Шетел тілін оқытуда қолданылатын технологиялар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Шетел тілін үйрену үрдісінде қызығушылықты арттыру үшін ойын әдістерін қолданудың теориялық қағидалары
Ойын ұғымының анықтамасы, ойындардың пайда болу тарихы, ойынның жіктелуі
Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
Шетел тілін үйретуде қызығушылықтарды арттыру іс-әрекеттерінің түрлері
Шетел тілін үйренуге қызығушылықты арттыруда ойын әдістерін қолдану
ІІ Шетел тілін үйретуде оқушылардың қызығушылықтарын ойын арқылы арттырудың әдістемесі
2.1 Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
2.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін ойындарды қолданудың сабақ жоспары
2.3. Шетел тілі сабағындағы ойындардың рөлі
бөлім. Коммуникативтік ойын технологиясының әдістемесі
3.1.1Шетел тілін оқытуда қолданылатын технологиялар
3.2.Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардыңсөйлеу дағдысын дамыту жолдары
3.3. Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстан болашағы - өскелең ұрпақтың жан жақты білімді де білікті болуымен өлшенеді деген болатын. Ел басы өзінің 2008 жылғы 29-мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде Тілдердің үш тұғырлығы мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп береді: Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.
Сондықтанда ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігімен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты - оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру - үлкен істін бастамасы [1, 56].
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орнымен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады деп атап көрсетті. Әр мұғалім күделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс - тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыру керек.
Осы талапты іске асыру үшін әрбір мұғалім инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алып осы әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде жүйелі түрде түрлендіріп қолдану.
Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді., еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана- сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс- әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Зерттеу өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі- иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты технологияларды қолдану өте тиімді. Коммуникативті ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, оқуға деген ынтасын арттырып, белсенділігін көтеретін-ойын.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдіс ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады. Ойын баланың көңілін көтеріп, сергітеді. Оқушылар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, қарым-қатынастарын жақсартады, тапқырлыққа үйренеді. Ойын арқылы оқушылар өздерін еркін ұстап, төмен оқитын оқушының өзі белсенділік көрсетеді. Ойын барысында барлық оқушылардың қызығушылығы артады [2, 29].
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - оқушының қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Бұл жұмыста оқушылардың ағылшын тілі сабақтарындағы педагогикалық үдерісте ойынның барлық маңыздылығы көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: ойынды оқушылардың шетел тілін оқытудағы оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
Ойын ұғымын шет тілін оқыту құралы ретінде талдау.
Ойынның негізгі кезеңдерін таңдау.
Шет тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін анықтау.
Шет тілін үйренудің бастапқы кезеңін анықтау және дәл осы сәтте ойынды пайдалану мәнін атап көрсету.
Зерттеу нысаны: ойын мектепте шет тілін оқыту үдерісі ретінде.
Зерттеу пәні: ойын шетел тілін оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде.
Зерттеу болжамы: шетел тілі сабағында ойын материалды меңгеру тиімділігін арттырады және оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін арттырады.

Ойын ұғымына түсініктеме берсек -- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.
Ойын сөзі мағынасының түп - төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс - әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал - мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс - әрекетін білдірсе, Әзілің жарасса, атаңмен ойна мақалында ойын сөзі әзіл - қалжыңға сәйкес келеді.
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан х.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды [3, 42].
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір - біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден - бір құрал ретінде саналып келді. Тек ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В. Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған [4, 102].
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, сол дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық жақтарын ашқан және олардың көзқарастары бірін-бірі толықтырған. Гераклит ойынды шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге өмірлік қажетті іс - әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.
Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы байланысқа балайды. Себебі, философия Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады.
ХVІІ - ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың бойында ген арқылы қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, олар келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп пайымдаса, Г. Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы отын энергияның әсерінен, күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.
Ойын -- өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса қажетті маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды. Ойынды шетел зерттеушілері -- К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. зерттеді.
Осы теориялардың арасында К. Гросстың теориясы көпке белгілі. Ол ойынды баланы болашақ іс-әрекетке даярлау қызметін атқарады, сондай-ақ сол ойында жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп қарастырды. Бұл теорияның құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал кемшілігі - ойынға итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол адам ойынын жануарлар ойыны тәрізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен, инстинктпен байланыстырып қателік жібереді.
Ф. Шиллердің ойын жалғастырған Г. Спенсердің теориясы бойынша ойын барысында бала өзіндегі артық күшін сыртқа шығарады. Ойынның мотивін ашуға талпына отырып, К. Бюллер ойынның негізгі мотиві ретінде қанағаттан (нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен қанағат алу) теориясын ұсынды.
Г. В. Плеханов ойынды еңбекпен байланыстырды. Г. В. Плехановтың пайымдауынша, ойын еңбекке еліктеуден пайда болған еңбектің нәтижесі. Ойын -- балалардың еңбегі. Сондай-ақ еңбек оның мазмұнын анықтайды, дәл тұжырым жасайды. Ертедегі ойындардың мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс, содан кейін осы соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Г. В. Плеханов ойынды балалармен біріге отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет деп тұжырымдайды [15, 56-69].
Г. В. Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д. Б. Эльконин ойын, ең әуелі, үлкендердің іс-әрекеті ретінде пайда болды деп жалғастырады. Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.
З. Фрейдтің теориясы бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін болмады, соны бастан өткізуге, көруге болады.
С. А. Шмаковтың пайымдауынша, ойынның табиғаты -- бұл оның құндылығы, яғни қуанышты сезімі, сергектік, өмірге белсенді кірісу, қиялы, эмоциясы.
И. Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке, өнерге теңеп, оған поэзияны, би өнерін, салт - дәстүрлердің барлығын енгізеді. Ал неміс философы И. Кант ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде танып, Г. Спенсердің көзқарасын ұстанады.
Р. Вандер Коэй мен Г. Мейес ойынның когнитивтік және эмоционалдық аспектілерінен басқа оның әлеуметтік аспектісін айқындаған. Балалардың ойынына жолдастары, ата - аналары, мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігі дәлелденген. Олар үш аспектілердің ішінде әлеуметтік (қоршаған орта) аспектісі басым деп тұжырымдайды.
Кеңес философтары М. Каган, В. Демин ойынды адам әрекетінің құрамдас бір бөлігі деп қарастырғаны белгілі.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде - ақ атақты ғұлама ойшылдар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [5, 106-109].
Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс - әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа, ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған. Дж. Локк та, Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асырылуын қойған.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф. Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептеледі, ол қимыл - қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф. Фребель ойындарының мазмұны баланың ой - өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
К.Ушинский: Сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады,- деген ой айтады.
Н. Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген,- деген пікір айтады.
В. Сухомлинский: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты,- деген ой айтады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ал, Бабанский: Ойын бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі,- деп қараған.
С. А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
әрекеттің эмоционалды жағынан көтерінкі болуы, яғни жарыстың орын алуы;
ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар [6, 25-28].
Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым - қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез - құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар: Л. Занков, Л. Выготский, Д. Узнадзе, С. Рубинштейн, А. Леонтьев, Д. Эльконин, А. Люблинская, В. Мухиналар айналысты [7, 54].
Д. Эльконин төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды жетекші іс - әрекет сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлттық ойынның тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген .
Егер адам өмірінде қарым-қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе (Божович Л. И., Запарожец А. В., Лисина М. И., Любминская А. А., Шерьязданова Қ. Т. және басқалары), онда қарым-қатынас дара түрде қарастырылып оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі. Артемова Л. В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Тетлицкая И.Б., Щербакова Е.И., зерттеулерінде ойын әрекетіне (жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста) қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылады.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Ойынның элементі барлық белгілі мәдениеттерде кездеседі. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол -- ойын [8, 67].
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш рет оны Анна Фрейд II-ші дүние жүзілік соғыс кезінде Лондонды бомбылауды бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы-мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.
Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Дэвид Левидің жұмысында алдын-ала құрылған ойындар мен әсер етудегі қандайда бір психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Леви ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасайды.
Джесеп Тафт пен Фредерик Аленнің көңіл қою ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады.
Ойын әсерінің төртінші ірі бағыты болып Вержинин Экслайп жұмысы табылады. Ол ойынның принципін жақсы қолданады (мысалы, индивидтің өсуге талпынуы, индивидтің өзінің дамуын басқара алу қабілеті).
Ә. Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады [9, 17].
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ойын әрқашан жеңіске қалай айтуға шешім қабылдауды болжайды. Бұл оқушылардың ойлау әрекетін шиеленістіреді. Осы ойында балалар қоғамдық функцияларды, мінез-құлық нормаларын меңгереді.
1.2. Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
Ойын - балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі болып табылады. Ол әрқашан адам өмірінде негізгі орынды алады. Ол - адамның сәтті түрде жеке тұлға болып қалыптасуына және қабілетінің дамуына жағдай жасайды. Ойын - адамның тек ой әрекетін емес, сонымен қатар эмоционалды қиналысын талап ететін ерекше ұйымдасқан әрекет. Сабақты жоспарлағанда оқушыларға тек жаңа сөздерді немесе қандайда бір құрылымды жаттату ғана емес, сонымен қатар әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына қажет болатын жағдайлар жасау керек. Оқушылардың шет тілін тілі пәніне қызығушылығын жоғалтпас үшін оқушыларды жұмыс жасаудың қандай жолдары қызықтыратынын түсіну маңызды. Бұл жерде сабақтың сапасын және тиімділігін арттыратын бірден-бір жол, ол - ойын. Ойынды қолдану жақсы нәтиже береді. Оқушылардың біріншіден, пәнге қызығушылығы артады, зейіні оянады, оқытудың негізі - сөйлеу іскерлігін меңгереді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, өз-өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Ойын оқушылардың шығармашыл дара болып қалыптасуына, кез-келген жұмысты шығармашылықпен істей алуға көмектеседі. Ойында оқушылар барлығын бірге жасайды: олардың ойы, ішкі ойы , қиялы бірге жұмыс істейді. Ойын арқылы мұғалім оқушыға диагноз қойып, баланы тани алады. Ол арқылы баланы сергітуге, қолдау көрсетуге болады. Ойын арқылы балалардың негізгі психикалық қасиеттерін дұрыстауға, жақсартуға және дамытуға болады. Ойын қалай әрекет ету, не айту және қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға жетелейді.
Ойын арқылы сөздің айтылуы, грамматикалық материал белсенді түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын арқылы баланың шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін үйренуге деген қызығушылығын оятады..
Ойын - тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушының сөз байлығын молайтып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді, сөйлеу мәдениетін меңгеріп, қалыптастырфады. Өйткені сөздерді дұрыс айту, дұрыс жаза білу - тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Мұғалім мәңгі ізденіс үстінде болып, сабағының қызықты да тартымды болуына жағдай жасайды. Бұл дегеніміз мұғалімнің шығармашылық қабілетін шыңдай түседі, әрі өз алдына қойған мақсатына жетуге ықпал етеді.
Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік Меніңқалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - Ойын арқылы оқыту технологиясы. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Мокаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазіргі Қазақастандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Шет тілін тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде шет тілін тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындарды барынша қолдануда.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің көп білуді сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік - сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, т.б. осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы , ойындарды оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс - әрекеті болып табылады, сондықтан шет тілін тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып, әр түрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды шет тілін тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әр түрлі тапсылмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене қызыға отырып, шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Шет тілін тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту;
Орфографияны дұрыс оқыту;
Оқу дағдысын қалыптастыру;
Лексиканы меңгерту;
Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларые қалыптастыру;
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын ,тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятыпынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
1.3. Шетел тілін үйретуде қызығушылықтарды арттыру іс-әрекеттерінің түрлері
Біздің елімізде байқалып отырған шетел тілдерін оқуға деген қызығушылықтың артуы басқа елдерде де орын алып отыр. Оның артында таза практикалық қызығушылық ғана емес, халықтардың бір-біріне өсіп келе жатқан орналасуы, жан-жақты қарым-қатынас қажеттілігі, әлемдік қоғамдастықтың қарым-қатынастағы үйлесімділікке ұмтылуы, ең бастысы, қазіргі ұрпақ арқылы жаңа қарым-қатынасты қалыптастыру ниеті тұр.
Шет тілі құралдарымен білім беру оқытылатын тіл елінің мәдениеті, тарихы, шынайылығы мен дәстүрі туралы білімді, оқушыларды мәдени диалогқа енгізуді, басқа ұлттардың жетістіктерімен танысуды және олардың жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесін көздейді.
Осылайша, білім беру жүйесінің алдында оқушыларды, өзге де әлеуметтік дәстүрлермен, қоғамдық құрылыммен, тіл мәдениетімен ел өкілдерімен мәдени, кәсіби және жеке қарым-қатынас жасауға дайындау міндеті тұр [10, 7].
Оқушыларды шет тілін үйренуге ынталандырудың көптеген жолдары бар, мұғалім шет тілін оқытудың басты мақсатына жету үшін мотивациялық құралдар мен тәсілдердің барлық арсеналдарын елестету керек.
1. Сабақта қолайлы атмосфера құру
Шетел тілін үйренуге және қарым-қатынасқа деген мотивацияны сыныпта тілектестік атмосферасын құрмай жасау мүмкін емес. Сабақта табысқа жету жағдайын жасау қажет. Балалардың өз күшіне сенім мен оптимизм сезімін тәрбиелеу маңызды. Ол үшін мұғалім оқушылар мен әріптестеріне оптимистік көңіл-күй сыйлауы тиіс. Балалардың тапсырманы орындау кезінде жұмсаған күш-жігеріне назар аудару керек. Балаға табыс сәтсіздіктен құралатынын айту керек. Балаларды өздерінің ғана емес, сондай-ақ корпоративтік жетістіктерін бағалай білуге үйрету маңызды.
2. Желілік қарым-қатынас
Шет тілі мұғалімдеріне арналған сайттарда шетелдік құрдастарымен хат алмасу сайттары бар, онда қызығушылық танытқан оқушылар хат жазысуға достарын жеткізе алады. Бұл шет тілінде тәжірибе алмасудың, өз тілдік дағдыларын жетілдірудің тамаша мүмкіндігі.
Оқушыларды оқу блогтарында, желілік конкурстарда және дистанциялық олимпиадалар мен жобаларда жұмысқа тарту бойынша белсендендіру қажет. Мұндай жұмыс танымдық қызығушылықты белсендіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, үлкен ақпараттық кеңістікте бағдарлауға үйретеді.
3. Тіл тасымалдаушылармен кездесулер мен пікірталастар
Тіл тасымалдаушылармен кездесулер мен пікірталастар-оқушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратын тағы бір стимул. Пікірталастар кезінде мектеп оқушыларында тіл тасымалдаушылармен ауызша сөйлеуге және тыңдалым дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз тіл деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік бар, бұл көпшілікті шет тілін тереңдетуге мәжбүр етеді. Ауызша сөйлеуді меңгерген оқушылар үшін өз ой-пікірін нақты және айқын білдіру және пікірталаста өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бар. Пікірталас барысында оқушылар тіл тасымалдаушылармен қарым-қатынас тәжірибесін игеріп қана қоймай, шетелдіктермен алғашқы қарым-қатынас кезінде туындайтын психологиялық кедергілерді жеңеді.
4. Нақты материалдармен жұмыс
Шет тілін оқыту маңызды білім беру мақсатын көздейді - оқушыларды Оқытылатын тіл елінің мәдениетін әлемге енгізу, оларды мәдениетаралық деңгейде қарым-қатынас жасауға дайындау.
Тіл тасымалдаушылармен барабар қарым-қатынас және өзара түсіністік іскерлігін дамыту әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің қалыптасуын білдіреді. Бұл үшін шет тілдері бойынша қазіргі заманғы ОӘК дәлме-дәл материалдарды қамтиды, бұл оқу материалдарының мазмұнын оқушы күнделікті өмірде болуы мүмкін нақты жағдайларға жақындауға мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда "түпнұсқалық" "түпнұсқалық"дегенді білдіреді. Бұл термин көбінесе сабақта қолданылатын мәтіндерді сипаттау үшін қолданылады. Бастапқыда оқу мақсаттарына арналмаған мәтінді дәстүрлі түрде бірдей деп санауға болады. Алайда "дәлме-дәлдік" ұғымы оқу үдерісінің басқа тараптарына таралады.
6. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Қазіргі мұғалімнің негізгі құзыреттілігінің бірі-сабақтарда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға уақытпен бірге жүруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оқыту процесін қызықты етеді. Бұл технология оқытуды проблемалық, шығармашылық, зерттеу белсенділігіне бағытталған етеді.
Электрондық құралдармен жұмыс маңыздылығы жағынан маңызды болып табылады. Мұндай жұмыс үнемі оқушыларға қызықты, тіл тасымалдаушылардың сөйлеу әрекетінің әр түрлі түрлері бойынша материалмен жұмыс істеуге немесе оның еліне виртуалды саяхат жасауға болады, ал өз білімін тексеруге болады, қиындық дәрежесі бойынша оқу тапсырмаларын ұсынуды реттеуге мүмкіндік береді.
7. Желілік конкурстар мен олимпиадаларға қатысу
Қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу оқушылардың білім деңгейін арттыру, өзін-өзі жетілдіру және оқытудың тиімді тәсілі болып табылады. Қашықтық олимпиадалар оқушыларды өз білімдерін тексеруге, өзін-өзі бекітуге, емтиханға дайындалуға, өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға ынталандырады. Қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу мектеп пәндерін тереңдетіп оқытуға әкеледі, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады,сондай-ақ шет тілін үйренгісі келетін және жоғары сыныптарда шет тілін қарқынды оқуды жалғастырғысы келетін оқушыларды анықтайды.
8. Музыка
Музыка-оқушылардың сезімдері мен эмоцияларына әсер етудің ең қуатты тәсілдерінің бірі. Музыка мен ән шет тілін үйренуде баға жетпес көмек көрсете алады. Ән энтузиазмның үлкен құлшынысын тудырады және жағымды және сонымен қатар, шет тілді елдердің мәдениетін зерттеуге ынталандыратын тәсіл болып табылады. Сабақ соңында басынан ұшып кететін грамматикалық құрылымдарға қарағанда, жақсы әндер ұмытылмайды, әндер ұзақ өмір сүре алады және біреудің мәдениетінің бір бөлігі бола алады
9. Драматизация
Драматизация тәсілдері сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамытуға, сондай-ақ ассоциативті ойлауды, есте сақтауды, ұжымда қарым-қатынас дағдыларын, оқушының шығармашылық бастамаларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Драматургия барысында оқушылар диалогтік сөйлеудің дағдылары мен дағдыларын жетілдіреді, өз рөлдерін мәнерлеп оқуға үйренеді, сахналық грамотаның кейбір элементтерін меңгереді. Драматургияның ерекшелігі-тілмен және материалдың сөйлеу жағынан бір уақытта оның сахналық көрінісімен жұмыс жүргізіледі. Жас әртістерге ойналатын диалог барысында қалай дұрыс қозғалатынын, қимыл-қимыл мен мимиканы меңгеруді, көрермендерге естігенде жақсы дикциямен дауыстап сөйлеуді көрсету қажет. Мәні драматизации игеруде іскерлік пен дағдылары сөйлеу әрекетінің анықталады, өйткені ол жоққа шығарады және механикалық ойнату материал. Драматургия барысында нақты жағдайлармен тікелей байланыс орнатылады, бұл тілдік материалды меңгеруге және оқытылатын тілде қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.
10. Ойын
Коммуникативтік-іс-әрекет әдістемесі Шетел тілі сабақтарында нақты қарым-қатынасқа жақын жағдай жасауды көздейді. Мұндай жағдайлар оқу-сөйлеу жағдайларының көмегімен жасалады: олар қарым-қатынасты ынталандырады, оқушылардың пікірін ынталандырады және оқытылатын тілдік материалды жандандыруға мүмкіндік береді. Жаттығу кезеңінде ойын жағдайларын жасаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі тілдік және сөйлеу ойындары болып табылады. Ойын тапсырмаларын шешу кезінде сөйлеу белсенділігі ой және эмоционалдық үйлеседі: ойында тез шешім қабылдау, тапқырлық пен тапқырлық, қиялды көрсету, рөл атқару қажет. Ойын кезінде оқушылар үнемі сөйлеу дайындығында болады, мұғалімдер мен бір-бірін мұқият тыңдайды; сөйлеу үлгілерін және оқитын сөздерді шаршамай және скукисіз бірнеше рет қайталай алады. Бұл жағдайда лексикалық және грамматикалық материалды жақсы меңгеруді қамтамасыз етеді [11, 21-24].
Ойын жағдайлары әрбір сабақта нақты тілдік материалды қолдануды ынталандырумен ғана емес, сонымен қатар қолайлы психологиялық климат туғызумен де құнды. Ойын оқушылардың өзіне сенімсіз сөйлеуіне және сенімсіздік кедергісін жеңуіне мүмкіндік береді [12]. Ойында әркім рөл алады және сөйлеу қарым-қатынасында белсенді серіктес болуы керек. Ойындарда оқушылар әңгімелесуді бастау, оны қолдау, әңгімелесушіні тоқтату, қажетті сәтте оның пікірімен келісу немесе оны теріске шығару, нақтылайтын сұрақтар қою сияқты қарым-қатынас элементтерін меңгереді. Ойын бастауыш және орта кезеңдерде ғана емес, сонымен қатар оқытудың озық кезеңдерінде де тиімді.

Шет тілі сабағының тиімділігін арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын мәселе. Білім деңгейі, пәнге деген қызығушылық сабақтың сапасына байланысты. Ынтамен жұмыс істейтін, өз жұмысын сүйетін және балаларды түсінетін мұғалімдер үнемі білім алушылардың ойлау қызметін жандандыратын шет тілін оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін іздейді, оқу процесін сапалы, тиімді және сонымен қатар тартымды әрі қызықты етуге мүмкіндік береді [13, 12].
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің бірі оқу қызметінің қандай да бір түріне стандартты емес, бірегей формаларды беру болып табылады. Соңғы уақытта шет тілін оқытудың ойын нысандарын пайдалануға көп көңіл бөлінеді.
Ойын шет тілі сабағында коммуникативтік бағытты құрудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Кіші кезеңде ол сабақтың қажетті компоненті болып табылады. Ол оқу процесін айтарлықтай қарқындатады.
Ойын балалардың қызығушылығы мен белсенділігін тудырады және оларға өздерін қызықтырған іс-әрекеттерде көрсетуге мүмкіндік береді, өзге тілді сөздер мен ұсыныстарды тез әрі берік есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл материалды білу ойынға белсенді қатысудың міндетті шарты, ал кейде ұтыстың міндетті шарты болып табылады [14, 59]. Ойын тек қана жетілдіруге, сонымен қатар жаңа білім алуға мүмкіндік береді, өйткені жеңіске ұмтылу ойлауға, өткенді еске алуға және барлық жаңалықтарды есте сақтауға мәжбүр етеді. Ойынның тағы бір шарты-оның балаларға қол жетімділігі.
Ойын балалардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынас жасауға ұмтылысын белсендіреді, сөйлеу серіктестігінде теңдікке жағдай жасайды, мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні бұзады.
Сондай-ақ, мұғалім әуестеніп, оқушыларды ойынға қызықтыруы маңызды. Әлбетте, бұл үшін өзіңізді қызықтыруыңыз керек. Мысалы, егер ойын бастапқы бекіту кезінде жаттығу жаттығулары ретінде пайдаланылса, онда оған сабақтың 20-25 минутына алаңдауға болады.
Одан әрі сол ойын 3-5 минут бойы өткізілуі мүмкін және өткен материалды қайталауға, сондай-ақ сабақта қайталауға қызмет етеді. Бірнеше грамматикалық ойындар, мысалы, жаңа материалды енгізгенде тиімді болуы мүмкін.
Жеке және тыныш ойындарды сабақтың кез-келген сәтінде орындауға болады, ұжымды сабақ соңында өткізу керек, өйткені оларда жарыспалылық элементі айқын көрінеді, олар қозғалушылықты және т. б. талап етеді.
Ойын кезінде қателіктерді бекітуге келетін болсақ, мұғалімнің оны оқушыларды алаңдатпай, олардың қызметін ынталандыру ойынның ауызша өтуі, ұжымда дұрыс тұлғааралық қарым-қатынас жасау үшін қажет.
Ойындардың көпшілігі жарысқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz