Кеннің минералды құрамы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды техникалық университеті

«Қорғауға жіберілген»

ГПКҚОБ кафедрасының меңгерушісі

Ф. М. Исатаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖОСПАР

Тақырыбы: «Ақтөбе облысындағы Бенкала кен орнында темір кендерін барлау жоспары»

Мамандығы 5B070600 - «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау»

Орындаған: Санақов Т. Қ.

Ғылыми жетекшісі, Каскатаева К. Б.

аға оқытушы:

Қарағанды 2021

Аннотация

Основная цель проектных работ - проведение плана разведки железных руд Бенкалинского месторождения с подсчетом запасов будут проведены по материалам собранным во время прохождения преддипломной практики.

Главной целью настоящего проекта является выбор рационального комплекса разведочных работ и его обоснование.

Главная цель дипломного проекта - провести разведку на месторождение Бенкала и подсчет запасов меди по С1, изучить количество и качество проектной руды на площади. Для проведения плана разведки в данном дипломном проекте предусмотрены следущие виды работ: бурение разведочных скважин, геологоразведочные работы, сопровождающие бурение, геофизические методы, лабораторные работы, камеральные работы, сопровождаемые отбором керновых и технологических проб.

Предусмотрено бурения скважин глубиной до 320 м. Общий объем бурения 2950 п. м, средняя глубина скважин 226, 0 п. м. в том числе по рыхлым 160 п. м., по коренным - 840 п. м.

В проекте разработан комплекс мероприятий безопасного ведения разведочных работ и охраны труда, а также охраны окружающей среды.

Мазмұны

Кіріспе 7

1 Кен орынының геологиялық құрылысы1. 1 Географиялық-экономикалық жағдайы1. 2 Стратиграфия1. 3 Интрузивтік жыныстар1. 4 Гидротермалды өзгерістер1. 5 Тектоника1. 6 Пайдалы қазбалар денелерінің морфологиясы1. 7 Кеннің минералды құрамы1. 8 Кен орнының генезисі1. 9 Гидрогеологиялық жағдайы2. Жоспарланған жұмыстардың көлемі мен әдістері2. 1 Геологиялық мақсаттар және оларды жүзеге асыру әдістері2. 2 Топографиялық-геодезиялық жұмыстар2. 3 Бұрғылау жұмыстары2. 4 Ілеспе жұмыстар2. 5 Сынамалау2. 6 Лабораториялық жұмыстар2. 7 Геофизикалық зерттеулер2. 8 Камералдық жұмыстар3 Қорларды есептеу4 Еңбек қорғау4. 1 Бұрғылау жұмыс барысындағы талап ететін қауіпсіздік.4. 2 Барлау жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі.4. 3 Бұрғылау жұмыстар.4. 4 Метеорологиялық факторлар4. 5 Өрт қауіпсіздігі5 Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық зерттеулер5. 1 Зиянды және өндірістік факторлардың қауіпсіздік анализі.5. 2 Қоршаған табиғи ортаның қазіргі жағдайы5. 3 Қоршаған ортаға кен орынды пайдаланудың техногенді әсерінің болжамдық бағалауы5. 3. 1 Сыйдырушы жыныстардың және кендердің эколого-геохимиялық және радиациондық мінездемесі5. 3. 2 Қоршаған ортаға кен орынды қазудың техногенді әсері.6 Қолданбалы эканомикалық талдауҚортындыҚолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Кен орынының геологиялық құрылысы

1. 1 Географиялық-экономикалық жағдайы

1. 2 Стратиграфия

1. 3 Интрузивтік жыныстар

1. 4 Гидротермалды өзгерістер

1. 5 Тектоника

1. 6 Пайдалы қазбалар денелерінің морфологиясы
1. 7 Кеннің минералды құрамы

1. 8 Кен орнының генезисі

1. 9 Гидрогеологиялық жағдайы

2. Жоспарланған жұмыстардың көлемі мен әдістері

2. 1 Геологиялық мақсаттар және оларды жүзеге асыру әдістері

2. 2 Топографиялық-геодезиялық жұмыстар

2. 3 Бұрғылау жұмыстары

2. 4 Ілеспе жұмыстар

2. 5 Сынамалау

2. 6 Лабораториялық жұмыстар

2. 7 Геофизикалық зерттеулер

2. 8 Камералдық жұмыстар

3 Қорларды есептеу

4 Еңбек қорғау

4. 1 Бұрғылау жұмыс барысындағы талап ететін қауіпсіздік.

4. 2 Барлау жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі.

4. 3 Бұрғылау жұмыстар.

4. 4 Метеорологиялық факторлар

4. 5 Өрт қауіпсіздігі

5 Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық зерттеулер

5. 1 Зиянды және өндірістік факторлардың қауіпсіздік анализі.

5. 2 Қоршаған табиғи ортаның қазіргі жағдайы

5. 3 Қоршаған ортаға кен орынды пайдаланудың техногенді әсерінің болжамдық бағалауы

5. 3. 1 Сыйдырушы жыныстардың және кендердің эколого-геохимиялық және радиациондық мінездемесі

5. 3. 2 Қоршаған ортаға кен орынды қазудың техногенді әсері.

6 Қолданбалы эканомикалық талдау

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

8810 131820212326272929303033333838394045495052535759606061616162637273:

8

8

10 13

18

20

21

23

26

27

29

29

30

30

33

33

38

38

39

40

45

49

50

52

53

57

59

60

60

61

61

61

62

63

72

73

КІРІСПЕ

Дипломдық барлау жоспарын диплом алдындағы тәжірибе кезінде Бенқала кенорнында 2021 жылдың қаңтар және ақпан айлары аралығында алынған материалдар бойынша орындалған.

Бенқала кен алаңы М-41-28-Б бетінде орналасқан және осы аттас ұсақ кен орындарын және Бенқала интрузиясының экзотүйіспесі бөлігінде эффузивті-шөгінділерінде орналасқан бірнеше кен түзілімдерін біріктіреді. Бенқала мыс кен орны шығыс ауылыннан солтүстікінен 16 км жерде орналасқан.

Осы дипломдық жоспарда, жоспарланған барлау жұмыстарын жүргізудің әдістері мен көлемдері өткен жылдарда жасалған жұмыстар нәтижесін ескере отырып жасалған. Осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мыс кенінің концентратына сұраныстың жоғары екендігінде.

Жоспардың мақсаты мыс кенінің пайдалы қазбаларын барлау әдіснамасы, қорларды есептеу және желілік есептеулерді құру, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жоспардың өзектілігі аумақтың геологиялық құрылымын зерттеу, геологиялық карталарды құрастыру, кен аймақтарын анықтау, олардың параметрлерін, морфологиясын және ішкі құрылымын анықтау және минералдану масштабын бағалау болып табылады.

Тапсырмаларды шешу үшін негізгі жұмыс түрлерінің келесі жиынтығын орындау жоспарланды: барлау маршруттары, ұңғымаларды бұрғылау, барлау ұңғымаларын өзекпен бұрғылау, сынақ және зертханалық жұмыстар.

Дипломдық жоспардың ғылыми жаңалығы - таңдаудың сенімділігін арттыру, игерудің реті, дәйектілігі, сонымен қатар өрісті игеру жүйелерінің параметрлерін негіздеу.

Бірінші кезеңде барлау жұмыстары ең алдымен Бенқала кен орнының орталық бөлігінде мыс кендерін пайдалы өндіру тереңдігіне (340-350 м) дейін барлау жүргізу және мыс кендерінің қорларын есептеу мақсатымен жүргізіледі. Кен орнында мынандай жалпы жұмыстар қарастырылған.

- СКБ-4 станогімен барлау ұңғымаларын 300 м дейін бұрғылау;

- кен денелерінің құлау және созылу бағыттарын аршылау, жартылай өндірістік сынақ алу, бұрғылау қондырғыларының тұратын жерлерін дайындау;

- кен алаңын зерттеу бойынша барлау жоспарын жүргізу, ұңғыма тасдіңгектерін құжаттап жазу, сынақтар алу (тасдіңгектен, топтастырылған), лабораториялық-технологиялық сынақтар алу, бұрғылау ұңғымаларын топографиялық байланыстыру;

- лабораториялық- технологиялық зерттеулер жүргізу.

Осы кезеңдегі барлау жоспары негізінен кен орнында ежелден әйгілі кен орындарын зерттеу және барлау, олардың экономикалық пайдалы өндіру мақсатымен мыс кендерінің қорларын есептеу үшін шоғырланған.

1. Кен орынының геологиялық құрылысы

Бенкала мыс кен орны - контакт-метасоматикалық скарн шөгінділерінің типтік өкілі. Бенқала кен орнының кен орны құрылымында екі кен орны бөлінеді - Шығыс және Батыс. Кен денелерінің орташа қалыңдығы 5м-ден 31м-ге дейін өзгереді. Шығыс кен орнының шартты орташа қалыңдығы 16, 43 м., белдеуінің қалыңдығы 3, 0 метрден 48, 7 метрге дейін жеткен кездегі мыстың мөлшері 0. 1 пайыздан 1, 81 пайызға дейін жетеді.

Бенқала мыс кенорны геологиялық құрылымына қарай екінші топқа жатады. Рррр Кен орнының кен денелерінің қалыңдығы өте құбылмалы, пайдалы қазбалардың сапасы әртүрлі болып келген, негізгі бағалы компоненттері біркелкі орналаспаған.

Бұрынғы зерттеушілер барлау жұмыстардың нәтижесінде мөлшерлері 700х480 м штокверк анықтаған, ол 300 м тереңдіктен бастап формасы изометриялық формаға ұқсастау болып келген. Кендену тереңдігі 700 м дейін зерттелген.

Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10-60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т. б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі және өте күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерімен жүргізіледі.

1. 1 Географиялық-экономикалық жағдайы

Бенқала кен орны бетінде Қостанай облысы аумағында Шығыс кентінің 16 км солтүстігіне қарай жерде орналас-қан. Географиялық жағынан кен орны Торғай ойпатының орталық бөлігінде орналасқан. 1. 1. суретте көрсетілген.

2016-06-19_14-25-30

  1. сурет - Беңқала кен орынның орналасу сызбасы

Жер бедері - абсолюттік белгілері 250 метрге дейін жазық, және салыстырмалы биіктіктері 10-30 м дейін. Жер бетіндегі шөп және ағаш түпті тоғайлармен жабылған төбешікті жазықтық.

Ауданның гидрографиялық жүйесі өте нашар дамыған, су аздылығымен айрықшаланады және Қаракенгір өзенімен оның көптеген ағындарынан тұрады, олардың ең маңыздылары Қарағанды маңындағы ұсақ өзендер, жаздың орта кезінде олар суалып қалады. Олардың тереңтіктері 2 м, ені 10 м және ұзындығы 100 метрден асады.

Өзендердегі сулар көбінесе минералданған немесе аздап ащы болып келеді. Адаған бастаулар мен құдықтар бар, жер асты сулары гидрокарбонатты - кальцилі. Олардың көпшілігі жазда суалып қалады. Судың ең жақын көздері: Үлкен бұлақ бастауы шығымы 0, 7 л/сек, ол кен орнына 3 км жерде оңтүстік - батыста және Кішкене - бұлақ бастауы, шығымы 0, 4 л/сек кен орнының батысында сондай аралықта орналасқан. Бұл бастаудан басқа, кен орнына жақын жерде шығым аздау бірнеше бастаулар бар.

Ауданның климаты өте континенталды жазы ыстық және қысы қары аз суық болып келеді. Қарсақпай метерологиялық станциясына берген байқау мәліметтеріне сәйкес жазғы орташа температура (шілде, тамыз) +19ºС- дан +23, 1ºС-ге дейін, қыста (желтоқсан, ақпан) -11ºС-дан -10, 9ºС болады. Температураның тәуліктік ауытпалығы 20-25ºС мөлшерінде болады. Алғашқы аяздар қазанда басталып, соңғы аяздар сәуірдің ортасына дейін жетеді. Аязсыз күндердің ұзақтығы 180 күнге жетеді. Алғашқы қар қыркүйектің орта кездерінде жауады, наурыздың соңы, сәуірдің ортасы кезінде бірақ ериді. Жыл сайынғы жауған қар 117-160 күн мөлшерінде ерімей жатады. Қар аз болған жылдары қар қалыңдығы 15 см, ал қарлы жылдары қар қалыңдығы 55 см жетеді. Қардың ең көбі ақпан, наурыз айларында жауыды. Жауатын шөгінділердің орташа жылдық мөлшері 71-288 мм. Желдің басты бағыты солтүстік - шығысқа бағытталған, желдің жылдамдығы 3, 8 м/сек 7, 5 м/сек дейін жетеді. Өзен жазықтықтарында түпті ағаштар мен әр түрлі шөптер өседі.

Жануарлар әлемі аса бай емес, себебі жер бедеріндегі өсетін шөптер мен климатқа байланысты. Көбінесе кемірушілер кездеседі. Құстардан жабайы үйректер, қаздар, құрлар, дуадақтар, бүркіттер, үкілер кездеседі.

Аудан сейсмологиялық жағынан қатерлі емес.

Экономикалық жағынан аудан өте нашар дамыған. Жергілікті тұрғындар көбінесе мал шаруашылығымен, аздап жер өңдеу жұмыстарымен айналысады. Қыстақтардан басқа жалғыз ел мекені Айыртау кенті. Басты жол қатынастары топырақ жолдары, көктемде жүру өте қыйын.

Энергиямен қамтамасыздандыру көздері жоқ.

1. 2 Стратиграфия

Бенқала кен орны 1962 жылы Торғай ГФЭ электірлік барлау жұмыстарын жүргізу кезінде ашылған (Андрушко 1981) .

Кен орнының алаңы жоғарғы визейдің жанартаулы және жанартаулы - шөгінділерінен құрылған, Соколов - сарыбай комплексінің басты фазасы диорит - гранит тау жыныстарымен тесілген.

Төменгі таскөмірлі шөгінділер (С 1 v 2 ) әртүрлі құрамдағы жанартау шөгінділерінен тұрады: андазидациттар, дациттар, риодациттар, риолиттер және олардың туфтары, олардан басым болып келетін туфты құмтастар, гравелиттер, алевролиттер және әктастар. Жыныстар жіңішке қатпарлар түрінде қатпарланған құлау бұрыштары 85º дейін жетеді. Қалыңдығы 350 м.

Андезидациттар негізгі плагиоклаздың фенотүйіршіктерінен пироксеннің екі генерациясынан және негізгі массадан құрылған. Бірінші генерация плагиоклаздың фенотүйіршіктері ұзындығы 2-2, 5 мм, пироксенді 1, 5-2, 0 мм; екінші генерацияның егу минералдарының ұзындықтары 0, 7мм.

Тау жынысының құрлысы пилотакситті негізгі массасы паралель олналасқан плагиоклаздың түйіршіктерінен тұрады. Фенотүйіршіктердің бағытталып орналасуына байланысты және негізгі массаның микроклиттеріне сәйкес флюидті текстура пайда болады.

Секпілді - мыс Бенкалин кен орны сол жерде антиклинальды қатпарлармен күрделенген, Бенқала синклиналінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл құрлым орта-жоғарғы визей жасының түзілімдерінен тұрады.

Тау жыныстырының құрамына қарай кен орны шығыс және батыс болып екі бөлімге бөлінеді. Кен орынының батыс бөлігінде жанартау жыныстары басым, андезиттік және андезит - базальттік туфтардан, туфтық шөгінді жыныстардың қабатшалары бар құрамы ұқсас лавалардан түзілген, антиклиндық құрлым қанатынан тұрады. Микроскоп арқылы туфтардың кесек және ұсақсынықты және де күл тәріздес түрлерін анықтайды.

Сынықтардың құрамына қарай жартылый жұмырланған және өткірбұрышты сынықтарының мөлшері 0, 3мм-ден 100 мм-ге дейін және одан да үлкен лито және кристаллокласты болып бөлінеді.

Сынық материалдар көлемі 60% -ке жетеді. Сынықтар құрамында андезитті секпілдер, базальттар, орта және негізгі құрамды плагиоклаз сынықтары басымырақ. Туфтардың масса бөліктерін цементтейтін кристалловитрокластық туфтарға сәйкес ұсақ материалдардан құралған. Кейде туфты қабатта құрамы андезитті лава қабатшалары кездеседі. Бұл тау жыныстары секпілді құрлымды және интерсертальдық құрлымды негізгі массадан тұрады. Фенокристалдар тілімтас ауданының 5-10% құрайды және түйірлерінің пішіні призмалық - кестелі тегіс емес бірақ шеттері анық айқындалған плагиоклаздан тұрады. Плагиоклаз негізділігі бойынша андезин - олигоклазға жатады, серициттелу, эпидотталу, хлориттану, биотиттену және т. б. қайталама үрдістеріне байланысты өте қатты өзгерген, негізгі массасы әр бағытта орналасқан ұсақ плагиоклаз лейстлерінен тұрады. Лейстлер аралығы хлоритке айналған күңгірт минералдармен толтырылған. Сонымен қатар, негізгі бөлігі қатты кварцталданғаны көрінеді. Кен орнының шығыс бөлігі терригенді және жанартаулы материалдардан: әр түрлі-сынықты туфиттардан, майда сынықты , және күлді туфтардан, туфалевролиттен, туфгравелиттен, әктасты, әктасты-сазды алевролиттен, құмтастан, аргилиттен және алевролиттен құралған.

Туфты-шөгінді жыныстарды микроскоппен қарағанда түйіршіктердің үлкендігі және кластикалық материалдармен ерекшеленеді. Көбінесе бұлар жұқа түйіршікті, көп жағдайда шыңтасты немесе жолақтық текстуралы мүйіз тас тәріздес тау жыныстары.

Сынықтар жұмыр, жартылай жұмыр және күртбұрышты болып келеді, олардың мөлшерлері 0, 01 мм-ден 0, 8 мм-ге дейінгі аралықта. Сынықтар арасында плагиоклаз, кварц, андезитті порфирит, алевролит үстінен хлориттене дамитын негізгі құрамды шыны кездеседі. Цементтің құрамында плагикоз және екінші сатылы минералдар басым: биотит, актинолит, серицит, хлорит және жұқа шашыранды магнетит. Кен орнының полеозойлық іргетасын құрайтын жоғарыда көрсетілген жыныстардың литалогиялық түрлері әртүрлі дәрежеде физикалық және терең химиялық мору үрдістеріне шалыққан. Ең үлкен қуатты қабық желдетуде пайда болған өзгерістер біршама терригенді пайда болуды және төмен өлшемде интрузивті және жанартау жыныстарын кездестіреді, дегенмен қыртыстың соңғы қалыңдығы 110м-ге дейін жетерліктей созылған. Ұңғыманы барлау жұмыстары анықталып, қаралып отырған қуаттылығы максимальды пайда болатын кен орныны Б. С. 112 (аймақтағы жарықты жыныстардың көбірек тектоникалық қателіктерін кесіп алу) және ол 180-220м-ге жетеді. Көрсетілген жағдай жыныстардың үлкен ұсақталу өткізгіштігін жеңіл түсіндіреді, сондықтан да осындай желдету үрдісінде жоғары дамиды. Жоғарыда сондай аймақтар ілеспелі, оған қуатты қанаттар желдету түрінде сорылған немесе дөңгелек көлтабандар, ұзақ сақталатын жасыл шөпті жамылғы айтылады. Өте жақсы сондай аймақтар жоспарда әуе суретті материалдармен, максимум магнитті және қиыршық тас дала, электр өткізгіштігінің ауытқу аймағы белгіленеді.

Кен орнының шегінен тыс жерде, мүйізшелену және скарндалуға байланысты тау жыныстары орнықты болғандықтан мору қабатының қалындығы өте төмендейді және бірнеше метрлерден аспайды. Мору қабатының жалпы тілімі мына төмендегідей ұсынылады (төменнен жоғары)

  1. Гидротемальды өзгерген аналық жыныстардың ыдырау белдемесі
  2. Кварц - каолинит - слюдалы құрамды сілтілену белдемесі
  3. Кварц - каолинитті белдеме

Ыдырау белдемесі қарқынды гидротермальды өзгерген жыныстардың альбиттенуге, серициттенуге, кварцтануға, хлориттенуге, эпидоттануына және аздап каолинденуіне байланысты болады.

Кен орнының бұл белдемесінде сульфитті сеппелілік және желісілем - сеппелілік пирит - халькозиннің қайталама сульфиттік байыту өндірістік кенорындары орналасқан.

Халькопирит, борнит, ковеллин жеке түйірлі және ұсақ ұяшықтар түрінде үгілген өзгерген пішінді түрінде сақталған. Бұл белдеменің қалыңдығы алғашқы метрден 100-120м - ге дейін ауытқиды.

Сілтілі белдемеде мору қабығы қарқынды өзгерген бастапқы таужыныстарынан тұрады, кейбір жерлерде алғашқы реликті құрлым сақталған. Реликті кварц түйірі өз келбетін сақтайды және үгілген борпылдақ таужыныс арасында анық ерекшеленеді. Дала шпаттары каолинит қоспасы бар серицитпен және ұсақ түйірлі кварцпен жалғанморфты түрде өзгертілген.

Күңгірт түсті минералдар екінші ретті ұсақ түйіршікті биотиттің, хлориттің және каолиниттің жекеленген ұсақ түйіршіктенген рутинмен, гидро қышқылданған темірмен, лимонит пен геатиттің бірінші ретті жарылу бағыты шоғырланған агрегаттардың орнын басқан. Түірлер арасындағы аралық кварц-каолинитті агрегаттардың гидрослюдалармен араласуымен орындалған. Осы аймақта, ыдырау аймағындағы, халькозин мен қалдық пириттің мол қатысқан орындарымен белгіленеді.

Сонымен (халькозин белдемесі) аталған кен орнының қайталап байыту белдемесі екі заттық белдемеден тұрады. (ыдырау белдемесі және сілтілену белдемесі) .

Кварц - каолиниттік аймақ деп аталатын үгілу қабығының жоғарғы бөлігі бағдарланбаған ұсақ қабыршақталған каолинит және серицит, хлорит қоспалы кварцпен жекеленген ұялы гидрототығу темір мен рутил түйірлі агрегатынан тұрады. Осы бөлік шекарасында реликтивті үгілу қабығының бастапқы жынысының құрлымы тәжрибе жүзінде көрсетілмеген. Лимониттің сульфитті псевдоморфозы жартылай тотықтанған және тотықтанбаған пирит, жалатылған мыстық малахитпен және хризокол, жалғызданған түйір және ұсақ ұяшықтар сирек түрде кездеседі.

Жоғарыда көрсетілген белдеме темір сутотықтарының болуына байланысты, охралық - сары бояу арқылы жақсы анықталады. Алдынғы үгілу қабығының аймағындағыдай мұнда барит пен турмалиннің қатысуы белгіленді.

Жоғарғы қиманың орта олигоценінде кварцты - слюдалы құрамды, құмды саздар және жұқа түйірлі құмдарды құрайтын құмды - саздық шөгінділері жатады.

Осы түзілімдердің қалыңдығы 1 метрден 20 м-ге дейін ауытқиды. Бұдан жоғары қарай орналасқан гипсте төменгі-орта миоценді түйірленген саздар қалыңдығы 10-15м-ге дейін.

Тығыз саздақтар мен құмайтты саздардан құралған төрттік шөгінділер қалыңдығы 5-тен 15м-ге дейін созылған. Қарастырылған бүркеме шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 4-тен 21м-ге дейін ауытқиды.

1. 3 Интрузивтік жыныстар

Жоғарыда сипатталған палеозойлық кен орнының түзілістерінің ортанғы бөлігін лакксолит тәрізді дене тесіп өткен, 500м тереңдікте максималды ені (геофизикалық көрсеткіштерге сәйкес) 850м көрсетеді. Әрі қарай тереңдеген сайын дененің ені азаяды және 800м тереңдікте 200м-ді құрайды. Эрозиондық іргетасты қиықта плагиогранит - секпілді дене субмеридианалды созылған бағытпен көрсетілген, максималды ені 400м -ге дейін (114 профилде) және 1000м-ге созылған.

Геофизикалық өрісте берілген дене төмендетілген түрде (-300-400 гамм) магниттік өріс көрсетілген.

Сығылма бейнеленген тарамдардан жаңқалауыштармен бірге плагиограниттер нығайтылған. Әсіресе батыс экзотүйіспелерінде үлкен ұзартылған тарамдар байқалады, сол жерде араласқан жыныстар андезиттік секпілді және оның туфтары үлкен жарықшақтарға ие болады. Тарамның ұзындығы 200-220м дейін жетеді.

Орталық бөлігінде және типтік секпілді шет аймақтарда плагиогранит - секпілдердің өз сынықтары жасылдау - сары түсті, ал құрлымы секпілді түрде көрсетілген. Осы жыныстадың сипаттау ерекшеліктері далашпатының толық болмауы, қара түстілердің саны шамалысы (8-10%-ке дейін) алдамшы мүйізше және биотит болып көрсетілген.

Берілген жыныс осы ерекшеліктерден плагиогранит-секпіл деген атқа ие болады, дегенмен оның қалған белгілері берілген анықтамаларға толық сәйкес келмейді.

Типтік плагиограниті-секпілден айырмашылығы, оның құрамында қышқыл плагиоклаздың болуы, аймақтық андезиттен бұл жыныс 50-60% -ын құрайды.

Андезин әлсіз жарықшашаушы полисинтетикалық телқосақты құрлым мен ұзартылған пішінді құрайтын түйірлер. Түйірдің өлшемі 1 -2 мм-ге дейін ауытқиды.

Кейде плагиоклаздың түйірлері секпілдер түрде кездеседі, ал қалған ұсақ түйірлері кристалданған (масса) көпшілігі осы кристалдарды қоршап, секпілді (порфирлі) тұрпат жасайды.

Кварц 25-40% құрайды, бірақ таужыныс гидротермальды түрде көп өзгергендіктен барлық кварцты бірінші сатылы деуге сенімділік туғызады. Осы таужынысын құрайтын барлық минералдар қарқынды өзгерген. Плагиоклаз серицитпен қарқынды орын ауысады, ал орталықта мусковитпен. Алдамшы мүйіздің сирек майда түйірлі хлориттелген. Кварц қайта кристалданып гранулит тәрізді агрегат құрайды. Мұндай жағдайда кварц әсіресе солтүстікте ерекшеленген, көбінесе кенді, ал дененің бөлігі плагиогранит - секпілі болып кездеседі. Таужыныстын ішінде акцессорлық минералдар арасынан апатит кездеседі.

Бенкала кен орнында өз аралық интрузивтік кесек таужыныстары ғажайып түрде түзілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақтау және үгіту үрдісі
Фосфоритті кендерді өңдеп байыту әдістері
Жерасты ерітінділеу ( ЖЕА )»
Металлургия өндірісі
Түсті металлургия шикізатын кешенді пайдалану
Кеннің заттық құрамы
Карбамид өндірісі
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Платиналық элементтердің рудадағы (кендегі) байланыс формаларын және қоспа түрлерін зерттеу
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz