Баланың дамуына ойынның ерекшелігі
Қарағанды "Bolashaq"жоғарғы колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуына ықпалы
Пәні: Психология
Студент:Орал Д.М. М-17-1
Ғылыми жетекшісі: Алия Тусипбаева
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1
Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуына ықпал жасаудың теориялық негізі
5
1.1
Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті
5
1.2
Ойынның бала дамуына ықпалы
7
2
Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуын қалыптастыру
14
2.1
2.2
Мектепке дейінгі шақтағы ойын түрлері
Баланың дамуына ойынның ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
14
17
26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың езінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді рана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қа-тынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға авосы бар екенші бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің езі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жуйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іо әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мүндай шынайы әзара карым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонмен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады[1].
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында. байқалатын түрлі жағдайларда өзін үстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына,балалардың осы тобыныц талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына бай-ланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Қалайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын кебінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады[2].
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу (идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Курстық жұмысының мақсаты: Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуына ықпал жасаудың теориялық тұрғыда негіздеу.
Курстық жұмысының міндеттері:
- Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекетін сипаттау;
- Ойынның бала дамуына ықпалын анықтау;
- Басты іс-әрекет ойынның балаға әсерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тараудан, екі тармақтан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуына ықпал жасаудың теориялық негізі
1.1 Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті
Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе
(М. Жұмабаев).
Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді. А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді. Мектеп жасына дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін атап көрсеткен[3].
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын ала-
тын іс - әрекет бұл - ойын. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi.В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты[4].
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп жасына дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық рөлдік - ойындар, қимылды ойындар, дидактикалық ойындар жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Ойынның түрлері:дидактикалық ойын, шығармашылық ойын, сюжеттік рөлдік ойын, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, педагогикалық ойындар[5].Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.Дәл осындайды тауып ал, Салыстыр да, атын ата, Қай ағаштың жапырағы, Бірдей ойыншықты тап, Қайсысы көп, қайсысы аз Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, Қай сурет тығылды? Бір сөзбен ата, Кім байқағыш, Қиылған суреттер Ұқсасын тап, 4 - ші не артық?, Есіңде сақта, Сөз ойла, Сөз құра, Жұмбақ ойла Жақсы - жаман, Жалғастыр, Үш сөз ата.Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір -- бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу үдерісіндебалалардың тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер ұсынылады:баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады.Мысалы: сюжеттік -- рөлдік ойын: Менің сүйікті кейіпкерім!. Баланың сүйікті кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді.
Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.Баланың бойында ана тілін, ата - баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз - ұлттық ойындар. Балалар ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды[6].
Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:
:: Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.
:: Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес дайындау.
:: Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.
:: Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.
:: Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты.
Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді.
1.2 Ойынның бала дамуына ықпалы
Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет - ойын болып есептеледі.Оның жетекші іс әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойын мен алданып, үлкендердің еңбек әрекетінеаз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызады: Онда мектеп жетекшісі болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды.бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлуметтік қарым- қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны үлкендер өміріне аралаудың айрықша түрі болып саналатын ролдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра правалар беретінін біледі.
Егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасмен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны бағалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды[7].
Зейінді жинақтау , есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді.
Ойын ақыл- ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ойы әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады.Ролдік ойындардың психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі.мектепке дейінгі кешкентайлар ойынның негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс әрекеттерді жаңғарту болып табылады. Мысалы үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту- мектепке дейінгі кешкентай ойынның негізгі мазмұны, міне осы. Ойын - адам әрекетінің ерекше түрі. Психологияда ойынға детерминомтты ішкі факторларға тұлғаның жеке және қасиеттілігіне байланысты қарастырады. Ойын ересек адамдарға да қажетті спонтанды қажеттіліктерін қуаныш , бақыт алуға ынталандырады. Ойынға қажетілерін әрбір дені сау ересек неесе бала болсын қажет етеді. Бұл қасиет жануарларға да тән. Жануарлар ата анасы ме , баласы мен, заттармен ойнайды, сонымен қатар жабайы аңдар да . Экологтардың зертеулері бойынша ойын әрекетінде кейбір шартты адамға қажетті басқалар мен қарым - қатынас жасау, өзге жыныстылар мен араласу, балаларға қалай төбелесу, күресу, жүгіру және жеңілу сияқты әрекеттер орындалады. Ойын әрекеті жануарлар әрекетінен ерекшеленеді, бала ойыны . Болашақ әрекеттері емес сонымен қатар әлументтік мінез - құлқын тәрбиелейді. Ойын әрекетінде кейбір элементтер мақсат, мотив, ойын әрекеттері болады. Ойын әректінде тұлғаның барлық экстровертті қасиеті көрінеді. Ойын түрлі көріністе болуы мүмкін. Ойын сөзі түрлі түсініктерде қолданыс тапқан, философия, педагогика, кибернетика, өнертану ғылым салаларында басқа түсіністе. Стратегиялық басқару балалар ойыны, актер ойыны, психокоррекциялық ойындар, қияли ойындар мүлдем басқаша түсінікте. Атақты педагог, психолог П.П.Бланскийдің тұжырымдауынша ойын абстрактілі котегория жоқ, жеке бөлім ойындар болады. Дәл осы негізде оқу процесінде ойынның қолдану мақсаты, мазмұнын түсініп болмайды (А.А.Вербицкий) Педагогикалық системада ойын, оқу процессінің бөлігі ғана. Мұндай педагогикалық ситемалар белгілі контекстті оқыту негізінде оқыту, оқу әрекеті концепциясын құрауғы болады. Бұл А.А.Вербицкийдің еңбегіне зерттеліп, оқу нәтижелері мен жоғарғы оқу орындарында қолданыста. Жоғарғы оқу орнының студентті бірінші біліктілік деңгейі , екінші профисионалды дағдарысын дамытады. Алдынғы айтылған ойындарды екі классқа бөлуге болады.
Оқу
Жұмыс
КЕз келген ойын С:А.Шмакованың пікірінше келесілері мен ерекшеленеді;
Ойын бұл нәтижеге қарамай адамның қиялын еркін дамытатын , іс-әрекеті арқылы қанағаттандырады.
Ойын активті шығармашылық процес
Ойын эмоционалдық күй жағдай
Ойынның құрамдас бөлігі ретінде қатысады, тұрақтылықты қажет етеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі қүлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі. Тепловоз ретіңде дүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы -- оның психикасының дамуының елеулі сәті.Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шүжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік -- үйге айнала салады. Барлық, осы жәве осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат койған соң енді онымен бастапқы касиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айқалса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды. және көбірек есте сақтайды.Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмүныма зейін жииақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді[8].
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабороториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойыеда бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар жөнінде және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.
Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады[9].
Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар заттарды түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомып кеткендей. Қыздың қуырщаққа қарап отырған фотографиясын 6 жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс-тілегін ойыншық машинаның жанына отырғызған. Катюшаның айтқаны: Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды. Кішкене Катюша өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзне тән ойын тәсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып ьала қандай да бір сюжетті ойнайды. Балар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балалар да ынта іс-әрекетінің нәтижесіне ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі[10].
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар ролді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балад оқуға деген тілек пен бастапқы іс-әрекеттері қалыптасады.
Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
Ролді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Ролді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекеті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік символикалық сипатта өтеді деп ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оынң да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы - қонжық, тұтас талы - кірекей (ана аю), шарпы қорабы - қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың - қонжық, шырпы талы - оның төсек орны болу керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала оған: Бұлай болмайды!, - деп жауап береді[11].
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол ролге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер - баланың өз басына алған ролді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және т.б. міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойныға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберіді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берегн нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні ролді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты проволарды іске асыру болып табылады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны.
Балалар өздерінің. Ролді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын және бақаларды бейнелейді. Балалар ойындарда көрсетілетін шындық ролді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың оыйн сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. 5-6 жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, ауыл өмірі, көпір салу, космос корабілін ұшыру сиқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, 3-4 жастағы балалар оынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынеының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектердің ойыны бірненеш сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.
Балалар ойынның кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгіжастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипыты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжеттөңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән[12].
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар ролді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір іс-әрекетін еске түсіре отырып, тек беліглі бір заттар мен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басныдағы қуырщақтардың алдына қоймайды, пісірген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арықылы жүргізідетін қимылдармен көрсетіледі.
2 Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті ретінде баланың дамуын қалыптастыру
2.1 Мектепке дейінгі шақтағы ойын түрлері
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.
Балалардың сөздік қорын, тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.
Ойын кезінде-баланың бойында ұйымдастыру қасиеттері қалыптасады: ойлау, сөздік қор, сауаттылық, тапқырлық, шыдамдылық, өжеттілік , байсалдылық, әдептілік.
Ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді,психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Бала ойынында дақоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.
Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз -барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Ойынның түрлері өте көп.
Саусақ ойындары- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау құралы.Мысалы:Саусақтар
сәлемдеседі,Қуырмаш, Добым, Әдемі әтеш, Моншақ.т.б.
ойындарды ойнаймыз.
Қимыл-қозғалыс ойындары - балалардың дене бітімінің қозғалыс белсенділігі.дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының даму құралы.Мысалы: Бос орындық, Допты қағып ал, Жемістер-көкөністер, Ұшты-ұшты, Қаздар мен түлкі, Тышқан мен мысық т.б.ойындарын ойнаймыз.
Сюжетті-рөлді ойындар-балалардың ой-қиялын,сөздік қорын,тілін дамыту құралы.Мысалы: Дүкен,Асхана, Дәрігер, Пошта, Кітапхана, Аурухана т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz