Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық
университеті
Жумагалиева Н.Е.
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011900 Шет тілдері және аударма ісі мамандығы
Орал - 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институты
Қызметтік қолданыс үшін (қажет жағдайда)
Қорғауға жіберілді
_________Кафедра меңгерушісі
ф.ғ.к. Ұ.К.Доукариева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Ауызша шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретуде көрнекілік коммуникативтік мотивация жасау құралы ретінде
5В0011900 Шет тілдері және аударма ісі мамандығы
Орындаған Н.Е.Жумагалиева
Ғылыми жетекші Ф.Н.Макашева
Орал - 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1. КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Коммуникативті технологияда тілдік қарым-қатынас қолдану ... ... ... ..6-10
1.2 Шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-17
1.3 Шет тілін оқытудағы көрнекілік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-21
1.4 Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... 22-26
1.5 Модульдік оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану ... ...26-30
2.КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТТА АУЫЗША ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ
2.1 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану ... ... ... ... ... ... .30- 40
2.2
2.3
2.4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КОМУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯДА ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚОЛДАНУ
Білім - адамзат қазынасы, халықтың білімділігі - елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүниетаным қалыптасады. Мәдениет, дүниетаным, білім молайған сайын халық байлығы артып, дамыған елдер қатарынан орын алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ″Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан″ атты Қазақстан халқына жолдауында ″Тілдердің үш тұғырлығы″ мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл дегеніміз қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт - аралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екендігін атап айтты.
Сонымен, ағылшын тілін білу - замана талабы болып отыр осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болып отыр. Яғни оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту.
Ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей,өзара тіл табысып,пікір алысуға үйрету,себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Коммуникативті технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар мен ақпараттардың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді тілдік қатынасқа ену негізінде оқу үдерісін құруды айтады.Оның жетекші әдісі тілдік өзара қарым-қатынас.Қолданылатын жұмыс түрлері : ынтымықтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту (оқушылардың бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу).Коммуникативті технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады.
бағытталған: яғни сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз сөйлеуге,бұрынғы меңгерген грамматика лексикалық формаларды, автоматты түрде қолдануға жетуі керек деген сөз. Оқушы өз ойын еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық
6
минимум алдын-ала анықталып тапсырылады. Бұл тілді функционалдық тұрғыдан үйрету сипатына жатады. Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге үйретуге
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болсада лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры,сондай-ақ грамматикалық білімі болумен бірге,оны сөйлеу әрекетінде қолдана білуі керек. Сөйлеу әрекеттері, негізінен, белгілі бір мақсаттығы жағдаяттар, жүйелі модульдер, ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап жағдайларында жүзеге асады.
Коммуникативтік әдіс:
1.Жұптық
2.Топтық
3.Ұжымдық
Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
1.тілдік бағыттар
2.функционалдық
3.оқиғалық
4.жаңашылдық
5.қарым-қатынастық дербестік бағыттар
Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп, адамдардың арасындағы қарым-
қатынасты,өзара түсінушілікті көрсетеді.Осыдан барып коммуникабельдік, түсінушілік
деген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады. Коммуникация - қарым-қатынас,өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.
7
Коммуникативтік - оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді - ол дегеніміз
коммуникативтік әдістемеде сөйлеу - тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болы табылады деген сөз.
Коммуникативтік байланыс технологиясы - шетел тілі сабақтарын қарым-қатынас негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағыт-бағдар береді.Сабақтың практикалық жағына бағытталады.Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты,және тез мөлшерде жинақталады.Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:
1.Коммуникативтік мотивация
2.Дұрыс бағытта сөйлеу
3.Өзара қатынастың қалыптасуы
4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Коммуникативтік әдіс - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияға тән басты белгілер мен қағидалар жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік стратегияға кіретін кезеңдер:
1.Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;
2. Бәрі түсінікті деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;
3. Мен дұрыс түсіндім деген сигнал арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;
4. Сөз жетіспеушілік мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер,аудару арқылы шешу;
5. Қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу;
8
Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады.Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:
1.мәтінмен жұмыс
2.мәселемен жұмыс
3.ойын ойнату жұмысы
Ойлау - сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады - тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ - ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғандығы көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаттары - оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, шетел тілін әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Шетел тілі мұғалімінің негізгі міндеті - шетел тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді етіп өткізу. Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану.
Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады:
1.сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу.
2.мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу .
9
3.оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.
4.синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу.
Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізген дұрыс.Сонда ғана нәтиже жақсы болады. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтық т.б.) іріктеп алу қажет. Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет.. Пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеуден, тыңдаудан, сөйлем құрастырудан, аударудан , оқудан, жазудан құралуы керек. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика).
Осы материал үш бағытқа бөлінеді:
1.Лексикалық бағыт - айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдаяттар арқылы тілді тез игерту.
2.Фонетикалық бағыт - дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту.
3.Грамматикалық бағыт - жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.Әрбір жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгерту кезінде оқушылар топқа бөлініп, әрқайсысына бес міндет беріледі:
1.Мәнерлеп оқу
2.Түсіну
3.Сұрақтар қою немесе диалог құрау
4.Сызба арқылы өз ойларын айту
5.Грамматика
Сондықтан шетел тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану - оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ барысында жиі қолданып отыру өз тиімділігі болады.
10
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мекемелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мəліметтер базасынан жəне басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу үрдісі, басқару, ғылыми, зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті жəне бəсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру жəне кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық, тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады... -- деп атап көрсетілген [2].
Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену процесі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Интеграциялық процестердің интенсивті дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.
Соңғы жылдары оқу ағарту жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану мəселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек ғана жаңа техникалық құралдарды ғана қолдану емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде жаңа формалар мен оқытудың жаңа интерактивті əдістерін қолдану деген сөз.
Жоғары білім берудің қазіргі жүйесі ақпараттық технологияларды жəне компьютерлік телекоммуникацияларды өте белсенді қолдануда. Қазіргі жаһандану заманында Интернет жүйесінің пайда болуымен байланысты қашықтықтан білім беру жүйесі динамикалық түрде дамуда, ол өз кезегінде
11
білім беру мекемелерінің қуатты компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз -- оқушыға компьютердің көмегімен ақпаратты даярлау жəне беру процесі. Компьютерлік технологияға оқытудың əр түрлі əдістерін енгізуге болады: программалық оқыту, интеллектуалдық (проблемалық) оқыту, эксперттік жүйелер жəне т.с.с.
Жаңа компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері (дыбысты қосу-өшіру, жауапты дискіге микрофон арқылы жазу, эталонмен салыстыру, мəтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыту, СD негізінде мультимедиалық құралдар арқылы мəтінді, дыбысты, графиканы, мультипликация мен бейнені біріктіру жəне т.б.) мəдениаралық қатынастардың тиімділігін анағұрлым артырары сөзсіз.
2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту концепциясын жүзеге асыру аясында білім берудің ұлттық жүйесін реформалау жəне оның жаңа шарттарда əлемдік білім беру кеңістігінде интеграциялануы Қазақстан оқу мекемелерінің оқыту процесіне жаңа инновациялық білім беру технологияларын енгізуге негіз болады [4]. Бүкіл əлемде болып жатқан құрылымдық өзгерістер білім беруді ұсынудың дəстүрлі жүйесін трансформациялаудың катализаторы болып табылады. Білім беру жүйесі қызметінде инновациялық педагогикалық əдістемелердің пайда болуымен бірге ақпараттық, компьютерлік технологиялардың қолданылуын да белсенді түрде ақсаңдатып отырған мемлекеттік емес білім беру мекемелері көптеп пайда болуда. Көрсетілген мəселелер ТМД елдерінің жоғары мектептеріндегі сияқты ҚР-сы үшін де тəн болып келеді.
Білім берудің дəстүрлі моделінің балама формаларының бірі қашықтықтан оқыту технологиясы болып табылады. Бұл оқыту технологиясы Қазақстан Республикасының географиялық жағдайында -- алыста орналасқан жергілікті пунктердегі білім беру мəселесін шешу жолында ерекше маңызға ие. Осыған байланысты қашықтықтан оқытудың негізгі мақсаты -- азаматтардың өздері тұрып жатқан жерлерінде жəне кəсіби қызметінде ешқайда бармай кез келген деңгейдегі білім алу құқығын қамтамасыз ету.
Қашықтықтан оқыту -- ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдар жəне негізделген тəсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту формасы өте кең тараған, ол əсіресе жоғары оқу орындарында, сырттай оқу жүйесінде қосымша роль атқарып келеді. Оқытудың бұл формасы күндізгі жəне басқа сырттан оқыту формасына қарағанда ең тиімді форма екені бұрыннан белгілі, өйткені кез келген адам аз шығын шығарып өзінің біліктілігін жоғарылатып, кəсіби мамандық ала алады. Қашықтықтан оқыту əдісінде студенттердің өз беттерімен жұмыс
12
жасау белсенділіктері жоғары болуы қажет, өйткені олар білімді жаңа ақпарат технологиялар мен телекоммуникациялар жүйелері, электронды пошта, теледидар жəне Интернет жүйелері арқылы алады.
Жоғары білім беру жүйесінде енгізілуіне жəне қалыптасуына қазақстандық жоғары оқу орындары (жоо) белсене қатысып отырған қашықтықтан оқытудың бүгінгі таңдағы қалыптасып келе жатқан моделі сырттан оқудың бір түрі, нақтырақ айтқанда, тек қана компьютерлік телекоммуникацияны қолданатын сыртай оқытудың формасы болып табылады. Қашықтықтан оқыту курсының мұндай моделдерінде өз бетімен оқуы үшін жекелеп немесе тұтасымен қолдануға жіберілетін дəрістер жиынтығы ұсынылады. Оқу материалын алған соң, қолданушы (студент) онымен үйінде, жұмыс орнында немесе компьютерлік сыныпта жұмыс жасайды. Сонымен бірге қолданушының жеке қабілеттері жəне қажеттіліктері ескеріледі. Ол оқу курсын кез келген режимде, тез немесе баяу орындай алады. Осындай курстар студенттердің орындайтын тапсырмаларды электронды пошта бойынша мезгілімен жіберуді, кейін оқытушы-куратор оны рецензиялап (пікірін білдіріп), студентке ескертулер жəне нұсқаулар жасап қайтаруды қарастырады.
Қашықтықтан оқытуды енгізудің негізгі артықшылықтары қандай?
Қарым-қатынас немесе оқубілім алу үшін қолайлы құралдармен қамтамасыздандырылуы; топтық жұмыстар үшін үлкен мүмкіндіктердің болуы; оқытушымен тікелей байланыста болу; оқушылардың берілген білім базасына еркін кіру мүмкіндігі, кітапханалық каталогтар жəне басқа да ресурстарға қол жеткізулері; үй тапсырмаларын жылдам алуы жəне қайта жіберу мүмкіндігі; тікілей режимде тестілеуді өткізу мүмкіндігі жəне т.б көптеген мүмкіндіктер қашықтықтан оқыту формасында беріледі [5].
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да оқыту үрдісінде əр түрлі фирма өңдірушілерінің программалық өнімдері енгізілуде, сонымен бірге жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін жəне кең қолданысқа ие өз өнімдерін, яғни, университет ұстаздары дайындаған курстық кейстер, электронды оқу құралдары, оқыту бағдарламалары енгізілуде жəне олар өз кезегінде нарық шарттары талаптарына сəйкес келеді.
Қашықтан оқыту қағидаларын жүзеге асыра отырып, ҚарМУ-дың ПОҚ-ы оқытудың күндізгі жəне сыртқы оқыту формалары қағидаларын саналы үйлестіре білуде. Сандық жəне аналогтық формаларда ұсынылатын бірегей курстық кейстағы оқу-əдістемелік материалдар арнайы өңделуде. Курстық кейс студенттерге оқу курсын өзіндік оқуға мүмкіндік береді, жəне ол
13
бақылау сұрақтарынан, тесттік тапсырмалардан жəне оқытылатын пəн бойынша əдістемелік нұсқаудан тұрады .
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа, өте пайдалы мүмкіндігін -- оқытудың қашықтық формасын енгізуді ұсынады. Ол, біріншіден, білім алушының оқытуды өткізу уақытын жəне орнын таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, белгілі бір себептерге байланысты дəстүрлі білім алу мүмкіндігінен айрылған тұлғаларға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі бір көлемде оқуға кететін шығынды азайтады. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; ə) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуалды сынып жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, əрі студенттермен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Қашықтықтықтан оқыту оқу үрдісінде студенттердің шығармашылық дағдыларының қалыптасуына, біліктілігін жетілдіруіне, талмай ізденуіне үлкен қозғаушы күш болып табылады. Себебі Web-сайт арқылы оқытушы дүниежүзілік əдістемелік жүйелермен танысады.
Қашықтықтан оқыту -- білім ордасынан қашық тұратын студент жастардың оқу-танымдық іс- əрекеттерін ұйымдастыру технологиясы. Қашықтықтан оқыту оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынастарының құралдары мен əдістері көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытуда əр түрлі субъектілер қатысады. Қашықтықтан оқытатын педагог -- негізгі оқытушы технологиялық нұсқау беруші, қашықтықтан оқытудың үйлестірушісі, оқу материалдарының əзірлеуші автор. Аталған қызметтік рольдерді бір ғана маман қатарынан атқара алады, қашықтықтан оқытушы педагог бір мезгілде курстық əзірлеушісі де бола алады, ал жергілікті үйлестіруші оқушылардың өзі де болады.
Қашықтықтан оқыту арқылы мынадай əлеуметтік маңызды функцияларды іске асыруға болады:
* халықтың қоғамдық білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;
* мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қанағаттандыру;
* халықтың əлеуметтік жəне кəсіптік жағдайын көтеру, кəсіпкерлерді əлеуметтік түрде белсендіру, өзіндік білім деңгейін көтеру;
* жеке мектептерде жинақталған білімдерді сараптау жəне кеңейту.
14
Қашықтықтан білім беру негізінен компьютерлік техниканы кеңінен пайдалана отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісіне негізделген.
Интернеттегі барлық жұмыс технологиялары сияқты қашықтықтан білім берудің басты артықшылығы шет тілін оқытудың вербалды əдістерін іздену əдістеріне, шығармашылық іс-əрекетке араластыру болып табылады. Қашықтықтан оқыту курстары жоо-ға түсушілер үшін оқулықтарды жəне көмекші құралдарды ауыстырмауы қажет, олар, біздің көзқарасымызша, білім алушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруы үшін негізді қалыптастыруы тиіс.
Интернет арқылы шет тілдерін қашықтықтан оқытудың негізгі əдістемелік проблемасы шет тілдерін оқытудың практикалық курс əдістерін өңдеуге жалпы тəсілдің жоқ болуы болып табылады. Соның өзінде барлық əдістемелік қағидалардың əрекеттілігін анықтайтын оқытудың басты шарттарының бірі оқытушының біліктілігі болып табылады. Оқытудың құралы қандай болмасын, олар тек құрал болып қалады. Оқыту процесінде басты роль əрқашанда оқытушыға берілген жəне беріле бермек. Оқытушы оқытудың барлық процесін бағыттайтын жəне құратын да өзі, оқыту процесінің жетістікке жетуі де оқытушының біліктілігі жəне педагогикалық шеберлігіне байланысты, өйткені мəшине қандай ақылды болмасын, оны адам басқарады.
Əдетте, оқытудың қашықтық формасында электронды оқулықтар қолданылады. Біздің көзқарасымызша, мұндай оқулықтардың басты жетістігі: біріншіден, олардың мобильділігі, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен байланысқа қол жетерлік мүмкіндіктің болуы, үшіншіден, заманға сай ғылыми білімнің даму деңгейінің адекваттылығы. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайда болуы ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңартып отыру мəселесін де шешуге жол ашады. Электрондық оқу құралдарының көмегімен білімді бақылау -- компьютерлік тестілеу жүзеге асырылады.
Компьютерлік өнімдер нарығында жылдан жылға оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар саны өсуде. Шет тілі сабағында компьютерлік оқыту программаларын қолданып жұмыс жасау формаларына мыналар жатады: лексиканы оқыту; сөздердің айтылуын өңдеу; диалогтық жəне монологтық сөйлеуді үйрету, жазуды оқыту; грамматикалық құбылыстарды оқыту.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қатынаста қолайлылығы, мазмұндалатын материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипермəтіндік технологияларды қолдану өте қолайлы болмақ.
15
Электронды оқулықты қолдану тəжірибесінің нəтижесі жəне тестілік бақылау көрсеткіштері бойынша студенттер оқытылатын материалдарды сапалы меңгереді.
Қазіргі заманда білімнің негізі студенттердің жеке жəне кəсіби өсуіне бағытталған рефлексивті сипаттағы ойлау жəне іс-əрекет тəсілдері болып отыр. Оларға əр түрлі интерактивті əдістер жатады, бұл əдістер студенттерді оқытушылық тəжірибе мен шығармашылық потенциалын дамытуға дағдыландырады. Олардың негізінде рефлексивті ойлауға оқыту, зерттеуге деген қызығушылығын тудыру, проблематизация жəне интенсификация сияқты стратегиялар жатыр.
Қазіргі таңда оқытушыға сабақтың теориялық жəне практикалық материалдарын таңдауда жəне сабақты өткізу əдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде, бір мезгілде оны компьютерде көрсеткен өте тиімді. Осыған байланысты оқу процесінде оқыту презентацияларын қолдану маңызды болып табылады.
Олардың мақсаты -- оқыту процесін жекешелендіру, оқыту əрекетін белсендіру, студенттердің қызығушылықтарын ояту, өзіндік жұмысты атқаруға студенттерді үйрету. Педагог функциясы əр түрлі болады: ол ақпартты игеруге көмектеседі, кеңес береді, бақылайды.
Практикалық сабақтарда оқыту презентацияларын қолдану əр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу əдісінің өзіне лайықты тəсілін қолдануды, студентке өзінің əлді-əлсіз жағын анықтап, оқыту презентациясының түзету тəсілін пайдалана отырып көмектесуді, оқытудың əр түрлі формалары мен əр түрлі тəсілдерін кірістіруді, оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды, кəсіби іс-əрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді, пəнаралық байланысты орнатуды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеу арқылы жетуді жəне т.б.
Оқыту презентацияларын қолданудың басты мақсаты -- оқытудың ұйымдастырылуы жəне мазмұны бойынша адам бойындағы осы сəттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Оқыту презентацияларында оқу ақпараттарын берудің белгілі жəне сөздік нышандарына назар аударылады, презентациялық оқыту əдістемесінде суреттік жəне графиктік нышандар қоса беріледі. Осылайша өрнектеу толығады жəне олардың білім алушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте, естиді, екіншіден, түсінік алады, бұдан соң сурет сызылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Оқу
16
материалы жинақталады, тұжырымдалады, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізеді, білім алушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады жəне танымдық іс-əрекеттерін жаттықтырады.
Оқыту презентацияларын сызу, құрастыру, жасау белгілі бір психологиялық-педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерге сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау іс-əрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.
Өзіміздің іс тəжірибемізде заң факультетінің Халықаралық құқық мамандығы студенттерімен практикалық сабақтарда мынадай слайд-презентацияларын қолданамыз.
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: көрсету принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз - оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз - жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы
17
зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені
қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент Б тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті.
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.
Шет тілің оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:
1. Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
2. Әр түрлі мектептерде алдңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
3. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблема көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдерді,
18
әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Оқу шет тілінде оқытылған мектептерде ағылшын пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргізіледі.
Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.
1. Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.
2. Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбеккке қатысты мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.
Осының нәтижесінде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді.
Ағылшын пәні басқа өзге пәндермен тығыз байланысты, сондықтан мұғалім өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені 2-ші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнің басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.
Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәні мен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.
Көркем шығармалар мазмұныңдағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері тығыз байланысты бірлікте өткізіледі.
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, оқушы өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі,оқығаның, түсінгенің ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.
Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш
19
ағылшын тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.
Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының сөздік қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу сан есімнің түрлеріне байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы байланыс арқылы табиғат, ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт - ағылшын тілінде айтылатын сөдерге екпінді дұрыс түсіріп айту, адамдардың көңіл күйін, қуанышын, ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
Ағылшын тілі мен еңбек пәні арасындағы байланыс бұйымдардың көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе білуден, ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам әзірлеу киім тігу, т.б. байланысты сөздерге жасағаннан туындайды. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғауы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру болып табылады. Әр тілді оқытуды жүйелеу, жинақтау, танымдық қарым-қатынас жасау сияқты үш түрлі қызметі болады.
Осындай функциялар негізінде оқу процессінде білім мазмұнының тұжырымдамсы жасалынады. Тұжырымдамада тәрбие процессін байыта түсудің, жаңартудың, жетілдірудің мақсаты мен келешектегі даму жолдары анықталып, болжамдар жасалынады.
Атап айтқанда, оқу процессін жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты интеграциялау жатады. Оқу-тәрбиесін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын иделар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептердегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты - шет тілің оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процессінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр.
20
Қай тілдің болмасын механизімін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылғаның
2. Ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек.?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескеру, білімнің базалық жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
А.С.Выготский Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында таңымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады, -- дейді. Бұл жерде оқушының алдына таңымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіңе таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.
Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай. М.Махмұтов екі топқа бөледі:
1. Заттың бейнелік көрнекі құралы (картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
2. Таңбалы көрнекі құралдар (сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар т.б.).
В.Занков: Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл - сөзбен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан
21
туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты
образдармен байланысқа түседі, -- деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасайды.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байытқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикалық білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жоғары білім беруді дамыту үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибе жинақталған бай педагогикалық, психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және оның шетел тілі мәдениет аралық қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне тоқталды.
Осыған орай оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін студенттердің бір мәселені бірігіп шешуде өз бетінше белсенді, танымдық
22
шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге баса назар аударуда.
"Интерактивтік" деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады.
Ол оқыту процесінде студенттерді бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Әрине мұндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп оқушылардың алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.
Шынайы қиындық:
- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда.
- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық емес болса.
- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.
Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай жағдайда көбінесе үнсіз қалады.
Яғни:
- оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.
Мұндай жағдайда студентті сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, оқушыны өз әрекетерін
23
тыңдай білуге үйрету керек.
Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура келеді.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.
Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады.
Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.
Бұл бақылауды төмендегі бақылау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болды. Өздік бақылау
1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым : төмен, орта , жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен, орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым : төмен, орташа, жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)
1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі : төмен, орташа, жоғары
24
2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы : төмен, орташа, жоғары
3. Сөйлеу шешендігі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz