Асқар Алтай шығармашылығы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Алматы, 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиет және әдебиет теориясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Орындаған:Батыршаева А. М
Ғылыми жетекші:
ф. ғ. д. Болатова Г. Ж
Қорғауға жіберілді:
Хаттама №, « » 2020 ж.
Кафедра меңгерушісі: Темірболат А. Б.
Норма бақылаушы:
аға оқытушыБисенбаев П. Қ.
Алматы, 2020
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі: 60 бет. 30 дереккөз қолданылған.
Мақсаты: Асқар Алтай шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, кейіпкерлер образын жасаудағы шеберлік қырларын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау, шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шығармашылық ізденіс тәсілдері (стилі, деталь, мінездеу, тілі) мен даралығын сараптау.
Зерттеу нысаны: Асқар Алтай шығармашылығы.
Пән: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті.
Асқар Алтай- қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлердің бірі. Осы уақытқа дейін жазушы Асқар Алтайдың шығармаларын ғылыми тұрғыдан зерттегендер көп. Әйтсе де, қазіргі қазақ прозасының, соның ішінде А. Алтай шығармашылығының әлі де ашылмай жатқан қырлары жетерлік. А. Алтай шығармаларындағы жазушылық шеберлігін, заман көрінісі мен мифтік сарын бейнесін суреттеудегі қыр-сырын, осы жолдағы суреткерлік қалам қарымын дәйектеу тұрғысында арнайы қарастырылған еңбектердің әдебиеттану ғылымында бола қоймауы - зерттеудің қажеттілігін, яғни тақырыптың өзекті мәселеге айналғанын айқындай түседі.
Нәтижелері:
• Автордың шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері айқындалды;
• Жазушының әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі сараланды;
• А. Алтай шығармаларының идеялық-сюжеттік құрылымы заман көрінісіне сай құрылғандығы зерделенді;
• Қаламгер шығармашылығындағы мифтік сарынына назар аударылды.
РЕФЕРАТ
Объем дипломной работы: 60 страниц. Диплом содержит 30 использованной литературы.
Цель дипломной работы: Описать идеологические и тематические особенности произведений Аскара Алтая, определить мастерство изображения персонажей, место и значение его произведений в казахской прозе, проанализировать проявления явлений реальной жизни и методы творческого исследования (стиль, детализация, характеристика, язык) .
Объект исследования -Творчество Аскара Алтая.
Предмет - Казахская литература в годы независимости.
Аскар Алтай - один из писателей, внесший вклад в развитие казахской прозы. Есть много статей и опубликованных научных работ, посвященных творчеству Аскара Алтая. Однако все еще есть аспекты в творчестве писателя, требующие изучения. В этом и заключается актуальность данного исследования.
Одним из ключевых вопросов является анализ художественных особенностей, индивидуальности, вклада в современную казахскую литературу выдающегося представителя современной казахской литературы, писателя Аскара Алтая, который принес инновационный прорыв в области литературы, а также определение темы и идеи его произведений.
Результаты:
• Определены тематические и идеологические особенности художественных работ А. Алтая;
• Были проанализированы особенности создания писателем сюжетного характера;
• Изучены идеологические и сюжетные структуры произведения А. Алтая в соответствии с современными реалиями;
• Раскрыта мифическая сущность творчества писателя.
ABSTRACT
Volume of the diploma thesis: is 60 pages. Thesis contains 30 references.
The main purpose of the diploma work: Describe the ideological and thematic features of the works of Askar Altai, determine the skill of depicting characters, the place and value of his works in Kazakh prose, analyze the manifestations of real life phenomena and methods of creative research (style, detail, characterization, language) .
Object of research- Creativity of Askar Altai.
Subject - Kazakh literature during the years of independence.
Askar Altai is one of the writers who contributed to the development of Kazakh prose. There are many articles and published scientific works in the literature on the work of Askar Altai. However, there are still aspects in the writer's work that require study. This is the relevance of this study.
One of the key issues is the analysis of artistic features, personality, contribution to modern Kazakh literature by the outstanding representative of modern Kazakh literature, writer Askar Altai, who brought an innovative breakthrough in the field of literature, as well as determining the theme and ideas of his works.
Results:
• Thematic and ideological features of the art works of A. Altai are determined;
• The features of the creation of a plot character by the writer were analyzed;
• The ideological and plot structures of the work of A. Altai have been studied in accordance with modern realities;
• Attention is drawn to the mythical essence of the writer's work.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I АСҚАР АЛТАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ
1. 1 Асқар Алтайдың шығармашылық өмірбаяны . . . 6
1. 2 Жазушының қаламгерлік ерекшелігі . . . 11
II ЖАЗУШЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
2. 1 А. Алтай шығармаларының мазмұндық ерекшелігі және постмодернизм., …. 23
2. 2 Автор прозасындағы мифтік бейне сипаты . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Асқар Алтай - қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлердің бірі. Осы уақытқа дейін жазушы Асқар Алтайдың шығармаларын ғылыми тұрғыдан зерттегендер көп. Әйтсе де, қазіргі қазақ прозасының, соның ішінде А. Алтай шығармашылығының әлі де ашылмай жатқан қырлары жетерлік.
А. Алтай шығармаларындағы жазушылық шеберлігін, заман көрінісі мен мифтік сарын бейнесін суреттеудегі қыр-сырын, осы жолдағы суреткерлік қалам қарымын дәйектеу тұрғысында арнайы қарастырылған еңбектердің әдебиеттану ғылымында бола қоймауы - зерттеудің қажеттілігін, яғни тақырыптың өзекті мәселеге айналғанын айқындай түседі.
Диплом жұмысы қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиет айдынына жаңашыл серпіліс әкелген жазушы Асқар Алтайдың шығармаларының көркемдік ерекшелігін, даралығын, қазіргі қазақ әдебиетіне қосқан үлесін саралап, шығармаларының тақырыбы мен идеясын айқындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері: Асқар Алтай шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын, кейіпкерлер образын жасаудағы шеберлік қырларын, суреткерлік өзіндік қолтаңбасын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау, шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдері (стилі, деталь, мінездеу, тілі) мен даралығын сараптау- әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселелердің бірі. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Асқар Алтай шығармашылығы айналасында ой өрбітіп, толыққанды танысу;
- автордың шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін айқындау;
- жазушының әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігін саралау;
- А. Алтай шығармаларының идеялық-сюжеттік құрылымын заман көрінісіне сай құрылғандығын зерделеу;
- қаламгер шығармашылығындағы мифтік сарынына жіті назар аудару.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысы Асқар Алтай шығармашылығын арнайы қарастырған ғылыми еңбек болғандықтан, жазушы шеберлігіне, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәніне, шығармашылық ізденіс тәсілдеріне ерекшеліктеріне басты назар аударылды. Суреткердің бүгінгі өмір, заман, қоғам, мен кейіпкер мәселесін зерттеудегі көркемдік ізденістерін арнайы сөз ету дипломдық жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады. Зерттеудің жаңалық сипаттары төмендегідей тың тұжырымдамалар мен дәлелдемелерді ғылыми айналымға енгізіп отыр:
- Асқар Алтай шығармашылығы айналасында ой өрбітіп, толыққанды таныстырылды;
- автордың шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері айқындалды;
- жазушының әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі сараланды;
- А. Алтай шығармаларының идеялық-сюжеттік құрылымын заман көрінісіне сай құрылғандығы зерделенді;
- қаламгер шығармашылығындағы мифтік сарынына назар аударылды.
Зерттеу нысанасы: Зерттеудің дерек көздері ретінде Асқар Алтай шығармаларының әр жылдарда жарық көрген еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген шығармалары алынды. Зерттеу кезінде қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған зерттеулер, монографиялық еңбектер, әдебиеттану ғылымындағы теориялық-әдіснамалық негіздеме зерттеулер, қаламгерге қатысты еңбектер мен дерек материалдары басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Қарастырылған мәселенің шешімін табуда осы тақырыпқа тікелей және жанама қатысы бар еңбектер мүмкіндігінше кең пайдаланылды. Тақырыптың маңызын толықтай ашуда сыншы, әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Қазақ әдебиетін әр қырынан қарастырған З. Қабдолов, Б. Майтанов, М. Базарбаев, Г. Пірәлиева, С. Қирабаев, А. Ісімақова, Р. Муталиева, Ә. Әліақпар, Н. Түсіпхан және т. б. ғалым-зерттеушілердің еңбектері теориялық, әдіснамалық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ, орыс ғалымдарының іргелі еңбектері мен пікірлері пайдаланылып, тиісті тұстарда сілтеме жасалды.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік мәні. Бүгінгі тәуелсіздік кезеңінде Асқар Алтайдың қаламгерлік шеберлігін оқырманға паш етіп көрсету - заман талабы. А. Алтайдың шығармаларын танып, сүйіп оқитын оқырмандары арасында оның туындыларының орны ерекше. Сондықтан да зерттеудің нәтижесін қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептерде, жоғарғы оқу орындарындағы филология және журналистика факультеттерінде жалпы және арнаулы курстар мен семинарлар жүргізуде, қазіргі қазақ прозасы бойынша дәрістер оқуда, тәуелсіздік кезеңі әдебиеті пәнінің оқу үрдісінде, оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмыста бұған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектері, жазушының өзінің әр кезеңде жарыққа шыққан туындылары басшылыққа алынып, саралау, ой тұжырымдарын жасау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістерімен жүзеге асты. Яғни, қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшелігін көрсетудегі шеберлігі жан-жақты талданып, оған жаңа таным тұрғысында талдау жүргізілді.
Зерттеудің құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АСҚАР АЛТАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ
- Асқар Алтайдың шығармашылық өмірбаяны
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік стилі бар жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік те болған жоқ емес, болды. Өйткені, әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді.
Қазіргі қазақ прозасында өзіндік орны бар, қара сөздің хас шеберлері, қоғамдық мәселелерді қарастырып жазып жүрген қаламгерлер қатарында Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы және т. б. аталып жүр. Солардың ішінде, қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар, көркем туындылары көпшілікке танымал, көрнекті қаламгер - Асқар Алтай. Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында дүниеге келген.
Әйгілі Алтайдың Марқакөл өңірінде бес мыңнан, жеті мыңға дейін алалы жылқы біткен Шонжырбай бай - Асқардың арғы атасы. Аталары: Шонжырбай, Жылқышы, Алпысбай, Құмар. Атасы Алпысбай Шәкәрім Құдайбердіұлының Зият деген ұлымен дос болған екен. Шығыс Түркістан Республикасы басшыларының бірі Сәліспен Семейде бірге оқыған. Арғы бетте генерал Мажунин дүнген көтерілісіне басшылық еткенде, оған қазақтар да қатысқан. Алпысбай ел басына күн туғанда әкесі Жылқышыдан қалған бес жүзден астам қыл-құйрықтан көтеріліске қатысқан қазақ жігіттеріне қосарлап ат та мінгізген.
Ал әкесі Құмар Мәскеу төңірегіндегі атақты Диверсиялық барлау мектебінің Шығыс барлау бөлімін бітірген. Құмарды 1935 жылы 10 жасында үйінен алып кетеді. Анасына «балаңызды оқуға аламыз» деп оңашалап айтып, Зайсан, Семей асырып, Мәскеу түбіндегі әскери-диверсиялық мектепке түсіріпті. Оқу орнына барған кезде Қасым Қайсеновті көрген екен. Советтің барлаушылық қатал тәжірибесінен өтіп, қытай, моңғол, тибет, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін сөйлеп, еркін жазған. 1942 жылы генерал Дәлелхан Сүгірбаевтың кеңесшісі болып, Совет одағынан Зайсан шекарасы арқылы Шығыс Түркістанға енгізілген. Ол тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құрысып, Алтай аймақтық Сақшы бастығы қызметіне тағайындалады. 1951 жылы Оспан батыр ұсталғаннан кейін Құмарды қызметінен алып тастап, Кеңес одағының ұйғаруымен Пекин Заң университетіне білімін көтеруге жібереді. Ол сол кездегі қазақтар арасында жоғары білімді заңгер азаматтардың санаулыларының бірі болған.
Құмар Алпысбайұлы Мағжанның «Батыр Баянын», Жүсіпбектің «Ақбілегін» әңгімелеп отыратын. «Алтайда ел нары екен қалың найман, Қытайға қалың найман қанат жайған» деп әкесінің әнге қоса ыңылдап айтқан сөздері Асқардың құлағында бала шағынан қалып қойған. Ол Шәкәрімнің көптеген өлеңдерін білетін, көп сөйлемейтін. Ал, сөйлеп кетсе, сөздің майын тамызатын. Асқардың өз анасы Меңке де сөзге ұста адам еді.
Асқар алғаш әкесінен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңін естіген. Құмар аға домбыра шертпейтін. Бірақ, өлеңді ыңылдап айтатын. «Отанды құтқару» деген Мәскеуден берілетін атақты радио толқыны болған екен. Түнгі сағат он бірден соң, сол радио желісін тыңдап, жалындаған жастық жылдарын еске алып, Шығыс Түркістанның азаттық жолында шейіт кеткен жолдастарын айтқанда, көзінен жас парлап отыратын.
Асқармен КазПИ-де бірге оқыған Жетпісбай досы екеуі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен дәріс беретін Төкен Әбдірахманов ұстазынан Мағжан мен Шәкәрім туралы сұраған кезде, Төкең екеуін оңаша алып шығып:
- Әй, сендер мені соттатқалы жүрсіңдер ме? Бұдан былай ондай әңгімені естімейтін болайын деп, - ауыздарына қақпақ қойған, - оны қайдан біліп жүрсіңдер?
-Мен әкемнен естідім, -деген Асқар.
Асқардың балалық шағы өте бай һәм құнарлы болды деуге толық негіз бар. Өз көзімен көрген жабайы аң-құс, жан-жануарлар, бала Асқарды рухани түлетті. Бала кезінен бөрі мен бөлтірік аулауға, бұғы мен аю атуға барып жүрді. Оның шығармаларында аңшылық туралы оқиғалар жиі ұшырасады. Шынайылығымен, тылсымдығымен оқырманын тамсандырады. Ал, мамыр айында Алтайдың алқызыл модағайлары кес-кестеп, қып-қызыл өрттей болып қарсы алған кезде өзі де түсінбейді, жан-дүниесі астаң-кестең болып кететін. Сондай таңғажайып сәттерді басынан кешірді.
Асқар Алтай - қысқа жазудың шебері. Ал, «Шеберлік» дегеніміздің өзі - тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс - әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу [1, 47 б. ] .
Асқардың алғашқы жазған туындысы - «Құла құнан». Төрт-бес беттік шағын әңгіме. Ондағы оқиға өмірде болған. Ағасы асау құнанды үйретіп, Семейдегі оқуына кетіп қалады. Асқар құла құнанды мініп жүреді. Кейін аяғына жем түсіп, етке өткізіледі. Құнанның қабырғалары дала тағысы зебра сияқты тарғыл болатын. Құла құнанға шығарған өлеңі де бар.
Құла құнан дегенде, құла құнан,
Қиығы бар мінер жақ құлағынан.
Шапқанда, шабысы кем бе еді оның,
Желдей ескен даланың құланынан.
Бұл әңгіме оныншы сыныпты бітіріп, КазПИ-ге оқуға түсуге дайындалып жүргенде жазылды. Бүгінге дейін ешқайда басылған жоқ. Сол күйі үстел тартпасында жатыр. Асқар аса сезімтал, әсершіл болып өсті. Сыныбындағы Сәуле есімді қызға бірінші кластан ғашық еді. Содан, ойланып, толғанып, «Біз әлі кездесеміз» деген роман жазбақ болды. Оншақты беті жазылды. Бірнеше тарауға бөлді. Кейіпкерлерін айқындады. Бірақ, сол қалпы қалып қойды. Асқардың студент кезінде жазған алғашқы көлемді шығармасы - «Қызыл бөлтірік» повесінің алатын орны айрықша. Ол осы хикаятымен-ақ әдебиет әлеміне нық басып енді. Бала жаны еліккіш, бала қиялы ұшқыр. Он екі жасар Архаттың Бал әжесінен естіген ертегісінен соң, бала қиялына қызыл бөлтірік берік орнады. Бөлтірік атаулы сұр болса, бала қиялындағы құрғыр қызыл. Бал әжейдің Қызыл бөлтірік туралы аңыз-әңгімесі ойдан шығарылмаған. Түбінде негіз бар. Міне, бала мен атасы аңға шықпақшы. Қуанышында шек жоқ. Қуанбағанда ше! Қиялындағы қызыл бөлтірікті көреді. Оған бала бек сенімді. Бала көзімен берілген көркем Алтайдың көріністері ғажап! Сұлу табиғат шалқыған көңілін тербейді әлдилеп. Іштей түлейді Архат. Кәрия сүйікті немересінің алғашқы аңшылықтан құр қол қайтпауын ойлап, небір қиындықтарға жолығып, тау-тасты аралап жүріп, бөлтірікті тауып береді. Алайда, қатты ауырып, далада қайтыс болады. Онсыз да дімкәс өкпе мен сырқат қолқа ақыры алып тынды. Бала атасынан да, әзер қолына түскен қызыл бөлтірігінен де айрылып, атасының мәйітін ауылына алып келе жатады. Ауыр мұңмен аяқталатын хикаят соңында кейіпкерді күліп атқан, кіршіксіз таң қарсы алғаны суреттелген. Тылсым табиғат түлеген. Ол баланың асқақ арманы! Жас жүрегіне қаяу түскеніне қарамастан мойымаған қайсар рухы!
А. Алтайдың тұңғыш жинағы «Қыр мен қала хикаяларына» (1998 ж) енген «Қара бура», «Қаладағы құтпандар» хикаяттары жазылу формасы соны, тұщымды туындылар. «Қара бура» хикаятындағы қара бура - символ. Қара бура - қазақтың езіп-жаншылған, сорлаған, қорланған рухы! Жиырмасыншы ғасырда қазақ халқы басынан нені өткермеді?! Тепкіні де, теперішті де, аштықты да, қуғынды да көрді. Орыс отаршыларының езгісіне көніп, ылажсыз мойын ұсынып, айдаған қойша жүре берді. Қазақты жер бетінен жою үшін, қаңғыртып жіберу үшін «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сайқал саясат желеуімен әуелі алдындағы азды-көпті малын тартып алды. Ал малдан айрылған бейшара халық бас сауғалап, быт-шыты шығып шекара асты. Аштан қынадай қырылды. Бұл апалаң-топалаңға қазақтың өз ішінен шыққан жандайшап, жағымпаз, сатқын, тайғанақ адамдар да барынша үлес қосты.
Балалық шағы өте бай һәм құнарлы болды деуге болады. Алты, жеті жасына дейін көп адамды көрген жоқ, қалың жылқы мен малды көрді. Құдды суретпен сызып қойғандай, қыл қаламның да құдіреті жетпейтін сұлу Алтайдай арда табиғаттың ортасында өсті. Өз көзімен көрген жабайы аң-құс, жан-жануарлар бала Асқарды рухани түлетті. Бала кезінен бөрі мен бөлтірік аулауға, бұғы мен аю атуға аңшы Қауқай, Буратай, Нұрғали қариялармен, әкесі Құмармен бірге барып жүрді. Содан болар, оның шығармаларында аңшылық туралы оқиғалар жиі ұшырасады [2, 10 б. ] .
Асқар Алтай Абай атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетін 1984 жылы аяқтайды. Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, «Жұлдыз» журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін, 2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директор қызметін атқарған.
«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік»(2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалар, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген. «Қызыл бөлтірік» (кітабы повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі грантын жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990), Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты [3, 25 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz