Бухгалтерлік салықтық есеп


Мазмұны
Кіріспе3
1 Салықтық есеп саясаты, оны қалыптастыру және жетілдірудің теориялық негіздері
1. 1 Салықтық есеп саясатының мәні, маңыздылығы мен түсінігі . . . 6
1. 2 Ұйымның есеп саясаты және оның бухгалтерлік, салықтық есепті жүргізудегі рөлі 10
2 «Кайс Астана» ЖШС коммерциялық ұйымының салықтық есеп саясатын ұйымдастыру
2. 1 «Кайс Астана» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және салықтық есеп саясатын ұйымдастыру 15
- Ұйым табысының бухгалтерлік және салықтық есебінің ұйымдастыру негіздері22
2. 3Бухгалтерлік және салықтық есептердің өзара байланысы мен
тәуелділігі 27
3 Салықтық есептілік саясатын жетілдіру жолдары
3. 1 Корпоративтік табыс салығын есептеудегі жетілдіру жолдары ………35
3. 2 Салықтық есеп саясатын жетілдіру жолдары 38
Қорытынды. . 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . .
Қосымшалар.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық қатынаста дамуына байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес қаржылық есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай қаржылық есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған қаржылық есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау қажет. Сонымен қатар қаржылық есеп ұйымның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана қаржылық есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі қаржылық есепті жүргізу жүйесін анықтайды [1] .
Еліміздің экономикасының дамуы арқасында бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі салық, қаржылық, басқару есебі пайда болды.
Заң күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен сәйкес «Салық есебі» түсінігі енгізіледі [2] .
Абсолюттік салық есебінің көрсеткіштері қаржылық есептің қатысуынсыз өткізіледі. Сөйтіп қаржылық көрсеткіштердің қатысуынсыз кедендік баж, мемлекеттік баж, полицияны ұстау үшін алым, суға төлем және т. б. есептеледі.
«Салық есебінің» мақсаты есепті кезеңдер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табыстың дұрыс құрылуы мен олардан шегерімдерінің есебін ұйымдастыру арқылы корпоративтік табыс салығы көлемін анықтау болып табылады.
Қазіргі салық заңына сәйкес, салық салынатын табыс Салық кодексінің ережесіне сай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есебі мәліметтері салық есебін жүргізу процесінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі көзі болып табылады. Бюджеттің табыс көзі болғандықтан Салық Комитеті арқылы қадағалайды. Зерттеп отырған ғылыми жұмыстың салық объектісі заңды тұлғалардың ішіндегі ұйым - «Кайс Астана» ЖШС. Ғасырлар бойы қаржылық есеп - ұйымдардың іс-жұмысының нәтижелерін, мүлік жағдайы мен қаржылық жағдайы туралы ішкі және сыртқы қолданушыларға ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп регистрі мәліметтерінің негізінде әр салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық базасы есептелінеді. Ұйымның табыс пен шығынын бухгалтерлік есеп арқылы бақылап, бекітілген нормативтік құқықтарға сүйене отырып салық салынады. Осы аталған мәселе - дипломдық жобаның өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Зерттеушілердің еңбектерінде қаржы және салық есебінің өзара сәйкестігі мен оны жетілдіру жолдарының мәні, оның қызметтері, қаржы есебі мен салық есебін ұйымдастыру, есептің қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық есеп пен салықтық есептер бойынша зерттеулер кеңінен қамтылғанымен, салық есебі туралы терең зерттеулердің тапшылығы байқалады.
Дипломдық жобаның мақсаты - Ұйымның бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуіне орай өзара әрекеттестігі нақты байланысын көрсету, салықтық есеп саясатын жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жобаның міндеті - қойылған мақсатқа жету:
Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара
әрекеттестігі жайлы жеке-жеке теориялық тұрғыда ашып көрсетуі:
- бухгалтерілк және салық есебінің мәні, негіздері мен элементтері;
- салық есебі мен бухгалтерлік есептің өзара байланысы;
- Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есебінің өзара
байланысын нақты зерттеу объектісі ретінде алынған ұйымның толық қызметіне талдау;
- Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есебінің өзара
байланысының зерттеу жолында туындағын ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын қарастыру;
- тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру
жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны тәжірибемен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі Дипломдық жобада Қазақстан Республикасының «Кайс Астана» ұйымындағы бухгалтерлік және салықтық есептің өзара байланысына сипаттама берілген. Нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің пәні бухгалтерлік есеп пен салықтың есептің өзара сәйкестігі
мен олардың жетілдіру жолдарын мен ұсыну барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесі.
Дипломдық жобаны жазу барысында ҚР бухгалтерлік есеп пен салық есебін қолданылатын нормативтік құқықтік актілер және қаржы есебі мен салық есебін ұйымдастыру туралы заңдар, оқулықтардан алынған ақпараттар, басылымдар және кәсіпорынның қаржылық есеп беру құжаттары қолданылды. Қаржылық зерттеудің ақпараттық базасы балып қаралған кезеңдегі «Кайс Астана» ЖШС - нің есеп беру құжаттары, аналитикалық және синтетикалық есеп регистірлері табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржылық есептілік аясындағы заңдық және нормативтік актілері, ҚР Қаржы министрлігінің нормативтік құжаттары, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, қаржылық есеп пен аудиттің халықаралық стандарттары, кәсіпорындардың нақты мәліметтері қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде ғылыми жаңашылдығы бар келесідей нәтижелерге қол жеткізіліп, олар қорғауға ұсынылып отыр:
- бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігі категориясына қатысты түсініктер зерттеле келе, оған авторлық анықтама берілді;
- кешенді және жүйелі талдау негізінде бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестік көрсеткіштерінің жүйесін нақтыланды;
- бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігін талдаудың ақпараттық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды;
- дайындалған әдістемелік ұсыныстар негізінде кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігіне талдау жүргізілді.
Қорғауға шығарылған негізгі ережелер:
- салық және бухгалтерлік есептер арасындағы байланысты зерттеу
негізінде авторлық тұжырымдама жасау;
- ұйымның есеп саясатына салықтар бойынша міндеттемелерді есептеу әдістемесін ұсыну;
- ұйымның мәліметтері негізінде корпоративтік табыс салығы есебін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жобаның құрылымы кіріспеден, мазмұны, нормативті сілтемелер, анықтамалар, атаулар мен қысқартулар, кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде ұйымдағы бухгалтерлік есепті және салықтық есепті жүргізудің теориялық негіздері, оның ішінде бухгалтерлік және салықтың мәні, ерекшеліктері, ұйымның есеп саясаты және оның бухгалтерлік, салықтық есепті жүргізудегі рөлі қарастырылған.
Екінші бөлімінде кәсіпорын табысы бойынша бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізудің ерекшеліктеріне талдау жасалған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және салықтық есептерді жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, Ұлттық қаржылық есеп стандарттарына өту барысында бірталай өзгертулер еніп, оларды меңгеру оңайға соққан жоқ. Мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі бухгалтерлік және салықтың есептің мәні зор. Дипломдық жоба 45 бет, 3 сурет, 14 кестеден тұрады.
1 Салықтық есеп саясатының теориялық негіздері
- Салықтық есеп саясатының мәні, маңыздылығы және түсінігі
Қазіргі заман талабына сай нарықтық экономиканың дамуы мен басқарудың жетілдірілуі, ұйымының дамуы бойынша жаңа стратегияның өңделуі барысында қаржылық есептің мәні мен орны күшейе түседі. Қазіргі таңда барлық ұйым меншік формасынан тәуелсіз және ықпалынсыз шаруашылық операциялар мен мүліктерде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
Бүгінде ұйымның экономикалық механизмдерінің қиындықтарын сенімді экономикалық реттелген есеп жүйесінің берілген ақпараттарынсыз басқару мүмкін емес [3, 29 б] .
Бухгалтерлік есеп теориясы есеп жүйесінің ұйымдастырылуының жалпы негізі. Заң актілері мен экономикалық дисциплинаға негізделіп, қаржылық есептің принципін қазіргі заманға дағдыланған экономика және басқаруға жауап беретіндей етіп, есептің теориялық категориясына негізделген [4, 48 бет] .
Еліміздің экономикасының дамуы арқасында бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі салық, қаржылық, басқару есебі пайда болды. Бухгалтерлік есеп 1-сурет төмендегі ақпараттармен қамтамасыз етеді:
Басқару есебі
Салық есебі
Қаржылық есеп
Бизнес жоспарға өзгеріс енгізу мақсатында, шаруашылық үрдістері мен операцияды басқарып, бақылап, талдап отыру үшін әр түрлі өлшемдегі ақпараттарды көрсетеді
Бекітілген формадағы қаржылық есепті қалыптастыру мақсатында, мүліктік жағдайды, міндеттерді, меншіктік капиталды және қызмет нәтижесі, екіжақты жазу принципі бойынша ақшалай түрде көрсетеді
Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша, салық заңының талаптарына сай, ұйымның салық салынатын базасын, салық төлеу міндеттерін топтастырып, анықтайды
Сурет 1 - Бухгалтерлік есеп ақпараттары
Салық есебінің заңдық деңгейде дербес есептілік ретінде бөлінуі оның ұйымның салық және қаржылық есеп мақсатында бөлек есеп ретінде жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай есепті бөлу есептіліктің мәліметтерін арнайы бағытқа салу, оларды қолдануға және де қаржы есептілігін және салық есептілігін құру мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Салық есептілігінің дербес есептілік түрі ретінде бөлінуі біздің пікірімізше тек өмірлік қажеттілік емес, сондай-ақ нақты фактіге негізделген.
Біріншіден, салық есебінің қаржылық есеп жүйесінің бір бөлігі ретінде танылуы және де салық есептілігіне сәйкес салық есебінің қорытынды кезеңі болып табылады. Яғни салық есептілігінің дербес есептілік ретінде анықталуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, мұндай бөлінудің мемлекеттік қажеттілігі бюджетке түсетін салық түсімдеріне байланысты. Бізге белгілі болғандай бюджетке түсетін салық түсімдерінің үлесі мемлекеттік жалпы табыстың 90% құрайды, бұл салықтың фискалдық қызметін шешуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, салық есептілігі ұйымның табыстылығын түсіндіреді және тиянақтайды, осылайша оның потенциалды инвесторлардың жалпы қызығушылығын арттыру акциясының құнын анықтайды [5, 39бет] .
Салық салу бойынша нормативті құжаттарда қаржылық есептің тек іс жүзіндегі әдістерін пайдалана отырып, орындалуы мүмкін болмайтын салық салу бойынша талаптардың көптеген мөлшері жеткілікті. Бұл өз кезегінде салық есебін жүргізудің кажеттілігіне алып келеді. Салық есебі бойынша отандық ғалымдардың пікіріне тоқталайық.
Үмбетәлиев А. Д. пен Керімбек Ғ. Ғ. пікірлерінше «Салық есебі-қаржылық есеп жүйесі ретінде мемлекетпен бекітілген ережелер негізінде тұрғын халықтың салықты төлеу, салық есептілігін ұсыну бойынша функциясын атқарады. Қаржылық есептің салық есептілігін жасауға байланысты арнаулы құжаттар салық есебінің ақпараттық өнімі болып табылады» [6, 211бет] .
Қалдыбаев Е. Қ., Маткаримова Л. К. пікірлерінше «Салық есебі - салық міндеттемелерін дұрыс есептеуге қажетті шаруашылық және қаржылық ақпараттарды жинау, тіркеу және өңдеу жүйесі» - деген анықтаманы тұжырымдайды [7, 89бет] .
Салық есебінің міндеті - толық салық салу мақсаты үшін және есеп беру (салықтық) кезеңінде жүргізілген шаруашылық операцияларын есептеу тәртібі туралы дәл ақпараттарды қалыптастыру, сондай-ақ, бюджетке салық пен басқа да төлемдер мен алымдарды уақытында есептеу мен толық төленуінің дұрыстығын бақылау үшін, сыртқы және ішкі пайдаланушыларды акпараттармен қамтамасыз ету.
Экономикалық әдебиеттерде салық есебін анықтау екі көзқараста қарастырылады Кең мағынадағы салық есебі бюджетке енгізілуге қажетті салықты анықтау мақсатында, салық төлеушінің мүлігін, олармен жүргізілетін шаруашылық операцияларын және оның нәтижелерін анықтау үдерісі түрінде көрінеді. Осы көзқарас бойынша салық есебін, егер олар салық салымына қатысты болса, кез келген есепте, оның ішінде статистикалық және бухгалтерлік есепте қарастыруға болады.
Төмендегі № 1 кестеде ҚЕХС бойынша қаржы есептілігі және де ұйымдағы салық және статистикалық есептерінің негізгі құрамы көрсетілген басқа да есептілік түріне жататын оның элементтері тек оған емес, сондай-ақ байланыс жасау мүмкіндігі бар басқа есептілік түрлеріне тән.
Кесте 1 - Қаржылық және салық есептіліктерінің элементтері
- Активтер
- Міндеттемелер
- Меншік құралдары
- Активтер
- Міндеттемелер
- Меншік құралдары
- Табыстар
- Шығындар
- Табыстар
- Шығындар
4. 1 Меншік құралдарының өгеруі
4. 2 Меншік иелерімен жүзеге асырылатын инвестициялар
4. 3 Меншік иелері арасында табысты бөлу
4. 1Табыстар
4. 2Міндеттемелер
5. 1Есеп және есептілік жүргізудің принциптері мен тәртібі
5. 2Қаржы есептілігін ашу үшін қосымша ақпарат
Салық есебінің мәнділігі бойынша екінші әдісі қаржылық есепті-қаржылық ережелер мен методикаларынан, өзгеше есепте-салықтық көрсеткіштердің қалыптасуының арнайы ережелерін іске қосу.
Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның салық салуға ерекше бағытталуы. Сөйтіп, өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына енетін өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды) өндіру мен сатуға байланысты шығындар құрамы туралы Жағдайға сәйкес (ҚР-ң Үкіметінің қаулысының редакциясында) өнімдерді(қызметтерді, жұмыстарды) өндірумен байланысты ұйымның барлық шығындары өнімнің (қызметтің, жұмыстың) нақты өндірістік өзіндік құнын толық көлемде қалыптастырады. Бірақ салық салу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындармен жүргізілген барлық шығындар лимиттер, нормалар мен нормативтердің белгіленген тәртіпте бекітулерді ескере отырып түзетіледі.
Салық салу базасының қалыптасу есебінің әдісіне тоқталып өтсек, ҚР-да салық төлеуші салық салу мақсатында кірістер мен шығыстарды есептеу әдісі бойынша анықтайды. «Есептеу әдісі» - салық есебінің әдісі, оған сәйкес кірістер мен шегерімдер жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, төлеу уақытына қарамастан мүлікті сату мен кіріске алу мақсатында мүлікті тиеп жөнелту сәтінен ескеріледі.
Бұл әдістің мәні салық салу мақсатында салық заңнамасы белгілі-бір анықтамаға өзінің жеке түсініктемесін береді, ал ол өз кезегінде жалпылама қабылданған түсініктермен сәйкес келмейді [9, 18 б] .
Бірақ, кейде есеп берулер бір салық кезеңі ішінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Бұл әдеттегідей бюджетке салықтардың бірқалыпты енгізілу қажеттілігінен туындайды. Өйткені ол белгілі-бір кезең негізінде есептелген аванстық төлемдерді өтеумен әрқашан қамтамасыз етіле алмайды.
Белгіленген салық кезеңіне байланысты салықтар жедел және кезеңдік-жоспарлық болып ажыратылады.
Арнайы салықтық регистрлар мен басқа да салықтық құжаттамаларды белгілеуіне тоқталып өтелік. Арнайы салықтық құжаттамаларды жүргізу салықтық есеп методологиясының формалды-техникалық тәсілі болып табылады. Салықтық құжаттама кұжаттардың 3 түрінен тұрады:
1. салықтық есептеулер;
2. салықтық есептеулердің көрсеткіштерін растайтын құжаттама;
3. салықтық регистрлары.
Салықтық құжаттамалардың ерекшелігі болып, оның құрамында арнайы «салықтық» бастапқы құжаттар жоқ, өйткені салықтық есепті жүргізудің негізі болып, шаруашылық операциялардың жасалғандығын бекітетін бастапқы есепті-бухгалтерлік құжаттар болып табылады [10, 119 б. ] .
Сөйтіп, салық есебі салық төлеушінің міндеттемелі салықты дұрыс есептеуі үшін қажетті шаруашылық және қаржылық ақпаратты бекіту және өңдеу мен алым жүйесін көрсетеді.
Әлемдік тәжірибеде онда бухалтерлік есептің қатысу деңгейі бойынша, салық есебінің үш түрі бөліп көрсетіледі:
- қаржылық салық есебі;
- аралас салық есебі;
- абсолюттік салық есебі.
Қазақстандағы салық есебінің осы түрлері белгілі бір құрамдастарымда құрастырылады. Сөйтіп салық төлемінің кейбірі қаржылық есептің (кедендік және мелекеттік баж салығы және т. б. ) қатысуынсыз есеп айырысады. Сонымен бірге, салық есебінің іс жүзіндегі әдіснама тәжірибеде толықтай қаржылық есепке негізделген [11] . Ал енді салық есебінің түрлерін төмендегі 2-суреттен көре аламыз.
Салық есебінің көрсеткіштері тек бухгалтерлік есептің деректері бойынша қалыптасады
Салық есебінің көрсеткіштері салық салудың әр түрлі әдістерін пайланумен анықталады
Аралас салықтық есеп
Бухгалтерлік салықтық есеп
Салық есебінің көрсеткіштері бухгалтерлік есептің әр түрлі салық салудың әдістерін қолданудың қатысуынсыз қалыптасады
Абсолюттік салықтық есеп
Сурет 2 - Cалық есебінің түрлері
Қорыта келетін болсақ салық деректері салық салу объектілері туралы топталған ақпараттарда, әзірленген кестелерде, бухгалтер анықтамасында және басқа да құжаттарда есептелінеді. Салық есебінің деректері есеп объектісіне үздіксіз, хронологиялық тәртіпте салық салу (оның ішінде, нәтижелері бірнеше есептік кезеңдегісі есептелетін немесе бірнеше жылға ауыстырылатын) мақсаты үшін көрсетілуі тиісті. Сонымен бірге деректерді талдау есебі алғашқы құжаттардың ақпараттарын жинақтап жүйелендіруі және салық базасының қалыптастыру тәртібінің ашық болуын ұтымды ұйымдастыруы тиісті. Сонымен салық есебінің қаржылық есебінен дербес бөлінгенін қарадық. Ал енді есепті жүргізу ерекшеліктеріне көңіл бөлеміз.
1. 2 Ұйымның есеп саясаты және оның бухгалтерлік, салықтық есепті жүргізудегі рөлі
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ұйымның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), қаржылық есеп шоттарын қолдану әдістері, қаржылық есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді [12, 51 б] .
Ұйымның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және қаржылық есептегі шаруашылық кызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері ұйымның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтканда, есептік саясат - бұл қаржылық есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есепте халықаралық есеп стандарттарын және ұлттық қаржылық есеп стандарттарын қолдану үшін әр ұйым өзінің есеп саясатын жасауға мүдделі. Сол сияқты Салық кодексінің талаптарын іс жүзіне асыру үшін әр ұйым өзінің салықтық есепке алу саясатын дайындап, қолданысқа енгізуі тиіс. Бұл екі міндетті құжат ұйымда жеке немесе біріктірген түрде дайындалуы мүмкін. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар әзірлейді және бекітеді [13, 122 б] . Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
- салық төлеуші дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
- стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
- салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
- салық салудың әр түрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
- корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz