Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар


Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский педагогический университет
КУРСОВАЯ РАБОТА
на тему: Species diversity of vertebrates of the of Kyzylorda region Zhalagash district
Образовательная программа: 6B01550 - «Биология »
Выполнила: Орынтай М. О.
Научный руководитель: к. б. н., доцент Корогод Н. П.
Павлодар 2021
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 4
1. 1 Жалағаш ауданының сипаттамасы . . . 4
1. 2 Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар . . . 5
2. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 7
2. 1 Сүйекті балықтар класы - Osteichthes . . . 7
2. 2 Қосмекенділер класы - Amphibia . . . 10
2. 3 Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia . . . 12
2. 4 Құстар класы -Aves . . . 15
2. 5 Сүтқоректілер класы - Mamalia . . . 20
3. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Жалағаш ауданы - Қызылорда облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылды. Жер аумағы - 27, 1 мың км². Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы - 9-12°С, шілдеде - 25-26°С. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Жаңадария, Қараөзек ағып өтеді. Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т. б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т. б. мекендейді.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі: Жалағаш ауданындағы омыртқалы жануарлары жайында деректер жоқтың қасы. Тіпті оның фаунасының алуан түрлілігі, саны, мөлшері, шаруашылықта алатын орны зерттелмеген. Омыртқалы жануарлар жайындағы кез - келген мәлеметтер бұл аудан үшін жаңалық. Аудан территориясында кездесетін фауна құрамын анықтау, оның қорын тиімді пайдалануға, маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған орай диссертациялық жұмыс әрі өзекті, әрі теориялық, практикалық маңызға ие болады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Жалағаш ауданының жалпы омыртқалы жануарларының биоалуантүрлілігін зерттеу және арнайы жерсіндірілген түрлерін анықтау.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері:
- Жалағаш ауданындағы Сырдария өзенінің ортаңғы ағысында кездесетін балықтардың аборигенді және арнайы жерсіндірілген түрлерін анықтау.
- Осы аудандағы Қосмекенділері мен Бауырымен жорғалаушылардың түрлерін анықтау.
- Жалағаш ауданы территориясында кездесетін құстардың сапалық құрамын анықтау.
- Зерттеліп отырған Жалағаш ауданындағы сүтқоректілердің алуантүрлілігін анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.
Жалағаш ауданының омыртқалы жануарларының алуан түрлілігі мүлдем зерттелмеген, тек кейіннен зерттеле бастады. Осы зерттелу барысында Жалағаш ауданында құстардың бірнеше түрлері қыстап қалатындығы және осы ауданда ұя салып, кейбір құстардың ұшып келу және кету мекендері екендігі анықталды, ал сүтқоректілер класына жататын бірнеше түрлері белгілі болды. Сүйекті балықтар класына жататын жойылып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген балық түрлері де тіршілік еткені мәлім болды.
Жалағаш ауданының омыртқалы жануарларының алуан түрлілігін зерттей келе бұл жұмыс теориялық және практикалық маңызға ие екендігін көрсетті.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Жалағаш ауданының сипаттамасы
Зерттеуге алынып отырған Жалағаш ауданы батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Қарағанды облысы, түстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, автотрасса жосылып жатыр, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда. Жері негізінен жазық. Солтүстігі тақыр (Дариялық тақыр жазығы), сор, сортаң, Сыр бойындағы жері шалғынды-батпақты, оңтүстікке қарай (Қызылқұм) құмды келеді. Ең биік жері - ауданның солтүстігінде орналасқан Егізқара тауы (288 м) . Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы - 9-12°С, шілдеде - 25-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 100-150 мм. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Жаңадария, Қараөзек ағып өтеді. Шеңгелдікөл, Сарыкөл, Қаракөл, т. б. көлдер бар. Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т. б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т. б. мекендейді.
Жалағаш ауданның территориясы
1. 2 Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Сырдария өзені Жалағаш ауданынан ағып өтетін болғандықтан осы өзендегі балықтардың түрлерін анықтау үшін төмендегі мәлеметтерге жүгіндік.
Қазіргі кезде Кіші Арал және Сырдария өзенін зерттеу барысында оларда балықтардың 40 түрі кездескені белгілі, бұлардың ішінде 22 түрі аборигенді түр болып саналады. Олар шортан - Esox Lucius, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, қызылқанат - Scardinius erythrophthalmus, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, арал айнакөзі - Abramis sapa aralensis, тұқы - Cyprinius karpio, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, заравшан аққайраңы - Leuciscus lehmanni, түркістан теңге балығы - Gobio gobio lepidolaemus, арал қаязы - Barbus brachycephalus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, арал шырма балығы - Sabanejewia aurata aralensis, кәдімгі жайын - Silurus glanis, арал шаншарбалығы - Pongitius platygaster, кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca .
Басқа су қоймаларынан арнайы жерсіндірілген балықтар: шұбар дөңмаңдай - Hypophthalmichthys nobilus, ақ дөңмаңдай - Hypophthalmichthys molittrix, ақ амур - Ctenopharyngodon idella, кәдімгі қырлықұрсақ балығы - Hemiculter leucisculus, амур шабағы - Pseudorasbora parva, амур жалған теңге балығы - Abbottina rivularis, амур үшерін балығы - Opsariichthys uncirostris, теңбіл кекіре - Rhodeus ocellatus, кәдімгі гамбузия - Gambusia affinis, каспий атеринасы - Atherina boyeri caspia, элеотрис - Hipseleotris cinctus, амур кекіресі - Rcinogobius cheni, кавказ бұзаубас балығы - Knipowitschia caucasica, құмдауыт бұзаубас балығы - Neogobius fliviatilis, каспий басты бұзаубас балығы - Neogobius gorlap, жыланбасбалық - Сhanna argus, медака - Oryzias latipes, өзен камбаласы - Platichthys flesus.
Сырдария өзенінде ертеректе кездесіп, кейін Қызыл кітапқа енгізілген кәдімгі бекіре (шип) - Acipenser nudiventris Lovetsky, сырдария тасбекіресі - Psedoscaphiynchus fedtschenkoi, арал албырты - Salmo trutta aralensis, шортан тәрізді ақмарқа - Aspiolucius esocinus сияқты балықтар қазіргі кезде кездеспейді.
Біздің зерттеулер бойынша жоғарыда аталған балық түрлерінен төмендегідей түрлері кездесті.
Абирогенді балық түрлері: Албырттәрізділер - Salmoniformes отрядына, шортандар - Esocidae тұқымдасына жататын 1 түр: шортан - Esox Lucius; Тұқытәрізділер - Cypriniformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 10 түр, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, тұқы - Cyprinius karpio, күміс түстес мөке - Carassius carassius, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, жайынтәрізділер - Siluriformes отрядының, жайынтектестер - Siluridae тұқымдасына жататын 1 түр: кәдімгі жайын - Silurus glanis, Алабұғалар - Perciformes отрядының, алабұғалар - Percidae тұқымдасына жататын 2 түр: кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca.
Ал арнайы жерсіндірілген балық түрлерінен кездескен түрлері: Тұқытәрізділер - Cypriniformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 5 түр: шұбар дөңмаңдай - Hypophthalmichthys nobilus, ақ дөңмаңдай - Hypophthalmichthys molittrix, ақ амур - Ctenopharyngodon idella, амур шабағы - Pseudorasbora parva, теңбіл кекіре - Rhodeus ocellatus, Алабұғатәрізділер - Perciformes отрядына жататын жорғалағыштектес балықтар - Anabantoidei отряд тармағына жыланбасбалықтар - Channidae тұқымдасына жататын 1 түр, жыланбасбалық - Channa argus.
Карта бойынша сырдария өзенінің ағысыы
Қазақстанда құстардың 20 отрядқа жататын 505 түрі бар. Олардың 32 түріне жоғалу қаупі төніп тұрса, 57 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құстардың 11 отрядқа жататын 24 түр кездесетіні анықталды. Бұл құстардың басым көпшілігі көктем-жаз айларында осы территорияда ұялайды не көктем мен күз айларында ұшып келу-кету кезінде кездеседі.
Қазақстан территориясында сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі белгілі. Олардың 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ал Жалағаш ауданында сүтқоректілердің 6 отрядына жататын 13 тұқымдасқа бірігетін 28 түр кездеседі.
Жалағаш ауданының территориясында кездесетін сүтқоректілер республика терриофаунасының 15, 5% құрайды. Бұл ауданның сүтқоректілердің республикамызға алатын орны зор, бірақ сосндада ары қарай зерттеуді талап етеді.
2. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
Зерттеліп отырған Жалағаш ауданында омыртқалы жануарлардың 5 класы анықталды, олар:
- Сүйекті балықтар класына - Osteichthes жататын, 4 отрядқа жаттатын, 19 балық түрлері, оның 12 аборигенді, ал 6 басқа су қоймалардан жерсіндірілген түрлер.
- Қосмекенділер класы - Amphibia жататын, 1 отрядтың 2 түр кездесетіні анықталды.
- Бауырымен жорғалаушылар - Reptilia жататын, 2 отрядтың 4 түрі анықталды.
- Құстар класы - Aves жататын, 11 отрядтың 24 түрі кездеседі.
- Сүтқоректілер класы - Mamalia жататын, 6 отрядтың 28 түрі кездеседі.
2. 1 Сүйекті балықтар класы- Osteichthes
Қазіргі кезде Кіші Арал және Сырдария өзенін зерттеу барысында оларда балықтардың 40 түрі кездескені белгілі, бұлардың ішінде 22 түрі аборигенді түр болып саналады. Жалағаш ауданында 19 балық түрі кездеседі, оның 12 аборигенді, ал жерсіндірілген түрлері 6.
Абирогенді балық түрлері: Албырттәрізділер - Salmoniformes отрядына, шортандар - Esocidae тұқымдасына жататын 1 түр: шортан - Esox Lucius; Тұқытәрізділер - Cypriniformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 10 түр, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, тұқы - Cyprinius karpio, күміс түстес мөке - Carassius carassius, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, жайынтәрізділер - Siluriformes отрядының, жайынтектестер - Siluridae тұқымдасына жататын 1 түр: кәдімгі жайын - Silurus glanis, Алабұғалар - Perciformes отрядының, алабұғалар - Percidae тұқымдасына жататын 2 түр: кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca. Олар:
Шортан - Esox Lucius. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1, 1 м-ге, салмағы 16 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ, ұзын жақтарының астыңғысы үстіңгісінен ілгері ұмсынған. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.
Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі, тек Орталық және Солтүстік Қазақстанның көлдерінде, Балқаш - Іле, Талас, Бқген су алабтарында кездеспейді.
Шортан - жыртқыш балық, қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Шабақтары майда омыртқасыздармен қоректенеді, ұзындығы 5 см-ге жеткенде жыртқыштыққа көшеді.
Шортандар 3 - 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Сәуір - мамыр айларында тайыз өзендерге, су температурасы 4 - 12°С болғанда уылдырығын (балықтың мөлшеріне қарай 17, 5 - 270 мыңдай, диаметрі 3 мм-дей) шашады. Ауа райына қарай, жалпы көбею мерзімі 2, 5 айға созылуы мүмкін.
Бұлар кәсіптік маңызы бар балықтар, дәмді еті үшін көп ауланады.
Түркістан қаязы (Barbus capіto conocephalus) - тұқытәрізділер, қаяз туысының түр тармағы. Қазақстанда Сырдария су алабында Шардара су қоймасынан бастап оның төм. сағасына дейін (Арыс, Бөген өз. су алабы), Шу өз-нің су алабынан Қырғызстанның шекарасына дейін тараған. Арал қаязынан айырмашылығы - тұщы суды ме-кендейді, алыс қашықтыққа қоныс аудармайды. Қабыршағы ірі, алтын тәрізді сары түсті. Денесінің ұз. 70 см, салм. 5, 3 кг-ға дейін жетеді, 10 жылдай тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 4 - 6 жылда жетіледі. Су температурасы 16 - 23ºС-қа жеткенде, сәуір айының аяғынан шілдеге дейін уылдырығын (195 мыңға дейін) топырақты-тасты жерлерге шашады. Негізінен өсімдіктермен және балдырлармен, хирономидтердің, жылғалықтардың, мизидтердің, креветкалардың дернәсілдерімен, сондай-ақ ұсақ балықтармен қоректенеді. Т. қ-ның еті бағалы болғанымен, саны өте аз, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы. Оның жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Көксерке (лат. Sander lucioperca) - алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық.
Бұлар табиғи жағдайда Балтық, Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптары және Эгей теңізіне құятын Марица өзенінде кездеседі. Қазақстанда Жайық - Каспий, Сырдария - Арал, Сарысу, Балқаш - Алакөл, Талас, Ертіс, Нұра су алаптарында тіршілік етеді. Ұзындығы 35 - 45 (91) см, салмағы 400 - 900 (11, 3 кг) г. 10 - 12 (16) жыл тіршілік етеді. Ұзынша денесі екі бүйірінен сәл қысыңқы. Жақтары мен таңдайында шошақ тістері бар. Майда қабыршағы құйрық қанатының түбіне шейін, басында желбезек қақпағына дейін жауып жатады. Бүйірінде 9 - 14 қоңыр көлденең жолақтары бар, майдаларында анық көрінеді. Жақын орналасқан екі арқа қанатының біріншісі тек тікенекті талшықтардан тұрады. Кеуде, құрсақ және аналь қанаттары ақ немесе солғын сары түсті болады. Арқа және құйрық қанаттары көптеген майда қоңыр дақтардан шұбар болып көрінеді. Жыныстық жағынан көпшілік жағдайда 2 - 4 жасында жетіледі. Әрбір аналық уылдырығын (54, 6 мыңнан 170 - 180 мыңға дейін) су температурасы 12 - 15°С болғанда (наурыздың аяғы - сәуірдің басынан мамырдың аяғына, кейде маусымға дейін), суы таза, майда тасты, өсімдік қалдығы бар тұнба-топырақты жерлерге шашады. Оны аталықтары қорғайды, бұл мезгілде олар қоректенбейді. Өте майда шабақтары зоопланктонмен, сәл ересектері зообентоспен (мизидалар, креветкалар, бүйірімен жүзушілер, хирономидтердің дернәсілі, т. б. ) қоректенеді. Мөлшері 5 см-ге жеткенде балықпен қоректенеді. Басқа жыртқыш балықтар сияқты бұларға каннибализм тән. Көксеркенің еті дәмді, қылтанақсыз, кәсіптік маңызы бар балық. Сондай-ақ олар сулардың тиімді биомелиораторы болып саналады.
Жыланбас балық (лат. Channa argus) - алабұға тәрізділер отрядына жататын, тұщы суларда өсетін балық; ұзындығы 85 см дейін, массасы 7 кг дейін болады. Тоған шаруашылықтарында жақсы өсетіндіктен Әму-дария, Сырдария су алаптарында жерсіндірілген. Жыланбастар тұқымдасының жалғыз өкілі. Амур су қоймасынан Сырдария су қоймасына жерсіндірілген, қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген тоспа жылы суаттарында мекендейді. Әдеттен тыс сыртқы түрінен басқа, жыланбаста көптеген ерекше қасиеттер бар: солардың бірі - атмосфералық ауамен тыныс алу. Сондыұтан құрлыққа шығып, кепкен бір суаттан екіншісіне бара алады. Жас кезінде ұсақ омыртқасыздармен, есейе келе, балықтар, бақалармен қоректенеді. Бұл - мешкей жыртқыш. Олардың көбеюі ең ыстық уақытта құрамында оттегі аз тоспа суаттарда өтеді. Алдымен ересектері орын дайындайды, қамыс, қоғанның ортасындағы судың бетін тазартады, сонан кейін осы жерде су астында уылдырық шашады, үлкен майлы тамшысының арқасында су бетіне көтеріліп, тыныс алады және жылынады.
Сазан (латынша Cyprinus carpio) - тұқы тұқымдасына жататын балық. Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cазаны (Cyprinus carpio carpio) және Арал сазаны (Cyprinus carpio haematopterus) бар. Біріншісі - Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 - 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2, 5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 - 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері - 1, 5 млн-дай) 2 - 3 бөліп, тереңдігі 1, 5 - 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0, 5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы - 16 - 22°С, тұздылығы 9, 6% болса жақсы жетіледі. Сазандар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты сазан саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты сазандардың дене тұрқы да кішірейіп кетті. Мысалы, қазіргі кезде ергежейлі сазанды (ұзындығы 15 см, салмағы 70 г) кездестіруге болады. Сазанның еті дәмді, етінің майлылығы 4, 1%, белогы 16, 5%; кәсіптік маңызы өте үлкен.
2. 2 Қосмекенділер класы - Amphibia.
Ж алағаш ауданының территориясында Қосмекенділер класы - Amphibia, Доғақмыртқалар кластармағы - Apsidospondyli, Құйрықсыздар - Anura (Ecaudata) jnhzls, Құрбақалар тұқымдасы - Bufonidae жататын төмендегідей түрлері кездесті. Олар:
Жасыл құрбақа (лат. Bufo viridis) . Тұрқы 70 - 90, кейде 140 мм. Терісі бұдырлы, арқасы сарғыш сұр немесе жасыл сұр. Басының екі жағында үлкен улы бездері - паратидалары болады. Шықшыт бездері үлкен.
Орманды - далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқанның, індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынады. Далалық аймақтарда, шөл, шөлейт жерлерде тіршілік етеді.
Жасыл құрбақалар Қазақстанда кең таралған, басқа қосмекенділерге қарағанда құрғақшылықты жақсы көреді.
Жалағаш ауданында жасыл құрбақалар әсіресе түнге қарай көшенің екі жағынанда автокөліктің жарығымен байқауға болады және далалы жерлерде, қамыс пен шөптердің арасында, егістік алқаптарда мекендейді.
Жасыл құрбақалар жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Наураздың аяғы - мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Қорегін түнде аулайды. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшаңмен т. б. қоректенеді.
Мамыр - маусымда суға уылдырық шашады. Онда 12 мыңға жуық ұрық бар. Жұмыртқасының диаметрі 1-1, 5 мм. Ұзындығы 3-4 м - ге жететін екі жіпшелі уылдырықтарын су өсімдіктеріне жабыстырып салады. Аталықтары 3, аналықтары 4 жасында жыныстық жағынан жетіледі.
Жасыл құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Көлбақа (лат. Pelophylax ridibundus) Бақалардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 170 мм-ге дейін жетеді. Қоңырқай, жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. Тістері үстіңгі жақ сүйектерінде ғана бар. Тілінің ұшы бос және екі айырылған. Көбінесе суда тіршілік ететіндіктен артқы аяғының жүзу жарғағы жақсы жетілген. Кейде судан жағалауға қоректену үшін шығады. Қорегін ұзын тілімен аулайды.
Олар әр түрлі аралас және жалпақ жапырақты орманды, дала мен шөлейт жердегі су қоймаларында және ағысы жылдам өзендерде мекендейді. Қазақстанда негізгі таралу аймағы Орал - Ырғыз - Торғай су айдыны мен Балқаш - Алакөл аралығы болып саналады.
Көлбақалар Қазақстанның Батысынан бастап Оңтүстік аймағында таралған.
Көлбақалардың негізгі қорегі - жәндіктер, олардың ішінде қоңыздар, қосқанаттылар, жарғаққанаттылар, түзу қанаттылар, сондай-ақ майда құстардың балапандары, сұртышқандар, басқа қосмекенділердің итшабақтары. Кейбір жағдайда балықтардың шабақтарымен қоректеніп, балық шабақтарына зиянын тигізеді.
Көлбақалар 3 жылдан соң уылдырық шашады. Аналығы су жылынғанда (15, 6 - 18, 6С-қа көтерілгенде) ғана уылдырық шашады. Уылдырықтарының саны денесінің ірілігіне байланысты (4000 - 12000-дей) болады. Уылдырық шашу мерзімі 1, 5 - 2, 5 айға дейін созылады. Су жылы болғанда ғана 7 - 10 күнде ұрықтанған уылдырықтан ұзындығы 5 - 8 мм-ге жететін итшабақтар жарып шығады. Бір апта өткеннен кейін олардың ұзындығы 16 - 20 мм-ге жетіп, белсенді қоректене бастайды.
Су температурасы 6 - 9С-та Көлбақаның белсенділігі тоқтайды да су түбіндегі шұңқырға қыстайды. Қыстаудан ақпанның аяғы - маусымның басында шығады.
Көлбақаның итшабақтары биоценозда (энергия тасымалдаушы) үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Қытайда, т. б. ) тағам ретінде пайдаланылады.
2. 3 Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia
Жалағаш ауданның территориясында Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia, Лепидозаврлар - Lipidosauria кластармағын, Қабыршақтылар - Squamata отряды, seu Ophidia отрядтармағына, Сарыбыс - Colubridae тұқымдасына жататын Көлденеңжолақты абжылан - Coluber karelini, Қызылжолақ абжылан - Coluber rhodorhachis, Теңбіл абжылан - Spalerosophis diadema кездесті.
Көлденеңжолақты абжылан - Coluber karelini. Аталықтарының денесінің ұзындығы 86-87 см - ге дейін жетеді, құйрығының ұзындығы 27 см, аталықтарының құйрығының ұзындығы 23-24 см. Бас сүйектері әлсіз болады. Қабыршақтары қаттылау, қабырға тәріздес сүйектері болмайды (без ребрышек) . Денесінің арқа жағы күлгін - сары немесе қоңырқай түсті. Арқасында құйрығының ұшынан бастап бас сүйегінің басталған жеріне дейін қара үлкен сопақша келген дақтары болады. Құйрықтарының ұшы ашық сары немесе ашық қызғышболып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz