Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
Нормативтік сілтемелер7
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
1 Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастар туралы жалпы түсінік
1. 1 Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың оқыту үрдісіне
тигізетін әсері
1. 2 Тұлғааралық қатынастар ерекшелігі мен оларды жақсарту жолдары
1. 3. Оқушылардың тұлғааралық қатынастарын дамытудағы
оқытушының рөлі
2 Зерттеу базасы туралы жалпы мәліметтер
2. 1 №6 Кәсіптік-техникалық мектептің жалпы сипаттамасы
2. 2 №6 Кәсіптік-техникалық мектептің оқыту-әдістемелік жұмысының
талдауы
2. 3 №6 КТМ-тің тәрбие жұмысының талдауы
2. 4 №6 КТМ-тің оқу тобы ұжымының тұлғааралық қатынастарын зерттеу
3 Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту
3. 1 Белсенді оқыту формалары негізінде оқушылардың тұлғааралық
қатынастарын дамыту
3. 2 Экономика сабағында «Іскерлік ойын» арқылы оқушылар ұжымының
тұлғааралық қатынастарын дамыту (әдістемесі)
3. 3 Эксперимент
4 Экономикалық негіздеме
5 Қоршаған ортаны қорғау
6 Еңбек қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қоғамдық тарихи қозғалыстың бүгінгі кезеңі тәрбие мәселелерінің жаңа шешімдері мен бағыттарын ұсынады. Өскелең ұрпақтың тәрбие тиімділігін көтеру қазіргі таңда өзекті мәселе боып отыр. Қазақсатан Республикасының Конституциясында, біздің мемелекетіміз демократиялық, зайырлы және унитарлы ел екендігі көрсетілген. Осыған орай дамудың дағдарыс кезеңінде қоғамға тән рухани кеңістікті толтыруға бағытталған жалпы адамзаттық құндылықтарды құрмет тұту мен оған тән рухани деградацияға жол бермеу мәселелері қолға алынуда.
Осыған байланысты Үкімет тарапынан қабылданған құжаттарда жасөспірімдердің тәрбиесіне көп көңіл бөлініп отыр. Осы мәселені шешудің бір жолы мектептегі тәрбие тиімділігін арттыру болып отыр. Бұл міндеттер 1999 жылғы 11-інші шілдедегі ҚР-ның «Білім туралы» Заңында алға қойылған:
« . . . біріншіден, тұлғаның физикалық, рухани және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты және құлықтық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жекелеген ерекшеліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін байыту »;
« . . . екіншіден, өз Отаны - Қазақсатан Республикасын сүюге, азаматтық пен ұлтжандылықты тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды дәріптеу, қоғамға және конституцияға қарсы әртүрлі белгілерге деген қарсылық »;
« . . . үшіншіден, республиканың саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысуға деген қажеттіліктердің қалыптасуы, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасының болуы ».
Ұжымдық тәрбие адамның дамуы, оның тұлғалық сапалар жүйесінің, көзқарастары мен пікірлерінің қалыптасуының мақсатты үрдісі ретіндегі тәрбиенің негізгі компоненттерінің бірі болды және болып келеді. Педагогикалық ғылымда оқу-тәрбие үрдісінің шеңберінде ұжымшылдықты қалыптастырудың мақсаты, мазмұны, әдістері, тәсілдері мен құралдары сияқты мәселелер бойынша әртүрлі ұсыныстар көтеріліп қарастырылды.
Ұжымдағы тәрбиелеу теорияларының әдістемелік және жалпытеориялық сипатына көп көңіл бөлген атақты ғалымдардың еңбектері біздің зерттеуде негізгі орын алады. Олар: А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Н. И. Болдырев, Н. К. Гончаров, Е. В. Бондаревская, С. В. Мягченков, Н. И. Монаков, В. Г. Ананьев, Л. С. Выготский және т. б.
Берілген мәселені философиялық тұрғыдан Н. Сәрсенбаев, О. А. Сегізбаев, М. С. Орынбеков, Ж. Алтаев, К. Ш. Нұрланова, А. Қасабеков және т. б. зеттеген, онда қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің өзіндік табиғаты ашылып, оның халық мәдениеті мен жастар тәрбиесінде алатын орны көрсетілді.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайларында оқыған қиын балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, түзету мен қайта тәрбиелеудің әртүрлі жолдарын көрсеткен Э. А. Орынбасарованың, К. К. Жампейісованың, В. В. Трифоновтың, А. К. Дүйсембаеваның, Л. К. Керімовтың, В. П. Кривошеевтің, А. И. Шүжебаеваның, Г. К. Нұрғалиеваның, Д. Ф. Ақбердиеваның, С. Т. Адешевтің және т. б. көпжылғы еңбектеріндегі зеттеулерінің нәтижелері аса ірі қызығушылық тудырып отыр.
Әрине, Т. Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, К. К. Құнантаева, К. Б. Бержанов, К. Б. Жарықбаев, Г. А. Уманов, Г. М. Храпченков, С. К. Қалиев секілді көзге көрінер ғалымдардың жұмыстары да бізге көп көмек көрсетті. Берілген жұмыс үшін Н. Д. Хмель, М. Д. Көпжасарова, Н. Н. Хан, К. К. Жампейісова, Г. Т. Хайруллина, А. Г. Қазмағанбетов, Г. М. Құсайынов, А. А. Калюжный, Л. П. Илларионованың зерттеулері де маңызды сипатқа ие, онда ұжымдық тәрбиенің әртүрлі аспектілері, әдістері мен формалары зерттеледі: оқушылардың ұжымдық тәрбиесі жөніндегі қоғамдастығының, мектеп ұжымының және сынып жетекшісінің қызметі; оқыту үрдісіндегі ұжымдық тәрбие; сыныптан тыс жұмыстағы ұжымдық тәрбие; оқушылар тұлғасының ұжымдық сапаларының қалыптасуы: ұжымшылдық, достық пен бірлік сезімдері; ұжымдық тәрбиенің факторы ретіндегі мұғалімнің тұлғасы және т. б.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан көптеген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер бұхара халықтың басым көпшілігінің бағыт-бағдарын психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ауытқытып отыр, сонымен қатар жалпы және кәсіптік білім беретін мектептердегі жасөспірімдердің оқу-тәрбие үрдісінің әртүрлі мәселелерін шиелендіріп отыр. Демек, осы мәселелерді шешуде педагогикалық-психологиялық ізденісті ұйымдастыру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады. Оқушылар ұжымындағы қарым-қатынасты қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе екендігі ақиқат.
Жоғарыда айтылғандарды негізіге ала отырып, ұжымдық тәрбиеде қалыптасқан үлкен тәрбие потенциалы мен оның тұтас оқу-тәрбие үрдісіндегі тәжірибеде жеткілікті түрде қолданылмауы арасында объективті қарама-қайшылық бар екендігін толық айтуға болады. Осы қарама-қайшылықты шешу зерттеудің негізгі мәселесі болып, берілген тақырыпты таңдауыма себеп болды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - экономика сабақтарында оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамытуда белсенді оқыту формаларын пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - №6 Кәсіптік мектебінің экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылардың тұлғааралық қатынастарын дамыту үрдісі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту түрлері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер кәсіптік мектептердегі экономика пәнінің ұстаздары оқу-тәрбие үрдісінде белсенді оқыту формалары арқылы оқушылардың тұлғааралық қатынастарын дамытуға ереше көңіл бөлсе және де олар оқушылардың тұлғалық жеке-дара сапаларын қалыптастыру үшін жан-жақты жағдайлар жасайтын болса, бұл кәсіби бағыттылығы бар оқушылардың ұжымдық тәрбиеленуін жүзеге асыруды қамтамасыз етер еді, өйткені бұл жас категориясы жастардың құлықтық дамуының негізгі кезеңі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынастар мәнін ашу, оларды жақсарту жолдарын анықтау, ұжымдық қалыптасудың теориялық негіздерін жасау;
- Зерттеу базасы туралы жалпы мәліметтерге талдау жасау;
- Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастырын дамыту, соған сәйкес іскерлік ойын әдістемесін жасау.
Зерттеу әдістері:
- Дипломдық жұмыс тақырыбының мазмұны бойынша педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- Кәсіптік-техникалық мектептің құжаттарын және оқушылардың жұмыстарын зерттеу;
- Кәсіптік мектептің бір оқу тобына психологиялық зеттеу жасау;
- Мектептің экономика сабақтарындағы оқыту үрдісін педагогикалық бақылау;
- Бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу, диагностикалау әдістері;
- Оқушылардың тұлғааралық қатынастарын дамыту үшін белсенді оқыту формаларының тиімділігін анықтау;
- Кәсіптік мектепте экономика сабағында іскерлік ойын арқылы оқушылардың тұлғааралық қатынастарын дамыту негізінде оқушылардың ұжымдық тәрбиеленуін анықтау үшін эксперимент жүргізу.
Зерттеу базасы - №6 Кәсіптік-техникалық мектептің 22 БП тобы.
1 Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастар туралы жалпы түсінік
1. 1 Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың оқыту үрдісіне тигізетін әсері
Күрделі тарихи-әлеуметтік үрдіс болып табылатын жастарды қоғам өміріне баулу, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты қоғамдық көрініс ретінде тәрбиелеу мемлекет ықпалынан тыс қалуы мүмкін емес, өйткені жастар - мемлекеттің болашағы. Тарихи-әлеуметтік дамудың әр кезеңінде жасарға білім беру мен тәрбие беру қоғам өмірінің сипатына және ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Сондықтан да заңдарда, бірқатар нормативтік құжаттарда орын тапқан тәрбие және білім беру ортасындағы мақсаттар мен мәселелерді және өз саясатын Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің жаңа шарттарының, әлеуметтік-экономикалық қатынастар тұрпатының, идеологиялық базалардың өзгерісіне байланысты айқындап отыр.
Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында Қақақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінің түпкі мақсаты ретінде тұлғалық көзқарас, шығармашылық белсенділік пен біліктілікті қалыптастыруды айқындайды. Демократиялық қоғамда көзқарасты қалыптастыру мақсаты деп, барша адам мәдениеті қол жеткізген жетістіктерге сүйене отырып еркін, негізделген және нақты сенімділікті қалыптастыру. Тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, оның қабілетін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани күш-қуатын дамытуға талпынуды болжайды. Тұжырымдамадағы тұлғаның құзыреттілігі деген түсінікке, оның тек қана терең біліктілігінің бар екні ғана емес, сонымен қатар ақиқатты түсіну қабілеттілігін, оған парапар баға беру мен өз білімін қолдану, сонымен қатар әр түрлі проблемаларды шешуге қабілеттілігі, жалпы мәдениеттілігі мен кәсіби біліктілігі енеді. Жоғарыда аталған құжатта айқындалған осы мақсаттар мазмұны, ұжымдық тәрбиелеу мәселесіне қайта-қайта оралуға мәжбүр етеді, өйткені ол бүтіндей тәрбиелеу факторын қалыптастыру жүйесі болып табылады. Ұжымдық тәрбиелеу теориясы үшін іргетас болған Аристотель белгілеп кеткен «ізгіліктер» тобына жататын «Этика», «Имандылық» және «Ұжымшылдық» түсініктері болып табылады. Әл Фараби ұсынған этикалық-философиялық ойлар өз мағыналарын әлі де жоғалтқан жоқ және де кейініректе Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев және оның шәкірті Шәкәрім Құдайбердиев сынды қазақ ағартушыларының еңбектері арқылы тәрбиелеу практикасы мен теориясын дамытуға орасан зор үлес қосты.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.
Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттернің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т. б.
Осы ұжымдарда адамдардаң шешетін міндеттері еліміздің әлуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз үрдіске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру. Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым мәселелерін педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блноский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын боуы тиіс. Тұлға ұжым негінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берді. Оқушыларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері, т. б.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары, мүшелері және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.
60-70 жылдары айтылып отырған мәселе О. С. Богданова, Н. И. Болдырев, З. И. Васильев, Т. Е. Конникова, Г. С. Костюк, И. С. Марьенко және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. 70-90 жылдардағы ғалымдардың зеттеулерінде ұжымдық тәрбие теориялары келесі бағыттарда жіктелді: ұжымдық тәрбиелеу үрдісі оқушылардың құлықтық қарым-қатынасын педагогикалық басқару ретінде қарастырылды (О. С. Богданов, О. Р. Кунц) ; тәрбелеу үрдісі оқушы тұлғасының мінез-құлқы мен моральдық санасының дамуы ретінде қалыптасты (В. И. Петров, Ф. Гулмазов, Е. В. Бондаревская) ; оқушы тұлғасында құлықтық көзқарастардың қалыптасуы (А. В. Иващенко, С. В. Мягченков) ; оқушылардың тұлғааралық қатынастарын жақсарту арқылы ұжымдық тәрбиелеуді жүзеге асыру (Н. И. Болдырев, Л. Ю. Гордин, Б. И. Ким, И. С. Марьенко, Н. И. Монахов, Н. Е. Щуркова) ; ұжымдық тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен формаларын жақсарту негізінде ұжымшылдық тұлға қалыптастыру (Л. И. Новикова, А. В. Мудрик) .
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып бөлінеді. Контактілі ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет, т. б. Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В. А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Оқытушы мен оқушы рухани қарым-қатынас деңгейінде даму керек деді. Оның қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып келеді. Демек, ынтымақтастық оқушылармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1. Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. Кез-келген топта, автокөлікке мінген долаушыларда да, ұрлық істеген қылмыскерлерде де мақсат болады. Мәселенің бәрі мақсат мазмұнымен, оның бағытында. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни Үкімет заңдарына, Конституцияға, басты идеологияға сай келмей, қоғам мен мелекеттік қолдау көрмейді.
2. Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3. Кері жауапты тәуелділік қатынастары - ұжым мүшелері арасында өзіндік ереше қарым-қатынас. Бұл олардың іс-әрекеттері мен мақсаттарының бірлігінде ғана емес, ортақ толғаныстары мен бағалы өзара талқылауларындада көрінеді.
4. Жалпы таңдалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды. Ол таңдалынған басшы ұжымға толық жетекшілік жасайды және ұжым көзқарасымен санасуы тиіс.
Педагогика және психология ғылымында қарым-қатынас өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі психология ғылымының кез-келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А. Ф. Лазурский енгізген. Ол - тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Сократ: «адамның өзара қарым-қатынасындағы негізгі факторы - моральдық нормалар мен моральдық сана» деген. Ал В. М. Бехтерев қарым-қатынасты адамдарды топқа біріктіру механизмі, тұлға әлеуметтенуінің шарты сияқты қарастырады.
М. С. Каган қарым-қатынасты адамдардың бірігуінен туатын жаңа ақпараттарды өңдеу үрдісі ретінде қарастырады. Ол қарым-қатынас мәдениетін «рухани және қатынастық материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні» деген. Яғни оның негізгі жолы - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Г. М. Андреева қарым-қатынасты үш жағынан қарастырды: интерактивті, коммуникативті және перцептивті.
Перцептивті қарым-қатынас - бұл адамдардың бір-бірін қарым-қатынас арқылы қабылдауы. Коммуникативтік қарым-қатынас - бұл мәлімет алмасу. Интерактивтік қарым-қатынас - бұл жеке индивидтің әрекеттесуінің ұйымдасуымен жасалады.
Сонымен қарым-қатынастың жалпы мәні адамның мақсатына байланысты біріншіден, басқа адамдарды тану, сол адамдардың әсері арқылы өзін-өзі тану, бағалау болып табылады; екіншідіен, басқамен өз әрекеттерін таңдауда мақсатты, саналы, белсенді жан иесі ретінде көрінеді.
Мектеп ұжымы - оқушылардың жағымды әлеуметтік тәжірибесін жинауға арналған негізгі база. Оқушының тәжірибесі отбасында, құрдастарымен қарым-қатынаста, бұқаралық ақпарат құралдары, кітап және т. б. ақпарат көздері арқылы жинақталады. Бірақ тек ұжымда ғана оны игеру арнайы жоспарланады және бағытталады «біз ұжымбыз», «мен ұжым мүшесімін». Ұжымның тұлғааралық қатынастардағы дамуы оның жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты, әсіресе жасөспірімдер үшін бұл күрделі де мәнді үрдіс. П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. В. Петровский дамудың жас кезеңдерін зерттеп, Э. Эриксон жасмөспірімдік кезеңнің орталық феномені бұл «ұқсастықтың нормативтік дағдарысы» болып табылады, яғни тұлғаның потенциалы мен жүйке тозғыштығы тереңдей түсетін өзін-өзі тану, бұның нәтижесінде оқушы тұлғасының жағымды немесе жағымсыз бағытта дамуы мектеп бітіргеннен кейін мінез-құлыққа айналатынын зерттеген. Осылайша тұлға, құрамына белгілі бір сапалар кіретін күрделі көпсалалы құрылым ретінде қарастырылады. Жасөспірімдердің ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастарының қалыптасу жобасын төмендегі суреттен көруге болады. (Сурет -1. 1. )
Сурет-1. 1. Оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың қалыптасуы
мотивтер біліктер мен
дағдылар
білімдер
оқу әлеуметтік жалпы оқу әлеуметтік
жалпы оқу әлеумет жайлы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz