Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қазіргі таңдағы көп тілді білім беру жағдайы
1.2 Химиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар және олардың оқу тарбие процесінің орны
1.3 Сыныптан тыс жұстардың жіктелуі мен оларды ұйымдастыру әдістемесі
II. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРЕМЕНТ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту - заман талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Үштілдік туралы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: Ағылшын тілінің қажеттілігі - әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз десе, 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы - жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі таңда көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін арттыру мақсатында химиядан сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырудың әдістерін жасақтау.
Зерттеу жұмысының міндеті :
Химия пәнінен ғылыми теориялық материалдарды талдау;
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістерін қарастыру;
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру негізінде химиядан сыныптан тыс жұмыстардың әдіс тәсілдерін ұсыну;
Зерттеу жұмысының нысаны - мектеп химисында сыныпптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін талдау үрдісі.
Зерттеу жұмыстарының пәні - орта мектепте химиядан сыныптан тыс жұмыстарды көптілде ұйымдастырудың әдістерін талдау үрдісі.
Зерттеу көздері - Қ. Р. Үкіметінің Білім және Ғылым министірлігінің оқу тәрбие процесіне байланысты ұсынған педагогиктардың еібектері, педагогиканың ғылыми жетістіктері мен мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандарттарына ҚР МЖБС, жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдары.
Зерттеу жұмысының базасы - Орал қаласы №30 жалпы орта білім беретін мектебі.

Қазіргі таңдағы көп тілді білім беру жағдайы

Оқу-әдістемелік құралда ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) оқытудың принциптері, әдістері, түрлері және педагогикалық технологиялары, сонымен бірге CLIL технологиясы (тілдік-пәндік кіріктіріп оқыту), ағылшын тілін және информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану сабақтарында кіріктіріп оқыту барысында оқушылардың білімін бағалау жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар кіріктіру сабақтарының үлгілері, қазақ және ағылшын тілдерінде информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндерінің терминологиялары берілген. Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, білім басқармалары өкілдеріне, білім беру ұйымдарының жетекшілеріне, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарына арналған.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың мақсаты - CLIL технологиясы негізінде жаратылыстану-математика бағытындағы (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) пәндер мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту әдістемесін әзірлеу.4 Аталған мақсат келесі міндеттердің шешімін табуды қарастырады: - Информатика, Физика, Химия, Биология, Жаратылыстану пәндерінің Ағылшын тілі пәні мазмұнымен түйісу шегін анықтау; - ағылшын тілі пәнімен ЖМБ пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен әдістеріне сипаттама беру; - кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру түрлерінің ерекшелігін белгілеу; - ЖМБ пәндердің мазмұнын кіріктіру негізінде ағылшын тіліне кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологияның мәнін ашу; - ЖМБ пәндерді және ағылшын тілін кіріктіріп оқытуды ескере отырып тілдік құзыреттілікті бағалаудың ерекшеліктерін баяндау
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту - заман талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Үштілдік туралы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: Ағылшын тілінің қажеттілігі - әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз десе, 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы - жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі таңда көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді.
Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін емін-еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсетте алатын, өзге дамыған елдер мен білім басекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса алатын, көп тілді және көп мәдинетті құзіреттіліктерді игерген полимәдинетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көп тілді білім бере отырып, тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаһандану экономикасындағы ғылыми-ақпарат алудағы желісін кеңейту болып табылады.
Мектеп оқушылары химия пәнінен халықаралық олимпиадаларға көптеп қатысуда. Ал, осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен, осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. Өзім ағылшын тілі курсын оқу барысында химия пәнінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын, оқушыларға жаңа ақпаратты іздеп табуға қалыптастыруды ұғындым.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
Қысқасы, мемлекетіміздің негізі - қазақ тілін пән ретінде оқытумен бірге орыс, ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуміз қажет. Бұл - бүгінгі өскелең заман талабы.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай, интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындығы дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстың сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастыра білсе маңызы зор[9].
Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім берумен айналысты.[2]
М.И.Ломоносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш зертхана ұйымдастырып, химияны үйретудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды[2].
Д.И.Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттілігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық материалдар енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. Ол ой-өрісі кең, ғылымды жетік білетін және жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттердің жүрегіне жол табады деп мұғалімнің ролін жоғары бағалады[2].
А.М.Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп, түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды[2].

Химиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар және олардың оқу тарбие процесінің орны

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білуге көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім беру жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр. Химия пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу - тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге деген, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжрибелерді шеберлікпен, көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын еңгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп, ұйымдастыруы тиіс.
Өзінің атынан көрініп тұрғандай бұл жұмыстар - оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақтан алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушылардың мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араластыруға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге үйретеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді.мектептің жағдайына, оқушылардың тілегіне, қызығуына қарай анықталады.
Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми-көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл-кеңесін беріп, бағыттап отырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырудың негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық жіне сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды, оқушылардың ата-аналарын қатыстыру; сыныптан тыс жұмыстармен оқушылардың шамадан тыс шұғылдандырмау, сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы, онкүндігі және айлығы, конференциялар т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубы және қоғамның секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыстар, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекті құралдарды жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасты:
Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде кеңінен таралғандары - жас химиктер қоғамы және химиялық кештер. Сыныптан тыс жұмыстарға қатысытан оқушылардың саны көп, олардың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін жағдайда мектептерде жас химиктер қоғамы ұйымдастырылады. Қоғам арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалады. Жарғыда химиялық қоғамның мақсаты, құрамы, мүшесінің құқығы мен міндеттері, басқару орындары және ұйымның құрылысы, кітапхана және баспа істері нақты белгіленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздыларының бірі - химиялық кештер, оған оқушылардың көпшілігі қамтылады. Танымдық әсерінің күштілігімен ерекшеленеді. Химиялық кештер мазмұнына қарай тақырыптық, тарихи, мерейтой, қызықты т.б кештер деп жіктеледі. Сабақта өткізілген материалдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
Топтық сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздысы - химиялық үйірмелер. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады. Жүйелі түрде жүргізіледі, еркімен келген оқушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жұмысын біріктіретін жалпы тақырыбының болуы химия үйірмесінің ерекшеліктеріне жатады. Үйірме жұмыстары сыныптар бойынша ұйымдастырылады.
Көпшілік және топтық сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар жеке-дара тапсырмалар орындайды, бірақ олар бір тақырыптың төңірегінде жасалады.
Жеке жұмыстарға оқушы жүзеге асыратын ғылыми зерттеулер, өздігінен құрастырылатын тапсырмалар, есептер, викториналар, модельдер жасау, графикалық жұмыстар орындау т.б жатады. Мектеп реформасын жүзеге асыруға байланысты жеке сыныптан тыс жұмыстар жасату арқылы химияға қабілеті бар оқушыларды тәрбиелеуге айрықша назар аударылады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, олардың жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтін де ұжым алдындағы жауапкершілігінде, жақсы сезінуі керек. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттырып, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі. Бұдан шығатын қорытынды сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғарғы деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежде болуы.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Дегенмен оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағанадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден сабақтан тыс, мектептен тыс, сыныптан тыс деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары бар. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылардың орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмысты орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады т.б.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақытында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер бойынша жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруды оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыста атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар: жекеленген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстарға бөлінеді.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимиадалар, химия апталығы, онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жекe жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, т. б.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді.
Топтық жұмыстардың негігі түрі - химиялық үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі - оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны 10-15 оқушыдан артық болмауы керек.
Орта мектепте химия үйірмелері сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдында қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі - химия кештері. Химиялық кештер өткізудегі негізгі мақсат - оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін терендетіп, дамыта түсу және сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру, химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру және көңілді дем алуына көмектесу. Химиялық кештердің тақырыбын таңдап алуда оқу тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді. Химиялық кешті дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, кештің тақырыбы белгіленеді, баяндама жасауға дауыс ырғағы жақсы материалды жетік меңгерген, ойын дәлелдей алатын оқушылар алынады. Мұғалім оқушылардың дайындығын тексеріп, баяндамаға қажетті материалдарды реттеп, жоспар жасауға көмектеседі.
Сыныптан тыс жеке шығармашылық оқыту
Сыныптан тыс - жеке шығармашылық оқыту
Оқу - оқушының жеке басы танымының ерекше түрі. Оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту үрдісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана обьект емес, оның оқу әрекеті мен өзінің психикалық үрдістерін басқару, ұйымдастыра білуі оқытудағы субьект екенін анықтайды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін жаңаша арттырудағы жеке оқыту формасы: сыныптан тыс репетитор, тьютор, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу арқылы жүзеге асытуға болады.

3-кесте Сыныптан тыс өзіндік жұмыс жасауда оқушылардың оқу біліктерін қалыптастыру
Өзіндік жұмыс түрлері
Танымдық іс - әрекет
Оқушының біліктері
Зерттеу - іздену жұмыстары
1.гипотеза ұсыну.
2.жоспар жасау
3.эксперимент, тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеу.
4.қортындылар, нәтижелер жасау заңдылықтары.
1.материалды талдау білігі.
а.салыстыру, бекіту білігі.
б. Жұмыс формасын таңдау және ұйымдастыру білігі.
2. ғылыми жетістіктерін пайдалану білігі.
3. өзін - өзі бақылау, өзін бағалау білігі.
4. теориялық білімді практикада қолдану білігі.
Реферат, баяндама, шығармашылық жұмыстар

Ең көп тараған жеке оқыту түріне - репетиторлық жатады. Көбінесе репетитор оқушыны мектептен кейін жоғары оқу орынына түсу емтихандарға, сынақтарды тапсыруға, олимпиадаға дайындайды. Осындай жеке оқытудың негізінде оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды орындауға қажетті біліктер мен үздіксіз білім алу жүзеге асады.
Тьюторлық және менторлық шет елдерде кеңінен тараған. Көптеген педагогтардың пікірінше ментормен жұмыс жасаған дарынды балалар өздерінің құрбыларына қарағанда үлкен жетістіктерге жетеді. Сыныптан тыс оқытудың бұл түрі баланың жеке танымдық білігін артыруға, ғылымға, ізденіске қызығушылығының оянуна түрткі болады. Ментормен жұмыс жасау нәтижесінде балалардың жеке дамуын былай қойғанды, олардың танымдық деңгейі артып, шығармашылықпен жұмыс жасауда жетістіктерге жетеді.
Ментор - оқушының кеңесшісі әрі ұстазы. Ментор оқытылатын материалдардың мазмұны мен құрлымын терең түсіндіреді, сонымен қатар мантор оқушыға өз бетімен оқу жобасын жасауға, оны қазіргі кәсіби ортаға еңгізуге, мектеп пен өмірді байланыстыруға көмегін береді.
Тьютор - бұл сыныптан тыс ғылыми жетекшісі. Баланы мектеп қабырғасынан бастап ғылымға жетектейді. Ол шәкірттің шығармашылық жұмысқа қызығушылығын оятып, таңдаған мамандығына кәсіби даярлау жұмысын жүргізеді. Дарынды, ізденімпаз шәкірттің ғылыми зерттеу біліктерін қалыптастырады.
Білім берудегі жеке тұлғалық бағдарламашылықтың негізгі тәсілі - бұл оқушының қызығушылықпен оқыған пәндері мен білім алу аймағында өзіндік білім өнімдерін алу. Әр оқушының оқып жатқан пәндеріне қатысты алдарына қойған мақсаттарына жету үшін жағдай жасау тьютордың негізгі міндетті болып табылады, оқушыны ғылымға жетелейді, олармен бірігіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқушының оқу - зерттеу жұмыстарын орындау барысында қалыптасатын білік, дағдылары анықталды:
Оқушының білім деңгейі артады.
Білімдерін прпатикады қолдану дағдыларын бекітеді.
Оқушылардың өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады.
Зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді.
Оқу - зерттеу жұмыстарын жүзізе білу дағдысының қалыптасыуына әсер етеді.
Талдай білуге және күтпеген қиыншылықтардан шығуға жол таба білуге үйретеді.
Оқушының оқу-зерттеу білігі - бұл құбылыстарды бақылау және талдау біліктері, болжамды ұстау, эксперимент өткізу және оны талдау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және жалпылау, есеп, реферат,баяндама, әдебиеттерді пайдалану, ғылым жетістіктерін қолдану.
Сыныптан тыс оқушылардың өздігінен білім алу әрекеті олардан мейлінше дербестікте, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алу ісін оңтайландыру, күнделікті рухани қажетіне айландыру - орта мектептің қазіргі кездегі маңызды міндеті болып табылады. Өз бетімен білім алу бұл жоғары сынып оқушыларына тән, себебі бұл жастардың еріктік сапасы мен қажетті құндылық бағдарлаушылығы қалыптасқан және өз бетімен білім алуды.
Пәндік апталықтар - оқу жылында бір рет әр пән бойынша белгілі бір тақырып белгіленіп өтіледі. Пәндік аптаның жоспарлары оқушылармен бірлесе отырып жасалады.
Пәндік апталықтардың жоспары күні бұрын ілініп, оқушыларға алдын-ала тапсырмалар бөлініп берілуі. Апта бойы түрлі оқу-танымдық жұмыстар және сыныптан тыс іс-шаралар. Жыр кеші, ғалымдармен кездесу, мұражайға, көрмеге саяхат, сайыс т.б. Апта соңында апталық жұмыс қортындыланады. Қортынды әр-түрлі сипатта жүргізуге болады. Бұл шара мектептің жылдық жоспарында белгіленген мерзім бойынша өтіледі.
Пәндік үйірмелер. Әр пән сабақтарында сол пәнге қызығатын, уақытының көп бөлігін соған арнағысы келетін оқушылар анықталады. Нәтижесінде пәндік үйірмелер ұйымдастырылады. Мұндай үйірмелерге оқушылар өз еркімен жазылады және әр жастағылар болуы да мүмкін. Бұл жұмысты пән мұғалімі жүргізеді. Үйірмелерде пән бойыншы қызықты деген сұрақтар тереңдетіп оқылады, ғалымдар, жазушылар, мұғалімдер т.б. әйгілі қайраткерлердің шығармаларымен, еңбектерімен танысады. Белгілі бір жаңалыққа байланысты немесе ғалымның мерей тойына арналған кештерге қатысады, химия пәні бойынша зерттеу жұмыстарын өткізеді, осының негізінде ғылыми қоғам құруғу болады.
Жоба - сыпыптан тыс жеке ұжымдық жұмыстың бір түрі. Оқушылардың танымдық біліктерінің және практикалық біліктерінің қалыптасуына, танымдық ізделімпаздығы арттыратын оқытудың тиімді түрі - жобалар. Бұл әдіс шетел педагогикасында кең таралған. Жоба - көп уақытты қажет ететін, көлемді оқушылардың өзіндік сарамандық жұмысы. Жобаның мазмұнындағы әр кезеңдік жұмысының құрылымы нақты жоспарлануға байланысты әртүрлі жұмыстарға оқушылардың қатысуымен олардың белсенділігі мен қызығушылығын байқауға болады. Жобаның ең негізгі кезеңдеріне мыналар кіреді:
1 - кезең. Жобаның тақырыбын таңдау.
2 - кезең. Жоба мақсаты мен міндеттерін алдын - ала белгілеп қояды.
3 - кезең. Оқушылардың өзбетіндік жұмыс нәтижесінде жоба міндеттері біртіндеп орындалуы. Оқушылар бақылау күнделігі мен жұмыс дәптерін арнайды.
4 - кезең. Жобаны қорғау.
Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде, алынған нәтижелерді түсіндіруге шығарылған қорытындысының себебін көрсетіп, дәлелдей білуге үйренуі тиіс. Окушылардын жобаны орындау кезінде мынандай танымдық біліктері қалыптасуы:
-ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз бетімен білім алу
-теледидардағы бағдарламалардан өзіне қажетті ақпараттарды алады
-бақылау жүргізу және соның негізінде қортынды шығару
-өзбетімен эксперимент жасау және соның негізінде жаңа білім игеру
-өз білімі арқылы құбылыстың және бақылаған деректердің себебін түсіндіру, дәлелдеу
-сонымен бірге танымдық біліктермен қоса практикалық біліктерді
-әртүрлі құрал-жабдықтарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.


Зерттеу біліктері
Біліктердің қосылған жүйесі
1

Түпдеректермен жұмыс істеу білігі
1.библиографиялық біліктер;
А.каталогтар түрлерін білу және олармен жұмыс істеу.
Б.кәсіптік баспа әдебиеттермен жұмыс істеу.
В.кәсіптік баспа әдебиеттерді бағдарлай білу.
2.оқығандары бойынша жазып алу.
А.материалдар құрлымын көру.
Б.материалды жүйелеу.
2
Құбылысты бақылау білігі
1.бақылау теңдеу.
2.бақылаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
3.бақылау жүргізу.
4.бақыланып отырған құбылысты дәл және толық сипаттау.
5.бақылау әдістерін таңдау.
6.өзіндік бақылау мен баға беру.
3
Құбылысты талдау(фактыны) білігі
1.зерттеліп отырған құбылысты құрамды бөліктерге жіктеу.
2.салыстыру беттестіру.
3.құбылысты ойша біріктіру және олардың өзара әдіс табу,
4
Болжамды құру білігі
1.болжамды құруда мәліметтерді тексеру және таңдау.
2.эксперементті
3.болжамды құрастыру.
4.болжамды дәлелдеу,тексеру.
5
Эксперимент өткізу және нәтижесін өңдеу,жалпылау білігі.
1.талдау.
2.эксперементтік әдістемелік жасау.
3.эксперемент өткізе білу.
4.эксперемент қортындысын шығара білу және өзіндік бақылау мен баға беру.
6
Оқу тәрбиелік шаралар түріндегі материаларды тағы басқа жалпылау білігі.
1.есеп, рефарат, баяндаманы жазу біліктері.
а.проблеманы көру.
б.материялды талдау.
в.тұжырым жасау.
2.оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері.
а) тәрбиелік міндет қою.
ә) тәрбиелік міндет толығымен жүзеге асатын ұйымдастыру формасын таңдау.
б) бірнеше әдебиетпен жұмыс істеу.
в) материалды талдау.
г) өзіндік бақылау мен бағалау.
7
Ғылым жетістіктерін қолдануға ұмтылыс жасау.
1. негізгі идеялары туралы білімі.
2.оқу-зерттеу әдістерімен танысу, қолдану.
4-кесте Жоғары сынып оқушыларының зерттеу біліктері

Жобаны ұйымдастыру кезінде оқушы ғылыми ізденушіге айналады, зерттеу жұмысына деген қызығушылығы артыды. Оқушы алғаш рет зерттеу бақылау жұмыстарына экспериментке жүгініп жиналған нәтижелерге бірінші рет қортынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдерді қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырым жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін терендетіп, ойын бекітеді, білімін практикалык дағды біліктерімен байланыстырады. Бұл жұмыс түрі бүгінгі оқушының жоғарғы оку орнындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына үйретеді, мамандық тандауға септігін тигізеді. Оқушылардың ғылыми жоба орындау барысында қалыптасатын икемділік, біліктері 4-кестеде берілген.
Оқу жоспарынан тыс оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әртүрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден "сабақтан тыс ", мектептен тыс, сыныптан тыс деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар бірінен бірінің елеулі айырмашылықтары бар[3]. Білімді, іскерлікті жəне дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық жəне семинар сабақтар, ауызша жəне жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.[8] Басқа сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылықтар бар. Оқушылардың жеке тілектерін үнемі қанағаттандырып, қоғамдық жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді[1].
Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу - адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жаттығуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады.[1] Жастарды қоғамның жан жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілітін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Химия пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітаптар да басылып шықты[3].
Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанмен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Өзінің атынан көрініп тұрғандай бұл жұмыстар - оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі[2].
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануға шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибілерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі[3].
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді[11]. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр[3].
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі - өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсінеді. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге үйретеді. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми - көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл - кеңесін беріп, бағыттап отырады[3].
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет[3]. Оқушының сыныптан тыс жұмысы - сыныптағы сабақтан бос кездегі мұғалімнің басшылығымен жүргізетін оның оқу проблемаларын шешуге, зерртеу жүргізуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химияны оқыту жолдары
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі
Химия сабақтарының жіктелуі
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер