Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ спорт және туризм академиясы

Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультеті

Күрес және ҰСТ кафедрасы

Міркенов ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕ ӨЗГЕРУІНІҢ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ

Дипломдық жұмыс

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы

Алматы, 2021

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ спорт және туризм академиясы

Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультеті

Күрес және ҰСТ кафедрасы

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент

« » 2021ж.

«Қазақстан Республикасындағы дзюдо күресінің дамуы және ереже өзгеруінің күреске тигізген әсері» тақырыбына жазылған ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Орындаған: 4 курс Міркенов Ғылыми жетекшісі: Ассоц. проффесор Ж. Н Сайлаубаев

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ6

1. ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ10

1. 1 Дзюдо күресінің пайда болу тарихы10

1. 2 Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі16

2 Қазақстан Республикасындағы дзюдо күресінің дамуы және ереже өзгеруінің күреске тигізген әсері. 29

2. 1 Қазақстан Республикасында дзюдо күресінің дамуы29

2. 2 Дзюдо күресіне жаңа ережелердің тигізген әсері35

ҚОРЫТЫНДЫ42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ45

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 7. 1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар және талаптар жасау ережелері.

ГОСТ 7. 32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмысына - ғылыми туралы есеп. Құрылымы мен ережесі.

ГОСО РК 7. 09. 131-2010.

ҚазСТА білім алушылардың дипломдық жұмысы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-IIIЗРК Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына» сәйкес жазалып,

№ 125 18 наурыз 2008 жылдан қазіргі жағдайға дейін ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекітілген бұйрығымен білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясы үлгі ережелеріне сәйкес болуы керек.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖДД - жaлпы дeнe дaйындығы

ТТӘЖ -тeхникaлық-тaктикaлық әрeкeттeрді жeтілдіру

- aрнaйы жaттығулaр

AДЖ - aрнaйы дaйындық жaттығу

ӘТД - әдіcтeмeлік тeхникaлық дaйындық

AҚҚ - aртeриялық қaн қыcымы

БЖCМ - бaлaлaр мeн жac өcпірімдeр cпoрт мeктeбі

OЖЖ - oқу-жaттығу жиыны

БДТ - бaқылaу диcпeріcтік тaлдaу

ДДД - дзюдoшылaрдың дeнe дaйындығы

ТДC - тиіcті дeнe caлмaғы

OТШ - oттeгін тұтыну шeгі

EДТ - eмдік дeнe тәрбиecі

ЖҚТ - жүрeк қaн тaмыры

ДҰБ - дәрігeрлік ұcтaздық бaқылaу

ӨAAШ - өкпeнің aуa aлмacтыру шeгі

ТCЖЖ - тaмыр coғу жиілігінің жинaғы

БҚ - бacтaпқы қaлып

КІРІСПЕ

Диплом жұмыс тақырыбының көкейкескілігі. Қазақстанда дзюдо күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т. б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [1] .

Дзюдоның кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Кеңестік Қазақстанда дзюдо күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады. Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж. [2] .

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.

Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.

Зерттеу нысаны - Қазақстанда дзюдо күресінің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.

Зерттеу пәні -дзюдо күресінің дамуы және дзюдо күресінің жаңа ережелерінің қалыптасу үдерісі.

Зерттеу мақсаты - дзюдо күресінің жаңа ережелеріне сәйкес бәсекелестікке дайындық деңгейін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- бәсекеге қабілетті, халықаралық аренада өнер көрсететін спортшыларды дайындау мақсатында дзюдо күрескерлерінің жаттығу процесінде сәтті қолду;
- дзюдо күресінің ережелерінің өзгергенге дейінгі және өзгергеннен кейінгі ережелеріне салыстырулар жүргізу;
- Қазақстан Республикасындағы дзюдо күресінің дамуы және ереже өзгеруінің күреске тигізген әсеріне зерттеу жүргізу.

Зерттеу әдістері : ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статистика мен құжатнамалық материалдарға талдау жасау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы : дзюдо күрестің оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін үйрету үдерісін ұйымдастыруда, дзюдо күресінен жарыстар өткізу ережелерін жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні ретінде даму кезеңедрін анықтауда;

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы :

- дзюдо күресінің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылаунда;

- дзюдо күресінің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтаунда;

- дзюдо күресі бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;

  • дзюдо күресі бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.

Зерттеу материалдарын ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінің тарихы, дене шынықтыру және спорттық күрес түрлерінің тарихы бойынша оқу курстарын, қазақ күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.

20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына енгізілуі және т. с. с. ) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.

Қазақтың ұлттық күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, қазақ күресінің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.

Қазақ күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.

Қазақтың ұлттық күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған қазақ күресінің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.

Дзюдо күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай, сұралған, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен шұғылдануға тілек білдіреді.

Дзюдо күресімен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен (самбо және дзюдо) шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды, қазақ күресі жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де көбінесе табысты қолданылады, ал қазақ күресінен өткізілетін жарыстарда күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл қазақ күресі үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 2 естеден тұрады.

  1. ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫДзюдо күресінің пайда болу тарихы

Дзюдо күресінің пайда болуы жайлы көп аңыздар бар. Ал, «Дзюдо күресін үйрету әдістері» атты оқулықта “біздің эрамыздың 1200 жылы Жапонияда джуи-джитсиге жақындығы бар күрес түрі таралды”, − деп құжат жүзінде дәлелденгендігін айтады.

Жапония елінің халқына джуи-джитси кең таралды. Күрестің бұл түрінде көптеген денсаулыққа зиян келетін әдістер және соққылар қолданылды. Сондықтан бұл күресте жарақат алудың қауіпі төнді. Джуи-джитси күресінің осындай себептерінен жастардың дене тәрбиесіне бағытталған спорт түріне енгізілмеді. Өткен ғасырдың аяғында Токио университетінің дәрігері Эрвин Бельц және жас оқытушы Дзигаро Кано күрестің жаңа жүйесін құрды. Олар джуи-джитсиде қолданылатын қауіпті тәсілдер мен соққыларды қысқартып басқаша ереже құрды. Күрестің жаңа түрі “дзюдо” деп аталды.

1882 жылы Дзигаро Кано әлемде тұңғыш рет дзюдо мектебі - “Кодоканды” ашты. Онда жапондық күрестің құпиясын үйретті.

Кано Жапонияның Олимпиадалық комитетінің бірінші президенті, ХОК-тің мүшесі және Жапонияның атлетшілер қауымдастығының негізін қалаушы болды.

1994жылы бұл күрес Европаға танымал болды. Үгіт-насихат жасаудың арқасында, дзюдо күресін білген адам әлсіз бола тұра, күшті адамды да жеңетіні белгілі болды. Көпшілікке ұнағандығы сонша - өте жылдам таныла бастады. Дзюдо күресінің бірнеше әдісін үйренсе болғаны, бір адамнан жеңілмейтіндігі қызықтырды. Барлық жерлерде дзюдомен айналысатын мектептер ашылып, дзюдо күресіне арналған арнайы әдебиеттер жазылып, шығарылды. Европада дзюдо күресін үйрететін мамандар (европалықтар және жапондықтар) пайда бола бастады. Енді біреулер бұл күрестің “профессорымын” деп дәрежесін көтерді. Дзюдоның жазбаша үйретуге бет бұрғандары да кездесті. Ал, үйреніп жүрген дзюдошылар «негізінен әдісті меңгерсең болды, жаттығу мен дене дайындығы шешуші роль атқармайды» - деді. Бұл европалықтарды жалған жолға итермелеуі ме немесе жапондық балуандарды жаттығуға, әлде дене дайындығына көп көңіл бөлуінде ме? Жапониядан шет елдерге дзюдо күресін насихаттауға көп мамандар жіберіле бастады. Жапондық жаттықтырушысының қолында дзюдо күресін үйрену қымбат болса да «моды» болды. Әсіресе бұл күрес Франция, Бельгия, Голландия, Испания, Англия мемлекеттерінде кең етек алды. Сондықтан қазіргі уақытта Европа мен әлем чемпионаттарында бұл елдің спортшылары алдыңғы орыннан көрінеді.

1956 жылы бірінші әлем чемпионаты өтті. Екінші рет бұл чемпионат 1958 жылы өтті. Көпшілік ойлағандай, барлық салмақ дәрежесінен де жапон балуандары жеңімпаз атанды.

1964 жылы дзюдо күресі алғашқы рет Токиода Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енді. Кеңес өкіметінің командасы жарыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, 4-қола медальға ие болды.

Мюнхенде өткен Олимпиадалық ойында еліміздің дзюдошалары жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Алтын медальға Ш. Чочишвили, күміс медальға В. Кузнецов, екі қола медальға А. Новиков, Г. Оношвили ие болды [4, 5] . Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Қазақстанда дзюдо мектебін қалыптастыру жолында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, , Әбілхаиыр Байбұсынов басқа да азаматтар үлкен жұмыс атқарды.

Қазақстан дзюдошыларының бүкілодақтық жарыстарға қатысуы оларға өз жемісін бере бастады. Алғашқы халықаралық турнирлер біз үшін сәтті аяқталып.

70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басы отандық дзюдоның жаңа даму кезеңі, бұл уақыт КСРО жазғы спартакиадаларының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері - Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшылармен байланысты.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің еліміз халықаралық, құрлықаралық біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына, Олимпиада және Азия ойындарына өзіміздің жеке құрамаларды шығаруға мүмкіндік алды. Отандық татами шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды. 1993 жыл Макаода өткен Азия чнмпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте осы спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров) . Келесі 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күмістен алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серик Шакимов қолаға ие болды. 2002 жылы Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында 4 марапатқа ие болды, Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлерін қола алып қуантты. 2006 жылы Дохада (Катар) өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді иеленді, оның 2 күміс (Максим Раков, Алмаз Атаев) және 4 қола (Асхат Жіткеев екі мараптақа ие болды, 100 келіден жоғары және абсолютті салмақта, Елдос Ихсанғалиев, Саламат Утарбаев) . 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды, Ислама Бозбаев күміс, ал Максима Ракова, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.

2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлер атанады.

2004 жылы Алматы алғаш рет Азия біріншілігін өткізеді, бұл жарыста біздің спортшылар 3 алтынды жеңіп алады (Асхат Жіткеев, Мұратбек Қыпшақбаев, Базарбек Донбай) . Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн (ерлер, жастар және жасөспірімдер) .

1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспірімдер арасындағы ойындарда Ерлан Слямбаев алтын алып қуантты.

Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марат Мықтыбеков, Әсет Түсіпов, Коныспай Шпанов, Максим Раков, Ілияс Измагилов, Наурызбек Майлашев, Виктор Демьяненко, Серіктай Закетаев, Азиз Қалқаманұлы, Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атанып жүрді.

Қазақстан дзюдошыларына Олимпиададағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Асхат Жіткеев ақтық мәреде Монғолиядан келген қарсыласына есе жіберіп, Олимпиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады. Осы күміс жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.

2009 жыл отандық дзюдо тарихында есте қалатындай болды. Осы жылы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Бекет Махмұтов келді. Ол әлемдегі ұлттық спорт федерацияларына жетекшілік еткен беделді және құрметті азаматтардың бірі. Бекет Махмұтов ұзақ жылдар бойы еліміздің бокс федерациясын басқарды, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының бірінші вице-президенті болып қызмет жасады. Ол азаматтың кезінде Қазақстан 4 олимпиада алтынын, екі Вэл Баркер кубогін алып елімізді бокс державасы ретінде таныта білді. Бекет Махмұтовқа дейін федерацияны Санжар Жандосов, Юрий Кислицын, Дюсенбай Дюсенов, Асанәлі Әшімов, Мәжит Есенбаев, Темірхан Досмұхамбетов басқарып, Қазақстанда дзюдоның қалыптасып дамуына зор үлестерін қосқанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясын Кеңес Рақышев басқарады. Ол федерацияның кезектен тыс конференциясында (2012 жылдың 12 қарашасында) бірауыздан осы лауазымға сайланды, ал Бекет Махмұтов ұлттық дзюдо федерациясының құрметті президенті болды.

Кенес Рақышев әкімшілік жұмыста үлкен тәжірибесі бар: 2009-2012 жылдары Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, 2009-2011 жылдары Алматы бокс федерациясын басқарды, 2011 -2012 жылдары Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болған. Дзюдоның дамуы жолында Жексенбай Саламатов, Талғат және Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Күлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқа жаттықтырушылар жұмыс жасауда.

2009 жылы қазахстандық Максим Раков, осыған дейін ешкім жетпеген жетістікке қол жеткізеді, ол 23 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сол әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте Корея мен Ресейден кейін 3-ші орынға ие болды, осы кезде Жапония құрамасын артқа тастағанын айта кеткен жөн.

Бекет Махмұтовтың арқасында ұлттық құрамалдың материалдық жағдайлары жақсарып, бұл халықаралық дәрежедегі додаларда біздің палуандардың жоғары жетістікке жетулеріне септігін тигізді. 2010 жылы Мароккод аөткен әлем чемпионатында біздің команда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола марапатты жеңіп, командалық есепте жапондықтардан кейінгі екінші орынды иеленді. Отандық дзюдо тарихында жастар арасында бірінші әлем чемпионы атанған Елдос Сметов(бір жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатында Сметов күміс алады) .

2011 жылы біздің жастар құрамасы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, 4 марапатқа ие болды, оның 2 күміс және 2 қола медаль.

2009 және 2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдошылары ересектер, жастар, жасөспірімдер, арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, «Әлем шеберлері», Гран-При, «Үлкен Дулыға», әлем кубогі турнирлеріне қатысып, барлық халықаралық додаларда жақсы нәтижелер көрсетті. Жоғарыда аталған барлық жарыстарда еліміздің саңлақтары жеңімпазадар мен жүлдегерлер атанды. 2012 жылы «Әлем шеберлері» турнирінде осы беделді жарыстан Максим Раков Қазақстанға алғаш рет алтын алып берді, аталмыш додаға әр салмақ дәрежесінен әлемнің ең мықты 16 дзюдошысы қатысады

Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында біздің дзюдошылар халықаралық додалардан жалпы алғанда 88 медаль ұтып алды, оның 18 алтын, 19 күміс және 51 қола марапат. Қазақстан дзюдо федерациясының демеушілері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының арқасында біздің ел 2010 және 2011 жылдары әлем кубогін өткізді, ал 2012 жылы Алматыда халықаралық дәрежедегі айтулы жарыстардың бірі - «Әлем шеберлері» турнирі өткізілді. Алматы қаласына әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды, оның ішінде 9 олимпиада чемпионы және 20 шақты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды. Біздің елімізді алғаш рет халықаралық дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер келді, ол Алматыда өткен турнирге жоғары бағасын беріп, еліміздегі дзюдоның дамуына жақсы сипаттама берді, біз Азиядағы көшбасшыларын қатарынан екенін атап өтті.

2013 жылдан бастап біздің елде Гран при өткізілмек. Қазіргі таңда федерацияның бас демеушісі «SAT & Company» екенін атап өту керек.

2012 жылдың айтулы оқиғаларының бірі спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы құрылып, оның президенті болып Тимур Құлыбаев тағайындалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық - күш орны
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Белбеу күрес
спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Қазақ күресімен шұғылданушы студенттер
Күрес спортын оқытудың әдістемесі
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz