Ақпараттық технологияларды қолдану


КІРІСПЕ3
I тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ7
1. 1 Жаңартылған білім жағдайында ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың педагогикалық танымдық белсенділігін дамыту7
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттырудың жолы-Ақпараттық технологиялар (АКТ) 13
1. 3. . Ақпараттық -коммуникативтік технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының пайдаланудың тиімділігі17
II тарау ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ24
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім ресурстарын пайдалану ерекшеліктері мен тиімділігі24
2. 2. Жаңартылған білім жағдайында бастауыш оқушыларына электронды оқытутехнологиясының ғылыми педагогикалық құралдарының ерекшелігі25
2. 3. Бастауыш сыныпта интерактивтік тақтаны қолданып оқушылардың таным белсенділігін арттыру29
III ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ34
3. 1 3-сынып Әдебиеттік оқу пәні бойынша электронды құралдардф пайдалану үлгілері34
III ҚОРЫТЫНДЫ40
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ41
КІРІСПЕҚазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын табуда.
Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.
Олай болса, оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын iздестiруде тек қана жаңа бiлiмдер беру әдiстерiн жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар оқушыларда iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру әдiсiн жетiлдiру iсiн де ескеру қажет.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. .
Ақпараттық технология - бұл компьютерлер арқылы жан -жақты ақпаратты - бағдарлама жүйесінде оқыту, ақпараттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру. Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Ақпараттық технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға дағдыландыру.
Ақпаратты технология - төмендегідей үш бағытта өзінің септігін тигізеді.
I - жаңа идеяны іздеу (жеке тақырып бойынша компьютерді қолдану, жеке дидактикалық есептер бөлімі)
II - Анықтау, оның ішіндегі ақпараттық бөлікті қолдану
-Монотехнология (барлық оқыту түрлері оқу үрдісінің бағыты, диагностикалық барлық түрлерін қосу, мониторинг) бәрі компьютерді қолдануды талап етеді.
Ақпараттық- технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.
Ақпараттық коммуникациялық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық. . Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:
- ақпараттық технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
- оқушылардың бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;
Осы мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
-сабақтың жүйелігі.
Бастауыш мектептегі дидактикалық жүйеде компьютерді қолданудың басты бағыты төмендегідей:
Есептеуіш техника мен ақпаратты оқып үйрену.
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияны енгізу.
Ақпараттық технологияларды қолдану.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің кұрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге жоне жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззаталуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге технологиялық жағынан көмек беріп, оқушымен байланысын өзара жақындастырады.
Мұғалім кластағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік ашылады. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-Танымдық қабілетін қалыптастырады; - Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
-Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
- Оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына; алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
- Білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.
Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптар үшін геометриялық денелерді оқыту электрондық оқулығын құруда Visual Basic бағдарламалау ортасын пайдаланып, ұйымдастыру.
I тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 1. 1 Жаңартылған білім жағдайында ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың педагогикалық танымдық белсенділігін дамытуСапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады. Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді.
Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде қана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика арқылы оқушыға мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді болады.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды. . Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру үрдісі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т. б.
Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлем бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды.
Компьютерлік оқыту дегеніміз- оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атауда. Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.
Осылайша сабақ тақырыбына сәйкес оқулықтан тыс қосымша материал пайдалану оқушылардың ой-өрісін өсіреді, шет елдік әріптестерін қиналмай түсінуге көмегін тигізеді.
Қазіргі уақытта автоматтандырылған оқыту жүйеснің бір жіктелуі жоқ. Бірақ, көп жұмыстарда әдістемелік мақсатына қарай олардың жүзеге асырылуы компьютерлік оқыту бағдарламалары енгізуде олардың ортасында келесі типтер ерекшеленеді.
1. Тренажер-бағдарламалар іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және бекіту үшін тағайындалған және де оқытылатындардың өздерін дайындау үшін. Бұл бағдарламаларды қолданған кезде, оқитындар теориялық материалды біледі деп жорамалданады.
2. Бақылаушы бағдарламалар - нақты білім немесе іскерлік деңгейін бақылау үшін тағайындалған. Белгілі, оқитындардың білімін бақылау өзімен ең бір маңызды және сол уақытта ұйымдастыру мінездемесі бойынша және зерттеудің теориялық деңгейі бойынша оқыту үрдісінің ең бір нашар тізбегін ұсынады. Қазіргі бақылау формалары мен әдістердің негізгі кемшілігі мынада: олар көп жағдайларды, қажетті тұрақтылықты және оқу ақпаратын меңгеру сапасындағы бағаның инварианттылығын және де осы бағаны, ақиқат білім деңгейінің адекваттығын қамтамасыз етпейді. Оқу барысын бақылауын жетілдіру түйік проблемасының құрастырылатын білім, іскерлік және дағды бағасының ақиқатының жоғарлау проблемасы айналасында концентрациялануы керек. Бұл проблеманы екі аспектіде қарастыруға болады: біріншіден, оқитындардың шын білім деңгейлерінің педагогикалық бағасының сәйкестік дәрежесінің өсуі ретінде; екіншіден, мынадай құрастыру және тарату әдіс тәсілдерімен бақылау, олар мұғалімнің субъективті орнатуларынан және кездейсоқ факторлар бағасынан тәуелсіз болуын қамтамасыз етуден тұрады. Сәйкес бақылаушы бағдарламалар дестелерін қолдану оқыту нәтижесін және оқытушы еңбегінің үнемділігін көтеруге мүмкіндік береді, сонымен бірге бақылауға талап етілетін тұрақтылықты және мұғалімнің субъективті орнатуларынан тәуелсіздерін береді.
3. Жаңа түсініктерді меңгеру артықшылығымен бағдарланған тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалардың көмегімен оқыту диалог формасында жүргізіледі, бірақ үлкен бөлікте диалог оқытылатынның немесе түрлендіру жауабы негізінде құрастырылған фактілік диалогты құрайды.
4. Көрсетуші бағдарламалар оқу материалын көрнекі көрсетуде бейнелеп түсіндіру үшін тағайындалған. Оқытушы жаңа материалды түсіндірген кезде көрнекі құралдар ретінде компьютерді табысты қолдана алады. Оқу үрдісін интенсификациялау кезінде диалогты немесе интербелсенді графикада көрсетуші бағдарламаларды қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар.
5. Ақпаратты-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығару үшін тағайындалған.
Келешекте оқитын оқуға дайындалған кезде немесе оқу кезінде модем және телефон байланыс жолы арқылы басқа компьютерлерге және кітапханаға қосылған дербес компьютерді қолдануға. Бұл жағдайда ол компьютерленген кітап каталогына немесе кезеңдік баспаға қатынауда ие болатын қажетті ақпаратты ала алады. Компьютер көмегімен оқушы ұйымдастырылған ақпарат қоймасына көптеген әртүрлі мәліметтер банкісімен қатынастар ұйымдастыра алады. Энциклопедия немесе кітапханалық қолдануды білу қалай маңызды болса, компьютер көмегімен ақпаратты алу солай қажет екенін білу керек.
6. Имитациялық (еліктеуіштік) және модельдеуші бағдарламалары объекттер және оқиға “симуляция” үшін тағайындалған.
7. Егер оқиғаны іске асыру мүмкін болмаса немесе қиынға түссе онда бұл бағдарламаларды қолданудың маңызы өте зор. Бұндай бағдарламаларды қолдану кезінде абстрактілі түсінік нақты болады және оқытылатындардың арқасында жеңіл қабылданады. Одан басқа оқушылар жай массивті ақпаратты есте сақтауға қарағанда материалды белсенді меңгерген жағдайда көп білім алады.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал - компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz