Септіктер Септіктердің жалғаулары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І тарау. Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы
1.1. Зат есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Сын есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .20
1.3. Етістікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту.
2.1. 3-сыныпқа арналған етістікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..33
2.2.Етістікті оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .55

Кіріспе
Білім беру жүйесінің басты міндеті - Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті - ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Зерттеудің өзектілігі: Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптарын оқыту болып табылғандықтан, жұмысты жазуда 2 және 3-сыныпта сөз таптарын оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу басшылыққа алынды. Бұл тақырыпты өткенде, 1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алса, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп атамай,1-сы-ныпта аталғанындай басталады да, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білдірудің мақсаты морфологияны жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді: сөз байлығын молайтады, ой өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді. Сөз - сөйлем құраудың матеиалы. Сондықтан бұл тарау бойынша жұмыс жүрізгенде, оқушы сөйлем ішіндегі керекті сөздерді дұрыс танып, ол сөздерге сұрақтарды дұрыс қоя алатын болсын. Сөздерге сұрақ қоя отырып айыруды керемет күшке айналдырмау керек. Әдетте, мұғалімдер балаға сөз, сөйлем мүшелерін танытқанда, пәлендей сұраққа жауап болатындар, мысалы, зат есім болады, не бастауыш болады деп жатады. Ол дұрыс емес. Дұрысы - керісінше: зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш болғандығынан белгілі сұраққа жауап болады.
Тақырыпты таңдау себебі: Бүгінгі күні мемелекеттік тілді оқытудың әдіс тәсілдеріне аса зор көңіл бөлінуде екені бәрімізге белгілі. Оның үстіне келешек маман ретінде ұстаздық жұмысты бастамас бұрын өз мамандығымды жете білу мақсатында жаңа технологиялық әдістерді зерттеп білу қажет деген талап мемлекеттік тілді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары деген тақырыпты таңдауыма себеп болды.
Жұмыстың мақсаты: Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
І тарау. Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті - сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру, - дейді. Сондықтан ол бастауыш сыныптан бастап үйретіледі.
1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алып, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталмай, 1-сыныпта заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздер деп беріледі, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білудің мақсаты морфологиясы жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді, сөз байлығын молайтады, ой-өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі 2-сыныптан бастап оқытыла басатайды. Бұл сыныпта оқушылар сөздердің семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни, сөз таптарынан алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз таптары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, Бас әріппен жазылатын сөздерді, қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның есебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, санын, сынын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушы бұл соңғы дағдылырын меңгермесе, кейінгі Сөйлем тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды. Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы 3 деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда үлгерімі төмен, баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? -- деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.ІІ деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немес өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша,ІІІ деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер, тапсырмалар беріледі.Ал ІҮдеңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады. І деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса 3алады.ІІдеңгейді орындаған 10 ұпай жинаса 4 алады.ІІІ деңгейді орындаған 15 ұпай жинайды 5 баға қойылады.ІҮ деңгейге 20 ұпай 5 деген баға алады.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін қолдану
Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:
· Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;
· Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері
Оқыту технологиясының тиімді жақтары:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
4. Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
5. Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады.
6. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты:
1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.
2. Дарынды балалар болса қушының - зерттеу жұмыстарын дамыту.
3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.
Осы нәтижелерге жыл басынан тәжірибе жасай отырып, өзім беретін 3 сыныпта ең әлсіз оқушылыр мен ең мықты деген оқушыларды іріктеей отырып, олардың шын мәнінде жаңа айтылған жоғарыдағы қасиеттер қажет ететінін байқадым. Олардың барлығы өздерімен жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Оларды сыныпта отырған өзге оқушылардан артта қалмас үшін әр сабақ үстінде, сол өтілген тақырып бойынша оқулықтан тыс, жеңіл тапсырмалар беру арқылы жұмыс жасаймын. Содан соң барып, оқулықтағы ең жеңіл деңгейдегі А-нұсқасын орындауға жүгіндіремін. Соның нәтижесінед ол оқушылар өздерін қалған оқушылармен бірдей деңгейде жұмыс істеп отырмын деп санайды. Нәтижесінде жеңіл тапсырмаларды берудің барысында оқушының да ынтасы арта түседі.
Керісінше шамасы келмегеніне қарамастан басқалармен бірдей тапсымаларды орындағысы келеді. Бірақ, бұдан еш нәтиже шықпайды. Неге? Өйткені бұл балардың психологиясы жас ерекшелігіне қарай жеке талапты көп қажет етпейтін сияқты. Олар өзгелерден кем болғысы келмейді. Сөйте тұра олардың пәнге деген қызығушылығы да жоқ деп айта алмаймын. Олар кейде сабақ арасында айтылатын қызықты, логикалық есептерге көңіл бөле алады, ойлап, шешуге тырысады. Ал қазақ тілінен де оқушылардың білімін тексеруге болады. Мұндай кезде ондай оқушыларды қолдап, қолпаштап отыру керек жарайсың мықтысың деген сияқты сөздер айту керек.
Жалпы қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру - сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.
Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білулері қажет.
Қазіргі білім берудің мақсаты - танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін, өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары - бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмыс.
Өзіндік жұмысты орындау кзінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс-әрект барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкешілікке сезіну қалыптасады.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік-нұсқау беру, оқушылардың мақсаты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:
* өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
* оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу;
* оқушылардың істейтін жұмыстарының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік-жігерімен, қалауымен орындауы;
* оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.
* Қазіргі уақытта оқушыларға математикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылаған:
* оқытудың немқұрайлы жақтарын жою;
* оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту;
* оқушыларға практикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру және т.б.
Оқушылардың білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде
оқушылардың өздері талпыну керек.
Дегенмен, олар сол деңгейлерді өз бетінше орындауға талпынды.Деңгейлеп оқыту кезінде мұғалім өзіне:
1)Теориялық даярлық;
2)Сапалы сабақ жоспары;
3)Пәнаралық байланыс;
4)Уақытты тиімді пайдалану;
5)Көрнекілік-құралдармен,ойындармен түрлендіру;
6)Тәрбиелік мәні;
7)Ұлттық элементтердің тиімді қолдану талаптарын қоя білуі керек;

1.1. Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды.Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің категорияларының негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады.
Екіншіден, мұғалім Ү сынып көлемінде оқылатын зат есімнің грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.

Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі - көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін иатериалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі.
Бағдарлама бойынша зат есімнің морфологиялық белгілері ІІ сыныптан бастап оқытылады. Бастауыш мектептің ІІ сыныбында зат есімнің жекеше, көпше түрі, көпшенің морфологиялық белгісі өтіледі де, ІІІ - ІҮ сыныптарда бұл қайталанып оқытылады.Ү сынып оқушыларына зат есімнің жекеше, көпше түрлері бастауыш мектептің өзінде таныс болғандықтан, енді оларды грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейнеленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім солардың мағынасын түсіндіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін көптік жалғауы жалғанатыны туралы ережемен таныстырады. Сонымен қатар оқушыларға көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге жалғану варианттарын шатастырып алушылық және неліктен бір жалғаудың түрленіп вариантқа бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігі еске түсіріліп қайталанылады да, үндестік заңына байланысты сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке әуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі.
Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады.
дауысты
р
й -лар, -лер
у
з
ж
л
м -дар, -дер
н
ң
қатаң
дыбыстан -тар, -тер соң
Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай:
Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз.
Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы - лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.
Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:
Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз:
1. Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға.

2. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен - дар, -лер болып тұр?

3. Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса.

4. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір.

5. Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір.
Бұл сияқты кеспе қағаздарын үлестіріп берген соң, Тыңдап отырыңдар, қатесі болса, түзейсіңдер деген ескерту айтып, мұғалім кеспе қағазы арқылы жауап беретін оқушылардың жауабын үнтаспаға жазып алады да, өздеріне қайта тыңдатып, оқушы жауабының дұрыс не теріс екенін тексереді. Жаңа материалды бұлайша бекітіп, жаттықтыру - сабақты жандандырып, түрлендірудің бір түрі және балалардың ынта-жігерін арттыру үшін қолайлы.
Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:
1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа.
2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң.
3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм.
4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш.
5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас.
6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар.
7. Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ.
Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн.
Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсініле бермейді. Бұл Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр.1 Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.(Абай). Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті, қатысты болуы - тілдегі

1 Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 62 бет.
ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын - нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік
грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан. Бағдарлама бойынша бұл категория ІІ сыныптан бастап, ҮІІ сыныпқа дейін оқытылады. ІІ сыныпта оқушылар зат есімнің тәуелдік жалғауы, тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары тек адамға айтылатыны жайлы мағлұмат алса, ІІ, ІҮ сыныптарда бұл мағлұматтарды қайталап өтеді.
Ал Ү, ҮІІ сыныптар аралығында зат есімнің тәуелденуі тақырыбын оқыту барысында мынадай мақсат қойылады: Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.
Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.
Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:

деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.

Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.
Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін
Колхоз + дың мал + ы
Оспан + ның киім + і
Ахмет + тің бала + сы
деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап - кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.
Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе - түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім - бөркім, халық+ым - халқым, ауыл+ым - аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1. Тақтаға мынандай сөйлемдер жазып, олардан тәуелдік жалғаулы сөздерді, оның қарым-қатынасқа түсіп тұрған иелік сөзін қоса тапқызып, бұл

1 Әуелбаев Ш. Грамматикалық кестелер. Алматы. 1980ж.
жалғаудың нешінші жағында екенін ажыратамыз.
Менің әкем күндегісінен ерте оянды.
Оның қарындасы мектепке тұңғыш рет барады.
Біздің мақсатымыз - сабақты жақсы оқу және үлгілі болу.
2. Кеспе қағазымен жұмыс Төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тәуелдеу міндеттеледі. Оқушылардың жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тәуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз.

Отан ел ауыл, шана ой сөз
ақыл тілек көмек газет үй бақша
өз қоян мектеп доп кітап

Үлгі:
1. Отан сөзін І, ІІ, ІІІ жақта байланысқа түсетін сөзімен жекеше, көпше түрде тәуелде.
2. Ес, ақыл, ой сөздерін ІІІ жаққа қойып тәуелде.
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі - септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта Сөз таптары тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта Зат есімнің септелуі тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.
Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі - дің, жоспар сөзіндегі - нан, біздер сөзіндегі - ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер... жаңа жоспары... біздер... тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз тұратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз. Мұнан соң инженер, жоспар, біздер деген сөздердің қарым-қатынасқа түсіп тұрған тіркесін аңғартып, бұл үшін тіркестің өзара бір-бірімен септік жалғауының қосымшалары арқылы қарым-қатынасқа түсіп тұрғанын айтамыз. Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен әр септіктің беретін мағынасы қоса түсіндіріледі.
Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар? деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл бормен әрқайсысының сұрақтарын жазамыз. Ол сұрақтардың кім? не? деген негізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің тұсындағы кім? не? Сұрағына қосылып тұрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жөн.
Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.
Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы - грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы - мектеп маңы, есіктің тұтқасы - есік тұтқасы. Ілік септігі жалғауларының ашық түрде қолданылатыны мынадай жүйеде түсіндіріледі.:
1. Иелік мәнді білдіретін жалқы есімдердің ілік септік жалғауы үнемі ашық айтылады: Асқардың кітабы.
2. Иелік мәнді сөздер есімдіктер болса, олардың ілік септігі үнемі ашық айтылады: Менің қаламым.
3. Заттанған сөздердің ілік септігі ашық айтылады: оқығанның білімі көп.
4. Тәуелдік жалғаулы сөздер ілік септігінде жұмсалғанда ашық қолданылады: Апамның ұршығы.
5. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің аралығына сөз түсіріліп айтылған жағдайда ілік септігі ашық айтылады: Кітаптың ішкі беті.
Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік ұғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте тұруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.
Табыс септік. Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Табыс септігі қимылдық ұғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керек деген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сұрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады. Демек, сүрту керек деген сөз тіркесі тақтаны деген сөздің табыс септікте тұруын қалайтыны ескертіледі. Табыс септігі ілік септігі сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де қолданылатыны ескеріліп, үнемі ашық түрде айтылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып әңгімеленеді. Мынадай табыс септігі ашық қолданылады.
1. Кімдер? Кімдерді? деген сұрақтарға жауап беретін жалқы, жалпы есімдердің табыс септігі ашық қолданылады. Мысалы: Амантайды Асқар көп ойлады.
2. Тәуелдік жалғаулы сөздердің табыс септігінің қосымшалары ашық айтылады. Мысалы: Балалар уақыттарыңды дұрыс пайдаланыңдар!
3. Табыс септігіндегі есімдіктердің қосымшалары түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Омар сені іздеп келіпті.
4. Табыс септігіндегі сөз бен етістіктің арасына сөз салынып айтылса, қосымша түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Ол кітапты тез оқиды.
Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Мысалы: ол мектепте болды.
Шығыс септік. Шығыс септігі - септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді. Мысалы: Олар мәскеуден келді. Шығыс септігіндегі сөздердің мағынасы мен сөйлемдегі қызметі төмендегі мысалдар арқылы түсіндіріледі:
1. Ғарышкерлер Байқоңырдан (қайдан?) ұшырылады.
2. Еңбек сабағында пластилиннен (неден?) ат жасадық.
3. Асқарды алыстан жүрісінен (несінен?) таныдым.
4. асқардан (кімнен?) Омар жақсы оқйды.
Бірінші сөйлемдегі Байқоңырдан деген шығыс жалғаулы сөз қайдан? деген сұраққа жауап беріп, шыққан орынды білдіріп, екінші сөйлемдегі пластилиннен деген сөз неден? деген сұраққа жауап беріп, заттың неден істелггенін білдіріп, сөйлемде толықтауыш болып тұр.
Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің құралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Мысалы: Адам еңбегімен бағаланады. Көмектес септігінің - мен, -бен, -пен түрлері жиі қолданылады, ал - менен, -бенен, -пенен түрлері қазіргі тілімізде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі - олардың жуан варианты жоқ. Бұлардың түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайтыны, көмектес септіктің беретін мағыналары да, сөйлемдегі қызметі де түрліше болып келетіндігін сөйлем талдау арқылы түсіндірген ұтымды болады. Мысалы :
1. Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.
Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмен деген сөздер немен деген сұраққа жауап беріп, істің нендей құралмен істелетінін білдіріп тұр. Сол сияқты жолдастарымен деген сөз кімдермен? Деген сұраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп тұр.
Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен әр септіктің тұсына жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс:

1. Атау кім? не? бала шеге
2. Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің
3. Барыс кімге? неге? балаға шегеге
4. Табыс кімді? нені? баланы шегені
5. Жатыс кімді? неде? балада шегеде
6. Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден
7. Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен

Бұл көріністен жоғарыда айтылғандардан басқа бала, шеге сөздеріндегі септік жалғауларының дәл кім? не? сұрақтарындағыдай түрленіп тұрғанын, буын үндестігіне байланысты қосымшалардың жуан, жіңішке түрлерге варианттанып тұрғанын айту қажет. Бұдан соң дыбыс үндестігіне байланысты да әр септіктің қосымшаларының түрлі вариантта келетінін мына кесте арқылы түсіндіреміз.

Септіктер Септіктердің жалғаулары
1. Атау
2. Ілік
3. барыс
4. табыс
5. Жатыс
6. Шығыс
7. Көмектес Жоқ
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е
-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
-мен, -бен, -пен

Бұл көрнекі құралды жаңа материалды жинақтап қорыту ретінде пайдаланамыз. Септік жалғауының жалғанатын сөздерінің соңғы дыбыстарының әуеніне қарай түрліше болып келетіні осындағы жалғауларды көрсету арқылы түсіндіріліп, сөздердің осындай жалғаулар арқылы түрленуі септеу делінетіндігі тұжырымдалады.
Сонымен қатар мектеп бағдарламасында септеудің жай септеу мен тәуелді септеу деген түрлері кездеседі. Жай септеу деп жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал тәуелді септеу деп септік жалғауының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Септік жалғауының жай септеу түрі мен тәуелді септеу түрін салыстырып оқытуға болады.

Осылайша жаңа сабақ материалы түсіндірілген соң, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:
1. Кеспе қағазымен жұмыс істеу. Кеспе қағазымен жұмыс істеудің мазмұн-мақсаты түрліше болып келеді. Септік жалғауын оқушыларға меңгертуде екі түрлі мазмұнда құрастырылған кеспе қағазын ұсынуға болады. Атап айтсақ, бірінші түрінде бірнеше жеке сөздер жазып, оларды дұрыс септеуді талап етеміз. Екінші кеспе қағазында қысқа сөйлемдер жазылып, ондағы септік жалғаулы сөздерді таптырып, оларды сұрағы мен қосымшасына ажыратып, қай септікте тұрғанын таптыру мақсат етіледі.
2. Тақтамен жұмыс істеу. Тақтамен жұмыс істеу күнделікті оқытылып жүрген сабақтардың әдетіне әбден қалыптасқан әдіс-тәсілдің бастысы. Тақтаға екі оқушыны қатар шығарып, тақтаны екіге бөліп, екеуіне екі сөзді сұрағымен қоса 7 септікте септеу талап етіледі.
3. Үнтаспамен жұмыс. Сабақ үстінде қолайлы деп тапқан жерлерде техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың мәні үлкен. Сабақ материалын сналы түсіндіруде, сабақты қызықты өткізуде, уақыт мерзімін ұтуда үнтаспаны пайдаланудың да пайдасы мол. Кеспе қағазы арқылы ойландыру үшін берілген тапсырмалардың жауаптарын үнтаспаға жазып алып, оқушылардың өздеріне қайта тыңдатып, дұрыс-терісін байқатып, жіберген қателерін түзеттіреміз. Бұл арқылы оқушыларды ойланып, ұқыпты жауап беруге дағдыландырамыз да, аңғарымпаздыққа баулимыз.
Бұл жұмыс түрлерін оқушылардың біліміне қарай бірлі жарымын аралас жүргізуге болады.
Зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерінің келесі бір түрі - жіктік жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген сөз арасын байланыстыра бермейді, тәуелдік жалғауы тәрізді арнаулы бір тіркесті ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін ілік жалғаулы сөзге тәуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен қоса, іс-әрекеттің, қимылдың қай жақта істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру әдісі арқылы түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тәуелдік жалғауын қосып, мұғалім сөзінің оқушыларға тәуелді екені айтылады. Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін? Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз. Мұнан соң - мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып, мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын оқушылардың өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің дегеннен бұрын жазып қоямыз. Жіктік жалғауының қалған жалғауларын да түсіндіріп І, ІІ, ІІІ жақтарға бөлінетінін білдіреміз. Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? нешінші? екендігін аңғартатын категория екенін танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып:

І жақ мен келдім, оқыдым
ІІ жақ сен келдің, оқыдың
сыпайы сіз келдіңіз, оқыдыңыз
ІІІ жақ ол келді, оқыды
деген тұлғаларда түрлендіріп айтуға болатынын көрсетіп, жіктік жалғаулары қимылдық ұғымды білдіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Көнеленген септік жалғаулары, олардың синтаксистік ерекшеліктері
Септік категориясы
Көптік жалғауларының даму тарихы
Грамматикалық категория туралы түсінік
Cептік жалғаулы баяндауыштар
Қазақ жазуы және Ахмет Байтұрсынов
Грамматикалық ұғымдар
Грамматика әдістері
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Пәндер