Ежелгі Қаңлылар мемлекеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Академик Е.А Букетов атындағы Қарағанды университеті.

Курстық жұмыс

Реферат

Орындаған:1-ші курс ИО-11к тобының студенті Ахмет.Д
Тексерген:Тарих кафедрасының аға оқытушысы Муратов М.Б

ТАҚЫРЫБЫ: Ежелгі Қаңлылар мемлекеті

Қарағанды 2021ж

Кіріспе

Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, "Қаңлытану" проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. Тарих-халықтардың қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей.
Қаңлытану проблемасының өзекті де күрделі мәселесі-Қаңлы мемлекеті және оның көшпелі түркі тайпаларының көне дәуірдегі өмірінде алған орны,өркениетті қоғам құру жолындағы атқарған игілікті істері.Шынында да,кең байтақ Орта Азияда егеменді ел болып,тәуелсіз мемлекет құрып отырған қазақ халқының қасиетті жерінде көне дәуірдің өзінде өркениетті қоғам болғанын дәлелдейтін деректер нені көрсетеді? Бұл көне рулық бірлестіктердің (қаңлы, үйсін) Қытай,Үнді,Кушан,Иран, т.б. осы сияқты өркениетті елдермен терезесі тең болып мәдени,әлеуметтік қарым-қатынас жасап келуі,қала қорған,қамал орнатып,сәулет өнерімен шұғылдануы-тым ерте қол жеткен өркениеттіліктің бір көрінісі болса керек.
Негізгі бөлім
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер.

Түркітану саласында қаңлы этнонимнің, не этнопонимінің шығу тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.
Қаңлы деген кімдер,ру тайпа ма,ұлыс па,әлде жер-су атауы ма,ол қашан және қай жерде,қалай пайда болды? Бұл атаудың мағына-мәні не,ол қалай өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?Бұл жұмбақтың түйінін шешу көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай отыр.Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттарды сан-саналы болуы.Ал,бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр.Сондықтан біз бұл тарауда қаңлы атауының екі түрі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.
Қаңлы атауының өзен-су идеясы көптеген ғалымдардың еңбектерінде алға тартылған болатын. Қайдар Абдуали зерттеу еңбегіне үңілсек қаңлы ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен .Олар мынандай болып келеді:
Кәну-Кану
Кәңгерес-Кенгерес
Кенегес-Кенегес
Кеңгелер-...
Бұл аталған сөздердің бәрінің түбірі Кан сөзінен таралып отыр. Демек бұл түбір - қаңлы тайпасының атамекені саналатын бір заманда қаң, қаңға, қаңқа аталған тек Сырдарияның өзіне ғана тән атау емес,сонымен қатар бүкіл Азия құрлығының төрт бұрышына түгел таралған жүздеген географиялық (жер-су) және этнонимиялық (ру-тайпа) атаулардың дүниеге келуіне негіз болған.Әмбебап түбір сөз. Мәселен, Үндістанда Ганг, Оңтүстік Кореяда Канган, Солтүстік Кореяда Канге, Қытайда Цзянь (осылай жазылғанымен Қытайша оқылуы Кань) делініп келеді. Ал, Сырдың бір замандағы аты Қақ Қаңға болған,енді Алтай өңіріндегі өзен атауларына назар аударсақ,онда былайша болып келеді: Ақ-қан (Ақ өзені), Ара-қан (Ара өзені), Арын қан (Арын өзені), Асқар-қан (Асқар өзені), Бай-кан (Бай өзені),Берке-кан (Берке өзені), т.б Осы деректерді келтірген сөздіктің авторы О.Т.Молчанова: По данным картотеки топонимов Сибири при Томксом университете есть еще шесть как, правый приток М.Потом,Тихий Кан; р,Кан-правый приток Енисея, Кан на территории Сибири деп жазды.
Басқаны қойғанда, тек Ш.Уәлиханов еңбектерінде ған кездесетін қақ түбіріне қатысты 6-7 туынды атау өзі нені көрсетеді:Қаңлы,Қанглы, кангюй (қақғұй),канезы (қақездер), канкалы (қаңқалдар), кенегес (кенегестер), кангары (қаңғарлар) т.б.
Осылардың бәрі сайып келгенде,қаңлы кангюй этнонимімен этнотопонимдерінің қалыптасуына негіз болған гидронимдік түбір екндігін дәлелдейтін деректер.
Ал,енді Кан - қаң түбірлі вариантты атауларға тоқталар болсақ онда ол мынандай болып келеді.
Кангюй - этнотопоним:Сырдария бойында б.д.д ІІ-ғасырда пайда болып,дәурендеген алғашқы түркі мемлекеттерінің бірі.Бұл тарихта белгілі,және қалыптасқан дерек. Кангюй (қаңлының Қытайша атауы).
Н.Я.Бишуриннің пікірі бойынша, мемлекеттің, әрі сол мемлекеттің негізін құрушы және оны ұзақ ғұмырлар бойы (VІІІ ғасырға дейін) билеп төстеген негізгі тайпа-
көрсетеді.Ал Н.Аристон қаңлы түріктердің дулаттардан да көне тайпалары деп айтты. Енді қаңлы атауына байланысты қалыптасқан екінші көзқарас ол- арба идиясы. Жоғарыда қаңлы этнонимінің түп-төркіні гидроним түбірінен, оның өзен-судеген мағынасы бар екенін айттық.
представителей знати дей келіп,Абулғазы,Рабғузи т.б.еңбектеріне сілтеме жасайды.Құдайберді Шәкәрімнің өзі де шежіре жәйлі еңбегінде: Қаңлы деген арбалы деген сөз,ұйғыр ішінен қаңлы аталған, бұлар бұрын бек көп ел болған,Стамбулдағы Осман түрікте қаңлы нәсілінен-деп жазады. Мұндай деректерді көптеп келтіруге болады.Тарихи әдебиеттерде былай қойғанда қаңлы этнонимін қаңға-арбадан шығаратын этимологиялық түсініктемелердің бар екенін айтпасқа болмайды.Соның бірі - түрік ғалымы Іспет Зәки Ейұбоғлұның Түркі тілінің этимологиясының сөздігі атты еңбегінде қаңлыэтнониміне берілген түсініктеме.
Көп ізденістерден қорытынды шығарған академик Ә.Қайдар былай деп түйін шығарды:қаңлы-қырықтан астам атауы, сан алуан елдің
қалыптасуына ұйытқы, құрамдас бөлшегі болсада, түп-төркіні біреу-ақ, ол:қан қаң түбірінен тараған түрік тайпаларының ең байырғы, ірі әрі ұзақ жасап келе жатқан көне этникалық топтардың бірегейі,қазақ жерінде дүниеге келген көне тайпа-қаңлының байырғы атауы.Қаңлылардың территориясын анықтауға арналған жұмыстар да өте көп. Оның бес иелігі болғаны Сусе,Фуму,Юни,Ги және Юегань белгілі.Әйтсе де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі Қазақстандық және Орта Азиялық ғалымдар қаңлылар иелігіне Сырдариядан Іле өзеніне дейінгі аймақ жатады деп есептеген.А.Н.Бренштам және кейін оны қолдаған ғалымдар В.Вбартольд пікіріне сүйенеді. Б.з.д.104-102 ж.ж. Хань-да-юань соғысының аяқталғаннан кейін Канцзюйге Хань офицері Шань Гуань өз әскерімен ешқандай жол сілтеушісінсіз-ақ басып кірген болатын.Ол Ю қаласының билеушісін ұстап алып жазаға тартты.Ю Қытай әскери отрядын талқандауға қатысқан болатын.Тағы бір мысал.Б.з.д.36 жылы Чжи-чжи Шаньюйдің солтүстік суннуйлік ордасы және әскерінің қиратылуына байланысты үш әскер Оңтүстік жолмен Цунлин (Памир ) арқылы және Да-Юань (Ферғана), Думай (Талас) өзеніне дейін келді.
Қытай авторларының (саяхатшылары, дипломаттар, чиновниктер, әскерилері ) батыс өлке туралы мәліметтері мынандай тенденцияны анық көрсетеді дейді Н.Я.Бичурин: Проникновение и освоение Ханьцами Заподного края (Сиюй) шло в рамках долговременной великодержавной политики Поднебесной по сдерживанию и нейтрализаций сюнну.
Бұл саясат Нань-Шань,Куэнь-Лун,Тянь-Шан таулы аймақтармен жоспарлы түрде Батысқа жылжыды.Уақыт барысында аталған бағыт Ұлы Жібек жолының оңтүстік және солтүстік тармағына бөлініп кетті. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан көптеген мемлекеттерді (қалалар, иеліктер, хандықтар картаға түсіріп отырды).
Тарау соңын қорытындылай отырып Қаңлы туралы мәліметтердің басым көпшілігін Қытай деректерінен тұратынын байқадық.Бұл деректердің негізінен Қаңлы мемлекетінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқанын көреміз.Сондай-ақ, бұл мемлекеттің түркі тайпаларының ішіндегі ең қуатты мемлекет болғандығы да көп хабарламаларда анық айтылған.Ал этимологиялық талдау барысында бүгінде 40-тан астам варианттардың бар екендігін академик Ә.Қайдар еңбегінен алынған мәліметтерден кездестірдік.

1.2 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты

Үлкенді-кішілі кез келген мемлекеттің өз дәуіріне,заман талабына,саяси экономикалық,табиғи-географиялық жағдайларына байланысты қалыптасқан құрылымы, құрамы, сондай-ақ оны басқару жүйесі және ол үшін аса қажетті мемлекеттік атрибуттары,атап айтқанда: саяси,тарихи, экономикалық негізі,табиғи географиялық ортасы өзіндік рәміздер, ортақ тілі, жазуы, ақшасы заңы, этникалық тұтастығы, әскери күші, өмір тіршілік көздері мен тәсілдері болуы шарт.Біз қарастырған еңбектер,онда келтірілген дерек мағлұматтар шамамен ХV ғасырдай дәуірлеген Кангюй мемлекетінің бойынан түгел табылады деп айтуға толық негіз болады.Қаңлы мемлекетінің жалпы қоғамдық бейнесі туралы төмендегіше қорытынды түйін жасаймыз.
1.Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз.Қытай елшісі Чжан-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің құрылған,не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп тұрған дәуірін баяндайды.Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген б.д.д ІІІ-ғасырын емес,ІІ-ІІІ ғасыр одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.
2.Қаңлы мемлекеті- түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне дәуірден-ақ қаңлы мемлекетінің қалыптасуына этникалық негіз болып, іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сыр бойында тым ерте пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.
3.Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәуірдің талабына лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.
4.Өз алдына өз билігі өзінде,өз жері бар,көрші елдермен терезесі тең қарым-қатынасы тығыз ел болған.Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы бейбітшілік принципінде қалыптастырғанын көреміз.Мәселен қаңлы патшасының өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп аманат ретінде беруі,еліне келген Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей,өзінің тәкаппарлығын танытуы-осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.
5.Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз болады. Заң жинағы (кодексі) патша сарайында тұрады, қажет адамдар онымен сонда барып танысады деген дерек бір ортадан басқаруға қажет өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр.Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін ғана емес сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата- анасымен жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.
6.Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының,үй ішінің қалыптасқан тәртібіде жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен,қаңлы патшалары бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған.Бес деңгейдегі бейлік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген.Қаңлы патшалығында көп әйел алу салты да болған.Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік елшілермен кездесу салтанатында әрбір адамның отыратын өз орны болған.Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне сүйеніп отыратын болған Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде жазғы және қысқы сарайлары болған.
7.Қаңлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған (мысалы: аландар елі) елдер мен қарым-қатынас жасау тәртібі жатады.
Қаңлы мемлекетіне байланысты Қытай дерек көздерінде айтылмаған бұрын соңды көп сөз болмаған күрделі проблеманың бірі - көне Кангюй мемлекетіне көне Хорезм жеріндегі Кан-Хорезм мемлекетінің қатыстылығы.Бұл акад. С.П.Толстов зерттеулерінен кейін жария болған.Бірақ кейбір тарихшылар көп мойындай қоймаған жаңа идея.Ол ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі Канха-Хорезм мемлекеті VІІІ-ғасырдан бұрында,кейінде көне Кангюй мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды.Осы орайда, қаңлылардың түркі әлеміне кең тарап кетуіне негіз болған үш себепті атай кетуге болады: біріншіден олардың түркі тайпаларының ішіндегі ең көне әрі байырғыларынан саналуы, екіншіден, өзінше қалыптасқан тарихи тағдыры,үшіншіден эмиграциялық, демографиялық өміршең табиғаты т.б. ерекшеліктері жатады.
Мемлекетті басқару жүйесі. Қаңлы мемлекетінің б.д.д. II ғасырда қалыптасқан қорыта келе, Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаментханұлы ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.
1.Билеу жүйесінің ең жоғарғы бірінші деңгейі - Ваң- патша,
яғни қаңлы патшасы. Ол Қаңлы мемлекетінің барлық иесі, ел билеуші ең биік лауазымды адам.
2.Екінші деңгейдегі ел билеуші - Фу Ваң, бұл патшаның
орынбасары немесе орынбасар патша. Ол патшаның бірінші көмекшісі, әрі әскери істерін басқарушы бас сардар саналады. Бүгінгі біздің түсінігімізше ол - жоғарғы қолбасшы. Ол ірі жорықтарға өзі қолбасшылық жасаған, әрі елін жаудан қорғау міндетін де атқарған. Автор бас сардардың ісін көрсету үшін Ханнамадан бір мысал келтіреді: Қаңлы патшасының орынбасары Баудін бірнеше мың қол бастап шығып, Чыгуш (Қызылсай) қаласының шығыс алабын талан таражылады, үлкен күн бидің (бұл үйсін елінің басшысы) мыңнан астам адамын қырғындап, көптеген малдарын айдап әкетті. Содан соң олар Хань патшалығының әскерлерімен айқасып олардың артқы шеп тасымал керуендерін мейлінше тонады - деп жазады.
3.Үшінші деңгейдегі мемлекет билеуші Гүйрын, ақсүйектер немесе төрелер. Олар негізінде халықтық әлеуметтік істерді, ел аралық қатынастарды, бітімгершілік миссияларды басқаратын лауазымды адамдар. Олар кезекті кеңес жиналыстарына қатысып маңызды қарарлар қабылдайтын мемлекеттер кеңесшілер болып саналады. Басқаша айтқанда, олар ең жоғарғы ақсүйектер кеңесінің мүшелері болып саналады.
4. Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі - ябвуылар.
Бұлар - ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларының әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады. Сонымен қатар, ақсүйек - төрелер кеңестеріне қатысып, мемлекеттік келелі істерді атқаруға, шешім қабылдауға өз ықпалын жасайтын беделді адамдар болып саналған.
5.Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушілері - түменбасылары.
Қаңлы мемлекетінде әкімшілік пен әскери жүйе біртұтас болады деп көрсетеді Н. Мұқаметханұлы. Қытай деректеріне сүйеніп, әрбір отбасының бір адамы тұрақты түрде әскер қызметін атқаруға міндетті болған. Олар жәйшылықта өндіріспен, мал бағу және басқа да тіршіліктермен айналысады да, ал соғыс бола қалған жағдайда, қосынданып, қолдарына қару жарақтарын алып шайқасқа аттанатын болған. Мысал ретінде автор: Ханнамда б.з.д. 36 жылы Қытай әскерлері қаңлы жеріндегі Жыжы тәңірқұтты өз қорғанында қоршауға алып шабуыл жасаған, қаңлының жүз мыңдаған әскері он топқа бөлініп, оларғада төрт жағынан қоршауға алып шайқас жасамақ болды. Түнде олар қосындарымызға бірнеше рет тап берді, бірақ бәрінде ырықты орынға жете алмаған соң шегініп кетті делінген деп көрсетеді.
ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ІСКЕРИ КҮШІ. Мемлекет болған жерде оның жерін, елін қорғайтын қарулы қолы, әскери күші болуы міндетті. Демек, іскери күш қай заманда болмасын мемлекеттік құрылымының құрамдық бөлігі болып саналған. Сондықтан жалпы дәурендеу мерзімі он бес ғасырға созылған Қаңлы мемлекетінің тарихында тұрақты әскер күшінің болғандығы Қытай жылнамаларында көрсетіліп отырған. Кангюй мемлекетіне алғаш рет елші Чжан Цзяньнің мағлұматы бойынша бұл мемлекеттің 120 мың садақшы жауынгері болған.

Қаңлы мәдениеті: шаруашылығы, жазу өнері, қолөнері, музыка және би өнері.
Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық және ландшафтық - географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дала кеңістектері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.
Дәнді дақылдар дәндері мен астық қамбаларының табылғанына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Ғұндар Саяси тарихы
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Қаңлылар жайында
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Қазақстандағы тайпалык бірлесттіктер
Ғұндардың арғы атасы
Қаңлы тайпалық бірлестігі
Пәндер