Жасыл экономикаға көшу міндеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Алматы облысының ілім беру басқармасының қарамағындағы МҚҚК "Экология және орман шаруашылығы колледжі, Щучье қ. "

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жасыл экономикаға көшудің экономикалық тетіктері мен шарттары

Орындаған: Муhадин Абдуллаұлы

Группа: СП-32

Қабылдаған: М. Мырзабаева

Шучье 2021

Жоспары:

I . Кіріспе . . . 3

II. Жасыл экономика туралы түсінік . . . 6

2. 1. Жасыл экономикаға қажеттілік . . . 7

III. 2013 жыл- Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы . . . 15

3. 1 Жасыл экономикаға көшу міндеттері . . . 20

IV. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I . Кіріспе

Бір нәрсенің пайда болып, дамуы үшін, оның біреуге қажет болуы шарт екендігі баршаға аян. Жай ғана, «еріккеннен» бір нәрсе пайда болса да, ол ешкімге қажет болмағандықтан, тез жоғалады, сондықтан біз «ешкімге керек болмағаны ғой» дейміз де қоямыз. Соңғы жылдары Жасыл Экономика ұғымы қоғамда кеңінен пайда бола бастағандықтан, бұрынғы экономиканың несі кем? Жаңа экономика неге қажет, неліктен ол жасыл? Қазіргі бар экономика сонда қандай түсте болғаны? - деген сияқты маңызды сұрақтардың пайда болуы заңды. Қазіргі экономикадан ерекшеленетін жаңа экономиканы құрудың себептері мен қажеттілігін көп іздеудің қажеті жоқ. Ол үшін кейдетерезеден ешқандай құралсыз қаланы жауып тұрған тұмшаны, яғни өндірістің, жылыту мен көліктің ластауыштары шоғырланған ауа қабатына назар салсаңыз жеткілікті. Өндіріс шығарылымдары әсерінен көз алдымызда өзгеріп жатқан климат, су мен топырақ ресурстарының ластануы мен жұтаңдануы, жануарлар мен өсімдіктердің мүлдем жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы әсерінен әр түрлі аурулардың етек алуы - бұрынғы экономикада адамзат пен адамзат мекендейтін планета арасындағы өзара қатынастағы кризис бар екендігінің дабылы болып табылады. Бұрынғы экономиканы дамыту - салауатты тіршілік етуге жарамды ортаны жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бұрынғы, дәстүрлі экономика, жер ресурстарының «шексіздігі» ұстанымына негізделген, барлық болашақ проблемалар белгісіз келешектегі ұрпақтың үлесіне қалдырыла берген, «біздің ғұмырымызға жететін» сияқты көрінген. Алайда өркениеттің даму жылдамдығының тез болғаны сонша, оның жетпейтіндігі көрінді. Болашақ ұрпақтар түгілі, тіпті өзімізге де жетер емес, қазірдің өзінде бізге су жетіспей жатыр, егістік алқаптар, минералдық қорлар жетіспейді. Мысалы, болжауларға сәйкес, су жетіспеушілігі бұдан әрі де арта бермек, 20 жылдан кейін су қоры әлемдік сұраныстың 60% ғана қанағаттандыра алады. XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік жалпы өнім 4 есеге көбейді, осының нәтижесінде жүз миллиондаған адамдардың әлауқаты көтерілді, алайда олардың күнелтуіне қажет 60% негізгі экожүйелік тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы төмендеді, немесе бұл тауарлар мен қызметтер тұрақсыз түрде⁸ пайдаланылды. Бұл соңғы ондаған жылдар бойы экономикалық өсімге табиғат ресурстарын шығындау есебінен қол жеткізілді деген сөз; адамзат ол қорлардың қалпына келуіне мүмкіндік бермеді, алайда экожүйелердің деградацияға ұшырауы мен жоғалуына жол берді⁹. Осылай, мысалы, ауыл шаруашылығындағы егіннің бітіктігіне топырақ сапасын төмендететін⁹ химиялық тыңайтқыштарды пайдалану арқылы қол жеткізілді. Ормандарды кесуді кеңейту тенденциясын өзгерту мүмкін болмады: 1990-2005 жылдары орман аудандары жыл сайын 13 млнгектарға¹¹ азайып отырды. қорлардың тапшылығы адамзатты азық-түлікпен (балық аулау, ауыл шаруашылығы, ауыз сумен жабдықтау, орман шаруашылығы) қамтамасыз етудегі маңызды роль атқаратын және кедейлердің тіршілік етуінің маңызды көзі болып табылатын экономиканың барлық секторларына терең әсер етеді. Экологиялық тапшылық пен әлеуметтік әділетсіздік - «жасылдан» әлдеқайда алшақ экономиканың негізгі анықтаушы белгілері. Кейбір елдер экономика мен адамзат потенциалының жоғары даму деңгейіне бұрынғы «жасыл емес» экономиканың үлгілерін пайдалану арқылы қол жеткізді, алайда бұл көп жағдайларда табиғат қорларының жұтауы, қоршаған орта сапасының төмендеуі, жинақталып жатқан ластаушылар мен жылыжайлық газдардың шығарылуы есебінен жүзеге асырылады. Бұл елдердің алдында жергілікті халықтың тіршілік ету сапасын төмендетпеу арқылы тұрғындар санына келетін қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелері тұр. Осындай ауыр зардаптарға соқтыратын экономиканың түсі қандай? Мүмкін, сіздер аңғарған да шығарсыздар - мұндай экономика, тіпті БҰҰ ресми құжаттарында да «қоңыр экономика» деп аталады. Бұл атау әдеттегі экономиканың табиғат пен адамзат қорына тиімсіз қарауы нәтижесінде осы қорлардың басым бөлігін қалдыққа айналдырып, табиғаттың деградацияға ұшырауына жол бере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға әкеліп соқтыруына байланысты аталды. Бұндай экономика мемлекет бюджетінің кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін өтемақысына кеселді тәуелділігін орнатқан, яғни «қоңыр экономикада» қоршаған орта көп ластанған сайын мемлекет бюджетіне де ақша көбірек түседі немесе керісінше - өнеркәсіп таза болған сайын, «экологиялық төлемдер» де азаяды. Барлық әлемдегі жаңа экономикаға деген қызығушылықтың артуы, бір жағынан, ортаның жұтауы мен қор тапшылығы салдарынан XXI ғасыр басында жиілеп кеткен қақтығыстарға байланысты болса, екінші жағынан - осындай қақтығыстарды шешуді «қоңыр емес» экономика арқылы шешу мен алдын алудың көптеген мысалдарының пайда болуына байланысты. Мұндай экономика жаңа ғылыми-инновациялық идеяларды пайдаланып қана қоймай, қазірде бар қатерлерді материалдық әл-ауқат үшін, бар проблемалардың жиналып көбейе беруі мен әлеуметтік теңсіздік үшін төлемеуге болатын экономикалық үлгілерді де қолданады. Қысқарта келе, Жасыл Экономика «қоңыр» экономика тудырған проблемаларды шешуге және болашақта мұндай қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік беретін жол деуге болады. 9ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ДЕГЕН НЕ, ОНЫҢ АДАМ МЕН ТАБИҒАТҚА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР? Бір қарағанда Жасыл Экономика деген атау қарапайым әрі түйсік деңгейінде түсінікті сияқты болып көрінеді. Егер ол туралы қарапайым адамнан сұрасаңыз, ол өзінің ойынша Жасыл Экономикаға жатады деген ұғымдарды санамалай бастары сөзсіз, мысалы: жел генераторлары, күн батареялары, электромобильдер мен ммм . . . , - о, қоқысты бөліп жинау. Мұндай пікір телебағдарламалар арқылы қалыптасады, себебі олар Жасыл Экономиканы тура осындай «суреттер» арқылы көрсетеді. Алайда, өкінішке орай, өмірде жиі болатындай, шындығында бұл мүлдем олай емес. Кейде мүлдем олай болмайды! Әлемнің әр бұрышында Жасыл Экономика ұғымын түсіндіру әр түрлі беріледі, осыған орай әр түрлі тәсілдер арқылы құрылған «жасыл экономикалар» да әр түрлі болады.

II. Жасыл экономика туралы түсінік

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУ Қоршаған ортаны қорғауға арналған БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) келесідей анықтама береді: Жасыл Экономика - «бұл қоршаған ортаға 11 арналған қатерлер мен оның жұтаңдануын төмендете отырып, адамдардың әл-ауқатын көтеріп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика. Ең қарапайым түсінік бойынша «жасыл» экономика - көміртекті қосындылардың төмен шығарылуы, қорларды тиімді пайдаланатын және бүкіл қоғам талаптарына сай экономика деуге болады. Жасыл экономикада көміртек шығарылымы мен ластауларды азайтатын, энергия мен қорларды пайдалану тиімділігін арттыратын және биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалтудың алдын алатын, мемлекеттік және жеке меншік инвестициялар арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл инвестицияларды мақсатты мемлекеттік шығындар, саяси саладағы реформалар мен өзгерістерді басқару арқылы катализдеу және қолдау қажет. Мұндай даму жолы табиғат капиталын маңызды экономикалық актив және қоғам әл-ауқатының көзі, әсіресе, кіріс пен қорғаныш көзі табиғатқа тәуелді тұрғындардың кедей бөлігі үшін сақтап, көбейтіп, қажет болған жағдайда, оны қайта қалпына келтіріп отыру қажет»⁹. Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу тұжырымдамасы бұл экономикаға «халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, болашақ ұрпақтың мүддесінде табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес табысты экономика»¹², - деп сипаттама береді Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайтында¹³ Жасыл Экономикаға мынандай анықтама береді: «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар - мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде - таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.

2. 1. Жасыл экономикаға қажеттілік

Қазақстандағы қабылданған Жасыл Экономика анықтамалары БҰҰ ұсынған және қоғам алдында тұрған барлық проблемаларды қамтымаса да, ұлттық экономиканы жасылдандыру бойынша біздің еліміз аймақ бойынша көш басында тұр. Ағымдағы, - Жасыл Экономика²«Қазақстанның «жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» ұстанымдарына көшудің бастапқы кезеңінде қазақстандық нұсқа қорларды тиімді әрі ұқыпты пайдаланатын индустрияның дамуы негізінде үздіксіз тұтыну моделін дамыту идеясына ықыласты. Қорыта айтқанда, Жасыл Экономика бұрын болғандай тек «экономиканың» ғана мүдделерін есепке алмайды, сонымен бірге халықтың әл-ауқатын көтеру мен қолайлы табиғи ортаны сақтап қалуда әлеуметтік жауапкершілікті жоғарылатудағы қоғамның мүддесін де көздейді. Бұл мүдделердің бір-біріне қарама-қарсылығы және олардың арасындағы қайшылық пен қақтығыстардың болатындығы бір қарағаннан-ақ байқалады. Жасыл Экономика осындай қайшылықтарды шешіп, қақтығыстарды жаңа технологиялық әдістерді пайдалану, заңнаманы өзгерту, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дәстүрлер мен тәртіпті мемлекеттік реттеу арқылы шешуге бағытталған. Жасыл экономика - бұл бірінші кезекте табиғатты сақтауға мүдделі экономика деп ойлауға болмайды. Жоқ, Жасыл Экономика, ең біріншіден, - «экономика», содан кейін барып «жасыл». Сондықтан Жасыл Экономикаға көшу кезінде шағын кәсіпкерлікке қатысты кейбір табиғат қорғауға байланысты заңнамалық талаптардың босаңсуын байқасаңыз, таң қалмаңыз. Себебі «қоршаған ортаны қорғауды құжаттауға» жұмсайтын қоғамның ысырабы мен қисынсыз шығыны шағын кәсіпкерлік әрекеттен гөрі экономика мен табиғатқа көбірек зиян келтіруі мүмкін, мысалы селолық дүкен мен шаштараздың қызметтік әрекетінен гөрі олардың облыс орталығына ірі зауытпен қатар экологиялық рұқсаттама алу үшін бірнеше мәрте барып, едәуір ақша құртуы көбірек зиянды. Көптеген дамыған елдерде мұндай шағын бизнес экологиялық реттеуден босатылған. Бейнелей айтқанда, Жасыл Экономиканың мақсаты ескіден келе жатқан «Құда да тыныш, құдағи да разы» мәтелінің қиын шешімін табу болып табылады. Бұл мүмкін емес сияқты, алайда Жасыл Экономиканың кейінгі жылдардағы жетістіктері қоғамның саяси ерік-жігерін, қоры мен күшін шоғырландырған жағдайда ол мақсатқа қол

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізгі бағыттары
Қазақстан энергетикасы
Қайнар-акб кәсіпорнының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті матариалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істеуінің жолдарын ұсыну
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Имидж танытудағы геобрендингтің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz