Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары

МАЗМҰНЫ:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. Негізгі бөлім

а) Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .4
ә) Мектепте оқытылатын әдебиет және басқа пəндер бойынша ұсынатын сабақ типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
б) Әдебиет пәнін интерактивті әдіс - тәсілдерді қолдана отырып қазақ тілін дамыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
в) Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологиялардың элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

г) Елбасымыздың Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ... ... ... ... .. ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы түбірлі өзгерістер жалпы орта мектеп мұғалімдері қауымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен жол ашада. Олар өздерінің іс-тəжірибелерінде сабақтың көптеген әдістерін молынан пайдаланада. Яғни, қазіргі заманда оқытудың жəне шығармашылық еңбектің басты принцпі -- сабақты түрлендіріп, жандандырып, сапалы өткізу керек.
Сабақтың дəстүрден тыс 25 түрі олар: дəріс сабағы, семинар сабағы, пəнаралық байланыста оқытуға негізделген үштік сабақ, конференция сабағы, сот сабағы, жəрмеңке сабағы, пресс-конференция сабағы, концерт сабағы, пікірталас сабағы, айтыс сабақтары, композициялық сабақ, əдеби монтаж сабағы, Көзқарас сабағы, брифинг сабақтары, ерлік сабағы, іздендіру сабағы, кездесу сабақтары, практикалық сабақтар, Ұлылар мінбесі сабағы, емтихан, есеп-сынақ сабақтары, реферат қорғау сабақтары, пікір қорғау сабақтары, көкпар сабағы, жарыс сабағы, ойын сабақтары.
Осы аталған дəстүрден тыс сабақтың кейбір түрлеріне тоқтала кеткенді жөн көрдім. Дəріс сабағында сөздік əдіс қолданылады. Сабақ барысында ұстаз мол ақпарат беріп үлгереді. Оқушы əрі тыңдайды, əрі тыңдай отырып, конспект жасайды. Оқулықтан тыс ақпараттар, деректер беріледі. Дəріс сабағы жаңа білім беруде ақпарат мол болған кезде, қосымша хабарламалар, көп деректер берілген кезде өткізіледі.
Жоғары оқу орындары оқытушылары мен мектеп ұстаздары үшін дəріс түрлерін айқындап алудың маңызы өте зор. Өткізілу əдістерін қарай дəрістер ақпараттық дəріс, мәселелік дəріс, көрнекілік дəріс, диалог дəрісі, конференциялық дəріс, кеңес түріндегі дəріс, екеуара дəріс жəне шатастыру дəрісі болып бөлінеді. Қысқаша сипаттама бере кететін болсақ, ақпараттық дəріс -- түсіндірме-көрнекілік əдісімен өткізілетін дəстүрлі оқыту түрі. Мәселелік дəріс -- мәселелі жағдайды шешуде əр түрлі көзқарастар салыстырылатын оқыту формасы. Көрнекілік дəрісте оқу материалы техникалық оқу құралдарының, бейне- жəне аудио құралдарын пайдалану арқылы ұгындырылады. Диалогты дəріс материалы екі ғалымның немесе екі ұстаздың сұхбаты негізінде ұсынылады. Конференциялық дəріс белгілі бір проблема төңірегінде баяндама тыңдау жолымен жүзеге асырылады. Кеңес түріндегі дəрісте оқу материалы сұрақ-жауап немесе сұрақ-жауап-сөз жарысы түрінде жеткізіледі. Екеуара дəрісінде екі мұғалім бір тақырып бойынша бір уақытта сөйлейді. Шатастыру дəрісінде материал жоспарлы қателіктермен беріледі. Көзделетін мақсат оқушыларды байқампаздыққа үйрету болып табылады.
Семинар сабағыда сұрақ-жауап түрінде өтетіндіктен, баяндама тыңдалып, хабарлама жасалынады. Ғылыми ақпараттар өздік жұмысы жүргізіледі. Семинар сабағы өздік жұмыстарға баулиды, баяндама жасауға дағдыландырады, қосымша материалдарды іріктеугеде үйретеді.

Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері.

"Білім алу - батылдық, оны толықтыру - даналық, ал шебер қолдана білу - өнер. Дана халқымыздың қанатты сөзі. Жаңартылған білім мазмұнынан күтілетін нәтижелері, оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп қана қоймай, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сабақ беру - жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер, - дейді Жүсіпбек Аймауытов атамыз.
Қазақ әдебиеті пәні, қазақ тілін оқытумен байланысты. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - баланың ауызша және жазбаша ойын граматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Жоба жұмысын жазу барысында тіл дамытуда қолданылатын ойындардың түрлерін жинақталып, оларды өзара мағыналық түрлеріне қарай жеке-жеке топтастырылды. Соның бірі - танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Бала бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын молайтуға білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Баланың тілі дамыған сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Демек балалардың тілін дамыту жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, бала қай пәнде оқып-үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары балалардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, баланың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу үдерісінің бірлігінде ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмыстарына арнайы орын беріледі. Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып балаларының жас ерекшелігіне қарай балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделінген. Сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулары, шығарма диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелінген.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бipi - ұлт ойындары. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес бала отбасы тәрбие және өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын - бірден-бip таптырмайтын құрал. Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыратынын білген.
Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу.
Өнер алды - қызыл тіл, - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту - тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.
- Ең әдемі сөз - аз сөз дейді халық. Көп сөз көмір, аз сөз - алтын дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалыңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы - қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, әй, өй деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік болады.
Сөйлеу мәдениеті деген - ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол. Екіншіден, айғайлап, дабырланып, екіленіп сөйлеме.
Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы басыңқы сөйлеуге тырыс. Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды жинақы етіп жеткіз.
Тіл дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.
Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады.
Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т.б. сабақтардың орны зор.
Практикалық сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы, І. Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабақты ақын поэзиясының тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға қазақтың бай тілін меңгертуге, оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.
Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ тарих, биология, т.б. сабақтармен де байланыстыра жүргізуге болады.
Әдебиет сабағының басым көп уақыты оқушылардың да, мұғалімдердің де ауызекі сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу, мазмұндау - әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері.
Мұғалім 5-7 сыныптар оқушыларының көркем тілін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуда жауаптарының жоспарын жасап үйретулері керек. Ол жоспарды тиімді пайдалануға дағдыландыру - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Жоспар, нұсқау немесе тезис құрылысы мынадай бөлімдерден тұрады:
Кіріспе сөз.
Негізгі ойлар. Ой мен кіріспе арасындағы байланыс.
Негізгі ойды баяндау.
Негізгі ойдың шарықтау шегі.
Ойды аяқтау.
Қорытынды пікір.
Тіл тарихы - халық тарихы. Тіл халық тарихымен бірге дамиды, өзгереді, халықтың рухани дүниесінің жетістіктерін бойына сіңіреді. Ұлттық сананың дамуын сөз төркіндерінен іздеп, олардың сөз шежіресін келешекке жеткізіп, жаңа мағына беру, оларды ғылымиландырып, жаңа сапаға көтеру - мәдениетті, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетін қалыптастырудың сара жолы. Б. Момышұлы: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту, - дейді. Тіл - сан сөздердің жиынтығы. Көркем әдебиеттің негізгі құралы тіл.
Сөйлеу тілі - адамның ой-сезімін басқаларға білдіру үшін көркем сөйлеуге әрекеттенеді. Тіл - қатынас құралы ретінде қызмет етеді.
Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады.

Мектепте оқытылатын жалпы пəндер бойынша ұсынатын сабақ типтері:

Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жəне жетілдіру сабақтары.
Қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті жəне дағдыны кешенді қолдану сабақтары.
Білімді, іскерлікті жəне дағдыны бақылау-тексеру сабақтары.
Аралас сабақтар -- мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі
Енді сабақ типін əдебиет пəніне лайықтап, өзімізше жүйелеп көрелік:
Жаңа білім беру сабақтары.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары.
Қайталау сабақтары.
Білімді тексеру сабақтары.
Аралас сабақтар.
Осы сабақ типтері бойынша жоғарыда аталған сабақ түрлерін ажырататын болсақ, төмендегідей мағлұмат аламыз:
Жаңа білім беру сабақтары (дəріс сабағы, (қос) үштік сабағы).
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары (практикалық сабақ, семинар сабақ).
Қайталау сабақтары (конференция, сот сабағы, концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтар, дебат сабағы т.б.).
Білімді тексеру сабақтары (емтихан, есеп-сынақ сабақтары).
Аралас сабақтар.
Аталған сабақ типтерінің ішінде аралас сабақ жөнінде қандай түсінігіміз бар? Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-əрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады [2; 290]. Аралас сабақ -- жиі қолданылатын сабақ түрі. Оның құрылымы алты элементтен тұрады:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Жаңа материалды бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек, оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды. Олай болса, мұндай сабақты тыңдаушылар сабағы десек, артық болмайды
Бұл -- кəдімгі дəстүрлі сабақтың жүйесі. Демек, дəстүрлі сабақ аралас сабақ типіне жатады. Ал дəстүрлі сабақ пен дəстүрден тыс сабақтың бір-бірінен айырмашылығы неде? Дəстүрлі сабақтың ерекшелігі бірнеше элементтен тұратын құрылымының болуында. Бірнеше деп айту себебіміз, дəстүрлі сабақ элементтері немесе кезеңдері жөнінде əр түрлі тұжырым бар.
Мəселен, сабақтың қалыптасқан құрылымына оқушы білімін бағалау да жатқызылып жүр.
Ал Ə.Қоңыратбаев 4 - 7-кластарда əдебиетті оқыту методикасы оқу құралында былай дейді:
Əдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр (өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, қорыту, тапсырма беру), мұның өзі сабақ сайын материалды лекция сияқты өтуге əкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, əдебиетке онша қонымды емес [4]. Байқап отырғанымыздай, бұнда сабақтың ұйымдастырылу кезеңі көрсетілмеген, əрі жаңа материалды қорыту бөлек элемент ретінде берілген. Əйтсе де, Ə.Қоңыратбаев Əдебиетті оқыту методикасының очерктері оқу құралында сабақ элементтеріне сай келетін жоспар жөнінде Мектеп тəжірибесінде мынадай бір оңай жоспар кездеседі: 1. Ұйымдастыру жұмысы (1 мин). 2. Өткен сабақты сұрау (10 мин). 3. Өткен сабақты қорыту (3 мин). 4. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин).
5.Бекіту (8 мин). 6. Қорыту (4 мин). 7. Тапсырма (3 мин). Бұл -- сабақ элементтеріне сай келеді, бірақ оның мазмұны мен мақсатынан мүлдем аулақ жататын, тек іске емес, уақытқа құрылған жоспар, -- дейді [5].
Сонымен, дəстүрлі əдебиет сабағының құрылымы төмендегідей болмақ:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын пысықтау немесе қорыту.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты қорыту.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Егер өткізілетін тақырып бірнеше сабаққа бөлінген болса, онда үй тапсырмасынан соң қорытынды жасалмайды, жай пысықталады. Мысалы, 7-сыныпта М.Əуезовтің Көксерек əңгімесіне 5 сағ. берілген. 5 сағат кіріктірілген 5 сабаққа бөлінеді. Əр сабақтың тақырыбы болады. Оқушылар үйде оқылған бөлімдер бойынша пысықтау сұрақтарына жауап береді де, əңгімеден туындайтын келесі тақырыпты меңгеруге кіріседі.
Ал дəстүрден тыс сабақ түрінің құрылымы бола ма? Əрине, бар. Қалыпты сабақтан дəстүрлі емес сабақтың өзгешелігі, жалпы сабақтың дəстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді Дегенмен, дəстүрлі сабақ құрылымы дəстүрден тыс сабақ түрлерінде толық сақтала бермейді.
Дəріс, (қос) үштік сабақтарында оқушыларды бағалау кезеңі болмайды. Практикалық, семинар сабақтарында жаңа материал өтілмейді. Ал қайталау мен білімді тексеру сабақтарында үйге тапсырма беру жəне оқушылар білімін бағалау кезеңдері ғана болады. Қайталау сабағы типіне жататын сабақ түрлерінің əрқайсысының арнайы құрылымы, ережесі, тəртібі болады. Мысалға, дебат сабағын алайық. Қазақ əдебиеті сабағын дебат түрінде өткізу үшін төмендегідей талаптарды есте ұстау қажет:
Дебат сабағының айқын мақсаты болуы керек.
Дебат сабағында ойын тəртібін қатал сақтау керек.
Оқушылар дебат сабағы алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс.
Дебат сабағының тақырыбы талас туғызатындай болуы керек.
Оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс.
Дебат сабағы өз мəнінде өту үшін уақыт қажет.
Ш.Құдайбердиевтің Қалқаман - Мамыр жыры бойынша өткізілетін дебат ойынын жақтаушы топтың бірінші спикері бастайды. Оның 6 мин уақыты болады. Сөзін төрешілермен, қарсыластармен, көрермендермен жəне өз тобымен амандасудан бастайды. Бірден кейсіне көшіп, резолюциясын (қарарын) жариялайды. Сонымен, жақтаушы топтың резолюциясы -- Қалқаман - Мамыр махаббаты ақталады. Содан кейін резолюциядағы негізгі ұғымдарды (Қалқаман, Мамыр, махаббат) анықтайды, яғни кілт сөздерді (дефиниция сөздерін) ұсынады.
Негізгі ұғымдарға анықтама берудін мəні зор. Сол арқылы ойыншылар пікірталаста сөз болатын мəселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде кілт сөздердің (анықтаманың) қайнар көзін (алынған жерін, бетін) көрсетуі керек. Резолюцияның негізгі ұғымы анықталғаннан кейін бірінші спикер жақтау тобының критерийін енгізеді. Критерийді əр топтың өз резолюциясын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мəні ретінде қарастыруға болады.
Критерий: Махаббатсыз дүние бос (Абай).
Аргумент 1: Махаббат -- ұлы сезім.
Дəлелдеу: Ей, Қалқаман, тегі жоқ, құдай жалғыз,
Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.
Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз,
Өмір қызық дегенді естен қалғыз.
Жоқ болса махаббатты бір сүйгенін,
Ойлашы, керегі не дүниенің.
Сүйсін жолдас болсын деп жаратты алла,
Бұл туралы білгенім осы менің.
Қорытынды: Келтірілген үзіндіден махаббаттың ұлы сезім екенін жəне адам өмірінің мəні болғандықтан, қос ғашықтың махаббаты жастарға үлгі болатынын көреміз. Жалғыздық құдайға ғана жарасады дегендей, махаббатсыз дүние бос.
Аргумент 2. Қалқаман мен Мамыр махаббаты шариғатқа қайшы емес.
Дəлелдеу: Мамыр-ау, айтып тұрсың əлденені Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап жаман ырым айта берме, Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.
Қорытынды: Қалқаманның да, Мамырдың да шариғат ережелерінен мағлұматы бар. Сондықтан олар шариғат жолын басшылыққа алады. Олардың өз жүректерінің əміріне қарсы тұрмау себебі де осында. Қалқаман мен Мамыр махаббаты ақталады.
Даттаушы топтың резолюциясы: -- Қалқаман-Мамыр махаббаты ақталмайды.
Критерий: Ұрпақ қамы -- ел қамы.
Аргумент 1. Ұлттың болашағы -- дені сау ұрпақта.
Дəлелдеу: Көкенайдың түсінігінде аталас жастардың қосылуы генетикалық тазалықты көздеген халықтың мораль қағидаларына қайшы келмек. Ол -- күні ертеңгі адам ұрпағының азуына жол беру деген сөз. Сонымен бірге рудың сүйегіне түсетін айықпас таңба .
Қорытынды: Бойында ұлттық рухы биік, намысы бар қазақ ұрпағын дүниеге əкелу дені сау отбасынан басталады. Ал қан бұзылған жағдайда ұрпақ та бұзылады, баланың дүниеге аурушаң болып келуі де əбден мүмкін. Сондықтан халқымыз бұл мəселеге аса көңіл бөлген. Бұл жерде Қалқаман мен Мамырдың махаббат бостандығы емес, тұтас бір халықтың ертеңі, болашағы жайлы мəселе көтеріледі. Барлық жастарымыз осылай жеті атаға толмай қосыла берсе, біздің ешқандай ұлттық болмысымыз қалмайды. Өмірге əлжуаз, аурушаң ұрпақ келеді. Олар отанымыз тұрмақ, өздерін де қорғай алмайтын халде болады. Сондықтан да қан тазалығын сақтап, жеті атаға толмай қосылмауды ұстансақ, біздің еліміз болашаққа нық сеніммен қадам басады.
Аргумент 2: Салтын ұмытқан санасыз, дəстүрін ұмытқан дəрменсіз.
Дəлелдеу: Көкенай Мамырды оққа байлар мезет туғанда ешкімнің ақыл-кеңесін қажет етпейді, өз əміріне жүгінеді. Тіпті жар дегенде жалғыз перзентіне ара түсуге қолында күші де, айбары да бар қыздың ата-анасының да шамасы келмейді. Айналадағы қалың қауымның да үні естілмейді. Барлығы қыз бен жігіттің əрекетін айыптайды. Барлығының бағынатыны -- ел ішіндегі салт-дəстүр тəртібі. Көкенай -- сол тəртіптің сақшысы
Қорытынды: Ата салтқа қарсы шығуға болмайды. Дəстүрлі салтты бұзу -- қасиетті заңды бұзу деген сөз. Қалқаман мен Мамыр əдет-ғұрып қағидаларын жақсы білді. Біле тұра сол қағидаларды бұзды. Қалқаман мен Мамыр -- ата салтқа қарсы шыққандар. Олардың махаббаты ақталмайды.
Пікірталастың əрбір кезеңінен кейін қарама-қарсы сұрақтар қойылады. Сұрақтарға 3 мин уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтар төмендегідей мақсат көздейді:
қарсыластың кейсінен кемшілік табу;
ойынға қатысушының өз пікіріне қайшы келетіндей жағдаят тудыру. Ендеше, ойын барысында қойылатын қарама-қарсы сұрақтарға тоқталайық:
Жақтаушы топ:
Салт-дəстүрде кереғарлық болуы мүмкін бе? Атамыз қазақ Дəстүрдің озығы бар, тозығы бар демеуші ме еді?
Махаббат -- мəңгілік тақырып дегенмен келісесіз бе? Даттаушы топ:
Махаббат үшін салт-дəстүрді аттауға бола ма?
Қалқаман мен Мамыр неге ел бірлігін ойламады?
Дебат технологиясының қорытынды бөлімінде жақтаушы топ пен даттаушы топтың 3- спикерлері ойынды қорытындылайды. Төрешілерге жақтаушы немесе даттаушы жақтың критерийі мен аргументтерінің қарсы жақпен салыстырғанда неліктен жақсы болғандығын түсіндіреді. Жаңа аргументтер мен дəлелдемелер ұсынылмайды. Ескере кететін нəрсе, бұл тұста қарсылас бағытын даттауға рұқсат етілмейді.
Ал дебат сабағының жеңімпаз тобы көрермен оқушылардың пікірі бойынша анықталады. Олар жақсы жұмыс атқарған топқа дауыс береді. Бұған 2 мин уақыт беріледі. Міне, осы тұста дебатқа қатысқан оқушылар білімін бағалау кезеңі туады.
Әдебиеттік пәнін интерактивті әдіс - тәсілдерді қолдана отырып
қазақ тілін дамыту жүйесі
Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатын құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - төл әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу дейтін болсақ, әдебиетті оқытудағы ауызша тіл дамыту жұмыстарын көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал - мәтелдердің шығу тарихы
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
Қазақ тілінен пәнаралық байланыс
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер