оның жай және күрделі жоспарын тізу арқылы танысады. Осының нәтижесінде шығарманы құрап, оған тұтастық сипат беріп тұрған негізгі бөлімнің арасындағы байланысын айырып біледі. Ол үшін бағдарламадағы өлең сөз түріндегі және прозалық шығарманың қолайлылары таңдап алынады. Бірақ алынатын мәтіннің (шығарманың) жоспары айқын, сара болуы шарт.
6-сыныпта шығарманың композициялық құрылысына байланысты ұғым кеңейтіле түседі. Шығарманың құрылысымен танысу барысында , ондағы табиғат суретінен (пейзаждың) және басқа да көркемдік композицияның (элементтерінің) қандай роль атқарып тұрғанын айырып біледі. Өйткені шығармадағы оқиғаға кейіпкердің күйініш-сүйінішіне байланысты пейзаждың атқаратын ролі алуан түрлі және ол шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұнына бағынышты болады, яғни соған икемдей беріледі. Сондай-ақ оқушылар шығарманың қорытынды бөлімі композицияның құрамында қандай роль атқарып тұрғанымен де танысады. Қорытынды бөлімге баяндау түрінде жазылған көлемді шығармада кейде эпилог, драмалық шығармада немесе спектакльде апофеоз, яғни пьесаның соңғы суреті жатады. Мұндай сурет оқиғаның салтанатты түрде аяқталатын мадақтау, оның қаһармандарын мақтаумен аяқталады. Ал лирикалық өлең-жырларда қорытынды бөлімнің ролін соңғы тармақ не шумақ атқарып тұрады. Мысал өлеңдерде бұған қорытылған түйінді пікір , ақыл-өсиет сөз жатады. Кейде шығарманың қорытынды бөлімінің ролін қайталаудың бір түрі эпифора да атқарады. Мұндай өлең тармақтарының соңында ылғи бір сөз қайталанады. Бұл көркем тәсіл поэтикалық тілдің әуезділігін, өрнектілігін күшейту мақсатында қолданады.
Көркем мәтін құрылысын сыныптар бойынша таныту.
Көркем шығарма құрылысы 5-сыныпта ең жеңіл ұғыммен танытыла бастайды. Әр түрлі көлемдегі мәтіндердің табиғи жүйесін ашу композицияны танытудың алғашқы бастамасы болады. Көркем шығарманың негізгі бейнелейтін пәні адам болғандықтан, ол әрекет үстінде көрінеді де, адамдардың өзара қарым-қатысы, әрекеті, ой-арманы, кескін-келбеті, мақсатына жетудегі істері баяндалады, өмір көріністері бейнеленеді. Соларды бейнелеуде сөз шебері қандай көркем тілді қолданды, міне, осылардың бәрі көркем мәтіннің құрамды бөлігі (компоненті) болып есептеледі.
5-сыныпта көркем мәтіннің құрылысын талдауды жеңіл түрде де, күрделендіріп те жүргізу мұғалімнің қолында. 5-сыныптағы шәкірт мәтіндегі көзге түсетін елеулі кейіпкерлердің жарқын әрекетін, мінезін жеңіл аңғарады, бірақ барлығы бірдей сол кейіпкердің ісін, мінезін бір дәрежеде ұғынады деуге болмайды. Тәжірибеде 10-11 жастағы шәкірттің мәтіндегі өте мәнді нәрселерді, эпизодтық оқиғалар байланысын аңғармай қалуы кездесе береді. Сондықтан да мұғалімнің басты міндеті - көркем мәтіндегі оқиғалардың байланыса дамуына көңіл аударту. Осының өзі - мәтін композициясын танытудың амалы. Жалпы композицияны танытудың түпкі мақсаты бүтінді бөлшектей беру емес, сол бүтіннің қандай бөлшектерден тұратынын, солардың табиғи үйлесімі нәтижесінде мәтіннің негізгі идеялық түйінін танытуға әкеледі.
Керқұла атты Кендебай ертегісінің құрылысындағы кейбір компоненттің рөлін ашқан кезде сұрақ-жауап түріндегі мысалдар тек қана композицияға қатысты жұмыс түрлері болмақ. Мұғалімнің бағдарлағыш, оқушыға ой салғыш, шағын проблемалы ситуация туғызатындай сұрағының мәні ерекше. Оқушы жауабының бір ұшы сұрақта жатады.
Кендебай сиырларды сирағынан ұстап аралға лақтырып жатқанда, ханның қызы оған не деді?
Қырасың ғой малды, күндегідей: Айрылғырдың суы айырыл, -- деп неге айтпайсың дейді.
Егер хан қызы осылай демесе, ертегіде не болар еді?
Онда Кендебай сиырларды лақтырамын деп өлтіріп алар еді.
Дұрыс. Егер ханның қызы осылай деп ескертпесе, Кендебай ханның сиырларын өлтіріп алар еді де, хан оны жазаға тартар еді. Ондай жағдай болмас үшін , хан қызының ескертуі өте керекті сөз екен. Бұл сөз айтылмаса, Кендебайдың тағдыры өзгеріп кетуі мүмкін.
Кейіпкерлер сөзінің рөлін көрсету үшін тағы бір мысал:
Кендебайдың алтын құйрықты алып қалуына не себеп болды?
Ханның балаларына қара биені күзетіңдер деуі себеп болды.
Кендебайдың жеті басты дәу мен арыстанды жеңуіне не себеп болды?
Ханның құлынды тауып келіңдер деген сөзі себеп болды.
Егер хан ондай тапсырмалар бермегенде, Кендебайдың ерлік істері де болмас еді. Сондықтан бұл сөздерді ертегіден қысқартып не алып тастауға болмайды екен.
Осылай сұрақ қойып, әңгіме жүргізудегі мақсат ертегі композициясының басты компоненті - кейіпкерлер сөзінің рөлін көрсету. Олардың сөзінің ертегі оқиғасының дамуына негізгі қозғаушы күш екенін оқушыға жеткізу. Жұмыстың бұндай түрі - ертегі композициясын танытудың басты амалы. Шығарма құрылысының басқа бөліктерін бір сабақта дәлелдеп беру мүмкін емес.
5- сыныптағы мәтіндердің алғашқы тобы - ертегілер. Ертегі кейіпкерлерінің сөзі - оқиғаны дамытуға қозғаушы компонент. Кейіпкер сөздеріне назар аударту үшін әр кейіпкер сөзін әр оқушыға оқытып, оның оқиғаның дамытуға қандай әсері бар екеніне көз жеткізіледі.
Тәжірибеде жиі қолданылатын мәтінге жоспа жасау жұмысы композицияны танытудың бастамасы екені белгілі. Бірақ барлық жағдайда мәтіннің жоспары композицияны танытудың орнына жүре алмайды. Жоспарды мәтіннің композициялық құрылысы деп ұғынуға болмайды. Мысалы, Толағай ертегісінің сюжеттік жоспарын шамамен былай құруға болады:
1.Толағайдың дүниеге келуі.
2.Жас баланың алып болып өсуі.
3.Әкесімен аңға шығуы.
4.Толағайдың ұйықтап қалуы.
5.Әкеге төнген қауіп.
6.Жолбарыспен айқас.
7.Ел күйзелісі.
8.Толағайдың жаңбыр іздеудегі әрекеті.
9.Ел қуанышы.
10.Толағайдың өлімі.
11.Толағай ел аузында.
Енді ертегінің композициялық жүйесін ашып көрсек, Толағайдың бейнесі мен себеп-салдарлы әрекеті саралана түседі.
Ерегі жүйесінің тізбегі:
І- бөлім:
1.Автор: Ертек айтып берейік
2.Ертістегі Саржан мерген.
3.Ақылды Айсұлу сипаты.
4.Саржанның балалы болуы.
5.Жақсы тілек, ат қою.
6.Жас Толағай сипаты.
7.Үлкендер: Алып болар.
8.Толағай аңда.
9.Әкесімен көлге келуі.
10.Толағай Дем алып алайын.
11.Әкесі: Ұйықта, қозым
12.Көл сипаты.
13.Жолбарыс сипаты.
14.Әкесі: Өлдім, балам.
15.Жолбарысты лақтыру.
16.Әке мен бала сүйсінуі.
ІІ - бөлім
1.Ел күйзелісі.
2.Толағайдың ойы.
3.Анасына сұрағы.
4.Ана жауабы.
5.Толағай шешімі.
6.Тау шатқалын көтеріп әкелу.
7.Халық қуанышы.
8.Толағайдың соңғы сөзі Апаң
9.Ел қайғысы.
10.Күн мен түн сипаты.
11.Толағай тауы, табиғаты, (желі, Шалғыны, жаңбыры)
Толағай ертегісін оқытуға арналған соңғы сабақта бұрын өтілген Керқұла атты Кендебаймен салыстырып, ұқсастық жағын ашуға жалпы ертегі композициясына тән ортақ сипаттарға көз жеткізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қойып, соларға лайықты жауаптар алуы мүмкін.
Кендебай қандай болып өсті?
Күшті алып, мерген болып өсті.
Толағай қалай өсті?
Толағай да алып әрі мерген.
Кендебай көкжал бөрімен қалай айқасты?
Құйрығынан ұстап, лақтырып жіберді?
Толағай әкесін қалай құтқарды?
Ол да жолбарысты лақтырып жіберді.
Осы жас алыптар өскен сайын бұдан да күшті болуы мүмкін бе?
Мүмкін.
Оны қайдан көреміз?
Кендебай дәуді жеңсе, Толағай тауды көтере алды.
Кендебайдың қайырымдылығын, жақсылығын қайдан көреміз?
Қойшы баланың әкесін тұтқыннан босатты, ата-анасын қуантты.
Ал Толағай өз елін қалай қуантты?
Тауды жаңбырымен көтеріп әкеліп, елін қуанышқа кенелдірді.
Балалар, әр ертегінің оқиғасы әр түрлі болғанмен екі ертегіге тән бірімен-бірі ұқсас келетін осындай ерекшелігі болады. Бұл басқа да ертегілерден байқалуы мүмкін. Ертегі кейіпкерлерінің өсуі, әрекеті шындықтағыдан гөрі әсірелене суреттеледі.
Аяз би ертегісінің құрылысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Орта мектепте алгебралык тендеулер мен тенсіздіктер такырыптарын окыту әдістемесі
Зерттеудің көкейтестілігі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Мектептегі тарих кабинетінің оқыту процесіндегі рөлі
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Пәндер