Ұңғыма қорын өндіру коэффициенті


Техника - технологиялық бөлiмiнде Өзен кен орнының геологиялық зерттелгенi, мұнайгаздылығы, өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық қасиеттерінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі, ұңғы фонды сипатталады, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, сонымен штангалы тереңдік сорап қондырғысымен жабдықталған ұңғылардың жұмысын талдау келтірілген.
Экономикалық бөлiмiнде негізгі экономикалық көрсеткіштер мен жылдық экономикалық тиімділіктің есебі берілген.
Еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлiмдерiнде Өзен кен орнындағы жұмыскерлердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар қарастырылады.
Ғылыми бөлімде жоба тақырыбы бойынша зерттеулер қорытындысы берілген.
АННОТАЦИЯ
Дипломный проект состоит из пяти основных частей:
- технико-технологическая;
- экономическая;
- охрана труда;
- охрана окружающей среды;
- научная.
В технико-технологической части рассматривается геологическая изу-ченность, нефтегазоносность, характеристика толщин, коллекторных свойств продуктивных объектов и их неоднородности, подробно описывает-ся фонд скважин, приведен анализ текущего состояния разработки, анализ системы сбора и подготовки скважинной продукции, контроль за разработкой пластов состоянием и эксплуатацией скважин и скважинного оборудования, а также анализ работы скважины оборудованный штанговым глубинным насосом.
В экономической части дан расчет основных экономических показа-телей и годового экономического эффекта.
В разделах охраны труда и охраны окружающей среды, рассматри-ваются мероприятия, обеспечивающие безопасность работающих и охрану окружающей среды на месторождении Узень.
В научной части расмотрены все аспекты по теме проекта.
ANNOTATION
This diploma project consists of ten main parts.
The geological analysis and modern field development state are considered in technical-technological part. Also geological reserves of Uzen oilfield is considered.
The technical and economic indices of field development are shown in technical and economical part, economical justification of well perforation is shown in the economical part.
The safety section is devoted for gas safety monitoring issues, safety support arrangements and gas pollution signals arrangement variation at the dangerous field objects.
The biosphere pollution analysis, organizational and environment safety arrangements are considered in the environmental protection
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1КЕН ОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫ-ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
- Геологиялық құрылымның сипаттамасы . . .
1. 2 Өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық қасиет-
терінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі . . .
1. 3 Коллекторларды бөлу . . .
1. 4 Кеуектілік коэффициентін анықтау . . .
1. 5 Мұнайға қанығушылық коэффициентін анықтау . . .
1. 6 Өткізгіштікті анықтау . . .
1. 7 Мұнай, газ және судың қасиеті мен құрамы . . .
1. 8 Физика- гидродинамикалық сипаттамалар . . .
1. 9 Мұнай мен газдың қорлары . . .
2 ИГЕРУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ . . .
2. 1 Есептеу әдістемесін таңдау . . .
2. 2 МКОИ есептеу . . .
2. 3. ЭЕМ қолдану . . .
3 ИГЕРУДІ ЖОБАЛАУҒА ГЕОЛОГИЯЛЫ-КӘСІПШІЛІКТІК
ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІН ДАЙЫНДАУ . . .
3. 1 Ұңғылар мен қабаттарды гидродинамикалық зерттеу нәтижелерін
талдау және олардың өнімділігі мен режимдерінің сипаттамасы . . .
3. 2 Игерудің ағымдағы жағдайы және мұнайды өндіру көлемін
ұлғайту әдістерінің қолданылу тиімділігі . . .
3. 2. 1 Ұңғылар қоры және олардың ағымдағы шығымын,
игерудің технологиялық көрсеткіштерін, өнім алу аймағындағы
қабат қысымының өзгерісін талдау . . .
3. 2. 2 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау . . .
3. 2. 3 Жүзеге асырылып жатқан игеру жобасының тиімділігін талдау . . .
3. 3 Қабаттың геологиялы-физикалық моделдерінің қабылданған есебін дәлелдеу . . .
3. 3. 1 Игерудің технологиялы көрсеткіштерінің есебі үшін қабылданған қабаттардың есептік модельдерін және олардың геологиялы-физикалық сипаттамаларын дәлелдеу . . .
3. 4 Пайдалану объектілерін бөлуді айқындау және игерудің есептік
вариантын таңдау . . .
3. 4. 1 Қабаттың геологиялы-физикалық сипаттамасы бойынша пайдалану объектілерін бөлуді дәлелдеу . . .
3. 4. 2 Игерудің есептелген варианттарының және олардың
көрсеткіштерін айқындау . . .
3. 4. 3 Қабатқа әсер етуге арналған жұмыс агенттерін анықтау . . .
3. 4. 4 Ығыстыру процесімен қамтуды, және резервтегі ұңғылар санын анықтау . . .
4 ИГЕРУ ВАРИАНТТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ . . .
4. 1 Ұңғыны орналастыру үшін шекті қабат қалыңдығын және алынатын
қорды игеру мерзімін анықтау . . .
4. 2 Игеру вариантының технологиялық көрсеткіштері . . .
4. 3 Игеру вариантының экономикалық көрсеткіштері . . .
5 МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНІМІН АЛУДЫҢ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . .
- Ұңғыны пайдаланудың ұсынылған тәсілдерін және ұңғының саға және жер асты жабдықтарын таңдауды дәлелдеу. Ұңғыны пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы . . .
5. 1. 1 Ұңғыларды фонтанды тәсілмен пайдалану . . .
5. 1. 2 Ұңғыны механикалық пайдалану . . .
- ШТСҚ режимін орнату және жабдықтарын таңдау есебі . . .
- Ұңғыны пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтардың
алдын-алу және олармен күресу шаралары . . .
5. 3 Ұңғы өнімдерін жинау жүйесіне және кәсіпшіліктік дайындауға қойылатын талаптар мен ұсыныстар . . .
5. 4 ҚҚҰ жүйесіне және су айдау үшін қолданылатын судың сапасына қойылатын талаптар мен ұсыныстар . . .
5. 5. Мұнай бергіштікті арттыру әдістерін қолдану кезінде қабатқа
жұмыс агенттерін айдаудың және дайындаудың технологиясы мен
техникасына қойылатын талаптар . . .
5. 5. 1 Жұмыс агентін дайындаудың технологиясының құрылымын салыстырмалы таңдау . . .
6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . .
6. 1 Мұнай кәсіпорындарының құрылымы . . .
6. 2 МГӨБ ұйымдастырылу сипаттамасы және негізгі қосалқы өндірісті ұйымдастыру . . .
6. 3 Материалдық - техникалық жабдықтау . . .
6. 4 Техника - экономикалық көрсеткіштердің анализі . . .
6. 5 Енгізілетін салынатын сораптардың экономикалық тиімділігін анықтау . . .
7 ИГЕРІЛІП ЖАТҚАН ҚАБАТТЫ ЖӘНЕ ҰҢҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН БАҚЫЛАУ . . .
7. 1. Кен орнын игеруді бақылау . . .
7. 2 Кен орнын игеру процесін реттеу . . .
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . .
8. 1 Техника қауіпсіздігі . . .
8. 1. 1 Өзен кен орнындағы штангалы терендік сорап қондырғысымен жабдықталған ұңғыларды пайдалану қауіпсіздігі . . .
8. 1. 2 Штангалы сорапты қондырғыларын қолдану кезіндегі электр қауіпсіздігін сақтау және оның жерге қосылуын есептеу . . .
8. 1. 3 Өрт сөндіру қауіпсіздігі . . .
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . .
9. 1 Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар . . .
9. 2 Мекемелерде қоршаған ортаға байланысты қысқаша мәліметтер . . .
9. 3 Атмосфералық ауаны қорғау . . .
9. 3. 1 Атмосфералық ауаны ластаушы көздердің болуын талдау.
9. 3. 2. Ластаушы заттардың номенклатурасын анықтау т/ж . . .
Олардың сипаттамасы . . .
9. 3. 2 Ластаушы заттардың сандық көрсеткіштері . . .
9. 3. 3 Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары . . .
9. 3. 4 Санитарлы-қорғау аймағы
9. 4 Су ресурстарын қорғау . . .
9. 4. 1 Суды тұтыну. Өндірістік ағынды сулардың көлемі, олардың
құрамы және ағынды суды тазалау . . .
9. 5 Жер ресурстарын корғау . . .
9. 5. 1 Жер ресурстарының жағдайы туралы жалпы мәлімет және жердің бүлінуін алдын алу шаралары . . .
9. 6 Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау . . .
9. 6. 1. Флора мен фаунаның жағдайы туралы жалпы мәлімет және оларды қорғау шаралары . . .
9. 7 Кәсіпшілік қалдықтары . . .
9. 7. 1 Қалдық көлемі, қалдықтарды жою шаралары . . .
10 ҒЫЛЫМИ БӨЛІМ . . .
10. 1 Айдап шығару режимінің параметрлерін таңдау . . .
10. 2 Қондырғының энергетикалық көрсеткіштерін анықтау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕҚазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық - техникалық базаны жасаудың маңызды бөлігі ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде - бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылған.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Бұл дипломдық жобада Қазақстан республикасының Манғыстау облысында Өзен мұнай-газ кен орны қарастырылған.
Жобаның негізгі мәселесі - Өзен кен орнында ШТСҚ - мен жабдықталған ұңғылар жұмысын талдау.
1 Кенорынның геологиялық - физикалық сипаттамасы
1. 1 Геологиялық құрылымның сипаттамасы
Өзен кен орны терең барлау арқылы ашқанда тұнба жыныстар қалыңдығы 3000 м-ге жеткен. Құрамында триас (Т), юра (J), бор (К), төртiк (Q) жүйелерi кiредi. Кен орнының мұнай газдылығы юра (J) және бор (К) қабатының кейбiр бөлшектерiмен байланысты болып келедi. Геологиялық тiлмеде кен орнының юра (J) және бор (К) жүйелерiнiң қабаттарын 26 горизонтқа бөлген. Жоғарыдан төмен қарай 1-12 горизонттары бор (К) жастылары, газдылы қабаттар болып келедi. 13-18-шi горизонттары жоғарғы және ортанғы юра (J3, J2) жастылары өзiне тән мұнай газдылы қабаттар басым болып келедi, бұл горизонтар кен орының негiзгi өнiмдi қабаты болып саналады. Жекелеген күмбездерде төменгi юра (J1) жасты 19-24 горизонттарында мұнай газ қабаттары белгiленген.
Триас жүйесi (Т)
Триас жүйесi (T) ритмдi кезектесiп келетiн құмтасты, аргиллитi жынысты қалыңдықтарынан тұрады. Құмтастар - сұр, ашық сұр, ұсақ түйiрлi, сазды, алевролиттi, тығыз, кварцты-далашпатты құрамнан тұрады. Аргиллиттер- қара сұрлы, алевриттi қабаттан және жарықшақты каолиниттен, гидраслюдалы хлориттерден тұрады. Триас жүйесiнiң (Т) жалпы қабат қалыңдығы шамамен 100-110 м болып келген.
Юра жүйесi (J)
Юра жүйесi (J) төменгi, ортанғы және жоғарғы бөлiмдерiнен (J1, J2, J3) тұрады. Юра жүйесi (J) триас жүйесiмен (Т) үйлесiмдi орналасқан. Негiзiнен бұл жүйе құмтастардан, алевролиттер, ұсақ түйiрлi саздардан құралған және де мұнда фауна, флора қалдықтары да кездеседi. Юра жүйесiнiң (J) жалпы қалыңдығы шамамен 850-1000 м аралығында.
Төменгi юра бөлiмi (J1)
Төменгi юра бөлiмi (J1) триас жүйесiнiң (Т) жекелеген жуылып ашылған горизонттарының үстiнде үйлесiмдi орналасып жатыр. Бөлiм негiзiнен алевролиттiң, құмтастардың қайта пайда болуынан, өсiмдiк қабаттары бар саз және iшiнара көмiр қабаттарынан құралған. Төменгi юра бөлiмi (J1) 26-25 горизонттарына бөлiнедi. Қабаттың қалыңдығы шамамен 120-130 м аралығын құрайды.
Ортанғы юра бөлiмi (J2)
Орта юра бөлiмi (J2) континенталды, теңiз, жағалық және ұсақ су фациялары барлығымен сипатталады. Бұл бөлiмi аален (J2al), байосс ( J2b) және бат (J2bt) ярустарынан тұрады. Бұл қабаттың жыныстық құрамы төменгi юра (J1) және триас (Т) тақталарымен араласып орналасқан. Қабаттың жыныстық құрамы құмтастардан, гравелиттерден, конгламераттардан, алевролиттерден және ұсақ түйiрлi саздардан құралған. Орта юра бөлiмiнiң (J2) қабаттарының жалпы қалыңдығы 330-350 м-ге жетедi.
Байосс ярусы (J2b)
Бұл қабат негiзiнен континенталды және лагуна-континенталды фациялармен, тақталанған құмтас, алевролит және көмiрге айналған органикалық заттармен, өсiмдiк, көмiр линзалары мен қабатшалары араласқан сазтастардың барлығымен сипатталады. Байосс ярус жинақталуларында тiлiктерiнiң төменгi бөлiгiнде сазды және алевролитті-сазды жыныстардың пайда болуы байқалады. Байосс ярусы қабаттарының жалпы қалыңдығы шамамен 500-520 м-ге дейiн өзгерiп тұрады. Бұл ярус 2 подярусқа бөлiнедi: 1. 22-17 горизонттары алып жатқан төменгi байосс (J2b1), қалыңдығы 100-120 м . 2. 16, 15, 14 горизонттарын алып жатқан жоғарғы байосс (J2b2) болып келедi.
Жоғарғы юра бөлiмi (J3)
Жоғарғы юра бөлiмi (J3) негiзiнен нашар сақталған теңiз фаунасының ұсақ қалдықтарымен түзелген. Қалыңдығы шамамен 250 м. Бұл бөлiм келловей және оксфорд (J3k, J3of) ярустарынан тұрады.
Келловей ярусы (J3k)
Бұл ярус негiзiнен кезектескен құмтас, алевролит және сазтастардан тұрады. Кейбiр жерлерiнде мергел және iзбестастардың белгiлерi кездеседi. Келловей ярусы (J3k) 13-14-шi горизонттарынан тұрады.
Оксфорд ярусы (J3of)
Оксфорд ярусы негiзiнен сазды және мергел қабаттарынан тұрады. Бұл ярустың астынғы бөлiгi көбiнесе сазды жыныстардан тұрады, ал жоғарғы бөлiгi мергелдерден құралған. Оксфорд ярусының қалыңдығы, төменгi бөлiгiнде 90-100 м арасында болып келсе, ал жоғарғы бөлiгiнiң қалыңдығы шамамен 50-55 м-ге дейiн барады.
Бор жүйесi (К)
Бор жүйесi (К) қабаты негiзiнен ашылған үстiнгi юраның (J) үстiне үйлесiмдi орналасқан. Құрамы негiзiнен теңiз қалдықтарынан тұрады. Литологиялық және генетикалық белгiлерi бойынша бор жүйесi (К) үшке бөлiнедi:
- төменгi- терригендi - карбонатты
- орта - терригендi - карбонатты (альб, сеноман)
- жоғарғы - карбонатты (туран, дат)
Бор жүйесiнiң (К) жалпы қалыңдығы шамамен 1000-1100 метрге жуық.
Төрттiк жүйесi (Q)
Кайнозой эрасының (KZ) барлық жүйелерi, олар негiзiнен палеоген, неоген және төрттiк бұларды бiрiктiрiп қарастыруға болады. Төрттiк жүйесi негiзiнен палеоген, неоген жыныстарынан тұрады.
Палеоген қабаты зоогендi мергелдер, iзбестастар жыныстарынан құралған. Қалыңдығы шамамен 150-170 м.
Неоген қабаты тортон, сармат ярустарынан тұрады. Тортон ярусының қалыңдығы 20-25 м. Сармат ярусының қалыңдығы 80-90 м шамасында.
Төрттiк қабаты суглинка, құм, саз, эллювиалды, деллювиалды пайда болған континенталды фациялардан тұрады. Жалпы қалыңдығы 5-10 м шамасында.
Юра жүйесi (J) түзілімдерінің литофациялық құрамы
Өзен кен орнының негізгі өнімді қабатының кездесетін, яғни мұнай газдылы қабатының геологиялық жасы юра жүйесі (J) болып есептеледі. Сондықтан да кен орнының юра жүйесі (J) жасты қабатының литофациялық құрамын анықтау, мұнай газ қабатының қалыптасуының басты факторы болып есептеледі.
Литологиялық- стратиграфиялық тілмеде көрсетіліп кеткеніндей юра жүйесі(J) бұл кен орнының басты өнімді қабаты болып саналады. Мұнда көрсетілгендей юра жүйесі (J) үш бөлімнен тұрады, олар төменгі, ортанғы және жоғарғы бөлімдер. Бұл бөлінген бөлімдердің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар негізінен бұл бөлімдерінің әрқайсысындағы жыныстардың таралу, түзілу, қалыңдық және құрамдық өзгешеліктерінде жатқанын байқауға болады. Айта кететін бір жай, бұл юра жүйесінде (J) ең негізгі және ең басым горизонттар тараған. Бұл горизонттар өз кезегінде әр жасты, әр құрамды және әр қалыңдықта тарағандарын көруге болады. Сонымен бірге юра жүйесінде (J) көптеген фауна- флора организмдерінің таралғанын көреміз.
Литофациялық құрамы мен жаралу тегіне келсек, онда мында негізінен континенталдық, теңіздік және жағалық фацияларының басым екенін көруге болады. Фациялық талдау жағынан келсек Өзен кен орнынынң негізгі құрастырушы шөгінді жыныстары ретінде құмтастар, алевролиттер және де саздар болып келеді. Осы ерекшелігіне байланысты юра жүйесі (J) бөлімдерінің өздері ярустарға жіктеледі. Олар негізінен ортанғы (J2) және жоғарғы (J3) бөлімдерде байқалады. Сол себептен, осы ерекшеліктерге сүйене отырып, біз Өзен кен орнының өнімдік қабаттарының 60-70% - ін ортанғы және жоғарғы юра бөлімдерінде тарағанын байқаймыз.
Төменгі юра бөлімінің (J1) литофациялық құрамы
Бұл бөлімнің триас жүйесімен (Т) үйлесімді жатқанын еске ала отырып, олардың литофациялық құрамының айырмашылығын көруге болады. Мұндағы қабаттың литологиялық құрамы негізінен алевролиттер мен құмтастардан тұрағандығын біле отырып, қабаттың теңіздік литофациялық жаратылыстан пайда болғанын байқауға болады. Сонымен бірге бұл қабатта өсімдік қалдықтары бар саз және көмір қабаттарын байқауға болады.
Құмтастар сұр және қара - сұр, орта және ұсақ түйірлі келген . Алевролиттер ұсақ түйірлі, ақ - сұр түсті. Ал саздар қара және сұр түсті. Төменгі юра бөлімінің жалпы қалыңдығы шамамен 150 - 200 м-ді құрайды.
Ортанғы юра бөлімінің (J2) литофациялық құрамы.
19 - 24 - ші горизонттарының ортанғы юра бөлімінің аален - байосс ярустарының жинақталуы қалыңдығы кезектесіп келетін ырғақты терригенді жыныс, күрделі құмтаспен, алевролит және сазбен континенталды және жартылай континенталды генезис екенін көрсетеді. 19 - 22 - ші горизонттар жыныстары ортанғы юра бөлімінің байосс ярусына қатысты болып келеді. Литологиялық құрамы бойынша, олар негізінен континенталды түрде кезектесіп келетін құмтастардан және алевролиттерден бөлінген қабаттармен саз және көмірленген қабаттар, көмірмен оның линзасы арқылы өседі.
Құмтас пен алевролиттің майдаланған құрамы полимиктілі болып келеді . Кварц құрамы 19, 5 - 38 %, дала шпаты 21, 5 - 40, 2 % жыныс сынықтары 33 - 49, 5%, эффузивтер 0, 8 - 2, 8 %, кремнийлі жыныс сынықтары 1, 2 - 1, 7 %, слюдалар 15% - ке дейінгі аралықта өзгереді.
Саздар - горизонт пачкаларымен қабат бөлігі болып табылады. Қара сұр, бірқалыпты емес алевритті слюдалы, тығыз қысыммен немесе ұсақ және ірі детритті, сидеритті және кальцитті . Саз текстурасы негізінен жолақты. 23 - 24 - ші горизонттары ортанғы юра бөлімінің аален ярусына қатысты қалыңдығы әр түрлі, ұсақ түйірлі құмтастардан, саздар, алевролиттер қабаттарына тәуелді және ұсақ конгломераттардан тұрады.
Аален ярусының төменгі шекарасы құмтасты - гравелитті қабат арқылы өтеді, шағылысатын бастапқы жаңа седиментациялық циклі арқылы. Жоғарғы шекарасы өз кезегінде байосс ярусының құмтас - гравелитті қалыңдық, алевролитті сазды комплекс жыныстары арқылы және жұқа кальцилі комплекс арқылы өтеді.
23 - 24 - ші горизонттарының коллекторлық жыныстары негізінен құмтастармен, алевролиттермен көрсетіледі. Құмтастар сұр, қоңыр - сұр, ұсақ, орта және ірі түйірлі. Орташа қаттылығы гравилитті түйірлермен араласқан. Құмтас және алевролиттің пайдаланған құрамы полимиктілі болып келеді. Цементті гидрослюдалы - каолинитті және контактивті. Дөрекі түйірлі құмтастар аален ярусының төменгі бөлігінде кеңейген. Тілме бойынша жоғарғы жағында саздылық көбейіп құмтас және алевролиттер өткені байқалады.
Жоғарғы юра бөлімінің (J3) литологиялық құрамы
13 - 14- ші горизонттарының жоғарғы юра бөлімінің келловей ярусының шөгінді жинақтары әр түрлі құрамды келетін терригенді жыныстардан құралған. Бұл жыныстардың жаралу тектері континенталды және жағалаулық фация болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан мұнда негізінен ұсақ түйірлі құмтастардан, алевролиттерден және саздардан құралған. Құмтастардың түрлері полимиктілі болып келеді.
Саздар басым горизонталды және қара - сұр түсті келген. Өз кезегінде құмтастар тығыз келген және де ақшыл сұр түсті болып келген. Бұл ярустың жыныстарының түйірлерін цементтеп тұрғаны гидрослюдалы - каолиниттер болып келеді.
14 - 15 - 16 - ші горизонттарының жоғарғы юра бөлімінің оксфорд ярусының қабатындағы шөгінділер жинағы қалың қабатты, кезектесе орналасқан терригенді - карбонатты жыныстардан құралған. Негізгі литологиялық құрамы, мұнда құмтастар, алевролиттер, аргиллиттер және саздар болып келеді. Мұндағы құмтастар мен алевролиттер ұсақ және майда түйірлі, ақшыл сұр және қара сұр түсті келген. Ал саздар өз кезегінде майда түйірлі, жіңішке қабатты, ашық сұр түсті келеді. Қабаттың негізгі құрастырушысы ретінде каолиниттер болып келеді.
- Өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық қасиеттерінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі
Өзен қатпары Жетібай - Өзен зонасының біршама ірі құрылымы болып есептеледі. Келловей ярусының табаны бойынша, оның изогипс контуріндегісі 900 м, ұзындығы 45 км, осі бойынша 9 км, теңселу шегі 200 м.
Өзен қатпарының геоморфологиясы өзінше ерекше келген. Ол зоналарының өткір кескінделген ассиметриясымен және периклиналімен кескінделген. Иілістердің бірінде ұзын формалы Өзен және Төңірекшың ойпаттарының арасында биіктіктері ұштастырылған. Қатпардың солтүстік қанаты көлбеу, ойысты келген. Онда жазық тектес аудандар пайда болуына шөгінді жыныстар біркелкі емес әсер етеді. Әсіресе шығыс және солтүстік бөлігінде қанаттары мен бұрыштарында елеулі өзгеріс білінеді.
Жалпы алғанда Өзен қатпарлы белдемі Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ мұнай газ правинциясы құрамына жатады. Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ провинциясы негізінен жас платформалар қатарына кіреді. Мұндағы жас платформаға тән бір қасиет, ондағы терең опаңдарда қатпарлы іргетастармен, қалқанды кешендермен байланыста болып келетін шөгінді - вулканды қабаттар кездеседі. Метоморфизм жағынан шөгінді - вулканды қабаттары палеозой жасты каледондық және төменгі герциндік жыныстарынан жаралып пайда болған болеп келеді. Олардың жалпы қалыңдықтары платформалық іргетас қалыңдықтарымен сәйкес келеді. Өз кезегінде Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ мұнай газ провинциясы Оңтүстік- Маңғышлақ мұнай газ обласынан тұрады. Оңтүстік - Маңғышлақ обласының пермь - триас қабатының қалыңдығы 4- 5 км - ді құрайды және де карбонатты - терригенді жыныстардан құралған. Геологиялық жағынан келгенде Оңтүстік - Маңғышлақ обласы Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ провинциясының шығыс бөлігінде эпигерцинді платформаның бір бөлігі болып есептеледі. Герцин жасты түзілімдердің қатпарлы іргетасының жалпы тереңдігі - 9-10 км құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz