ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ спорт және туризм академиясы

Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультеті
Күрес және ҰСТ кафедрасы

Міркенов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕ ӨЗГЕРУІНІҢ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ

Дипломдық жұмыс
5В010800 - Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы

Алматы, 2021

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы

Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультеті
Күрес және ҰСТ кафедрасы
Қорғауға жіберілген
Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к., доцент

2021ж.

Қазақстан Республикасындағы дзюдо күресінің дамуы және ереже өзгеруінің күреске тигізген әсері тақырыбына жазылған
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: 4 курс Міркенов

Ғылыми жетекшісі:
Ассоц.проффесор Ж.Н Сайлаубаев

Алматы,2021

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 7.1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар және талаптар жасау ережелері.
ГОСТ 7.32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмысына - ғылыми туралы есеп. Құрылымы мен ережесі.
ГОСО РК 7.09.131-2010.
ҚазСТА білім алушылардың дипломдық жұмысы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-IIIЗРК Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес жазалып,
№ 125 18 наурыз 2008 жылдан қазіргі жағдайға дейін ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекітілген бұйрығымен білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясы үлгі ережелеріне сәйкес болуы керек.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖДД - жaлпы дeнe дaйындығы
ТТӘЖ-тeхникaлық-тaктикaлық әрeкeттeрді жeтілдіру
AЖ - aрнaйы жaттығулaр
AДЖ - aрнaйы дaйындық жaттығу
ӘТД - әдіcтeмeлік тeхникaлық дaйындық
AҚҚ - aртeриялық қaн қыcымы
БЖCМ - бaлaлaр мeн жac өcпірімдeр cпoрт мeктeбі
OЖЖ - oқу-жaттығу жиыны
БДТ - бaқылaу диcпeріcтік тaлдaу
ДДД - дзюдoшылaрдың дeнe дaйындығы
ТДC - тиіcті дeнe caлмaғы
OТШ - oттeгін тұтыну шeгі
EДТ - eмдік дeнe тәрбиecі
ЖҚТ - жүрeк қaн тaмыры
ДҰБ - дәрігeрлік ұcтaздық бaқылaу
ӨAAШ - өкпeнің aуa aлмacтыру шeгі
ТCЖЖ - тaмыр coғу жиілігінің жинaғы
БҚ - бacтaпқы қaлып

КІРІСПЕ

Диплом жұмыс тақырыбының көкейкескілігі. Қазақстанда дзюдо күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [1].
Дзюдоның кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Кеңестік Қазақстанда дзюдо күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады. Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж. [2].

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу нысаны - Қазақстанда дзюдо күресінің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.
Зерттеу пәні - дзюдо күресінің дамуы және дзюдо күресінің жаңа ережелерінің қалыптасу үдерісі.
Зерттеу мақсаты - дзюдо күресінің жаңа ережелеріне сәйкес бәсекелестікке дайындық деңгейін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- бәсекеге қабілетті, халықаралық аренада өнер көрсететін спортшыларды дайындау мақсатында дзюдо күрескерлерінің жаттығу процесінде сәтті қолду;
- дзюдо күресінің ережелерінің өзгергенге дейінгі және өзгергеннен кейінгі ережелеріне салыстырулар жүргізу;
- Қазақстан Республикасындағы дзюдо күресінің дамуы және ереже өзгеруінің күреске тигізген әсеріне зерттеу жүргізу.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статистика мен құжатнамалық материалдарға талдау жасау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: дзюдо күрестің оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін үйрету үдерісін ұйымдастыруда, дзюдо күресінен жарыстар өткізу ережелерін жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні ретінде даму кезеңедрін анықтауда;
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
- дзюдо күресінің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылаунда;
- дзюдо күресінің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтаунда;
- дзюдо күресі бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;
oo дзюдо күресі бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.
Зерттеу материалдарын ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінің тарихы, дене шынықтыру және спорттық күрес түрлерінің тарихы бойынша оқу курстарын, қазақ күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына енгізілуі және т.с.с.) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.
Қазақтың ұлттық күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, қазақ күресінің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.
Қазақ күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.
Қазақтың ұлттық күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған қазақ күресінің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.
Дзюдо күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.
Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай , сұралған, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен шұғылдануға тілек білдіреді.
Дзюдо күресімен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен (самбо және дзюдо) шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды, қазақ күресі жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де көбінесе табысты қолданылады, ал қазақ күресінен өткізілетін жарыстарда күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл қазақ күресі үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 177 әдебиет пайдаланылды, оның 11 шетелдік әдебиеттер. Диссертация бойынша 17 кесте және 9 сурет жасалынды.

1. ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
1.1 Дзюдо күресінің пайда болу тарихы

Дзюдо күресінің пайда болуы жайлы көп аңыздар бар. Ал, Дзюдо күресін үйрету әдістері атты оқулықта "біздің эрамыздың 1200 жылы Жапонияда джуи-джитсиге жақындығы бар күрес түрі таралды", − деп құжат жүзінде дәлелденгендігін айтады.
Жапония елінің халқына джуи-джитси кең таралды. Күрестің бұл түрінде көптеген денсаулыққа зиян келетін әдістер және соққылар қолданылды. Сондықтан бұл күресте жарақат алудың қауіпі төнді. Джуи-джитси күресінің осындай себептерінен жастардың дене тәрбиесіне бағытталған спорт түріне енгізілмеді. Өткен ғасырдың аяғында Токио университетінің дәрігері Эрвин Бельц және жас оқытушы Дзигаро Кано күрестің жаңа жүйесін құрды. Олар джуи-джитсиде қолданылатын қауіпті тәсілдер мен соққыларды қысқартып басқаша ереже құрды. Күрестің жаңа түрі "дзюдо" деп аталды.
1882 жылы Дзигаро Кано әлемде тұңғыш рет дзюдо мектебі - "Кодоканды" ашты. Онда жапондық күрестің құпиясын үйретті.
Кано Жапонияның Олимпиадалық комитетінің бірінші президенті, ХОК-тің мүшесі және Жапонияның атлетшілер қауымдастығының негізін қалаушы болды.
1994жылы бұл күрес Европаға танымал болды. Үгіт-насихат жасаудың арқасында, дзюдо күресін білген адам әлсіз бола тұра, күшті адамды да жеңетіні белгілі болды. Көпшілікке ұнағандығы сонша - өте жылдам таныла бастады. Дзюдо күресінің бірнеше әдісін үйренсе болғаны, бір адамнан жеңілмейтіндігі қызықтырды. Барлық жерлерде дзюдомен айналысатын мектептер ашылып, дзюдо күресіне арналған арнайы әдебиеттер жазылып, шығарылды. Европада дзюдо күресін үйрететін мамандар (европалықтар және жапондықтар) пайда бола бастады. Енді біреулер бұл күрестің "профессорымын" деп дәрежесін көтерді. Дзюдоның жазбаша үйретуге бет бұрғандары да кездесті. Ал, үйреніп жүрген дзюдошылар негізінен әдісті меңгерсең болды, жаттығу мен дене дайындығы шешуші роль атқармайды - деді. Бұл европалықтарды жалған жолға итермелеуі ме немесе жапондық балуандарды жаттығуға, әлде дене дайындығына көп көңіл бөлуінде ме? Жапониядан шет елдерге дзюдо күресін насихаттауға көп мамандар жіберіле бастады. Жапондық жаттықтырушысының қолында дзюдо күресін үйрену қымбат болса да моды болды. Әсіресе бұл күрес Франция, Бельгия, Голландия, Испания, Англия мемлекеттерінде кең етек алды. Сондықтан қазіргі уақытта Европа мен әлем чемпионаттарында бұл елдің спортшылары алдыңғы орыннан көрінеді.
1956 жылы бірінші әлем чемпионаты өтті. Екінші рет бұл чемпионат 1958 жылы өтті. Көпшілік ойлағандай, барлық салмақ дәрежесінен де жапон балуандары жеңімпаз атанды.
1964 жылы дзюдо күресі алғашқы рет Токиода Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енді. Кеңес өкіметінің командасы жарыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, 4-қола медальға ие болды.
Мюнхенде өткен Олимпиадалық ойында еліміздің дзюдошалары жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Алтын медальға Ш.Чочишвили, күміс медальға В.Кузнецов, екі қола медальға А.Новиков, Г.Оношвили ие болды [4,5]. Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Қазақстанда дзюдо мектебін қалыптастыру жолында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, , Әбілхаиыр Байбұсынов басқа да азаматтар үлкен жұмыс атқарды.
Қазақстан дзюдошыларының бүкілодақтық жарыстарға қатысуы оларға өз жемісін бере бастады. Алғашқы халықаралық турнирлер біз үшін сәтті аяқталып.
70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басы отандық дзюдоның жаңа даму кезеңі, бұл уақыт КСРО жазғы спартакиадаларының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері - Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшылармен байланысты.
1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің еліміз халықаралық, құрлықаралық біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына, Олимпиада және Азия ойындарына өзіміздің жеке құрамаларды шығаруға мүмкіндік алды. Отандық татами шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды. 1993 жыл Макаода өткен Азия чнмпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте осы спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.
1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров). Келесі 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күмістен алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серик Шакимов қолаға ие болды. 2002 жылы Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында 4 марапатқа ие болды, Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлерін қола алып қуантты. 2006 жылы Дохада (Катар) өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді иеленді, оның 2 күміс (Максим Раков, Алмаз Атаев) және 4 қола (Асхат Жіткеев екі мараптақа ие болды, 100 келіден жоғары және абсолютті салмақта, Елдос Ихсанғалиев, Саламат Утарбаев). 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды, Ислама Бозбаев күміс, ал Максима Ракова, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.
2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлер атанады.
2004 жылы Алматы алғаш рет Азия біріншілігін өткізеді, бұл жарыста біздің спортшылар 3 алтынды жеңіп алады (Асхат Жіткеев, Мұратбек Қыпшақбаев, Базарбек Донбай). Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн (ерлер, жастар және жасөспірімдер).
1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспірімдер арасындағы ойындарда Ерлан Слямбаев алтын алып қуантты.
Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марат Мықтыбеков, Әсет Түсіпов, Коныспай Шпанов, Максим Раков, Ілияс Измагилов, Наурызбек Майлашев, Виктор Демьяненко, Серіктай Закетаев, Азиз Қалқаманұлы, Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атанып жүрді.
Қазақстан дзюдошыларына Олимпиададағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Асхат Жіткеев ақтық мәреде Монғолиядан келген қарсыласына есе жіберіп, Олимпиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады. Осы күміс жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.
2009 жыл отандық дзюдо тарихында есте қалатындай болды. Осы жылы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Бекет Махмұтов келді. Ол әлемдегі ұлттық спорт федерацияларына жетекшілік еткен беделді және құрметті азаматтардың бірі. Бекет Махмұтов ұзақ жылдар бойы еліміздің бокс федерациясын басқарды, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының бірінші вице-президенті болып қызмет жасады. Ол азаматтың кезінде Қазақстан 4 олимпиада алтынын, екі Вэл Баркер кубогін алып елімізді бокс державасы ретінде таныта білді. Бекет Махмұтовқа дейін федерацияны Санжар Жандосов, Юрий Кислицын, Дюсенбай Дюсенов, Асанәлі Әшімов, Мәжит Есенбаев, Темірхан Досмұхамбетов басқарып, Қазақстанда дзюдоның қалыптасып дамуына зор үлестерін қосқанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясын Кеңес Рақышев басқарады. Ол федерацияның кезектен тыс конференциясында (2012 жылдың 12 қарашасында) бірауыздан осы лауазымға сайланды, ал Бекет Махмұтов ұлттық дзюдо федерациясының құрметті президенті болды.
Кенес Рақышев әкімшілік жұмыста үлкен тәжірибесі бар: 2009-2012 жылдары Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, 2009-2011 жылдары Алматы бокс федерациясын басқарды, 2011 -2012 жылдары Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болған. Дзюдоның дамуы жолында Жексенбай Саламатов, Талғат және Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Күлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқа жаттықтырушылар жұмыс жасауда.
2009 жылы қазахстандық Максим Раков, осыған дейін ешкім жетпеген жетістікке қол жеткізеді, ол 23 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сол әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте Корея мен Ресейден кейін 3-ші орынға ие болды, осы кезде Жапония құрамасын артқа тастағанын айта кеткен жөн.
Бекет Махмұтовтың арқасында ұлттық құрамалдың материалдық жағдайлары жақсарып, бұл халықаралық дәрежедегі додаларда біздің палуандардың жоғары жетістікке жетулеріне септігін тигізді. 2010 жылы Мароккод аөткен әлем чемпионатында біздің команда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола марапатты жеңіп, командалық есепте жапондықтардан кейінгі екінші орынды иеленді. Отандық дзюдо тарихында жастар арасында бірінші әлем чемпионы атанған Елдос Сметов(бір жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатында Сметов күміс алады).
2011 жылы біздің жастар құрамасы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, 4 марапатқа ие болды, оның 2 күміс және 2 қола медаль.
2009 және 2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдошылары ересектер, жастар, жасөспірімдер, арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем шеберлері, Гран-При, Үлкен Дулыға, әлем кубогі турнирлеріне қатысып, барлық халықаралық додаларда жақсы нәтижелер көрсетті. Жоғарыда аталған барлық жарыстарда еліміздің саңлақтары жеңімпазадар мен жүлдегерлер атанды. 2012 жылы Әлем шеберлері турнирінде осы беделді жарыстан Максим Раков Қазақстанға алғаш рет алтын алып берді, аталмыш додаға әр салмақ дәрежесінен әлемнің ең мықты 16 дзюдошысы қатысады
Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында біздің дзюдошылар халықаралық додалардан жалпы алғанда 88 медаль ұтып алды, оның 18 алтын, 19 күміс және 51 қола марапат. Қазақстан дзюдо федерациясының демеушілері ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының арқасында біздің ел 2010 және 2011 жылдары әлем кубогін өткізді, ал 2012 жылы Алматыда халықаралық дәрежедегі айтулы жарыстардың бірі - Әлем шеберлері турнирі өткізілді. Алматы қаласына әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды, оның ішінде 9 олимпиада чемпионы және 20 шақты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды. Біздің елімізді алғаш рет халықаралық дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер келді, ол Алматыда өткен турнирге жоғары бағасын беріп, еліміздегі дзюдоның дамуына жақсы сипаттама берді, біз Азиядағы көшбасшыларын қатарынан екенін атап өтті.
2013 жылдан бастап біздің елде Гран при өткізілмек. Қазіргі таңда федерацияның бас демеушісі SAT & Company екенін атап өту керек.
2012 жылдың айтулы оқиғаларының бірі спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы құрылып, оның президенті болып Тимур Құлыбаев тағайындалды.
Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген отандық спортшыларымыздың мақсаты бір, елімізді әлемге таныту, өз жетістіктерімен қазақ спортының деңгейін әлем сахнасында көрсету. Конфедерацияның тұжырымдамалық идеясы федерациялардың ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіру (бокс, дзюдо, спорттық күрес, ауыр атлетики и таэквондо), даму жолында жоғары жетістіктерге жету үшін.
Қазақстан дзюдосының ілгері жылжуын бүкіл әлем мойындады. Қазақстан дзюдо федерациясы көптеген бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыс спорттық нәтижелер көрсетуде ғана емес, халықаралық беделімізді де нығайту жолында жүргізілуде. 2011 жылдың сәуірінде Азиадалық дзюдо одағының конгрессінде Бекет Махмұтов құрлықтық ұйымның вице-президенті болып қайта сайланды, бұл Қазақстан дзюдосының деңгейін айқындап берді.
Мухсин Нұртазиннің отандық судьялар құрамын халықаралық сахнада көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн, атап айтқанда 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лондон олимпиадаларында төрешіліқ қызмет атқарды.
Дзюдоның басқа да жекпе - жек түрлерінен ерекшелігі, ұлттық федерация құрамаларының әр қайсысы халықаралық дзюдо федерациясының бастауымен жыл бойы өткізілетін Халықаралық дзюдо федерациясының турнирлеріне қатысуға мүмкіндік алады (Халықаралық дзюдо федерациясының мүшелері тек ФИФА-ға жол береді). Дәстүрлі әлем және құрлықтық біріншілік чемпионаттарымен қатар, Әлем шеберлері, Үлкен Дулыға, Гран-при мен Әлем кубогі додалары өтіп тұрады.
2012 жылғы Олимпиада ойындарына 135 елдің дзюдошысы қатысты. Олимпиадаға жолдама алу тәртібі дзюдо спортында ең қиын жүйелердің бірі. Алайда осыған қарамастан 2012 жылы Лондон олимпиадасы қарсаңында ерлер құрамасы ойнатылған жеті лицензияның барлығын жеңіп алса, әйелдер құрамасы екі жолдамаға ие болды.
Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Ересектер жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.

1.2 Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Қазақстанда дзюдо күресі 1973 жылдан бастап дами бастады. Дзюдо-жапон халқының ұлттық сорт түріне жатқанымен бүкіл әлемге әйгілі болып отыр. 1961 жылдан бастап Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешіміне сәйкес дзюдо күресі Олимпиадалық ойындар қатарына еңгізілді. Қазір дүние жүзінде 200-ге жуық мемлекеттің басын құрайды. Қазақстанның дзюдо федерациясының 1993 жылдан бері Халықаралық федерацияның құрамында. Біздің Қазақстандық дзюдошыларымыздың арасынан КСРО-да топ жарып бүкіл Еуропаны мойындатқан тұнғыш балуанымыз М. Әзімбаев болды.Тағы бір мақтан тұтар дзюдошымыз- КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Б. Жаңбырбаев. Дзюдо күресінің басқа күреске қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да көп, осыған қарамастан дзюдо күресінің біздің елімізде өркендеуіне үлкен үлестерін қосқан: Б.Сейсенбаев, Т.Әміржанов, Ә.Байболсынов, А.Атаев, Ж.Саламатов, Р.Базоркин, Т.Хамзиев және тағы басқа спортшыларымызды атап айтуға болады [4,5,6].
Дзюдо күрес і XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрді. Жапонның жаста болса ұлы ұстазы, өзінің ақылдылығын таныта отырып, дзю-дзюцу және басқа да күрестүлеріне шолу жасай отырып, бір-біріне ұқсас әдіс-тәсілдерге өңдеу, іріктеу жүгізе келе осы дзюдо күесін өмірег алып келді. Жас маман дзюдоның дінін, ережесін - жан мен тәннің үйлесімі, жарасымы деп тұжырмдады. Дзигаро Кано дзюдо - жаудың қолы емес, онымен айналысқан адамға ізгілік, имандылық, адамгершілік қасиеттерін үйретеді, - деп түсіндірді. Токио қаласының қақ ортасынан 1882 жылы дзигаро Каноның ұйымдастыруымен "Кадокан" атты дзюдо мектебі ашылды. Жаңа ашылған небары жиырма шаршы метр жерді алып жатқан жаттығу залы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең ірі мектепке айналып отыр.
Халық "Елдің ерлігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар", деседі. Сыр өңірінің топырағында талай батыр бабаларымыз дүниеге келіп, ерлерше тарихта қалғанын білеміз.
Батыр бабаларымыз кіндік қаны тамған киелі топырақта, әді де талантты, сұлу-сымбатты, апай-төс, атан жілік ерлерді өмірге келетініне күмән жоқ.
Елімізде кең тарап, дамыған спорт түрлерінің бірі-жапон халқының дзюдо күресі. Жастарды айлакерлікке, батылдыққа, төзімділікке тағыда басқа қасиеттерге баулайтын осы түрі сыр өңіріне XX ғасырдың II-жартысының орта шенінде пайда болды.
Қазіргі кезде біздің балуандарымыз әлемді аузымызға қаратып, қазақ халқының даңқын көкке көтеріп жүр.
Прага мен Варшава қалаларында дзюдодан кезекті әлем кубогы өтті. Бұл сында бақ сынаған еліміздің дзюдошы қыз-жігіттері Қазақсатан құрамасының қоржынына бір күміс, бір қола медаль салды. Г.Исанова күміске ие болды, Д.Үкібаев қола медальдің иесі атанды [4,6,8].
Париж қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылардың арасынан Р.Ибрагимов қола жүлдеге ие болды.
Таразда 2008 жыл дзюдодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі болды. Татаминге шыққан палуандардың арасынан Н.Сүйінбай, Е.Бекайдаров, С.Есен, Н.Токарев, Е.Сакенұлы, Д.Жақсыбеков, сынды палуандар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.
Қазақстан құрамасының жастары Францияда 2008 жылы өткен әлем біріншілігінде І.Смағұлов қола медальға ие болды.
Венада дзюдодан әлем кубогының кезекті жарысында 2009 жылы Р.Құлбайев қола медальға ие болды.
Германияның Дюссельдорф қаласында Гран-при жарысында 2009 жылы Т.Болат қола медальді қанағат тұтты.
Дзигора Кано спорттың классикалық формуласын ойлап тапқан. Егерде бір адамның күшін бірлікпен өлшейтін болсақ. Онда менің қарсыласымның күші 10 деп есептейік. Ал менің күш бірлігім 7 болсын. Мен әрине қарсыласымның күші көп болғандықтан құлап кетуім мүмкін. Сондықтан мен қарсыластың күшін, яғни әртүрлі тәсілдер арқылы басқа жаққа қарай бағыттасам. Онда ол өз күшін және тепе-теңдігін жоғалтады. Сол кезде уақытты пайдаланып оңай жеңіске жетуге болады деді.
XIX ғасырдың екінші жартысында радикалды буржуазиялық реформалар жауынгерлерді жұмыссыз қалдырды. Ал дзю-дзюцу ұмытылып кету ұшырады. Бірақ бұған Дзигоро Кано жол бермеді. Әртүрлі мектептердің тәжірибесін қорытындылай отырып, ол жұмсақ тәсіл деп аталатын жаңа дзюдо күрес түрін жасады. Каноның айтуынша, дзюдо -- жастар үшін тек қана дене шынықтыру емес,ол жалпы білім беру, жекпе-жек, философия, күнделікті өмір өнері.


1886 жылы дзюдо мемлекеттік деңгейде танылды. 1889 жылы Еуропадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Белбеу күрес
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Еркін күрестің техникасы
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы
Финалда дзюдошылар Әзірбайжан балуаны Орхан Ильхамлы Сафаровты жеңді
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Пәндер