Әкім Тарази прозасының поэтикасы


ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИCТРЛIГI
ОҢТҮCТIК ҚAЗAҚCТAН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДAГОГИКAЛЫҚ
УНИВЕРCИТЕТI
ФИЛОЛОГИЯ ФAКУЛЬТЕТI
ҚAЗAҚ ТIЛI МЕН ӘДЕБИЕТI КAФЕДРACЫ
Шаншархан Асылзат Мұхитқызы
Әкім Тарази прозасының поэтикасы, бейнелер жүйесінің жасалу ерекшелігі
ДИПЛОМД Ы Қ Ж Ұ М Ы C
5В011700- Қaзaқ тiлi мен әдебиеті мaмaндығы
Шымкент
2021
ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛIГI
ОҢТҮCТIК ҚAЗAҚCТAН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДAГОГИКAЛЫҚ УНИВЕРCИТЕТI
ФИЛОЛОГИЯ ФAКУЛЬТЕТI
«Қорғaуғa жiберiлдi»
Қaзaқ тiлi мен әдебиетi кaфедрacының меңгерушici
ф. ғ. к., доцент Байғұтова Д. Н.
“ ___” 20___ж .
Әкім Тарази прозасының поэтикасы, бейнелер жүйесінің жасалу ерекшелігі
д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C
5В011700 - Қaзaқ тiлi мен әдебиетi
Орындaғaн Шаншархан А. М.
Ғылыми жетекшici
ф. ғ. к., aғa оқытушы Caпaрбaевa Қ. Ж.
Шымкент
2021
ОҢТҮCТIК ҚAЗAҚCТAН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДAГОГИКAЛЫҚ УНИВЕРCИТЕТI
(жоғaры оқу орнының aтaуы)
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент: Шаншархан Асылзат Мұхитқызы
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Әкім Тарази прозасының поэтикасы, бейнелер жүйесінің жасалу ерекшелігі
Жоғары оқу орны бойынша «___» қараша № _2/___ бұйрықпен бекітілген.
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі “2304 2021 ж.
Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері:
1. Дипломдық жұмысты жазуға арналған әдістемелік нұсқау, т. б. құралдар.
2. Оқулықтар, оқу құралдары.
3. Арнайы зерттеу еңбектер, мақалалар.
4. Шығармалар жинақтары
5. Теориялық еңбектер, зерттеулер.
6. Энциклопедиялық анықтамалықтар, сөздіктер.
Диплом жобасын әзірлеуге қажетті сұрақтары немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
А) Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсат-міндеттері;
Ә) Жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі;
Б) Прозалық туындылардың поэтикалық зерттелуі;
В) Әкім Тарази шығармаларындағы бейнелер жүйесіне назар аудару;
Г) Қаламгердің шығармашылық ғұмырнамасын зерделеу.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1 Темирболат А. Б. Поэтика литературы: Учебное пособие. / Темирболат А. Б. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 168с.
2 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі /Құраст. : З. Ахметов, Т. Шаңбай/ -Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», 2006, -398 бет .
3 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.
4 Жұмаділова Н. Т. Қазіргі қазақ романының даму тенденциялары. Монография. - Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2013. - 308 бет.
5 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер дәулет, 1996. - 252 б.
6 Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 2. - Алматы: Жазушы, 1992. - 544 б.
7 Нұрғалиев Р. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 2. - Алматы: Жазушы, 1991. - 576 б.
8 Кекілбаев Ә. Сергек әдебиет - сертіне адал. //Жалын, 1989, ғ6. -Б. 21-26 .
9 Жарылғапов Ж., Әбілхақ М. Қазақ прозасының типологиялық мәселелері // ҚарМУ Хабаршысы. Филология сериясы. 2016. №1(81) . - Б. 45-50.
10 Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. - Алматы: Рауан, 1994. - 240 б.
11 ӘКІМ ТАРАЗИ: Биобиблиграфиялық көрсеткіш/ Ү. Д. Мұналбаева, Ғ. Б. Исақанова, М. Б. Жакупова, А. М. Дюсембаева. - Астана, 2016. - 152 б.
12 Тарази Ә. Үлкен ауыл: Повесть. - Алматы: Жазушы, 1968. - 112 б.
13 Тарази Ә. Көк аспанда қырағы көз бар: Эсселер. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. - 352 б.
14 Тарази Ә. Ауыл шетiндегi үй: Әңгiмелер. - Алматы: Атамұра, 2006. - 248 б.
15 Виноградов В. В. О языке художественной литературы. Москва-Ленинград, 1959
16 Тарази Ә. Аяз бен Бибі. Хикаяттар. - Астана: Елорда, 2005. - 381 б.
17 Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І. К. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1977 ж. 712 б.
18 Тарази Ә. Қиян соқпақ. Повестер. - Алматы : Жазушы, 1976. - 232 б.
19 Тарази Ә. Асу асу. Хикаялар. - Алматы : Жазушы, 1970. - 200 б
20 Тарази Ә. Көкжиек: Повестер мен әңгімелер. -Алматы: Жалын, 1980. -248 б.
21 Тарази Ә. Кен: Роман. - Алматы: Жазушы, 1986. - 576 б.
22 Серікқалиев З. Ақ жол: Сын кітабы: мақалалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1990. - 464 б.
23 Әдібаев Х., Мырзалиев Қ., Тарази Ә., Доспанбетов Ұ., Жұртбаев Т. «Кеннің» келбеті қандай? //Жұлдыз. 1987, ғ2. -Б. 188-198.
24 Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалары. Т. 2. Сөз өнері: Монография. Талант пен таным: Әдеби толғаныстар. - Алматы: Жазушы, 1983. - 456 б.
25 НҰРҒАЛЫМ Ұ. БОЛМЫС. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым - Алматы, «Хантәңірі», 2014. - 173 бет
26 Бұлтқа салған ұясын: Роман және хикаяттар. - Алматы: Санат, 1997. -368 б.
27 Тасжарған: Роман. - Алматы : Жазушы, 1980. - 464 б.
28 Тарази Ә. Қорқау жұлдыз: Роман мен повесть. - Алматы: Жазушы 1991. - 288 б.
29 Тарази Ә. Үш томдық шығармалар жинағы. 3-том. Тырна, тырна, тырналар. Хикаяттар мен әңгімелер: - Алматы: Жазушы, 2007. - 352 б.
30 Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. -А. : Ғылым, 1982. - 148б.
31 Тарази Ә. Жаза: Роман және хикаяттар. - Алматы: Санат, 1998. - 352 б
32 Ә. Тарази, Л. Мұсақызы. «Көркемдік құпиясы». - Алматы, «Санат», 2000. -240, 22 б.
33 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем) . Монография. - Алматы: Алаш, 2003. - 328 бет.
34 Мұсаев Алпысбай. Тарази тағылымы. Монография. - Астана: Фолиант, 2009. - 120 б.
Грaфикaлық мaтериaлдaрдың тiзiмi (мiндеттi cызбaлaрдың дәл көрcетiлуiмен)
Жобa (жұмыc) тaрaулaры көрcетiлген жобa (жұмыc) бойыншa кеңеcтер
Диплом жобacын (жұмыcын) дaйындaу кеcтеci
Тапсырма берілген күні: қазан, 2020 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Байғұт Д. Н. .
(қолы)
Жоба (жұмыс) жетекшісі: Сапарбаева Қ. Ж.
(қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдады:
Студент: Шаншархан А.
(қолы)
МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көркем әдебиет - әрбір жекелеген қаламгердің шығармашылық интеллектісінің көрінісі. Қоғам дамуына сай әдебиет те үнемі өрлеп, өрістеп отырады. Сондықтан да қазақ әдебиеті халқымыздың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде үнемі жүйелі де жан-жақты зерттеуді қажет етіп отырады. Әдебиетті зерттеуде біздің алар нысанамыз қаламгерлердің шығармашылығы. Әрбір суреткердің қаламынан туған туындылар арқылы әдебиеттің қандай күйде екеніне көз жеткізе аламыз. Қаламгер шығармаларында оның өмір сүрген ортасы мен қоғамдық құбылыстар әсерінің көрініс табатындығы заңды. Сол себепті әрбір жазушы не болмаса ақын өз заманының шындық көрінісін қандай жолмен болса да оқырман қауымға, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Біздің де дипломдық жұмысымызда әдебиетті зерттеп, зерделеу үшін шығарманың қажетті болары анық. Сондықтан да біздің зерттеу жұмысымызға арқау болатын, шығармалары қазақ әдебиетінің төрінен орын алатын қаламгеріміз Әкім Таразидың туындылары. Зерттеу жұмысымызда автордың прозалық туындыларының поэтикасын, шығармаларындағы бейнелер жүйесінің жасалу ерекшеліктерін объектіге алып, жан-жақты қарастыруды мақсат еттік. Ең алдымен кейіпкерлер бейнесінің жасалу ерешелігіне мән береміз. Біздің аталған тақырыбымыз бойынша осыған дейін нақты зерттеу жұмыстары кездеспейді. Тек біршама зерттеушілеріміздің ақындық шеберлік не болмаса әдебиеттегі поэтика, қазақ сатира жанрындағы поэтикалар секілді еңбектері жарық көрген.
Поэтика - ол әдебиет теориясымен тығыз байланысты. Поэтиканың міндеттеріне көркемдік айтылымдарды зерттеу жатады. Тиісінше, ол көркем шығармының жазылуындағы әдіс-тәсілдерге, көркемдегіш құралдарының қалай қолданғаны жөнінде сонымен қатар жалпы толыққанды талдауға сүйенеді. Поэтикалық талдау жасағанда көркем шығармалардың қазіргі әдебиеттануда алатын орнын оның идеясы мен мазмұнына, әрбір керекті бөліктерге назар аударады. Әдебиетте поэтиканы кейбір ғалымдар әдебиет теориясының бөлігі ретінде қарастырды. Мысалы, М. Л. Гаспаров пишет: «В расширенном смысле слова поэтика совпадает с теорией литературы, в суженном с одной из областей теоретической поэтики. Как область теории литературы поэтика изучает специфику литературных родов и жанров, течений и направлений, стилей и методов, исследует законы внутренней связи и cоотношения различных уровней художественного целого»[1, 9] . Поэтика жөнінде айтылған түсініктердің көбі әдебиеттің бір бөлігі ретінде қарастырады. Жоғары да поэтика жөнінде орыс ғалымы М. Л. Гаспаровтың сөзін келтірсек, қазақ тілінде поэтика ұғымына Зәки Ахметовтың құрастырған «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» А. Ысмақованың мынадай анықтамасы ұсынылған: ПОЭТИКА (грек. poitik fehne - шығармашылық өнер) - көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы (тар мағынада) сол теориялық поэтика бір саласы ретінде қабылданады[2, 287] . Кең мағынада болсын, тар мағынада болсын ең бастысы әдебиетпен тығыз байланысты ұғым.
Поэтиканың мақсаты - шығарма құндылығынан эстетикалық әсерленуді қалыптастыруға қатысатын мәтіндегі элементтерді айқындап және оны жүйелеу болып табылады. Негізінде поэтика жалпы ( теориялық немесе жүйелік «макропоэтика»), жеке баяндау түрінде («микропоэтика») және тарихи болып үшке бөлінеді.
Қазақ әдебиеттануында А. Байтұрсынов поэтика ұғымын қисын деп алады [3] . Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді. Осында айтылған барлық анықтамаға сәйкес бізде өз зерттеу еңбегімізде Әкім Тарази прозасының поэтикасын қолымыздан келгенше талдап, зерттеп өз нұсқамызды көрсететін боламыз.
1960-1980 жылдардағы қазақ әдебиетінің алдында әлемдік әдебиетті айтпағанның өзінде, көркем сөз алыптарының дәстүрлі мектебі болды. Солардың тәжірибесін, өнегесін игерген қазіргі қазақ әдебиетінің қол жеткізген сапалы жетістіктері аз емес. Әсіресе, осы кезеңдегі романды зерттеу, поэтика, стиль және типология мәселелерін қарастыру аса маңызды проблема. Қазақ романдарында кесек характер, күшті образ, көркемдік ізденістер, философиялық сипатты басым болуы өркендеген әдебиетіміздің өміршендігін дәлелдейтін ақиқатқа жатады.
1960-1980 жылдары ұлттық әдебиетімізге өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, соны ізденісімен, ерекше образдарымен жана сипаттар әкелген қаламгерлер тобына І. Есенберлин, Т. Ахтанов, Қ. Жұмаділов, Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, О. Бөкеев, М. Мағауин, Д. Исабеков, Ә. Тарази, Т. Әбдіков, Д. Досжанов, С. Сматаев т. б. жатады. Бұл буынның көркем прозада өзіндік табыстары баршылық екенін айтып өту ләзім[4, 5. ] . Ал біздің зерттеу жұмысымыздың жалпы сипаты бұл - Әкім Тарази шығармалары болмақ.
Жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі әдеби процестегі көкейкесті мәселелердің бірі адам концепциясы, ұлттық сана, ұлттық характер. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн - адамның ойы, арман мұраты, адам рухының күші мен қасиеті. Сондықтан да көркем әдебиеттегі жеке адам бейнелерінің көрінісі өзекті, басты және ешқашан саркылмайтын проблема. Адамның, жан дүниесін танытудың бұрынғы таптаурын канондары еріксіз ескіруде. Қазіргі жазушыларымыз адамның жан дүниесін диалектикалық қайшылықтарымен жеткізудің соны тәсілдерін табуға ұмтылуының сыры осында жатыр.
Басқа стильдерде кездесе бермейтін, бірақ көркем әдебиет тіліне ең қажетті шарттардың бірі - автордың шығармашылық даралығының болуы. Бұл арада әңгіме тек тілге қатысты екенін баса айту қажет, өйткені жазушыға қойылатын бұл талап тақырып таңдау, оқиғаны бастап, дамытып, өрбіту сияқты тілден біршама алыстау көрінетін жайларға да байланысты. Сонымен, жазушының қайсысына да қажетті ең басты талаптардың бірі - сөз саптау тұрғысынан өзгеге ұқсамайтын ерекшелігінің болуы. Жазушының шығармашылық өзгешелігі дегенде бір-бірімен тығыз байланысты екі жайға назар аудармасқа болмайды. Оның бірі жазушының лексикасы мен грамматикасы, демек, жазушының тіл байлығы және оны пайдалану мүмкіндігі мен өнегесі; екіншісі - стилистикасы, былайша айтқанда, автордың лексикасындағы сөздердің жеке күйінде, сондай-ақ сөйлем түрінде, мәтін ішінде қолданылу ерекшелігі, «автор бейнесінің» көріну жолдары, кейіпкер тілін даралаудағы тілдік-стильдік құралдар т. б. жайттар енеді.
Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін қарастыруда кейіпкер бейнесі мен автор бейнесінің берілу жолдарын талдап керсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика саласы үшін де аса қажет. Осы орайда көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің әлі де өзекті мәселелерінің бірі. Әкім Тарази - қазіргі қазақ әдеби тіліне үлес қосушы белгілі қаламгерлеріміздің бірі. Жазушының «Қорқау жұлдыз» туындысы қазақ романдарының ішінде шоқтығы биік шығармалардың бірі болса, «Жаза», «Тасжарған», «КЕН», «Москва-Баласаз», романдары мен «2+1», «Андрей» эсселері қазіргі қазақ көркем әдебиетінде өзіндік орны бар айтулы шығармалар. Солай бола тұра жазушы шығармалары тілдік тұрғыдан, автордың дара стилі тұрғысынан толық зерттелмеген.
Біз бұл жұмысымызда Ә. Тарази шығармаларындағы автор бейнесімен мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын, жазушы қолданған тілдік-стильдік тәсілдерді талдап керсетуді мақсат еттік. Осы тұрғыда белгілі ғалым Б. Шалабайдың «автор бейнесі - көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізі» - деген пікірін дипломдық жұмысымызда негізгі басшылыққа алдық.
Көркем әдебиет саласында ерен еңбек етіп, кесек туындыларды дүниеге әкелген жазушының шығармаларына ден қою арқылы оның сөз өнері тарихындағы орын - үлесін айқындауға болады. Суреткердің «Жадыра», «Өрт», «Тырна, тырна, тырналар», «Дауа. Жеті. Қырық жеті» повестері мен «Ләйлі», «Қыз Жібек», «2+1», «Аран», «Келін» әңгімелері, «Жалғыздың шаңы . . . », «Элиталық қоқыс», «Андрей» атты эсселері, «Кен», «Қорқау жұлдыз», «Тасжарған», «Жаза», «Шер», «Бұлтқа салған ұясын» романдары, «Мұстафа Шоқай» атты романы - көпшілікке танымал болған, қазақ әдебиетінің алтын корына айналған туындылар. Қаламгер шығармашылығының бір ерекшелігі - оның көтерген мәселелерінің, тандаған тақырыбының ғұмырлылығы.
Әкім Таразидің шығармаларының поэтикасын зерттеудің өзектілігі бұл мәселенің әдебиеттану ғылымында арнайы зерттелмегендігінде емес, оның туындыларының қазіргі қазақ әдебиеті даму тенденцияларының бір қырын айқындай алатын көркемдік мәнінде, салмағында. Жазушы прозасының поэтикасын зерттеу, негізінен, суреткердің стильдік даралығын, көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктерін, сюжет, композиция құру, характер ашудағы жаңа ізденістерін жанрлық талаптарын ескере отырып, мазмұн мен түрдің бірлік, үйлесімінде айқындауға бағытталды.
Қазіргі әдебиет, соның ішінде Әкім Тарази адамның жеке тұлғасына айырықша мән беріп, оның жанды да, көркем бейнеленуіне күш салып келеді. Жаңа адамның жан-дүниесі мен характерінің қалыптасуын шебер де, көркем түрде суреттеу әдебиеттің маңызды міндетіне айналған. Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен жалпы халықтың парызына, бүкіл адамның гуманистік қасиетіне баса назар аударылып отыр. Тарази шығармаларында жеке тұлғаның көркемдік бейнесіне аса назар аударамыз. Зерттеу еңбегіміздің де мақсатына сай жұмыс жасау үшін бейнелер жүйесінің жасалу ерекшелігі біз үшін маңызды болып саналады. Қаһарман шығармадағы автор идеясын жүзеге асырушы тұлға болумен бірге, көркемдік эстетикалық көзқарас негізінде туған әдебиет образы екені белгілі. Алайда ол өзінің дербес әрекетімен көрінетін, өмір сүру ерекшелігін танытатын, өз сөзі мен ойын, көзқарас болмысын толық паш ететін толыққанды бейне екенін атап айту керек. Ғылыми тілде нақты анықтама берер болсақ, әдеби қаһарман көркем шығармада мінезімен, іс-әрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға. Салыстырмалы түрде алғанда өзгеге бағынышты емес, өзіндік сана сезіммен, өз алдына әрекет етуші бостандық иесі саналады. Бүгінгі өмір шындығын көркем шындыққа айналдыруда суреткерлер жан-жақты ізденістер танытуда. Уақыттың өзі алға тартқан әдебиет пен өмірдің байланысын тереңдету кезек күттірмейтін мақсат. Ал біздің шығармалары зерттелмек болып отырған авторымыз Әкім Таразидің творчествасы кез келген адам бір оқи салғаннан түсіне салатын дүниелер емес. Әкім Тарази шығармалары өмірдің кейбір соқпақтарын астарлы түрде жеткізеді. Автордың шығармашылығын зерттей отырып осыған көз жеткіземіз. Әкім Таразидің шығармаларына тән сипат - өмірді, қоғамды, адамды ұлттық пайым-парасат, болмыс, рух тұрғысынан тануы. Сондықтан автордың көркем шығармаларының поэтикасы осы сипаттармен тығыз байланысып жатыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі. Мұсаев Алпысбайдың «Тарази тағылымы» атты монографиясы, Ұларбек Нұрғалымның «Болмыс» мақалалар жинағы, Әкім Тарази шығармалары туралы әдеби портреттер, сын мақалалар, Пiрәлиева Г. Ә. «Тарази романдарындағы көркемдiк әлем» сынды еңбектері зерттеуміздің дұрыс бағытта орындалуына мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ әдебиетіндегі проза жанры, соның ішінде Әкім Тарази прозасы бойынша поэтикалық талдау жасап, кейіпкерлер бейнесін арнайы зерттеп байқау. Осындай мақсаттардан шыға отырып алдымызға мынандай міндеттерді қоямыз:
- дипломдық жұмыста ең әуелі 1960-1970 жылдар әдебиетке жаңа леп әкелген жазушыларды анықтаймыз;
- жұмыста зерттемек болып отырған Әкім Тарази прозасын шама шарқымызша пайымдау. Бүгінгі күні онан сайын еселеп зерттеуді талап еткен поэтика проблемасына көз жіберу;
- қаламгер творчествосындағы оған дейін айтылмаған жаңаша ойларға, кейбір әдеби әдіс-тәсілдерге, тың қолтаңбалық стильге назар аудару да парыз;
- жазушы прозасындағы бейнелер жүйесінің жасалу ерекшеліктерін, табиғатын көрсету, кейіпкер тұлғасын даралаудағы маңызын айқындау;
- прозада кейіпкерлерді танытудағы автор шеберлігін пайымдау;
- көркемдік әдіс-тәсілдерге анализ жасау;
- жазушы шығармаларында кейіпкерлердің бейнесін ашатын қасиеттерін саралайтын монолог, диалог, ішкі монолог, ишара-белгі, ой ағымы, психологиялық параллелизим тағы да басқа көркемдік тәсілдердің қолданылу, ерекшеліктерін айқындау;
Осыған орай зерттеу объектісіне өзіміз қарастырып отырған мәселелерге байланысты шығармаларын іріктеп алдық. Олардың жетістігі мен көркемдік табыстарына, ізденістеріне ой жіберіп, сонымен бірге, қайсыбір кемшілік тұстарына да тоқталу міндет.
Тақырыптың зерттеу нысанасы ретінде қазақ прозасындағы мәселелерінің зерттелуі жайында бірнеше зерттеуші ғалымдарымыздың монографиялық еңбектерін пайдаландық. Олар: Алпысбай Мұсаевтың «Тарази тағылымы», Нұршат Жұмаділованың «Қазіргі қазақ романының даму тенденциялары», Ұларбек Нұрғалымның «Болмыс» мақалалар зерттеу еңбегі, Ж. Ж. Жарылғаповтың «Қазақ прозасындағы адам концепциясы» монографиялық еңбегі, Әкім Таразидің белгілі «Жаза», «Москва-Баласаз», «Қорқау жұлдыз», «КЕН», «Бұлтқа салған ұясын» («Тасжарған») романдарын және «Жадыра», «Өрт», «Аяз бен Бибі», «Сәнжан мен Перизат» («Қос шынар») повестерін, «2+1», «Ләйлі», «Қыз Жібек» әңгімелерін «Андрей», Ақбердінің ауласы», «Күлтай Жеңешем мен Александр Солженицын» атты эсселерін алдық.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Әкім Тарази прозасының поэтикасы талданды;
- Шығармаларындағы кейіпкер бейнесінің жасалу ерекшелігі айқындалды;
- Кейіпкер бейнесін қалыптастырудағы жазушы таңдап қолданған баяндау формаларының тілдік қызметі анықталды;
- Жазушының кейіпкер бейнесін беретін тілдік-стильдік тәсілдерді қолданудағы өзіндік даралығы, ерекшелігі дәлелденіп көрсетілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz