ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ


РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕВРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БОЛАТХАН БАҒЖОЛ
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Ғылыми кеңесшілер: п. ғ. д.,
Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
- ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРҚазақстанда ХІХ - ХХ ғасырда педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасып, дамуы . . . 6Қазақ прозасындағы ұстаздар келбеті . . . 16
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
2. 1 Қазақ өлеңдеріндегі Абай тұлғасының сан қырлылығы . . . 34
2. 2 Қазақ поэзиясындағы Мұхтар Әуезов бейнесі . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . ……… . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . …. 57
КІРІСПЕ
Ұлы ұстаздардың теориялық ұстанымдары адамдарға дұрыс бағыт-бағдар, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке шығармашылық қоры адамзат баласына шам шырақ іспеттес. Ұстаздар ілімі адамдық факторлармен сабақтасатындықтан олардың ұлттық сипатын сақтай отырып өмір жолын айқындауға мүмкіндік беруде. Осыған орай, қазақ ұстазының келбеті мен әдіснамалық құнды қасиеттерін қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінен көре аламыз.
Еуропада қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан білімнің берілуі яғни Платонның Аристотельге ұстаз болуы Әл Фарабидің Аристотельді ұстаз тұтыуы немесе Ибн Синаның Әл Фарабиді ұстазым деп қабылдауы ұстаздық жүйенің үзілмес белгісі болып табылады. Ұстаз әлемін тарих пен ұштастырар болсақ сонау Афинадан Платон академиясынан басталған ғылым ізденісі адамдардың қарым қатынасы арқылы, білімді тасымалдау арқылы Азия құрлығын да орналасқан Отырар, Бағыдат ілім шахарларына дейін таралды. Ұстаздардың таным ұғымына, өмір жолына назар аударатын болсақ ұстаздық борыш сабақтастығын көре аламыз.
Ұстаздар жолын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, ұстаздар ілімін адамның қабылдауы, пайымдауы, ойлы тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін үйлестіру, сол арқылы барша жұртқа жол сілтеу арқылы әлемнің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ.
«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. » дейді Әбу Насыр Әл Фараби. Иа, шындығында да ұстаз бойынан барлық қасиеттер табылады және сол қасиеттерін бөлісуге әзір тұрады. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Ұстаз екінші ана. Тіпті Македонияның билеушіс Александыр ұстазы Аристотельді зор құрметтеп, оны мақтан тұтты, əкесінен кем көрмеді: “Өмірге келгенім үшін əкеме міндеттімін, ал лайықты өмір сүріп отырғаным үшін ұстазыма міндеттімін”- деді ол. Ұстазбен мақтанасың. Ұстаз жаныңды, жүрегіңді баурайды. Жол нұсқайды, кеңесін аямайды, жігерлендіреді, арманыңа жол сілтейді. Қамқор болады, қасыңнан табылады. Міндет етпейді, қайтарым сұрамайды. Əр шəкірт өзінің жеткен жетістігі үшін ұстаздарға қарыздар. “Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем”, - дейді дана халқымыз.
Педагогика - үнемі дамып келе жатқан ғылым. Қоғамның дамуы жас
ұрпаққа білім беру және тәрбиелеуде жаңа міндеттер жүктейді. Педагогика сол міндеттерді іс жүзіне асыруда, басқа ғылымдардың нәтижелеріне сүйене отыра, тың зерттеулер жүргізеді Әрбір жаңа зерттеу өткен зерттеудің негізінде, жалғасы ретінде қолданылады. Зерттеудің нәтижелері педагокиканы, мектептегі оқу - тәрбие процесін қоғамның талабына сай одан әрі жетілдіруде маңызы ерекше.
Педагогика тарихының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, педагогиканың өзі ғылымынң саласы ретінде философиямен бір деңгейде дамып келеді. Философия Адам санасы мен ақылынан тұрады олардың дұрыс бағытта қалыптасуына ұстаз ықпаклы өте зор. Ұстаздық жүйе бастапқы кезде философияның элементтері ретінде қарастырылды. Фактілердің жинақталуы барысында тәрбие тәжірибесін жинақтауға, бастапқы теорияларды ашып көрсетуге және педагогиканы ғылым ретінде жүйелеуге талпыныс жасалды. Оның теориктері болып ежелгі дәуірдің ұлы ойшылдары Сократ (469 - 399 б. э. д. жж. ), Платон (427 - 347 б. э. д. жж. ), Аристотель (384 - 322 б. э. д. жж. ), Демокрит ( б. э. д. 270 - жылдар шамасында өмір сүрген) саналды. Олардың еңбектерінде ұстаздық болмыс, адам тәрбиесіне және оның тұлғасын қалыптастыруға қатысты идеялар, ережелер көрініс тапты.
Зерттеудің жалпы сипаттамасы Дипломдық жұмыс қазақ прозасындағы «ұстаз» бейнесінің танымдық сипаты мен қызметін анықтауға арналған зерттеу еңбегі болып табылады. Жұмыста «ұстаз» ұғымының ерекшеліктері және әлеуметтік, танымдық қырлары талданады. «Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі» зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық, физиологиялық еңбектер мен ақпараттар беріледі. Қазақ қоғамындағы «ұстаз» ұғымына қатысты ақпараттық тіл бірліктерінің сөз қорларының танымдық қызметі мен сипаты кеңінен талданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Бұл дипломдық жұмыста қазақ порозасындағы ұстаз образы сөз етіледі. Жалпы қазақ танымындағы ұстаз ұғымына тоқталып, қоғамда оның алар орны айтылып өтеді. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұстаздай ұлы тұлғаны қаламына арқау еткен жазушылар шығармаларын талдай отырып, оның мән-мағынасын жан-жақты ашу көзделген. Тақырыпты зерттеудің қажеттілігіне тоқталып, оның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қолданысқа енгізілу зәрулігі айтылады. Қоғамда соның ішінде жастар тәрбиесінде ұстаздың орнын анықтап, оның прозадағы көркем бейнеленуі жан-жақты қарастырылған. Қаламгерлердің образды сомдаудағы тақырыптық идеялық ізденістеріне мән беріледі. Әдебиет пен тәрбиені ұштастыру арқылы, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің жолдары зерделенген. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиеттануында арнайы зерттеудің объектісіне айнала қоймаған рухани-этикалық және эстетикалық болмысы бар құбылыс тұңғыш рет тексеріліп талданды. Түйін сөздер: қазақ прозасы, ұстаз, тәрбие, эстетика, көркем бейне.
«Ұстаз» ұғымы адам баласының қоғамдық құндылықтарының бірі болғандықтан рухани мәдениеттегі ролі ерекше. Ал рухани мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік маңызы зор.
Қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының негізін де ұстаз құндылықтарының өз орны бар. Адамзаттың өмірлік бағдары, негізгі өмірлік позициялары, дүниетанымы да ұстаз арқылы қалыптасады.
Қай заманда болмасын адамзат жүйелі білім сапасы мен өз-өзіңді дамытуға, қалыптастыруға себеп болатын ұстаздарға мұқтаж. Бүгінгі жас ұрпақ жоғарғы білімге мән береді. Алайда, ғылыми-техникалық төңкеріс пен ақпараттық жарылыс, ғаламдану адам өмірі ырғағын жылдамдатып жіберді. Өмір ырғағынан қалмау үшін Ыбырай Алтынсаринның сарынын сақтаған ұлттық болмыстағы, заманауи білімді адамзат баласын жетелейтін ұстаздар бейнесіне үңілу керек.
Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінің қырларының ашылуы ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын арттыра түсуде. Адамзаттың сүйіспеншілік,
махаббат, қайырымдылық, ізгілік, еңбек, денсаулық т. б қасиеттері ұстаз тәрбиесімен бойға дариды. Осы орайда қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін ашудағы мақсат ұстаз бейнесін рухани өмірдің өзегіне айналдыру. Ұстаз туралы түсінік қоғамдық санада ерте кезден өмір сүреді және кез келген уақытта, кең мағынада, барлық жағынан маңызды болып табылады. Ұстаздық тағдыр адамзатқа қызмет атқарып, құндылықтар жаратылғаннан бастап бүгінгі қоғамдық дамуымызға арласып келеді. Ұсатаз ұғымы (философия, физиология, психология, әлеуметтану) қандай ғылым салалары болмасын барлығы мен байланысты. Себебі бүкіл ілім ұстаздар арқылы адамнан - адамға көшіп отырады. «Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі» біздің жұмысымыздың өзектілігі.
Қазақ танымындағы ұстаз бейнесін ашу зерттеу нысаны бола алатын күрделі әрі мағынасы ауқымды жұмыс болып саналады. Сондықтан, алдымен ұстаз ұғымын зерттеу маңызды. Ұстаз дегенде алғашқы ұстаз Аристотель Никомах, екінші ұстаз Әбу Насыр әл - Фараби және үшініш ұстаз Ибин Сина бірден ойымызға оралады. Олар адамзатқа дүниені танып білуге, сырын ашыуға, адамдардың тұлға болып қалыптасуына шырақ бола білген әлемге ортақ тұлғалар.
Қазіргі таңда ұстаз жолының өзгеруіне байланысты әлеуметтік тұрғыдан өзекті ең маңызды ұғымдардың бірі - «білімнің берілуі». Сол себепті қазақ прозасындағы ұстаз сипаты мен қызметіне кешенді түрде зерттеу жүргізудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде
Екінші кезеңде
Үшінші кезеңде
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында синхрондық сипаттама, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық, философиялық, психологиялық және әдіснамалық әдебиеттерді талдау және жинақтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс глоссарий, кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕР
- Қазақстанда ХІХ - ХХ ғасырда педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасып, дамуы.
Прогресшіл орыс педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы
қайраткерлерінің әлеуметтік - саяси, философиядық және этикалық көз қарастарының қалыптасуы олардың еңбектерінде, көркем шығармаларын да ұстаздық бейнеснің көрініс табуына әсерін тигізді. Халқымыздың ардақты ұлдары, ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865), аса көрнекті ағартушы - педагог, қазақ елінде алғашқы болып мектеп ашқан, әліпті таяқ деп білмейтін қазақ балаларын сауаттандырған, тұңғыш ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариын (1841 - 1889) және ұлы ақын, көрнекті жазушы, ойшыл Абай Құнанбайұлы (1845 - 1904) өз елін прогрес жолымен алға қарай бастады. Қазақ даласындағы басқарушылық тәртіпке, кейбір жағымсыз әдеп - ғұрыпқа, білімсіз халықтың кер тартпа қылықтарына қарсы тұра білген олар, халқының ой - тілегін, арман мүддесін қорғаған тұңғыш демократтары болды.
Шохан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін
ғылыми негізде құрып, екі ақ пайызы сауатты халықтың көзін ашу, оқу білімінің ұстаздық жолдың сырларын ашуға бағытталуын, туған елінің алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медресселер мен ел билейтін әкімдер, тілмаштар дайын - дайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. Яғыни жалпы дүниелік ілімді иегеруге технограттық озық елдер Жапония, Ұлы - Британия алдыға жылжып кеткен біршама европа елдерінің білім жүйесін қазақ даласына енгізуді мақсат тұтты. Халықты жаппай сауаттандырып, көздері ашылғанын қалады. “ Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді ” деп санады.
Абай Құнанбайұлының Абай Құнанбаев(1845-1904) - қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге - деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін еместігін терең түснген ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет…өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Кітапты молда теріс оқыр
Дағдардай боп сәлдесі!… -
деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жолдасты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Кант, т. б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.
Хәкім Абайдың поэтикалық шығармалары мен «Ғақлия» сөздері педагогикалық ой - пікірлерге толы. Мәселен, табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығын соның айғағы. Бұл қасиеттерді әуелі дұрыс жеткісуге, сол қасиеттерді бойына сіңіруге себепші болатын жас ұрпаққа жол сілтейтін ұстаздар қатары. Ақынның педагогикалық көз көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп - ғұрыпы, салт - санасы, дәстүрінен тәлім - тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік ұстаздық тұлғалардың педагогикалық класиктерінің ой - пікірлерімен үндеседі.
Демек, Қазақстандағы ұстаздық ой - пікірлер ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы, түптеп алғанда, қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік - саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян - қолтық, өзекті байланыста дамып жатты.
1910 - 1930 жылдар арасында Қазақ халқының бір туар ұлдары, әйгілі Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937), Міржақып Дулатов (1885 - 1935), Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) және Жүсіпбек Аймаутовтың (1889 - 1931) педагогика саласындағы еңбектермен көзге түсті.
Лингвист - ғалым, ағартушы - педагог, көрнекті ақын әрі қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық жайындағы ой - пікірлері мен көз қарасы ұстаздық саладағы қызметі қазақ халқының рухани ой санасын, білімін көтеруде әлеуметтік мәні зор. Ол ағартушылық, ғалымдық қызметтеріне, мемлекеттік басқару - ұйымдастыру жұмыстарын ұстаздық міндеті мен ұштастыра білді. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ жұртының саналы болуына, әр алаш баласының білім - ғылымның жолында жүруіне, мектепте ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Ахмет Байтұрсынұлы 1910 жылдардың бастап қазақ әліпбиімен
(жазумен) айналысып 1912 жылы араб графикасын қазақ тіліне икемделген нұсқасын, төте жазуды қазақ жұртшылығына ұсынды. Қазақ халқын оқуға шақырған, білім - ғылымның қажеттілігін түсіндірген үгітші ғана емес, қазақ арасында мектеп ісін жолға қоюға күш салған, бала оқытып, ұстаздық құрған практик жайында көрнекті ғалым Р. Сыздықова «Ахмет Байтұрсыновтың қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп, оқулықтар жазуына да, тер төгіп, бай терминология жасауына да, тіпті қоғамдық - әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық идеясы», - дейді.
Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан
бастап мұсылман медреселері мен орыс - қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдында ол қазақ даласында оқу - ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды басты назарда болды. Халқының өз жазуы болғанын қалап, барша білімді өз ана тілінде алған ұрпақтың сол ұлтқа қызмет ететінін білген Ахмет Байтұрсынұлынан нағыз ұстаз бейнесін көре аламыз.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетіндегі (1914 ж. ) «Мектеп керектері»
деген мақаласында: «Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы хәм сайлы болу. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы», - деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді. Сондай - ақ «Айқап», «Дала уәлаяты» газеттеріне сол кезеңдердегі оқу - тәрбие ісін келелі мақсаттары мен міндеттері туралы да мақалалар жариялады.
Міржақып Дулатов Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж. ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz