Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Балалар дарындылығын дамытудың ғылыми-теориялық негіздері6

1. 1 Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі6

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жұмыстарының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері14

1. 3 Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық жағдайлары мен мүмкіндіктері22

2 Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау және дамытудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар31

Қорытынды48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі50

ҚОСЫМША52

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі әлеуметтік, экономикалық үдерістер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тіліктеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру мәселесін өзекті етуде. Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі - оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үдерісінде оқушылардың интеллектуалдық - шығармашылық қабілетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие үдерісіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және интеллектуалдық, шығармашылық үдеріс ретінде қарастыруды міндеттейді.

Педагогикалық үдеріс мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде әр жеке тұлғаның қабілеттері мен дара мүмкіндіктерін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс.

Дарындылықты дамыту мен оның психологиялық табиғаты, мәні мен мазмұнын түсінуге байланысты ой-пікірлер тамырын тереңге бойлайды. Оның маңыздылығы жөнінде қазақ ғұлама ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т. б. еңбектерінде сөз қозғайды.

Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практикадағы жетістіктерді адамның шығармашылық, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері мен интеллектуалдық сапаларының жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру міндетіне қояды.

ТМД, Ресей ғалымдарының еңбектерін талдауда шығармашылық қабілет, креативтілік, дарындылық мәселелерінің психологиялық ерекшеліктері (С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, А. М. Матюшкин, А. В. Берушлинский т. б. ) ; шығармашылық іс-әрекеттің мотивациялық сипаты (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, А. Маслоу, Ж. Пиаже т. б. ) жөнінде зерттеулері орындалған.

Ғалымдардың дарындылықты дамыту жөніндегі көзқарастары ортақ бір арнаға тоғыспайды: біреулері дарындылықты - жеке тұлғаның психологиялық сипаты деп түсіндірсе, екіншілері - оны жеке тұлғаның танымдық қабілеті; үшіншілері - адамның интеллектуалдық табиғаты т. б. ретінде сипаттайды, зерттеулердегі ортақ идея - жеке тұлғаның дарындылығын дамыту біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруда, яғни оқушы дара мүмкіндіктеріне сай оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырғанда мүмкін болады.

Ғылыми әдебиеттерде, әлемдік озат тәжірибелер көрсетіп отырғандай, дарынды балалармен жұмыс формаларын іріктеуде бірнеше бағыттар қалыптасқан: дәстүрлі оқыту жағдайында, жалпы орта білім беретін мектептерде оқушы дарындылығын дамыту; мектептерде арнайы дарынды балаларға арналған сыныптар және дарынды балаларға арналған мектептер ұйымдастыру. Қазіргі мектеп бағдарламаларында дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінуде. Сондай-ақ оқушы шығармшылығын дамытуда өз еркімен пәндік сабақтарды таңдау, бейіндік сыныптар т. б. ұйымдастыру орын алуда.

Елімізде дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің мынадай бағыттары бойынша зерттеулер маңызды болып табылады: дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың басқару аспектісі (Ү. Б. Жексенбаева, Л. И. Нарықбаева) ; математика пәнін оқытуда дарынды балалардың интеллектуалдық қабілеттін дамыту (Г. С. Байтуреева, Ж. О. Үмбетова т. б. ) ; мектепке дейінгі шақта балалардың дарындылығын дамыту (О. А. Жұмадиллаева т. б. ) ; жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үдерісінде дарындылықты дамыту шарттары (С. В. Кузнецова, С. И. Қалиева, Н. Н. Телепнева т. б. ) .

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздерін айқындап, «дарындылықты дамыту» ұғымына анықтама беру.
  2. Жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың бүгінгі жағдайы мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
  3. Жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуды ұйымдастырудың психологиялық шарттарын анықтау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: мектептегі дарынды оқушылар

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту

үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық шарттары, оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен мақсатты оқу қызметін жетілдіруге бағытталған арнайы жұмыс формалары тиімді пайдаланылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай жан-жақты дамыған, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын өзіндік рефлексия мен жаңашылдыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндіктер туындайды.

Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытатын арнайы жұмыстар үздіксіз, мақсатқа сәйкес жүргізіліп, біртұтас педагогикалық үдерісте тұлғалық құндылық бағдар ретінде танылуы қоғамның рухани - интеллектуалдық талаптарын қанағаттандырады.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу үдерісін бақылау, эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгіме, арнайы курс өткізу және оны талдау, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау.

  1. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне:Я. А. Пономарев, В. С. Юркевич, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, В. Д. Шадриков, А. Н. Леонтьев, А. В. Брушлинский, А. М. Матюшкин, В. Н. Дружинин, Б. Г. Ананьев, А. И. Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гилфорд, Н. Н. Поддъяков, Дж. Гилфордтың зерттеулері және қазақ ғұламалары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтың еңбектері басшылыққа алынды

Зерттеу базасы : № 58 К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:

- Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері анықталып, «шығармашылық дарындылықты дамыту» ұғымының мәні мен мазмұны анықталды.

- Жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері көрсетілді.

- жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемесі ұсынылды;

- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде пайдалану маңызды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық және зерттеу бөлімдерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Балалар дарындылығын дамытудың ғылыми-теориялық негіздері 1. 1 Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі

Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген оқушыларға қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.

Оқыту және тәрбиелеу үдерісінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына мемлекеттік білім саясаты әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамытуды өзекті мәселелер қатарына енгізген. Сондықтан күнделікті толассыз тасқындаған ақпаратпен қарқынды өсіп отырған ғылымның әр саласындағы мағлұматтардың арасынан жеткілікті және қажетті мөлшердегі деректерді іріктеп алып, дарындылықты дамытуға арналған мейлінше үйлесімді білім мазмұнының нұсқасын қоғамымыз дамуының бүгінгі талаптарына сәйкес қайта құру маңызды міндет.

Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой - тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістерді қолдану, дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген [21] .

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге катысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған [21] .

XIV ғасыр ойшылдары қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады [5] . Грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті

Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әрекетін арнайы басқарып отыруды қажеттілігімен қоса, оның дарындылықты тану мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде - сұрақ қоюды ұсынды. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті [21] .

Ұлы ойшыл Плутарх жеке тұлғаның дарындылығын танып білуге, қабілеттілікті ашуға үлкен мән бере: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздарының кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып кұртып тынады» - деп атап көрсетеді . Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.

X. Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептеді [21] .

Оқушылардың жеке қабілеттерін, дарындылығын, ақыл-ойын дамыту мәселесі туралы құнды пікірлер Ф. Бэкон, М. Монтень, Д. Локк, Д. Дьюи, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Кант еңбектерінде айтылды.

Американдық психолог, педагог Джон Дьюи дарындылық пен қабілеттілікті жоғары қояды және оқу әрекетінің маңыздылығын айта келіп, негізгі дидактикалық мақсат білімді, материалды түсіндіру емес, ол өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту, дара қабілеттерінің дамуына жағдай жасау қажет деген пікір айтты [17] .

ХVІІІ-ХІХ ғасырда дарындылық пен интеллектуалдық қабілет туралы және қайнар көзін іздеуде И. Г. Песталоцци еңбектерінің маңызы зор болды. И. Г. Песталоцци «Көзбен қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді. Ол интеллектуалдық ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы - танымдық белсенділікті дамытуға қажетті оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті, - деп жазды Песталоцци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі» [41] .

Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізі ақыл-ой мен қабілетті дамыту деп көрсетті. Жеке пәндерді оқыту арқылы оқушыға болашақ мамандық иесі болуға қажетті біліммен қаруландыруға ерекше көңіл бөлуді талап етті.

ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып білуде, баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыратын ақыл-ой тәрбиесіне, интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөлді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі [7] .

Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологы Френсис Гальтон (XIX ғ. ) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің "Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі" еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі: “өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды; өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алады”. Ф. Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе “кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт” деген қорытындыға келеді [13] .

Ф. Гальтоннан кейін неміс педагогы және психологы Э. Мейман (XIX -ХХғ. ғ. ) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін: оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік ара салмағын қарастырады [37] .

XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологы В. Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп, жеке адам дарындылығы психологиясының негізін қалады. Ол интеллекттіні бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған «қабілеттілік коэффицентін» көрсетті. В. Штерн ақыл-ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой деңгейі». Штерннің пікірінше, дарынды деп жаңа талаптарға әр түрлі салада, әр түрлі жағдайларда тез бейімделе алатын адамды айтуға болады [58]

XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин: «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - дейді [3] .

Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. М. Дулатов: «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда - көріп тұрғандай боласың . . . » [16]

Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде «өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым - таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен», - деп насихаттайды [27] .

Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер ескеру қажет. Сонымен қатар Ж. Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қызметпен айналысқаны тиімді болады [2] .

М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуалдық қабілеттілікпен тығыз баланыста қарастырады [20] .

Дарындылық теориясының негізі Ресей психологтарының еңбектерінде де көрініс тапқан. Л. Выготский, Б. Г. Ананьев, В. А. Крутецкий, Н. Лейтес, В. Тепловтың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарастың тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді

К. Л. Рубинштейннің, Б. М. Тепловтың еңбектерінде қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымы бір негізге топтастырылады. Олар іс-әрекеттің нәтижелі болу себептерін талдай келе, қабілеттілік - баланың талабы күшті болып, іс-әрекетті атқаруға қалыптасуы, іс-әрекеттің нәтижелілігін анықтайтын және бір адамнан екінші адамның ерекшелігін көрсететін даралық-психологиялық ерекшелігі деп таниды. Ал, арнайы дарындылыққа мынадай анықтама береді: дарындылық - іс-әрекеттің белгілі бір түрі бойынша қалыптасқан қабілеттілік. Мұнда бірнеше қабілет өзара үйлесіп келеді. Ал, жалпы дарындылық бірнеше іс-әрекетке деген қабілеттіліктің бейімділігі дейді. Осы идеяларды дамыта келе, В. Д. Шадриков дарындылықты қабілеттердің іс-әрекеттегі толық көрінісі екендігін айтады

Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылыққа мынадай түсініктеме береді: «Дарындылық - үш сипаттаманың үйлесуінің нәтижесі: орта деңгейден жоғарлататын интеллектуалдық қабілеттілік, шығармашылық тәсіл және тапсырма орындауға жоғары себеппен, табандылықпен қызығу. Бұл ерекшелік ересек жастағы дарынды балаларға тән. Дегенмен, ересек адамдардың дарындылығы бала кезіндегі көрген тәрбиесіне, тәжірибесіне байланысты. [44]

Ресей психологтары дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: « Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г. В., Матюшкин А. М., Слуцкий В. М. ) .

Дарындылық жайлы айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр.

Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар: 1) барлық бала дарынды болып табылады; 2) дарынды балалар өте сирек кездеседі. Бұл мәселе туралы психологтар мынадай тұжырым жасайды: потенциалды дарындылық іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz